Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Демеу – ізденушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдісте ұстаз проблемалық жағдаят туғызады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалылығын сақтай отырып тапсырмаларды ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп (бұл кезде де проблемалық жағдай тудырылады ), соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып (болжам айту не оны тексеру жолдарын ұсынып ) ұстаз оқушыны ішінара шешім табуға кірістіреді

Демеу – ізденушілік әдістін айқын мысалы – эвристикалық әңгіме. Өкінішке орай, мектеп практикасында осы әдісті сирек қолданады. Оның себебі әдістемелік әдебиетерде ұстаздарға көмек ретінде арналған қызықты басылымдардың аса аз болуынан.

 Бұл әңгіменің құрылуы ол, әрбір келесі сұрақ алдыңғы сұрақтан шығып, барлық сұрақтар және олардың жауаптарының жиынтығы жаңа проблемаларды шешуге жету. Бастысы – сұрақтың әрбір бөлігі негізгі проблеманы шешетін міндеттерді құрауы қажет[20,239б.].

Соның эвристикалық әңгіме балаларда оқылатын материялға деген ынта тудырады, дұрыс жауапты іздеуге қатысуға деген талпыныс, проблеманың шешімін іздеуде әрбір қадамының ретін табуға үйретеді, шығармашылық әрекет үрдісін жеңілдетеді. Эвристикалық әңгіме оқушылардың шығармашылығын дамытуға тиімді құрал болып табылады. Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне сәйкес құруға болады.

Зерттеушілік мәні – ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құрады немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни: дербестік, ойдың икемділігі, ойлаудың дәстүрлі еместігі, болжам құру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу, білімді тасымалдау т.б

Зертеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс. Оның шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі балаларда білімді игеру әрекет түрлерімен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде [21,45б.].

Зертеушілік әдістері қорытындылаушы сабақтарда, оқушылар белгілі деңгейде бір тараудан, блоктық тақырыптардан білім алғаннан соң қолданған орынды. Ол теориялық және практикалық тапсырмаларды шешуде де қолданылады. Зерттеушілік әдіске мысал ретінде топ немесе команда болып ойнайтын « Не?,Қайда?, Қашан?,» ойынын алуға болады [22,3б.].

Кез келген әдісте әр түрлі қажеттіліктер – сөз, көрнектілік, практикалық әрекет қолданылады; барлық оқыту құралдары – оқулықтар , диафильмдер, кинофильмдер, т.б, әртүрлі сабақтар – зертханалық жұмыс, тәжірбие, экспримент қолданылады. Барлық әдістер әртүрлі ұйымдастыру нормаларында – кәдімгі, күнделікті сабақты айтпағанның өзінде , семинарда, конференцияда, сынақта қолданылады. Міне, осы оқыту әдістері таным көздерінің, құралдардың және оқыту формаларының қалай пайдаланылатындығын анықтайды. Егер ол оқулықты пайдаланса, онда бұл оқулық бойынша зертеушілік немесе қайта жаңғыртушы жұмыс болып түсіндіріледі. Әрине, оқытудың өн бойында  оқыту актілерінің барлығының оқушылар қажеттіліктері мен мотивтеріне байланысты ара қатынасын белгілеу міндетті түрде жүзеге асырылады.

Тақырыпқа оқыту жағдайына, әдістемелік қол таңбасына байланысы ұстаз барлық әдісті пайдаланады. Әдісті тандап алу көбінесе оқытылатын тақырып мазмұнына байланысты болады.

Ұстаздың шығармашылығына кең өріс тақырыбы оқу әдісін таңдап алу және құрау кезінде ашылады. Жаңашылдықтың мәні – жаңаны және тиімдіні іздестіру мен пайымдауда.

Физиканы оқытудың мультимедиялық әдістері қазіргі таңда тек сыныпта ғана қолданылады, себебі, компьютерлер және мультимедиялық құралдар көлемді, бір орында ғана тұруы тиіс[23].

Мультимедиа – ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі. Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар оқушыға автоматтық жүйемен жұмыс барысында  виртуалды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын ) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданады.

Физиканы оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері, мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді) және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды) әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта құрудың керегі жоқ. Білім көзінің басты сипатына қарай (ақпарат көзіне) кешенді (мультимедмялық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекті, немесе практикалық әдістер тобына кіре алады.

Практика белгілі болғандай, мультимедиялық ақпаратты алу үшін үш канал қажет: көзбен көру, есту және дене түйсігі арқылы сезіну.

Сонымен қатар мектепте мультимедиа құралдарын пайдаланудың кемшіліктері де анықталған.Олар мыналардан көрінеді:

  • мультимедиалық дәріс өткізу үшін компьютерлер өте көп болуы керек (ең азы екі оқушыға біреу) немесе қымбат құрал (бейнепроктор) қажет;
  • осындай сабаққа дайындалғанда мультимедиалық материалдардың арнайы кітапханасыз (медиатика) мұғалім үйреншікті дәріске дайындалғанда қарағанда, уақытты аса көп жіберуі керек[24].

Сонымен қазіргі таңда физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың барлық элементтері бар, өз алдына жеке ғылым деуге болады. Әдістемелік теорияны игермеген мұғалім оқытудың маңызды емес жақтарымен аландап, аталған тәрбиелей оқытудың мақсаттарына толық жете алмайды.

Ұстаздың білімі, педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық деңгейі оқу–тәрбие үрдісінің сапасын аса жоғарғы дәрежеге жеткізетіні сөзсіз. Осындай биіктен үнемі көріну үшін ұстаз әркез ізденісте болып, әдістемелік тұрғыда өсуін тоқтатпауы керек.

Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оқу – тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі, - делінген. Шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. Шағын жинақталған мектептің оқу – тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар.

-біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныпен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыру тиіс;

-сабақтың екінші ережесі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өзіндік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі; осы екі ерекшелік – шағын жинақталған мектептердің негізгі мектептен төмендегідей ерекшелігін туғызады:

-бірсыныптың өзіндік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытына байланысты;

-екіншіден, 3 – 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жазу, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет. Шағын жинақты мектептің оқу үрдісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіндігі жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныпен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өэіндік ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктерге байланысты оқу үрдісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады.

Шағын жинақты мектептерді оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төменгі жағдайға байланысты:

  • сыныптарды біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы:
  • сабақ кестелерінің оңтайлы жасалуы ;
  • тәрбие мен оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін таңдау, оларды оқыту үдерісінде дұрыс үйлестіру және ұтымды пайдалану ;
  • сабақтың белгіленген мақсатқа сай неғұрлым тиімді құрылуынын анықтау;
  • оқу тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерін үйлестіру;
  • оқушылардың өзіндік жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқарылатын жұмысының ұтымды алмастырылуы;
  • оқушылардың бойында білім алу және өздігінен оқып білу деген қалыптастыруға баса назар аудару;
  • оқушылардың білімі мен тәжірбиелік деңгейлері дамуының диагностикасы;
  • оқушылардың білім, біліктерін ізгілікті педагогикалық ұстанымы негізделген жүйелі бақылау .

Екі, үш сыныпқа жүргізілетін сабақ сапалы болу үшін сабақ келесі пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпқа екі түрлі жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тура көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білім саласынан екінші бір салаға көшпей, оның назарын бір пәнге бағыттау. Бір пәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты сабақ тәжірбиесіне мұндай сабақты ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.

Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісінде мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндіріледі, мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – пән ішіндегі мазмұны ұқсас екі сыныпқа қатарынан оқыту.

Біртақырыптық сабақты ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы қарастырылады:

Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының сабаққа деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.

Екіншіден, біртақырыптық сабақты өткізгенде, оқушылардың әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір –бірін тексеру немесе өз – өзін бақылау кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушының жұмыстарға даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады.

Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу мәдениетіне үйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты сөйлеу қарым – қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсірес, шағын жинақты мектептер жағдайына өте маңызды.

Төртіншіден, біртақырыптық практикалық және оқу әрекеттеріне ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар оқу материалдарының мазмұнының күрделілігімен анықталады.

Әрине, біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын жоспарлау тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушыларды белсенділігі, ең бірінші кезекте сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді.

Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқу – тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылардың нені білу керек, қалай оқыту керек, т.б мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәнің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негзгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастау қажет.

Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар.

  • Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, оқыту құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде меңгерілетін сұрақтар мен құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы.

Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру бірқатар педагогикалық қызметтерді жоғарғы сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына көмек). Дайындық жұмыстары: ақыл –кенесшілері іріктеп ақыл -  кеңес беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді бөлу, сабаққа, сабақ үстіндегі дайындық кезінде тапсырмалар беру.

  • Өзара оқыту. Өзара бір –бірін оқыту процесінде оқу әрекеттері және қарым – қатынас арқылы білім, білік, дағдыларын меңгеру негізі. Оқыту кезінде мұғалім рөлін атқара отырып, оқушы ақпаратты беріп қана қоймайды, қарым – қатынас жасауда өз білімін өзектендіреді.
  • Өзара әрекет ету еркіндігі. Оқушылардың ортақ әрекеті мен қарым – қатынасын ұйымдастыру сипатындағы барлық оқушыларға жағымды қарым – қатынас жасау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
  • Әртүрлі жастағы оқушылардың өзара әрекетін реттеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетінің мазмұны мен формалары, сондай – ақ олардың бірге жұмыс істеуіне ынталандыратын тәсілдермен құралдардың таңдалуы. Әрқайсысына ортақ мақсаты меңгеруге және одан жеке өзіне мән іздеуге көмектесуі; ортақ нәтижеге жету және тұлғаның жеке жетістіктеріне дамыту үшін әрекеттердің маңыздылығын қарастыруы; оқу үстіндегі және оқудан тыс әрекеттеріндегі оқушылардың өзара әрекетінің тәжірбиесін ескере отырып, жоғарғы және төменгі сынып оқушыларының өзара әрекетінің түрлі әдістері мен формаларын қолдануы. Әрекеттің мазмұнын, сабақтың әр кезіңдегі жоғары және төменгі сынып оқушыларының рөлін қызметін нақты анықталуы.

Біріктірілген сыныптарда сабақты жоспарлауда төменгі жайттарды ескеру қажет:

  • артық жүктемеден қашу(оқу еңбегіне уақытты қысқару есебін ең алдымен оқу материалының мазмұнының көлемін қатаң іріктеуден);
  • бастауыш сынып сабақтарында көлемінде 2 –3 рет(жаттығулар жасау);
  • оқушылардың өзіндік жұмыстарын міндетті түрде қосу;
  • шағын жинақты мектептегі сабақты алма – кезек ауысып отыруынан  құрылатының мұғалімнің басқаруымен және оқушылардың көмегімен орындайтын жұмыстары.
  • оқушылардың өзіндік жұмысына арналған үлестіру материалдарының кез – келген түрін қолдану.

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері