Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Білікті көтеру және педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін дамыту, жерлер байланысы аумағында төмендегі ұйымдастыру түрлерін қолдануы мүмкін.

  • ШЖМ-тің дамыту орталығын құру институттар базасында біліктілікті көтеру, білім жетілдірудің аймақтық орталықтары және т.б.;
  • Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік конференциялар сессия, семинарлар өткізу;

Сапалы білім беру үрдісін көтеруде маңызды фактор бұл ШЖМ-де ақпараттық-коммуникативті технологиялардың қолданыста болуы, кең жолақты интернетті пайдалану мүмкіндіктері үшін бірыңғай ақпаратты желілір орнату;

Шағын жинақталған мектептерде бірден-бір әлеуметтік педагогикалық феномені, яғни, мұғалім тек қана жұмыс істеп қана қоймай балалардың өмірімен бірге өмір сүруі: ШЖМ-де әрқайсысына жеке көңіл бөліп, олардың өз қабілеттеріне сәйкес оқытуға мүмкіндік бар. Оқыту үдерісінде оқушының шапшаңдығын, қалыптасып дамсуын анықтауға еркіндік беріледі. Нақ осы кезде жеке тұлға ретінде бағдарлауды іске асырудың жолдарының мүмкіндігі бар.

Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдіріп, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылғы мемлекеттік білім беру бағдарламасын дамытуында, шағын жинақталған мектептерде «Ауылдық жерлердегі оқушыларға білім беру сапасын қамтамасыз ету негізінде ШЖМ-ді жетілдіру» тақырыпта білімдарлық форумын өткізді[4,166б.].

Форум міндетін пікір алмасу алаңында анықтады, бұған қатысушылар қазіргі уақыттағы ШЖМ-дегі инновациялық істері нәтижелерін педагогикалық қоғамдық және қоғамдық дөңгелек ортада қолдана алады. Білім беру іс-шаралары: пікірталас сессиясы, презентациялық жоба семинары. Форумның іскерлік шаралары төмендегі мәселелерге бағытталған:

  • Республикадағы ШЖМ-дегі қажеттілік мәселелерін шешудегі өзектілік;
  • Аудандардағы ШЖМ-дің дамытудағы аймақтық инновациялық жобаның басты нәтижелерін, сондай-ақ республикамызда ШЖМ-ді инновациялық дамытудағы ресурс ретінде таралуына мүмкіндігінен хабардар болу;
  • ШЖМ жүйесінде инновациялық үдерісті ғылыми және әдістемелік бағдарлама  жетекшілігімен модельмен механизмдерді талқылау;
  • Серіктестер арасындағы байланыс және білім беру ресурстарындағы жаңалық әкелгендер, сондай-ақ, жаңа қатысушылар арасындағы арақатынасты ұлғайту және күшейту;
  • ШЖМ-дегі жаңашылдық білімдерін жетілдірудегі іске асыру үшін біліктілікті көтеру, кадрларды даярлау бағдарламасынжетілдіру бойынша ұсыныстарын өңдеу және толықтыру.

Бұл тапсырмалар еліміздегі білім беру сапасын жаңа сапалы деңгейге жеткізеді деген үміттеміз.

Бүгінде шағын мектептер білім ошағы ғана емес, баршаға ортақ, мәдениет орталығы болып отыр. Ауылда өте тән қандай болса да шара мектепке және мектеп ұжымының қатысуымен өтеді. Бұл мұғалімінің қоғамдық жұмыспен айналысуына әрі ата – аналармен тығыз қарым –қатынас жасауына игі әсерін тигізеді.

Мұғалімнің қызметі білімді тек айтып жеткізу ғана емес, оқушылардың білімге деген ықыласын, қызығушылығын оятуға жағдай жасау. Мұндай әрекеттерді толыққанды атқаруға шағын  мектеп мұғалімдері орта мектеп мұғалімдеріне қарағанда біраз қиындыққа кезігеді. Оны мына төменгі мәселелерден көруге болады.

1. Екі немесе одан да көп сыныптың бірге қосылып оқытылуы.

2. Мектепшілік шаралар, олимпиядалар өткізудегі қиындықтар.

3. Екі сыныпқа 45 минуттың ішінде 30  минуттық сабақтың бағдарламасын сиғызып түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау т.б

4. Мұғалімді ауыстыру мүмкіндігінің болмауы, соған сәйкесті бірнеше сағаттан үстеме жүктемелер алу.

5. Сабақта 3-4 баладан бірнеше рет сабақ сұрап, сұраққа жауап алу, т.б арқылы психлогиясына күш түсіру.

Мектептегі жұмыстың сапалы жүруіне әлеуметтік – экономикалық жағдайлар да өз әсерін тигізуде. Бұл мәселені шешу үшін болашақта:

1. Мектепке жаңа компьютерлер алу, пайдаланып жүрген компьютерлерді жаңа инновациялық бағдарламалармен қамтамасыз ету.

2. Мектептерді педагог кадрлармен қамтамасыз ету, оларды тұрақтандыруды қолға алу.

3. Шағын жинақталған мектептердің орта мектептен қашық орналасуына байланысты мұғалімдердің бір –бірімен тәжірбие алмасу, ой – пікірлермен бөлісу, сабақтарына қатысуға мүмкіндіктер жасау сынды жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Ауылдағы шағын жинақталған мектепте бала тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін айғақтар – ауыл мектебінің әлеуметтік – экономикалық және мәдени – тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты – бойында ұлттық рухы мен сенімділігі бар, ойы озық зейіні зерек баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Болашақ – жастардікі. Демек, оларды оқыту, тәрбиелеу ісі қандай болсын қиындықты жеңе отырып, тұрақты жүргізілуі тиіс.

Еліміздегі шағын жинақты мектеп (ШЖМ) желісінің даму динамикасы туралы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 пайызын құрайтын ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 пайыз. Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім шағын жинақты мектепте жұмыс істеп, әрбір алтыншы Қазақстандық оқушы шағын жинақты мектепте оқиды» делінген. Оқырмандардың балаларымыз шағын жнақталған мектепте оқыса онда тұрған не бар деп атүсті ойлап қалуы да мүмкін. Шын мәнінде, бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі көптеген проблема осы шағын жинақты мектептер төңірегінде қалыптасып отырғаны анық. Атап айтқанда, мұндай мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, оларды әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселесін шешуде қиындық өте көп. Ал осында қызмет істейтін мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық, ғылыми-танымдық білімдерді, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен арнайы технологяларын меңгеруіне мүмкіншілік жетіспейді. Өйткені бұған әкімшілік басқару орталықтарының алыстығы, шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері үшін жергілікті жерлерде мамандық жетілдіру курстарының аз ұйымдастырылуы, ұстаздардың өз беттерінше білімдерін көтеруіне қажетті оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі, ШЖМ үшін арнайы мамандандырылған кадрлардың дайындалмауы, мұғалімдердің тұрмыстық жағдайының төмендігі, кадрлардың тұрақтамауы, тірек мектептердің мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің жоқтығы себеп болып отыр.

Елбасы саясатына байланысты бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде шағын жинақты мектептерге онлайн жүйесінде сабақ беру шаралары жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтатын болсақ, олар Қазақстан Республикасының 8 облысындағы 14 шағын жинақты мектептермен байланыса отырып, олардағы мұғалімдердің өздігінен білім алуына және олардың біліктілігін көтеруге байланысты курстар ұйымдастырылып отырады. Бұған қоса «Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектеп академиясы» порталын жасалынған. Мұнда бейнеконференция, ғаламтор-дәріс, шеберлік сыныптары, тәжірибе алмасу сабақтары сынды заманымыздың озық үлгідегі жаңалықтары қолға алынған.

Сонымен қатар университет оқытушыларының шағын жинақты мектеп оқушыларымен өткізген 23 шеберлік сынып сабақтары «Хабар» телеарнасы арқылы түсіріліп, «Отау» телеканалы арқылы «Білім бағдарламасынан» бүкіл республика жұртшылығына көрсетіліп келеді. Алдағы жылы аталмыш телеарна арқылы 30 шеберлік сабақты түсіру жоспарланып отыр.

Бұған қоса университеттегі мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім берудің инновациялық технологияларын жасау және оларды Қазақстан Республикасы on-line режиміндегі шағын жинақты мектептердің педагогикалық үдерісіне ендіру», «Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептері (ШЖМ) үшін педагогикалық кадрлар (5 В010200-БОПӘ бакалавр мамандығы) даярлауда инновациялық технологияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік негіздері» жобаларын ұтып алып, шағын жинақты мектептер үшін педагогикалық кадрлар даярлауда инновациялық технологияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздерін айқындауға кірісті және шағын жинақты мектептерге on-line режимінде педагогикалық қызмет көрсетуді жүзеге асырып келеді.

Осындай зерттеу жұмыстарының барысында «шағын жинақты мектеп» термині де нақтылана түсті. Өйткені тәжірибеде біріктіріліп оқытылып жатқан сыныптары болмаса да, оқушы саны аз мектептерді шағын жинақты деп атайтыны анық байқалады. Шын мәнінде, шағын жинақты мектептің басты белгісі – сынып – жинақтамалары аралас, яғни біріктірілген сыныптардың болуы (әрине, мұндай мектептерде оқушы саны шағын болғандықтан екі, үш кейде тіпті төрт сынып қатар оқытылу мүмкін). Мұндай біріктіріліп оқытылатын сыныптарда сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар екені сөзсіз. Ал нақты өмірде, осы аталғандай, біріктіріліп оқытылып жатқан сыныптары жоқ, бірақ оқушы саны аз мектептердің де шағын жинақты мектеп деп аталып жүргені белгілі. Осындай мектептердің ішінде, әрине, сынып – жинақтамалары аралас, яғни біріктірілген сыныптары бар және жеке-дара сыныптары бар мектептерде болады. Ал кейбіреулерінде біріктірілген бастауыш сыныптар болғанымен, жоғары сныптардың барлығы жеке-дара оқытылып келеді. Ал, егер «шағын жинақты мектеп» ұғымы тек қана оқушы санының шағын болуына сүйене отырып анықталса, онда олардың негізігі мәнді белгісі – біріктірілген сыныптардың болуы ескерусіз қалады. Сол себепті осы тұста еліміздегі шағын жинақты мектептерді төмендегіше бес топқа бөліп қарасақ түсінікті болатын сияқты.

Бірінші топ – сыныптардың әрқайсысы өз алдына дербес, бірақта олардағы оқушылар саны аз орта білім беретін мектептер. Мұнда – педагог кадрлармен қамтамасыз етуге материалдық-техникалық базаны нығайтуға саралап оқытуда жүзеге асыруға баса назар аударылады.

Екініші топ – біріктірілген бастауыш сыныптары бар, бірақта басқа сыныптары өз алдына жеке және оқушылар саны аз орта білім беретін мектептер. Мұнда басты назар – біріктірілген бастауыш сыныптарға оқыту үдерісінің тиімді жобасын жасауға және оны іске асыруға, ал жэоғары сыныптарды кадрлармен қамтьамасыз етуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, саралап және даралап оқытуды жүзеге асыруға бағытталады.

Үшінші топ – біріктірілген бастауыш сыныптары бар және басқа сыныптарының ішінде де біріктірілгендері болатын орта білім беретін мектептер. Мұнда біріктірілген сыныптарда оқыту үдерісінің тиімді жобасын жасау және оны іске асыру, сондай-ақ педагог кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту басымдыққа ие болады.

Төртінші топ – сыныптардың әрқасысы өз алдына жеке, бірақ та олардағы оқушылар саны аз бастауыш мектептер. Мұнда іс-әрекет, негізінен, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, саралап және даралап оқытуды жүзеге асыруға бағдарланады.

Бесінші топ – сыныптарды біріктірілген және әрқайсысындағы оқушылар саны аз, яғни «таза» шағын жинақты бастауыш мектептер. Мұнда біріктірілген бастауыш сыныптарды оқыту үдерісінің тиімді жобасын жасауға және оны іске асыруға баса көңіл бөлінеді.

ШЖМ осылайша жіктелсе, әр түрлі нұсқадағы мектептердің өзіндік мәнді белгісіне және ерекшеліктеріне сәйкес педагог кадрлармен қамтамасыз ету материалдық-техникалық базаны нығайту, оқу-тәрбие үдерісін оңтайлы ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелері оң шешімін табады демекпіз. Сонда әр топқа жататын шағын жинақталған мектептің өзіндік артықшылығы мен қиыншылықтарын саралауға тура келеді. 

Біздіңше, ШЖМ қызметі үшін қажетті алғышарттар мен қолайлы жағдайлар жасау ісін белсенді түрде қолға алатын кез келді. Солардың қатарында мұғалім мен оқушылардың әрекет тәсілдерін реттейтін, педагогикалық мақсаттылықты, әр түрлі жастағы топтарда тұлға дамуының мазмұндық және процессуалдық аспектілерін қамтитын, кешенді жүйені таңдау негізінде білім беру ісін технологияландыру мәселесі тұр. Ең бастысы – біріктірілген бастауыш сыныптарға (1-2, 3-4) арналған бір пәндік және бір тақырыптық сабақтарды тиімді өткізуге мүмкіндік беретін технология негізіндегі жалпы бағдарлама мен бірыңғай оқулық жасау ( бұл тұста бастауыш сатыға қатысты ғана тоқталып отыр).

Әр түрлі жастағыларды оқыту идеясы ШЖМ дамуы үшін мейлінше мақсатты және перспективалы бағыт болып табылады, себебі, оқушы саны аз сыныптарда балаларды біріктіргенде жалпы ұжымдағы жұмыс табысты болады, әр оқушының ортақ міндеттерді шешуге деген қызығушылықтары, кіші мектеп жасындағы оқушыларға тән өзара жарысу, бір-біріне көмектесуге деген ынталары арта түседі.

Біз ғалымдар мен мұғалімдердің әр түрлі жастағы топтарда бір мезгілдегі жұмыс барысында жалпы оқу жоспары, бірыңғай оқулық негізінде әр сынып – комплектіге (1-2, 3-4) сай технологияларды іске асыру үшін түбегейлі өзгеріс жасау керек деген пікірлеріне қосыламыз. Өйткені бұл ШЖМ-дағы оқыту үдерісі моделін әр жастағы балалардың өзара әрекеттесуіне негізделген басқа прогрессивті ұстаным бойынша жобалауға және іске асыруға мүмкіндік жасайды.

ШЖМ-да жұмыс жасайтын көптеген мұғалімдер педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерде оқығанда, негізінен, қалыпты мектептерде қолдануға болатын технология мазмұнын меңгеріп шығады да, соларды оқушы саны аз мектептерде пайдалануда қиындыққа тап болады. Оның үстіне олардың көбі қазіргі инновациялық технологияларды, соның ішінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды меңгермеген.

ШЖМ-ның өзіндік ерекшелігі, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге, білімге бағытталған жүйеден дамыта оқытуға, жеке тұлғаға және құзіреттілікке бағдарланған білім беруге көшуге байланысты бастауыш білім мазмұны мен құрылымының жаңаруы педагог кадрларын даярлау мен олардың кәсіби біліктіліктерін арттыру қажеттігін көрсетеді және ЖОО-ның білім жүйесіне өзгеріс енгізуді талап етеді.

Осыған сәйкес шағын жинақты мектепке құзіретті мамандар даярлаудың алғашқы қадамдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жасалды. Атап айтқанда, әлемдік стандарттарға сәйкес педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары жасалып, ол 2012-2013 оқу жылынан бастап оқу үдерісіне енгізілді; осы құжаттың мақсатына, мақмұнына және процессуалдық ерекшеліктеріне бағдарлап мамандар дайындау бағыттары айқындалды; пәндердің типтік бағдарламалары жасалды.

Жасалып жатқан барлық құжаттардың концептуалды ғылыми негізі тек іргелі білім беру ғана емес, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің практикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру, оқыту үдерісіндеоқушылардың өмірге бейімділігін, жаңа стандартта ұсынылған құзіреттіліктерін дамытуға мүмкіндік жасайтын амал болып табылады.

Сонымен бірге болашақ мамандар бізде тек информатиканы ғана емес, ақпараттық коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын қазіргі ақпараттық технологияларды практикумымен қоса оқиды; біріктірілген сыныптарда бірнеше сыныппен бір уақытта сабақ өткізу үшін қажетті ауқымды кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін әр түрлі жастағы топтарды – сынып-комплектілерді оқыту теориясы мен технологиясын; болашақ педагогикалық қызметінде оқушы контингенті аз және біріктірілген сыныптары бар мектептерде жұмыс істеуге қажетті пәндік-теориялық, пәндік-технологиялық құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін шағын жинақты бастауыш мектепте оқу пәндерін (қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, математика және информатика т.б.) оқыту әдістемесін: ШЖМ-ды жан-жақты мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мамандандыруға қатысты оқу пәндерін (информатиканы, музыканы, ағылшын тілін оқыту әдістемесі) оқып үйренеді.

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері