Портфолио танымдық іс-әрекетті дамыту құралы ретінде
Статья, 14 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Болашақ мамандардың оқу-танымдық іс-әрекетін арттыруға, танымдық белсенділігі мен дербестілігін шыңдауға, өзіндік білім алу дағдыларын дамытуға зор ықпалын тигізетін оқыту технологияларының бірі ретінде портфолионы алуға болады.
Портфолио – (ағылш. тілі portfolio – құжаттарға арналған портфель немесе папка) студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті нәтижелерімен жұмыс жасау технологиясы болып табылады. Ол білім беру нәтижелерін көрсету, талдау және бағалау, рефлексияны дамыту, меңгеру деңгейін арттыру, білім беру іс-әрекетінің нәтижелерін түсіну және өзіндік бағалау үшін қолданылады.