Өңдеу әдісі мен құрал жабдық таңдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 21:55, реферат

Краткое описание

Жеңіл өнеркәсіп саласы Республиканың өңдеуші өнеркәсібінде өндіріс көлемі жағынан құлдырау үрдісі бар жалғыз сала болып отыр. 2000-2007 жылдар ішінде республиканың өнеркәсіп құрылымында тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 2,0-ден 0,6%-ға төмендеген. Жеңіл өнеркәсіптің отандық тауарларын елдің ішкі нарығынан мәжбүрлеп шығару барысы жалғасып келеді. Ең үлкен құлдырау (7 есе) 1996 жылы болды. Осы кезеңде саланың 60 % -дан астам кәсіпорны шығынды болып, өндіріс құлдырауы 1999 жылға дейін жалғасты. Салық заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы сала кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау бойынша қабылданған шаралар әсерінен өндіріс өсуіне әсер етті.

Содержание

Кіріспе
1. Модельді таңдау және негіздеу
1.1. Сән бағыты және модель таңдау
1.2. Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар
1.3. Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
1.4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді суреті
2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі
2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
2.2. Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
2.3. Уақ түйек таңдау
3. Өңдеу әдісі мен құрал жабдық таңдау
3.1. Өңдеу әдісін таңдау
3.2. Түйінді өңдеу тәртібі
3.3. Құрал жабдық таңдау
3.4. Ылғалды жылумен өңдеу құрал жабдықтары
4. Бұйымды дайындаудың технологиялық операция бірізділігі
Тұжырым
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

dinara.docx

— 1.30 Мб (Скачать файл)

     Кіріспе

1.    Модельді таңдау және негіздеу

1.1. Сән бағыты және модель таңдау

1.2. Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар

1.3. Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы

1.4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді суреті

2.    Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі

2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар

2.2. Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы

2.3. Уақ түйек таңдау

3.    Өңдеу әдісі мен құрал жабдық таңдау

3.1. Өңдеу әдісін таңдау

3.2. Түйінді өңдеу тәртібі

3.3. Құрал жабдық таңдау

3.4. Ылғалды жылумен өңдеу құрал жабдықтары

4.    Бұйымды дайындаудың технологиялық операция бірізділігі

       Тұжырым

       Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе

    Жеңіл өнеркәсіп  саласы Республиканың өңдеуші  өнеркәсібінде өндіріс көлемі  жағынан құлдырау үрдісі бар  жалғыз сала болып отыр. 2000-2007 жылдар ішінде республиканың  өнеркәсіп құрылымында тоқыма  және тігін өнеркәсібінің үлесі 2,0-ден 0,6%-ға төмендеген. Жеңіл өнеркәсіптің  отандық тауарларын елдің ішкі  нарығынан мәжбүрлеп шығару барысы  жалғасып келеді. Ең үлкен құлдырау (7 есе) 1996 жылы болды. Осы кезеңде  саланың 60 % -дан астам кәсіпорны  шығынды болып, өндіріс құлдырауы 1999 жылға дейін жалғасты. Салық  заңнамасына өзгерістер енгізу  арқылы сала кәсіпорындарын мемлекеттік  қолдау бойынша қабылданған шаралар  әсерінен өндіріс өсуіне әсер  етті. Саланың толыққанды дамуының  негізгі кедергілері мен проблемаларына  мыналарды жатқызуға болады: шығарылатын  өнімнің жабдықтар тозуына байланысты  бәсекеге қабілетсіздік, қымбат  жұмыс күші, шикізат қорының дамымауы  және саланы инвестициялау үшін  ынталандыру әлсіздігі. Негізгі  қорлар тозуының үлкен деңгейі  байқалады. Шетелдік компаниялармен  бәсекелестіктің артуы жағдайда  саланың ресурстық және технологиялық кешеуілдеуі тым ашық білінеді. 2001 жылы былғары шикізатының жаппай сыртқа шығарылуын болдырмау мақсатында былғары шикізатына арналған экспорттық баж салығы 1 тоннаға 500 евроға дейін көтерілді. Былғары және аяқ-киімнің технологиялық жабдықтары мен оларға қосалқы бөлшектерге импорттық баж салығы 0%-ға дейін төмендетілді. Балалардың былғары және тері киімдеріне ҚҚС 10%-ға дейін төмендетілді. Қазіргі уақытта қазақстандық тоқыма өнеркәсібінің нарығын белсенді түрде иеленіп келе жатқан көршілес Қырғызстанда осы салада кәсіпкерлік патенттік негізде белгіленген ең аз салық төлемдерін төлеумен жүзеге асырылады. Сонымен қатар аяқ-киім импорты алаңдатушылық тудырады, олардың 75%-ы Қытайдан әкелінеді, балалар денсаулығына үлкен зиян әкеледі. Балалар аяқ-киімін өндіру жөніндегі  пилоттық кластерін іске асыру балалар денсаулығына қауіпті аяқ-киімнің әкелінуін болдырмайды, алайда қазір кезде балалар аяқ-киімін өндіру көлемі екі есеге артып отыр.Бүгінгі күні Қазақстан жеңіл өнеркәсіпте өндірістің бұрынғы деңгейін қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болып қана қоймай жоғары қосылған құнмен жаңа өндірістер құру мүмкіндігіне ие. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін қолайлы факторлар мен алғышарттар жеткілікті. Оның ішінде елде табиғи және былғары шикізаты өндірісі; Азия - тынық мұхиты өңірі, Еуропа және ТМД елдерінде мақта-мата иірім-жіптеріне тұрақты сұраныс.

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында жоғарғы оқу орындарында сапалы білім беру еліміздің индустрияландырыуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы қажеттігін атап айтты. Осыған байланысты жеңіл өнеркәсіп мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарында аталған бағытта ғылыми әдістемелік бағдарламалар әзірленіп, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының заман талабына сай дамуына үлес қосады.

Еліміздің жеңіл өнеркәсібінің негізгі міндеттерінің бірі ­ бұл инновациялық технологиялық үдерістерді,жаңа жоғары технологиялық құрал ­ жабдықтарды,аса тиімді өңдеу әдістерін ,компьютерлік графика ,техникалар мен технологияларды және АЖО «Конструктор»,АЖО «Жайма»,АЖО «Суретші­модельер»,АЖО «Сурет салу»,АЖО «Технолог», сонымен қатар, материалдарды пішудің автоматтандырылған үдерісі сияқты озық техникалық жетістіктерді пайдаланып, тұтынушылар талғамына сай тігін бұйымдарын дайындау үдерісін жетілдіру.

Қазіргі нарық жағдайында аталған міндеттерді шешуде тігін кәсіпорындары тұтынушылардың нақты бұйым түріне сұраныстары туралы мәліметтерге сүйенеді. Бұл сұраныстың және сән бағытының өзгерістерін үнемі басты назарда ұстауға мүмкіндік береді,сондықтан тігін кәсіпорындары тез сатылатын өнімдерді шығарады. Осыған байланысты,отандық өнімдердің сапасы және бәсекеге қабілеттілектері артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       1.  Модель таңдау және негіздеу.

                      1.1 Сән бағыты және модельді  таңдау

      Сән – қоғамның күнделікті көріністерінің, белгісінің бірі, өмірдің немесе мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытында дәуірлеп тұруы.

     Сән өнері  адамзат игілігіне қызмет етуде  басқа өнер түрлерінен кем  соғып отырған жоқ.Қайта ол  басқа өнер түрлеріне қарағанда  күнделікті қолданыста жүргенін  және сан алуан сапалық жағынан  керек болып отырғанын айта  кету керек.

     Сән сәнсіз  болу үшін жасалынады... Ұлы Коко  Шанельдің осы пікірі қалай  дұрыс айтылған. Сән тұрақсыз  шама, бүгін сәнде болса, ертең  кешегі күнгі сән болады және  келесі күнгі сән оны ауыстырады. Сән бұл – ұдайы, тез ағынды  және таусылмайтын процесс. Сән  экономикалық құбылыс. Адам қоғамның  дамуына және жаңа тарихи қоғамдасдықтар  пайда болуына байланысты адам  киімі де түбірімен өзгеріп  отырады.

    Киім өзінің  бастамасын алғашқы қауымнан  бастап қазіргі уақытқа дейін  өзгероісте болады, яғни қоғамның  дамуымен мемлекеттің пайда болуымен,сондай  – ақ тарихи формациялардың  өзгеруімен костюм түрлері де  күрделене, жетілдіріле түседі.

    Қазіргі кезде  сәнді демократияшыл деп атауға  болады. Ол таңдау идеясы  мен  еркіндігінің көптігінен, яғни іртүрлі  стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай – ақ түрлі көлемдерімен  және алуан түсті гаммаларымен  ерекшелінеді. Қазіргі кезде кез  келген адамның өз қалауынша  сәнді киюіне мүмкіншілігі бар. Тіге білетін және осы іске  қызыққан адам өзіне ыңғайлы  және сәнді бұйым тігіп кие  алады.

      Сәндегі  тенденция жаңа толқын өзін  сәннің анықталған уақыт мезгілінде  айқын көрсетеді және барлық  дизайнерлер өздерінің жаңа коллекцияларында  бірте – бірте ұстата бастайды. Сәндегі негізгі тенденция –  мезгілдік. Барлығымызға белгілі  фраза « қыстық – күздік  тенденция » және « көктем – жаздық тенденция ». Атап айтқанда, осындай аттармен дизайнерлер жыл сайын өздерінің жаңа коллекцияларын шығарады. Осыған орай, менің үлгім « қыстық – күздік тенденцияға » сәйкес келетін  жартылай қынамалы силуэтті плащтық матадан дайындалған маусымдық мезгілге арналған жас қыздардың плащы. Жобаланған үлгі өазіргі заманның сән бағытына сай әшекеймен өрнектелген және тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандырады. Соның ішінде джинсыдан тігілген киімдер ешқашан сәннен қалмайды.

    Бойжеткен қыздардың  гардеробын джинсы матасынан  тігілген киімсіз елестету қиын. Көйлек, жейде, шалбар, белдемше, тіпті  аксессуарлар сөмке, белдіктер миллиондаған  қыздардың жүректерін жаулаған.

     Джинсыдан тігілген мына көйлектер киюге ыңғайлы әрі сәнді. Дизайнерлер джинсы матасынан көйлек тігуден шармайды.

 

 

             

       

Деним – жұмсақ, созылмалы, жұқа мата. Бұл матадан кез-келген үлгідегі көйлектерді тігуге болады. Арық қыздарға да, толық қыздарға да джинсыдан тігілген көйлектер жараса береді.

    Джинсыдан тігілген көйлектер ыңғайлы әрі қарапайым. Олардың көмегімен өзіңнің стильді бейнеңді қалыптастыра аласың. Ең бастысы дұрыс фасон мен түсті таңдасаңыз болғаны.                                                                       Джинсыдан тігілген сарафан көйлектер жазғы мезгілге арналған. Бұл көйлек кез-келген бойжеткендерге жарасады.

  1. Джинсыдан тігілген сарафан көйлектер жазғы мезгілге арналған. Бұл көйлек кез-келген бойжеткендерге жарасады.
  2. А- тәрізді силуэтті модель әсіресе жүкті әйелдерге және іші бар бойжеткендерге жарасады.
  3. Джинсыдан тігілген қысқа көйлек – жас қыздардың досы десекте болады.
  4. Элегантты, жабық көйлектер - офисті стильді көйлектер.

   

   Джинсыдан тігілген  көйлектерге былғарыдан жасалған  аксессуарлар керемет жарасады. Сыртқы киімдер – күртеше, пиджактар, сонымен қатар белдіктер, сөмкелерді  қосып ұстауға болады. Көйлектің  фасонына қарай былғарыдан жасалған  аяқ-киімдер таңдаған дұрыс. Әсіресе  ашық көгілдір түсті көйлектерге  ашық қоңыр, сары түсті былғарыдан  жасалған аяқ киім немесе аксессуарды  ұстауға болады және джинсыдан  тігілген аяқ-киім , сөмкелерді де  ұстаса керемет жарасады.

1.2 Жобаланған  киім ассортиментіне қойылатын  талаптар.

    Киім адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды.Киім-бұл іш киім, корсеттік бұйымдар, көйлек, блузка, жейде, жилет, шалбар, белдемше, пиджак, жакет, күртеше, жадағай, пальто, бас киім, қолғап және тағы басқа бұйымдардың жиынтығы. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді. Кез-келген киім белгілі бір талаптарға сәйкес келуі қажет. Осыған байланысты, киімге қойылатын талаптар екі топқа бөлінеді: тұтынушылық және өндірістік талаптар. Киімдердің бұл көрсеткіштерге сай келуі маңызды болып саналады.

 Тұтынушылық талаптар-адамға маңызды бұйымның ерекшелігін анықтайтын сапа көрсеткіштері мен талаптар жиынтығы. Бұл талаптарға жататындар:

-Гигиеналық талаптар-адам денсаулығын сақтауға бағытталған, бұйымның ауа мен ылғал өткізгіштігі, су сіңіргіштігі және жылу сақтағыштығы. Гигиеналық талаптар бұйымның зияндылығы мен қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық нормаларға сай адамды қорғау, демалу мен қан айналымын бірқалыпты сақтау мақсатында қойылады. Сондықтан джинсы матасы әртүрлі ауа райы кезінде киімнің ауа өткізгіштігі, жылу алмасу, ылғал сіңіру қасиеттері жақсы болуы керек.

-Эксплуатациялық талаптар-бұйымның тағайындалу мақсатына сай болуы, бұйымды пайдалану кезінде үйкеліске, химиялық тазартуға, жууға төзімділігі. Джинсы матасы киім кию кезінде әртүрлі деформацияға ұшырайды. Қозғалыс кезінде джинсы матасы созылады, үйкеледі, қыртыстанады, бүгіледі және ауа райы жағдайына байланысты тозады.

-Эстетикалық талаптар-сән бағытына байланысты, яғни үлгінің композициялық және түстік шешімдерінің үйлесімділігі, бұйымның сыртқы түрінің әсемдігі. Эстетикалық талаптар модельді жобалау, бұйымның заманға сай стильдік талапқа жауап беруімен қатар, тұтынушының эстетикалық талғамына сәйкес келуімен түсіндіріледі. Киім адамның сыртқы пішімін қалыптастыруда маңызды роль атқаратындықтан, сол әдемі сыртқы бейнесімен қатар сән бағытына да жауап беруі керек. Сонымен қатар, материалдың сыртқы түр-түсіне, өңделуі мен безендірілуіне байланысты қойылады.

   Өндірістік  талаптар-бұйым құрылысының дәлдігін, технологиялық өңдеу әдістерінің тиімділігін, бұйымды дайындауға кететін шығын мөлшерін анықтайтын көрсеткіштердің жиынтығы. Бұл талаптарға жататындар:

-Технологиялық талаптар-бұйымды дайындауға жұмсалған еңбек шығынын анықтайтын көрсеткіштер. Әрбір жаңа бұйымның технологиясы бұған дейінгі өңделген технологиялық әдістерге қарағанда арзан және озық болуы керек. Бұл саланы жетілдіру үшін көптеген тәжірибелерде қол жұмыстарын азайтып, жоғары жылдамдықтағы құрал-жабдықтарды және жаңа материалдарды қолдану абзал. Бөлшектерді жинау мен түйіндерді өңдеуде жоғары технология негізінде сапаны, тұрақтылық пен жоғары дәлдікті талап ететін өңдеу әдістерін кеңінен қолдану талап етіледі. Сонымен қатар, материалдың механикалық қасиеттеріне: созу және ию кезіндегі қаттылығына, драпталуына, инемен тесілуіне, сетінегіштігіне, мата және тігістегі жіптердің жылжуына, материалдың тангенциалды қарсылығына, олардың талшығының, жіптердің құрамына, материалдың түрі мен қасиеттеріне байланысты тігін өндірісінде технологиялық өңдеу тәртіптерін таңдау қажет.

-Экономикалық талаптар-материалдарды пішуге және бұйымды өндіруге кеткен шығындарды анықтайтын көрсеткіштер. Экономикалық талаптарға материалдың құны, оның ені, қызмет ету мерзімі, пішу кезіндегі, киімдерді тазалаудағы жеңілдігі жатады. Тігін бұйымдарын дайындаудағы тиімділігі өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын азайту болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Модель эскизі және оны модельдің техникалық сипаттамасы.

    Силуэт белге  дейін қыналған, жұқа джинсы матасынан тігілген, бойжеткендерге арналған күнделікті киетін жаздық көйлек.

    Алдыңғы бой тұтас пішілген және белден кесілген. Қолтық ойындысынан белге дейін релиф бедермен қыналған. Белдемшесі үш қатпармен кеңейтілген. Ұзындығы тізеге дейін.

    Артқы бой тігіспен. Тігіс сыдырмамен өңделген. Қолтық ойындысынан белге дейін релиф бедермен қыналған.

   Қолтық ойындысы  әдіппен өңделген.

   Мойыны домалақ, әдіппен  өңделген.

   Ұсынылған өлшемі 164-88-96.

 

 

 

                Кесте 1-Пішінді бөлшектердің спецификациясы

Бөлшектердің аталуы

Пішім суреті

Белгісі

Қиықтың аталуы

1

Алдыңғы бойдың ортаңғы бөлігі

   

 

1

1

2

Алдыңғы бойдың бүйір бөлігі

     

 

2

1

3

Артқы бой ортаңғы бөлігі

  

 

1

1

4

Алдыңғы бойдың белдемшесі

   

 

2

1

5

Артқы бойдың белдемшесі

      

    

 

2

1

6

Алдыңғы бойдың мойын әдібі

     

 

2

1

7

Артқы бойдың мойын әдібі

   

 

2

1

8

Алдыңғы бойдың қолтық ойындысының әдібі

     

 

1

1

 

 

 

 

 

 

9

Артқы бойдың қолтық ойындысының әдібі

   

 

2

1

Информация о работе Өңдеу әдісі мен құрал жабдық таңдау