Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........

Вложенные файлы: 1 файл

Франция-Казахстан.doc

— 535.00 Кб (Скачать файл)

Франциямен ынтымақтастық біздің еліміздің саясаты жетекші капиталистік мемлекеттермен конструктивті диалог құруға бағытталғандығын, жемісті нәтижелер беруде екенлігін, әр қадам сайын халықаралық қатынастарды реттеп, әлемдік қауымдастыққа лайыкты енуге мүмкіндік беріп отырғандығын  көрсетеді.

Ынтымақтастықтң қарқынды дамуындағы ресми сапарлар мен кездесулердің орны ерекше. Қазақстандық басшылардың Францияға, Француз билік басындағылардың Қазақсанға сапарлары экономикалық, соның ішінде сауда байланыстарының дамына жаңаша серпін беріп отырады. Ресми құжаттарды талдап көрсек, мұндай кездесулер барысында мазмұны өте терең келісімдерге қол қойылады.

Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты қатынастардың дамуында екі мемлекет басшылары арасында қалыптасқан сенімді диалог маңызды рөлге ие. 1995 және 2005 жылдар аралығында екі ел лидерлері екі жақты шаралар мен халықаралық форумдар шеңберінде оннан астам рет кездесіпті. Экс-президент Ж.Ширак Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына жақсы баға беріп, ҚР Президентінің ядролық қаруды таратпау, аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі пікірін жоғары бағалады. Екі мемлекет басшыларының арасындағы еуропалық интеграция, ғаламдық даму мәселелері жөнінде пікір алмасуы тұрақты сипатқа ие. Ж.Ширактың жеке тілектестігі Францияның қоғамдық-саяси және іскер ортасында Н.Назарбаевқа деген жоғарғы құрметтің пайда болуына біршама деңгейде әсер етті. Оның «Сындарлы он жыл» еңбегі 2005 жылы Париж кітап салонының төрінен орын алған болатын. Бұл кітаптың француз тіліндегі басылымының алғысөзін Франция Сенататының төрағасы К.Понселе жазып еді.

2008 жылдан бері Қазақстан  мен Францияның теміржол транспорты  саласындағы ынтымақтастығы белсенді  дамуда. Сәйкес протоколға Қазақстан  Республикасы транспорт және коммуникация Министрлігі, Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» Қазақстан холдингі» АҚ және Францияның экология, даму және ұзақмерзімдік жоспарлау Министрлігі арасында қол қойылды. [31]

«Біз қазіргі заманғы темір жол техникасын өндіруші француз компанияларының жетістіктерін жоғарғы бағалаймыз. Сондықтан біз қызығушылық танытып, Протоколды Қазақстан мен Франция арасындағытеміржол транспорты саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру ниеті деп түсінеміз,» - деп сөз сөйлеген болатын ҚР Транспорт және коммуникация вице-министрі Дулат Кутербеков француз әріптестерімен кездесуінде.

Өз кезегінде транспорт жөніндегі мемлекеттік хатшы Доминик Бюссеро Қазақстан мен Францияның «ынтымақтастығын дамыту үшін мықты негізі» бар деп көрсеткен болатын. Оның пайымдауынша, бұл Франция үшін «жақсы перспектива» болып табылады.

Банк секторындағы да қазақстан-француз  ынтымақтастығы қарқынды дамуда. Қазақстанда 4 француз банкі жұмыс істеуде – «Сосьете Женераль», «Натексис Банк Попюлэр», «БНП Париба» және «Калион».

Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық та жемісті болып табылады, оның дәлелі қарулану жөніндегі Бірлескен комиссияның тұрақты (жылына 2 рет) отырыстары. Бұл қатынаста азаматтық және қос мақсаттағы өнімдерді өндіру саласында жұмыс тәжірибесі бар «Альстом», «Армарис», «Сажем» және «Талес» компанияларымен ынтымақтастық перспективті есептеледі.

Сондай-ақ ғарыш саласындағы ынтымақтастық та сәтті дамуда. 2005 жылдың 3-9 қазаны аралығында «ҚазКосмос» ҰК» АҚ делегациясы Францияда болып қайтты, ондағы мақсат Францияның ғарыштық технологияларды қалыптастыру мен жетілдіру  саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибесін танып-білу, француздық мамандандырылған компанияларымен және Еуропалық ғарыш агенттігімен (штаб-пәтері Парижде) ынтымақтастық орнату болды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері

 

Халықаралық келісімді-құқықтық тәжірибесінен шыға отырып, Қазақстан мен Франция арасында сыртқы саяси келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжаттардың толық пакеті қабылданды. Қол қойылуы мен күшіне енуі сыртқы саяси курсты жүргізудің эффективтілігін анықтайтын негізгі келісімдер:

  1. Мемлекетаралық қатынастар принциптері туралы келісімдер
  2. Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімдер
  3. Екі еселенген салық салудың алдын алу туралы келісімдер
  4. Құқықтық көмек туралы келісімдер
  5. Консулдық қатынастар саласындағы келісімдер
  6. Мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы келісімдер.

Франция мен Қазақстан ынтымақтастығының барлық салаларындағы өзара қарым-қатынастарға негіз салатын саяси келісімдер келісімдер мен келісімшарттар жүйесінде алғашқы рөлді ойнайды.

Қазақстан-француз қарым-қатынастарының негізгі принциптері 1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың Францияға сапары барысында қол қойылған «Қазақстан мен Францияның достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімі» мазмұнында көрініс тапты [3]

Қазақстан мен Франция арасында егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, басқыншылық жасамау және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, күшті не күш көрсетуді қолданбау, теңдік және өзара ұтымдылық принциптерін жариялайтын саяси келісімдерге қол жеткізілген. Бұл келісімдердің жариялаушылық сипатына қарамастан, императивті ережелерді бекітпесе де, олар орындауға міндетті анық нормалар мен міндеттемелерді қалыптастырады. Осы құжаттар әрі қарайғы ынтымақтастықты дамытуға өзіндік бір фундамент болғандықтан олардың тәжірибеде жүзеге асуы приоритетті бағыттар бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық сипаттағы келісімдер пакетінде көрініс тапты.

Ынтымақтастықтың алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан-француз саяси диалогы қарқынды дамуда. Саяси қатынаста Қазақстан мен Франция өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіп, қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша ұқсас позицияларды ұстануда. Франция өзге ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарында Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді. Француз Республикасы біздің мемлекетімізді аймақтағы тұрақтылықтың кепілі және Еуропа мен Азияны жалғасырушы көпір ретінде көреді. Ресми Париж Қазақсанның «аймақтағы тұрақтылық пен даму тірегі» деп мойындап, оның АӨСШК шақыру, әлемдік және дәстүрлі діндер съездін өткізу, Орталықазиялық мемлекеттер Одағын құру бастамаларына қолдау көрсетеді.

Өзінің жеке энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ жаңа ашылған экономикалық перспективаларды ескере отырып, Франция Қазақстан мен Орталық Азия аймағының өзінің сыртқы сяаси мүдделер жүйесіндегі орнын ерекшелейді. Оның айқын дәлелі Франция Премьер-министрінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастың даму перспективаларына қатысты баяндама даярлауды тапсыруы. Бұл баяндама авторы, сенатор Э. де Монтескью қорытындылауынша, Орталық Азия аймағында француз үкіметі өз үмітін Қазақстанмен байланыстырады, ол қарқынды дамушы экономикасымен, саналы ішкі және сыртқы саясатымен сенімді серіктес образын қалыптастырады.

Қазақстан өз кезегінде Францияны көпполярлы әлем үшін қозғалыстың көшбасшысы ретінде көреді. Қазақстан үшін Францияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасын дамытудағы «кооперативті» ұстанымы маңызды болып табылады. Париж үшін мемлекетті басқарудың болжамдылығы мен тиімділігі саяси жүйенің заңдылығымен тең. Париж батыс елдері үшін классикалық болып табылатын «ментор» рөлі мен әлемдегі демократиялық үрдістерді айдап салу тәсілдерінен бойын аулақ ұстайды, ол даму модельдерінің әр түрлілігі мен модернизация үрдістерінің біртіндеп орын алуы принциптерін қолдайды. Франция өзінің саяси, экономикалық және әскери потенциалына, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіне сүйене отырып, жалыпеуропалық және халықаралық үрдістердегі өзінің жетекші орнын сақтап қалуға тырысады.

Париж өкілдерінің бірқатар халықаралық ұйымдарда (ДСҰ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Орталық Банкі және т.б.) басқарушы лауазымдарға ие екендігі де аса маңызды. Бұл қатынаста Қазақстан үшін Францияны әлемдегі өзінің ұлттық мүдделерін қорғау барысындағы тірегі ретінде көру пайдалы.

Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты қатынастардың дамуында екі мемлекет басшылары арасында қалыптасқан сенімді диалог маңызды рөлге ие. 1995 және 2005 жылдар аралығында екі ел лидерлері екі жақты шаралар мен халықаралық форумдар шеңберінде оннан астам рет кездесіпті. Экс-президент Ж.Ширак Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына жақсы баға беріп, ҚР Президентінің ядролық қаруды таратпау, аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі пікірін жоғары бағалады. Екі мемлекет басшыларының арасындағы еуропалық интеграция, ғаламдық даму мәселелері жөнінде пікір алмасуы тұрақты сипатқа ие. Ж.Ширактың жеке тілектестігі Францияның қоғамдық-саяси және іскер ортасында Н.Назарбаевқа деген жоғарғы құрметтің пайда болуына біршама деңгейде әсер етті. Оның «Сындарлы он жыл» еңбегі 2005 жылы Париж кітап салонының төрінен орын алған болатын. Бұл кітаптың француз тіліндегі басылымының алғысөзін Франция Сенататының төрағасы К.Понселе жазып еді.

1993 жылдан бастап Қазақстан мен Франция арасында парламенттік байланыстар белсенді дамуда. Оның дәлелі «Франция-Орталық Азия» достық тобының құрылуы болды. Бұл парламенттік органның қызмет ету жылдарында екі ел депутаттарының бірқатар өзара сапарлары ұйымдастырылды. Осылайша, қазақстандық парламентарийлердің 2004 жылы ПАСЕ сессияларына қатысуы шеңберінде Н.Абыкаевтың  француздық әріптесі К.Понселемен кездесуі болып өтті, кезедсу басыныда екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары сөз болды.

2006 жылы Мәжіліс төрағасының  орынбасары Сергей Дьяченко басшылығымен  ҚР Парламенті делегациясының  Парижге сапары орын алды. [32]

БҰҰ «парламентке техникалық көмек» даму бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылған бұл сапардың басты мақсаты – қазақстандық заңнамалық орган өкілдерінің француз парламентаризмінің қызмет ету жүйесінің ерекшеліктерімен, қоғамдық сараптау легитимді институты – Экономикалық және әлеуметтік кеңестің рөлі мен маңызымен, сондай-ақ Франциядағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастыру принциптерімен танысу болды.

Бұл сапар Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы парламентаралық байланыстардың нығаюына жол ашты. Сапар барысында делегация мүшелері Францияның Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне сапар шекті. Аталмыш сапар барысында қазақстандық Парламент өкілдері Францияның мемлекеттік және жеке секторларының профодақтық ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктері, зайырлы орта өкілдерінің мүдделерін өкілдейтін 231 кеңесшіні біріктіретін Кеңес қызметінің ерекшеліктерімен танысты. ЭӘК негізгі қызметі болып үкіметтік органдардың тапсырысымен даярланған заң жобаларын ексерістен өткіщіп, қорытындылары бойынша Үкіметке ұсынушылық сипаттағы сараптама-есептерін өткізеді.

Қазақстанның парламенттік делегациясын депутаттық корпусы қазіргі таңда 577 адамды біріктіретін Франция Парламентінің Ұлттық жиналысы қабылдады. Сапар барысында Франция Парламентінің Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Ив Бюрмен, «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Эрве Маритон және оның хатшысы Лоик Бувармен, сондай-ақ ҰЖ аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің төрағаларымен кездесулері ұйымдастырылды. Француз депутаттарымен кездесулерде Қазақстандық делегация өкілдері ҚР-да жүргізіліп жатқан Қазақстан  халқының тұрмыстық жағдайын арттыруға бағытталған демократиялық реформалар туралы, халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі Қазақстан басшылығының бастамалары туралы баяндады.

Өз кезегінде француз парламентарийлері Қазақстанда өткізіліп жүрген діни қызметкерлердің Съездінің бірегейлігі мен өзектілігін баса айтты. Бұндай типтегі форумдарды ұйымдастыру, олардың ойларынша, қазақстандық лидер Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық диалог идеясын халықаралық деңгейге көтеру ісіндегі өте дана бастамасы болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан делегациясы Сенат төрағасының орынбасары Мишель Андре, «Франция-Орталық Азия» парламентаралық достық тобының төрағасы Эмери де Монтескью, Сенаттың халықаралық істері жөніндегі Комиссияның жауапты хатшысы Филипп Бурас, Сенат хатшылығының жетекшісі Ален Делькам, Сенат аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында Парламент қызметінің ерекшеліктеріне қатысты пікірлер алмасып, екі мемлекеттің қоғамдық өмірінің барлық салаларындағы ынтымақтастығының әрі қарайғы нығабының негізі болатын екі мемлекеттің заңнамалық органдарының арасындағы өзара ұтымды ынытымақтастықты дамыту перспективалары талқыға салынды. [33]

1993 жылы Франция Сенатында «Франция-Орталық Азия» достық тобы ұйымдастырылды. Оның қызмет ету мерзімінде екі елдің парламенттерінің депутаттары мен палаталар жетекшілері деңгейінде өзара сапарлар ұйымдастырылды.

Екі жақты диалогты нығайтуға атамыш достық тобындағы Қазақстан бойынша құзыреттелген төраға болып табылатын және  біздің елісізге ьалай рет сапармен келген (30-дан астам рет) Э.де Монтескью аса қызығушылық танытуда. Сол 1993 жылы Ұлттық Жиналыста «Франция- Қазақстан» достық тобы құрылды, оның төрағасы болып депутат Э.Маритон тағайындалды.

Француз депутаттары Қазақстанда орын алып жатқан саяси үрдістерге үлкен қызығушылық танытуда. Франция Парламентінің Депутаттары халықаралық бақылаушылар ретінде 2004 және 2007 жылдағы парламент сайлауларына, сондай-ақ 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы ҚР Президенті сайлауына қатысты.

Қазақстан жағының шақыруымен 2006 жылдың 18-21 сәуірінде достық тобының төрағасы Э.Маритон басшылығымен Франция Ұлттық Ассамблеясы депутаттарының Қазақстанға сапары ұйымдастырылды, миссияның негізгі мақсаты екі елдер парламенттерінің төменгі палаталары арасында тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты реттеу болды.

Франция Сенатының Төрағасы К.Понселенің бастамасымен 2006 жылдың 4 мамырында Франция Сенаты қабырғаларында «Қазақстан: бүгін – серіктес, ертең – алпауыт» экономикалық коллоквиумы сәтті өткізілді.

Біздің елдеріміздің арасында сондай-ақ ведомствоаралық  деңгейде сапар алмасу кеңеюде. 2006 жылы Францияның мемлекеттің басқару және әкімшілік реформа саласындағы тәжірибесін біліп-тану мақсатында ҚР мемлекеттік қызметкерлер делегациясының сапары болып өтті. 2008-2010 жылдарға арналған шынайы монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру Бағдарламасын даярлау шеңберінде АРЕМ делегациясы Францияның Экономика, қаржы және индустрия министрлігімен келіссөздер жүргізді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есептерді дамыту Бағдарламасына сәйкес ҚР Бас Прокуратурасының делегациясы Францияның ішкі істер министрлігінің жұмыс тәжірибесін зерттеп-таныды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы