Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........

Вложенные файлы: 1 файл

Франция-Казахстан.doc

— 535.00 Кб (Скачать файл)

1973 жылғы парламенттік  саулаулар алдында солшыл партиялар ортақ сайлауалды бағдарламасын даярлау туралы келіссөздер бастады. Келіссөздер жыл бойы созылды, өйткені коммунистер, социалистер мен солшыл радикалдар арасында біршама келіспеушіліктер болған еді. ФКП секілді Социалистік партия да банктерді ұлттандыруды ұсынды, алайда коомунистер талап еткен барлық негізі қаржылық-өнеркәсіптік монополияларды мемлекеттендіруге қарсы шықты. Коммунистер 1958 жылғы Конституцияның күшін жоюды талап етсе, Социалистік партия Францияның Солтүстік атлантикалық пакт пен «Ортақ нарыққа» қатысуын қолдады, ал компартия бұл ұйымдарды қатаң сөккен еді. 1972 жылдың 27 маусымында ғана Коммунистік және Социалистік партиялар Бірлескен (Ортақ) үкіметтік бағдарламаға қол қойды, оған кейін солшыл радикалдар да қосылды. Бағдарламада оған қол қойған партиялар «әрекет етуші режимнің әділетсіздігі мен ақылға сыймайтындығына» нүкте қойып, «шынайы саяси және экономикалық демократияны бекітіп» және «социализмге жол ашуды» қалайтындықтарын мәлімдеді.

Бірлескен бағдарлама төрт негізгі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім төрт негізгі тараудан тұрды. Бірінші бөлім «Жақсырақ өмір сүру» деп аталды. Онда халықтың тұрмыстық жағдайын арттыру үшін қажетті негізгі шаралар тізбектелді: жалақы, зейнетақы мөлшерін біршама көтеру, зейнетақы жасын төмендету, демалыс ұзақтығын ұзарту, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылым, өнер, спортты дамытуға қосымша қаражат бөлу және т.б.

Әлеуметтік-экономикалық реформаларға арналған бағдарламаның екінші бөлімінде экономиканы демократиялық жоспарлауды қамтамасыз етіп,  жеке банктер мен қаржылық мекемелерді, сондай-ақ ірі монополистік бірлестіктерді мемлекеттендіру қарастырылды. Ең бірінші кезекте тоғыз аса ірі қаржылық-өнеркәсіптік топты мемлекеттендіру жоспарланды.

Бірлескен бағдарлама пайда мен ауқатты байлық иеленуге салынатын салықтың өсірілуін, ал қарапайым халыққа салынар салықтың керісінше төмендетілуін талап  етті.

Бағдарламаның үшінші бөлімі мемлекеттік мекемелерді демократияландыруға қатысты болды. Коммунистер, социалистер және солшыл  радикалдар адам құқығын шектейтін заңдардың күшін жою, парламент құзыретін кеңейту, пропорционалды сайлау жүйесін енгізуді талап етті.

Бағдарламаның төртінші, ерекше терең келіспеушіліктерді тудырған сыртқы саяси бөлімі коммунистер, социалистер және солшыл  радикалдар ұстанымдары ұқсас келген пунктерді қамтыды: барлық мемлекеттербен бейбіт және ынтымақтастық саясат жүргізу, күш қолданудан бас тарту және халықаралық шиеленістерді бейбіт реттеу, жалпы қарусыздану мен ядролық қаруды жойып жіберу. Бір уақытта Солтүстік аталантикалық пакт пен Варшава келісімін жоюды ұсына отырып коммунистер, социалистер және солшыл  радикалдар Франция қандай да бір әскери-саяси блоктардан азат болуы керек деп мәлімдеді. Бірлескен бағдарлама Францияның Солтүстік аталантикалық пакт пен «Ортақ нарықтан» тіптен шығып кетуін емес, оның бұл ұйымдардан тәуелсіз әрекет етуін қарастырды.

1974 жылы Президент Помпиду аяқ астынан дүниеден өтіп, мамыр айында кезектен тыс президенттік сайлау ұйымдастырылды.

Президент лауазымын иеленген Жискар д`Эстен халыққа жақын адам образын құруға тырысты. Өзінің идеялық-саяси көзқарастары бойынша Жискар д`Эстен мен премьер-министр Барр 70-жылдары капиталистік елдерде, ең алдымен Англия мен АҚШ-та кең таараған неолиберализм жақтастары қатарында болды. ХІХ ғасырдың лидерлері секілді неолибералдар азамат құқықтары мен бостандықтарына алғышқы кезекте мән берді. Егер ХІХ ғасыр либералдары мемлекетке «түнгі сақшы» рөлін артып қойса, неолибералдар мемлекет нарықтық экономиканың қызмет етуі үшін жағдай жасауы тиіс, сондай-ақ әлеуметтік қарама-қарсылықты жұмсарту, әлсіздерді қолдау секілді әлеуметтік функцияларды атқаруы қажет деп ойлайды.

Өзінің президенттік құзыреттерін жүзеге асыруға кіріскен кезде Жискар д`Эстен Франция либералды ел болып қалуы және алдыңғы қатарлы либералды қоғам құру мақсатында тәртіпті  сақтай отырып өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс деп мәлімдеді. Оның ұстанымы 1976 жылы жарық көрген «Француз демократиясы» кітабында толықтай көрініс тапты. Онда Жискар д`Эстен ХІХ ғасырдағы жетекші иедологиялар  - классикалық либерализм мен марксизм – қазіргі қоғам талабына жауап бермейді, сондықтан да олар «жаңа либерализммен» алмастырылуы тиіс. Ол идея жеке бастамалар бостандығы мен мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдемелерін ұштастырады. Идеалды қоғамдық құрылыс деп Жискар д`Эстен плюралистік билік құрылымды қазіргі заманғы либералды қоғамды есептейді.

Жискар д`Эстен өз сыртқы саясатының маңызды міндеттері деп Батыс Еуропа елдерінің саяси бірігуі мен Францияның екі ұлы держава АҚШ пен КСРО-мен ынтымақтастығы деп санады.

«Еуропеистердің» талаптарына сәйкес француз үкіметі Еуропалық экономикалық қауымдастықтың ұлтүсті органдарының құзыретін кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді. 1974 жылы құрамына батысеуропалық елдердің мемлекет және үкімет басшылары енген Еуропалық Кеңестің негізі салынды. 1979 жылдан бастап Еуропалық парламент депутаттары барлық елден, соның ішінде Франциядан да жалпы дауыс берумен сайлана бастады. Франция бірегей еуропалық валюталық жүйеге еніп, бірегей төлем бірлігін (экю) қабылдады. 1975 жылы Ломе қаласындағы конференцияда Франция өзге батысеуропалық мемлекеттермен бірге «Ортақ нарық» мемлекеттерінің 46 Африка, Тынық мұхит және Кариб теңізі елімен ассоциация, кедендік одақ және сауда жөніндегі келісімне қол қойды.

НАТО әскери ұйымына қайта оралудан бас тарта отырып Француз үкіметі АҚШ-мен экономикалық, саяси және әскери байланыстарын нығайту жолымен жүрді.

Еуропа интеграциясы және АҚШ-пен қатынасты жақсарту курсын жүргізе отырып, Жискар  д`Эстен   сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуды анықтайтын фактор ретінде Франция мен КСРО арасындағы келісім мен ынтымақтастық саясатын есептеді. 1974 жылдың желтоқсанында Парижге жақын Рамбуйе қамалында президент Жискар д Эстеннің  Л.И.Брежневпен алғашқы жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Франция және КСРО өздерінің Таяу Шығыс, Үндіқытай, Кипр мәселелері бойынша ұстанымдарын сәйкестендіріп, қарусыздану жөнінде бүкіләлемдік конференция шақыру идеясына қолдау көрсетті. Екі жақ та Жалпыеуропалық кеңестің қорытынды кезеңін Хельсинкиде мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде ұйымдастыруға келісті. Кездесу қорытындыларын атай отырып, президент Жискар д` Эстен «француз-кеңес ынтымақтастығы Францияның сыртқы саясатының негіз құраушы элементі» болып табылатындығын жаряилады.

Жискар д`Эстеннің лауазымдық құзырет мерзімінің аяқталуымен 1981 жылдың мамыр айында Республика президенттігіне кезекті сайлау жүргізілді. Барлық бас партиялар өз кандидатураларын ұсынды: Социалистік партия – Миттеранды, Коммунистік партия – маршені, голлистер – Ширакты, «Француз демократиясы үшін одақ» - Жискар д`Эстенді.

1981 жылдың мамырында коммунистер  қолдауымен Миттеран 52,21% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Сыртқы саясат мәселелеріне қатысты ұстанымдарын білдіргенде Миттеран халықаралық шиеленістілікті бәсеңдету мен қарусыздану, «Франция мен кеңестік Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды» қолдайтынын айтты, алайда «француз стратегиясын атлантикалық саясатқа сәйкестендіруді» талап етті. 

Франция әскери шығындарды ұлғайтты, қарулану жарысына қатысты, ракета-ядролық қаруын жетілдірді.

Президент пен үкімет «еуропалық құрылысқа» ерекше мән берді. 1981-1983 жылдары Франция ЕЭҚ бойынша серіктестеріне «ұлттық экорномикалардың шынайы конвергенциясына» қол жеткізуді бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейтуді, сәйкестендірілген сыртқы саясатты жүргізуді  ұсынды. Ол Греция, Испания мен Португалияның ЕЭҚ мүше болу өтініштеріне қолдау көрсетті және 1985 жылы «Бірегей Еуропалық Актке» қол қойды. Онда кедендік шекараларды толығымен жою, визалық режимді алып тастау және Еуропа интеграциясын 1993 жылға таман аяқтау қарастырылды.

Миттеран «үшінші әлем» елдерімен қарым-қатынасқа («Солтүстік-Оңтүстік диалогына») «Солтүстіктің» индустриалды мемлекеттері мен «Оңтүстіктің» дамушы мемлекеттерінің ынтымақтастығына негізделген «жаңа әлемдік экономикалық тәртіп құру» мақсатында аса мән берді. Ол өз ойын «үшінші әлемге» көмектему өзіңе дағдарыстан шығуға көмектесу» деп дәлелдеді.

Миттеран 1981 жылы Канкун (Мексика) қаласында өнеркәсібі дамыған және дамушы мемлекеттердің конференциясында шикізат бағасын ұстап тұру, ауылшаруашылық өндірісті ұлғайту мен энергетиканы дамытуға қолдау білдіру мақсатында «үшінші әлемге» көмекті ұлғайту ұсынысымен сөз сөйледі.

Франция «Ортақ нарықтың» «үшінші әлемге» жататын ассоцияланған мүшелерімен байланыстарын кеңейте берді.

Президент пен үкімет Африка елдерімен, әсіресе бұрынғы француз отарларымен байланыстарына ерекше мән берді. Сонау де Голль үкіметінің қол қойған келісімдеріне сәйкес Франция оларға техникалық, қаржылай және әскери көмек көрсетуін жалғастыра берді.

1988 жылдың көктемінде  Миттеранның президенттік мерзімі аяқталып, Республика президенттігіне кезекті сайлау жүргізілді. Егер 1981 жылғы сайлауда оның ұраны «Солшылдармен бірегей Франция үшін!» болса, енді «Бірегей Франция!» еді. Дауыс көпшілігімен Миттеран келесі жеті жылдыққа Франция президенті болып сайланды. 1988 жылғы сайлау көрсеткендей,  сайлаушылар ішінде көп қолдауға Социалистік партия және Миттеранның өзі ие болды. Миттеран тұлғасында көптеген француздар арбитр, демократиялық бостандықтар мен социялистік иеліктердің сақталу кепілін көрді.

Сыртқы саясатты анықтауда бұрынғысынша Миттеран маңызды рөл ойнады, оның басты сыртқы саяси приоритеті Еуропадағы интеграция болып қала берді. Сонымен қатар Миттеран АҚШ және НАТО-мен тығыз байланыстарын сақтап, сондай-ақ КСРО-ның жаңа басшылығы М.С.Горбачевпен жағымды қарым-қатынас орнатуға ұмтылды.

80-90-жылдардағы халықаралыө  ахуал Кеңес Одағы мен Ресейде  оырн алып жатқан оқиғалармен  анықталды. 80-жылдардығ екінші жартысында  М.С. Горбачев кеңестік қоғам мен  мемлекеттің «қайта құру» саясатын  жүргізді де, оның ақыры «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуы, Еуропа елдердегі коммунистік режимдердің құлауы мен КСРО-ның ыдырауы болды.

«Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуы, Германияның бірігуі, КСРО-ның ыдырауы Батыс Еуропа елдерінің интеграция үрдісін тездетті. Олардың негізгі бастамашылдары германия мен Франция үкіметтері еді. 1999 жылдың 19 маусымында Шенген (Люксембург) қаласында Франция, Германия және Бенилюкс елдері Шенген келісімдеріне қол қойды, оған кейін «Ортақ нарықтың» өзге мүшелері қосылды. Келісімге сәйкес 1995 жылдан бастап бұл мемлекеттердің азаматтары бір-біріне визасыз және еш кедендік бақылаусыз сапар шеге алады. Франция мен ГФР-дің бастамасымен голландық Маастрихт қаласында 1991 жылдың 9-10 желтоқсанында жиналған «Ортақ нарықтың» 12 мемлекеті Еуропалық саяси, экономикалық және валюталық одақ туралы келісімге келді. Олар өз шеңберінде адам, тауар, қызмет және капиталдың еркін  қозғалысы қамтамасыз етілетін Еуропалық Одақты құруға шешім қабылдады. Еуропалық Одақ мүшелері экономика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, құқық қорғау, білім беру, қоршаған ортаны қорғау саласында саясат жүргізуге келісті. Олар сондай-ақ өз елдерінде бірегей еуропалық азаматтық пен еуро-бірегей ақша бірлігін енгізу туралы келісімге келді.

1995 жылы Миттеран президенттігінің  екінші мерзімі аяқтала бастады. Ол ендігі қартайды, ауырды, сондықтан да үшінші рет өз кандидатурасын ұсынбауға шешім қабылдады. 1995 жылғы сайлаулардан кейін Миттеранның саяси қызметі тәмамдалды. Францияның жаңа президенті Жак Ширак болды.

Президент лауазымын иеленген соң Ширак неолиберализм доктрианларына сәйкес өзінің барлық күшін мемлекеттік шығындарды қысқарту, қатаң экономика мен инфляцияны басу жолымен экономиканың эффективтілігін арттыруға шоғырландырды.

Сыртқы саясат саласында Франция ғаламдыө мүдделері бар ұлы держава рөлін сақтай отырып, Ширак еуропалық интеграцияның айқын жақтасы болды, оның қозғаушы күші ретінде жаңа Президент француз-герман ынтымақтастығын таныды. Ширак АҚШ-пен «салмақты саяси және әскери ынтымақтастық»  үшін жағдай жасауды қолдады.

Ширактың қорғаныс доктринасы жедел әрекет етудің қарапайым қару түрлерін арттыру арқылы ядролық тосқауылдың ұлттық потенциалын қолдауды негізге алды. Ол француздық ядролық қаруды жаңаландыруды қамтамасыз ету үшін ядролық сынақтарды шектелген көлемде және анықталған мерзімге қайта ашу мүмкіндігін сөз етті. Сөйте тұра Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімдің мерзімсіз ұзарту мен ядролық жарылыстар мен сынақтарға тыйым салу келісіміне қол қоюды ұсыныстарын алға шығарды.

Франция экономика ауқымды үкіметтік араласумен басқарудың қазіргі заманғы капиталистік тәсілдерін біріктіреді. Үкімет әр сектордың негізгі үлестері бойынша біршама ықпалын сақтайды және темір жол, электростанциялар, әуе тасымалы мен телекоммуникациялық компаниялар акцияларының бақылау пакеттеріне ие. Алайда 1990-жылдардан бастап,  үкімет бұл секторларды бақылауды сәл бәсеңдеткені рас. Үкімет бірте-бірте France Telecom,  Air France, сақтандыру, банк ісі, өнекәсіптің әр түрлі салаларындағы акцияларын сатты. Осы уақытта құнарлы егіс далалары мен жетілдірілген технологияларды қолдану арқасында Франция Батыс Еуропадағы жетекші ауылшаруашылық өндіруші болды. Дегенмен, елде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі байқалды.

Капиталдың шоғырлану мен орталықтандырылуы және Франция экономикасының қайта құру үрдістері өндіріс пен капиталдың интернационализациясы үрдісімен қатар жүрді, нәтижесінде қуаты жөнінен алпауыт ТҰК құрылды. Осылайша «Иметальдің» 25 елде әрекет ететін 62 қоғамы бар.

«Рено» автомобиль құрылыс компаниясының өндірістік қуатының 45%, жұмыс күшінің 25% шетелдік мекемелерінде орналасқан және т.б. [23]

Капиталдың ұлттық және халықаралық деңгейде орталықтануы бірқатар француз компанияларының әлемдік өндірісте нығаюына әкелді. «Пешине» жимиялық компаниясы буып-түю өнімінің әлемдік лидеріне, «Ашет» полиграфиялық фирмасы – әлемдегі жетекші журналға айналды, «Кабль де Лион» фирмасы электрлік кабельдер өндірісі бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы