Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........

Вложенные файлы: 1 файл

Франция-Казахстан.doc

— 535.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі таңда "Катко" Төртқұдық жер телімінде геолого-ьарлау жұмыстарын жалғастыруда. Жобаны инвестициялауды қаржыландыру туралы сәйкес келісімнің негізінде "Кожема" жүзеге асыруда. Француз тарабы шамамен 20 млн. доллар салды.

Сонымен қатар электроэнергетикалық секторда "Альстом" компаниясы қызмет етеді. Алматы сумен қамтамасыз етудің қалалық жүйесін басқару жобасын "Вивенди Уотер" компаниясы жеке қарастырды. Жақтар екеуара келіспеушіліктердің жоқ екендігін және француз іскерлік қауымының Қазақстанға қатысуын кеңейтудің біршама мүмкіндіктері бар екендігін мәлімдеді.

Газ саласында «Gaz de France» компаниясы ынтымақтастыққа аса қызығушылық танытуда. Ол өзінің қызметін «ҚазГерМұнай» (ҚГМ) компаниясының 17,5% акциясын иеленетін «EEG» еншілес компаниясы арқылы жүзеге асырады. «EEG» ҚР Орталық бөлігінде орналасқан Ақшабұлак, Нұралы және Ақсай мұнай-кен орындарын пайдалану және игеру лицензияларына ие ҚГМ-нің операторы есептеледі.

Осылайша, мұнай-газ және пайдалы қазбаларды игеру саласы -  Қазақстан мен Франция ынтымақтастығының стратегиялық саласы.

Отын-энергетикалық кешендегі ынтымақтастық Франция үшін де, Қазақстан үшін де приоритетті болып табылады. Әлемдік энергоресурстар нарығында қалыптасқан жағдайда екі елдің де іскерлік байланыстарын нығайту және тұрақты дамытуға себептері бар. Францияның ұлттық ассамблеясының сыртқы саяси комитеті Қазақстанға мұнай мен мұнай өнімдерінің елге тұрақты жеткізушісі болуды ұсынды. Алматыда Қазақстан-Француз Мұнай Орталығы ашылды. Бұның бәрі Қазақстан-Француз қарым-қатынасының саяси да, экономикалық салада да қарқынды дамуының кепілі болып табылады.

Тау-кен саласы. "Қазатомпром" АҰК мен француздық "Кожема" ("Арева" тобы) негізін салған «Катко» БМ  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданындағы Мойынқұм уран кен орнын игеруде ортақ жобаны жүзеге асыруда ( 2001 жылы полигонды жарақтандыру, жылына 100 тонна уран өндіретін қуатты тәжірибелік завод құрылысы және Төртқұдық жер теліміндегі геолого-барлау жұмыстары аяқталды. Париж қаласында 2004 жылдың 28 сәуірінде  аталмыш кен орнында уран игеру жөніндегі бірлескен жобаның келесі фазасын ашу туралы Меморандумға қол қойылды. Француз жағы шамамен 20 млн.доллар инвестициялады.

Құрылыс. Қазақстан мен Франция сондай-ақ құрылыс саласында ынтымақтастық орнатқан. Қазақстанның 2003-2015-жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы шеңберінде «Стейн-Хертей» және «Сен-Гобэн Гласс» француз компаниялары парақтық әйнек  (флоат) өндірісіне қатысуға белсенді қызығушылық танытуды.

1998 жылдан бастап «Шымкентцемент»  мекемесінің егесі бола тұра  «Симан Франсэ» цемент өндірушісі  завод модернизациясына 20 миллионнан  астам доллар салды, сөйтіп шығарылатын  өнімнің сапасы мен өнімділігін біршама арттырды. Компания заводты жетілдіруге қосымша тағы да 7 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. «Симан Франсэ» сондай-ақ Батыс Қазақстанда қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна өнім болатын жаңа цементтік завод құрылысы мүмкіндігін қарастыруда. «Симан Франсэ» компаниясының жоғары сапалы цемент өндіру үшін қажетті минералды-шикізат базасы бар Ақтөбе облысына қызығушылығы артуда.

Астанадағы құрылыс жобалары мен ҚР инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық танытып отырған «Буиг» пен «Винси» компаниялармен ынтымақтастықты тереңдету перспективті болып табылады. Француз архитекторы Р.Тайибер жобасы бойынша Астанада қазіргі заманғы велотрек  құрылысы жобасы дайындық үстінде.

Банк секторындағы ынтымақтастық. Қазақстанда 4 француз банкі жұмыс істеуде – «Сосьете Женераль», «Натексис Банк Попюлэр», «БНП Париба» және «Калион».

 «Сосьете Женераль» Қазақстанда (Алматы) өкілдігі бар жалғыз банк болып табылады. Банк «ҚазМұнайГаз» ҰК және қытай бағытындағы мұнай құбыры үшін 2 «Дельфин» вертолетын сатып алуды қаржыландыруда (600 млн. доллар).

«БНП Париба» қытай бағытындағы мұнай құбырын қаржыландыру тендеріне қатысуда, сондай-ақ қазақстандық «Тұран Әлем» и «Қазкоммерцбанк» банктері үшін несиелік желі ашуда.

«Калион» өзінің Мәскеудегі өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасының жетекші банктерімен агроөнеркәсіптік сектор, телекоммуникация, мұнай-газ өнеркәсібі салаларындағы әр түрлі жобалар бойынша тығыз байланыстарды қолдауда. Банк Қазақстанның Мұнай қорын басқаруға көмек беруге дайын.

2005 жылдың 16 маусымында Парижде «Натексис Банк Попюлэр» кеңсесінде «ҚазАтомПром» ҰК» мен 11 халықаралық банк синдикаты арасында 150 миллион доллар көлемінде экспорт алды қаражаттандыру жөнінде келісімге келді. Синдицирленген қарыз ұйымдастырушылары – «Натексис Банк Попюлэр» пен Ситибанк. Қол жеткізілген қаражат «ҚазАтомПром» ҰК» АҚ табиғи уран концентратын (U3O8) өндіру мен экспорттауды және уран көздерін барлауды қардыландыруға бағытталмақ. Қарыз 3 жылдық мерзімге берілді.

Қазақстанда мұнай-газ, тау-кен, энергетикалық, транспорт және қызмет көрсету салаларында 40-тан астам француз компаниялары, сондай-ақ аса ірі төрт француз банкі жұмыс істейді. Газ саласындағы ынтымақтастыққа Gaz de France компаниясы жоғары қызығушылық танытуда, ол ел экономикасына 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниеттенген еді.

Дегенмен де Франция біздің мемлекетімізбен сауда-экономикалық қарым-қатынастың барысына көңілі толмайды екен, ол ынтымақтастықты үш  негізгі бағыт бойынша дамытуды ұсынуда: теміржол транспорты мен байланыс жолдары; гидроресурстарды басқару; Орталық Азия арқылы газ және мұнай құбырлары жобаларын жүзеге асыру.

Қазақстан Франциямен экономиканың энергетика, машинақұрылысы, химия, металлургия және жеңіл өнеркәсіп, дәрі-дәрмектер, ауыл шаруашылығы, транзитті-транспорттық кешен, телекоммуникация секілді салаларында өзара ұтымды ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға ниетті.

Париж өзара тауар айналымын екі есеге арттырудың салмақты мүмкіндіктерін көреді. Атап айтсақ, Франция көмірсутек шикізатын жеткізуші-мемлекеттермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі және Қазақстанды бұл саладағы маңызды әрі перспективті серіктестерінің бірі ретінде санайды.

2005 жылдың 3-9 қазаны аралығында  «ҚазКосмос» ҰК» АҚ делегациясы  Францияда болып қайтты, ондағы  мақсат Францияның ғарыштық технологияларды  қалыптастыру мен жетілдіру  саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибесін танып-білу, француздық мамандандырылған компанияларымен және Еуропалық ғарыш агенттігімен (штаб-пәтері Парижде) ынтымақтастық орнату болды

Атап айтсақ, «Integral Systems Europe» және «Alcatel Alenia Space» компанияларымен «Сарышаған» полигонының оптикалық және радиотехникалыұ базасы енгізінде Қазақстан Республикасының командалық-өлшеу кешенін құру» жобасын жүзеге асыру үшін қажетті телеметрия құрылғыларын сатып алу мүмкіндігіне қатысты келіссөздер сәтті жүргізілді. Еуроғарыш агенттігімен келіссөздер барысында  өзара ынтымақтастыққа екі жақты мүдделілік бекітілді.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Француз Үкіметаралық (ҮАК) комиссиясы. ҮАК төрағалары: ҚР Транспорт және коммуникация Министрі А.Мамин және Франция Сыртқы сауда Министрі Кристина Лагард.

1992 жылдан бері ҮАК-ның тоғыз  отырысы ұйымдастырылған. Соңғы  оытрысы Париж қаласында болып  өтті. Келесі отырысты Астанада  өткізу жоспарлануда.

Транспорт саласындағы ынтымақтастық. «СНЦФ» компаниясы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қарауына «Тальг» (Испания) жедел қозғалу құрамының қызмет көрсетуін (жөндеуді) ұйымдастыру жөнінде техникалық ұсыныс жасады. «Транс Лор» француз компаниясының Алматыда трамвай желісін салу жобасы өңделу кезеңінде.

Қазақстан және Франция авиациялық биліктері халықаралық авиақатынас туралы үкіметаралық Келісім жобасын үйлестіру үстінде. Ол келісім Қазақстан мен Франция арасында тікелйе авиабайланысты ашу үшін заңнамалық негіз болмақ. «Эр Франс» авиакомпаниясы Париж-Атырау-Астана маршруты бойынша ұшуды ұйымдастыруға мүдделі, авиакомпаниялар арасында маршруттарда отырғызу орындарының арнайы блоктарын өзара ұсыну туралы (код-шеринг) келісімге келуді ұсынады.

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы  Үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль байланысы жөніндегі Келісім Францияның құрылғылар, транспорт, тұрғын үй, туризм және теңіз Министрлігінің қарауында жатыр. 

Қазіргі таңда сондай-ақ автотасымал саласында белсенді ынтымақтастық жүріп жатыр. 2008 жылдың басында Парижде Қазақстан мен Франция сарапшыларының кездесуі ұйысдастырылды, оның барысында  халықаралық автотасымал саласындағы екіжақты үкіметаралық келісімнің жобасы талқыланды. Кездесуде жақтар жүктердің халықаралық автомобильдік тасымалы жөніндегі Қазақстан-француз келісімі жобасының ақырғы мәтіні келісілді. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен протоколға қол қойылды. Бұл келісімнің мақсаты халықаралық автомобиль байланысы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен екі ел арасындағы автомобильді тасымалды жүзеге асыруды жеңілдету болды.

Француз кәсіпкерлері Қазақстанды тұрақты және сенімді серіктес ретінде көреді және біздің еліміздің экономикасына инвестиция салуды арттыруда. Қазақстанда 40-тан астам француз компаниясы жемісті жұмыс істеуде. Олар – мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетикалық, құрылыс, транспорт мен қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін "Тоталь", "АРЕВА", "Талес", "EADS", "Альстом", "Симан Франсэ" және көптеген өзге мекемелер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Қазақстан Республикасы  мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы

 

Қазақстан Франциямен мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді. Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы қарым-қатынас 1993 жылғы Мәдениет және өнер саласындағы үкіметаралық Келісім, 1994 жылғы Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясы мен Франция Ұлттық ғылыми зерттеу Орталығы арасындағы Келісімге сәйкес және Алматы мен Ренн қалалары арасындағы ағалық байланыстар негізінде дамуда.

Екі мемлекеттің мәдени ынтымақтастығы жылдан жылға кеңеюде. Осылайша 1998 жылдан бастап Париж, Ренн және Бар-ле-Дюктің (Лотарингия) көркем залдарында «Франциядағы Қазақ Мерзімдері» - классмикалық музыка концерттері өткізіліп тұрады.

Жыл сайынғы Париж күзгі фестивалы шеңберінде 1998 жылы Француз астанасында Францияның кинотанымдық жетекші баслымы "Кайе дю синема" журналы мен Париж әкімшілігі қолдауымен «Қазақ киноматографындағы жаңа толқын» бағдарламасы ұйымдастырылды. Фестиваль шеңберінде қазақ кинорежиссерлерінің 16 үздік лентасы көрсетілді.

Француздардың біздің кинематографқа қызығушылығының бір дәлелі француз киносының ондаған қызметкерлерінің Алматыда өткізілген Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысуы болды.

2004 жылдың желтоқсанында  Алматыда «Альянс Франсез» мәдениет-білім агенттігінің өкілдігі ашылды, ол қоғамдық ассоциация статусына ие, 139 елде филиалдар желісі бар және Француз Үкіметінің франкофония мен екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтыстықты дамытудағы басты құралдарының бірі болып табылады.  «Альянс Франсез» агенттігінің Астанадағы өкілдігі 2005 жылдың қазанынан бастап қызметіне кірісті.

2004 жылы Қазақстанда Француз институтының Орталық Азияны зерттеу бөлімі (IFEAC) жұмысын бастады, бұған дейін ол тек Ташкентте орналасқан болатын. IFEAC Қазақстан мен Францияның ғылыми және академиялық орталары арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуды орнатуда делдал қызметін атқарады, Қазақстан тарихы, ғылымы, мәдениеті мен өнеріне қызығушылық танытқан француз азаматтары үшін ақпараттық орталық болып табылады.

Қазақстан мен Франция білім беру саласында сәтті өзара әрекет етуде. Жоғару басшы кадрларды дайындау мақсатымен ҚР Президенті қарауындағы Мемлекеттік қызмет Академиясы мен Ұлттық Әкімшілік мектебі (ENA) арасында ынтымақтастық орнатылған. Соңғы он жылда  «Болашақ» бағдарламасы негізінде көптеген қазақстандық студенттер Францияда тәлім алуда. 2005 жылдың сәуірінде Парижде ҚР Білім және Ғылым министрі Б.Әйтімова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Францияның жетекші ЖОО-да білім алушы студенттержің санын арттыру мақсатымен Франция Білім және Ғылым министрлігі және Университеттік және мектептік істер жөніндегі Ұлттық орталық (CNOUS) басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тікелей жооаралық байланыстар шеңберінде және тұрақты негізінде елдер арасында студенттер және оқытушылармен алмасу жүзеге асып жатыр.

2005 жылдың наурызында  Париж кітап жәрмеңкесінде париждік «Альбен Мишель» баспасымен бірігіп басылып шығарылған француз тіліндегі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабының тұсау кесері болды.

Француз Республикасымен білім беру саласындағы ынтымақтастығы Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрлігі арасындағы Алматы қаласында 1999 жылдың 2 қыркүйегінде қол қойған Мәдениет және жоғарғы білім салаларындағы ынтымақтастық туралы Келісім және Қазақстан Республикасының Халықтық білім беру Министрлігі мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоңарғы және орта білімді кадрларды дайындау жөніндегі Ұлттық Орталық (CHOUS) арасындағы 1994 жылдың 7 мамырында қол қойылған Келісімі негізінде жүзеге асуда.

1994 жыл мен 2003 жыл аралығында  Францияда Қазақстан Республикасы  Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясымен 21 мамандық бойынша 47 студент білім алып шықты, негізінен  құқық, халықаралық қатынастыр, экономика және гуманитарлық профильдің өзге мамандықтары бойынша.

Қазіргі таңда да Францияда “Болашақ” бағдарламасының стипендианттары білім алуын жалғастыруда.

Жыл сайын Франция елшілігі республика оқытушылары үшін тілдік тәжірибе ұйымдастыруда қолдау көрсетуде.

Қазақстан мен Франция ЖОО арасындағы байланыстарды кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда.

1994 жылы қол қойылған Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдердің Қазақ университеті мен Шығыс тілдері мен өркениеттерінің Ұлттық Институты  (ИНАЛКО) арасындағы Келісімге сәйкес студенттер, стажерлар мен зерттеуші-оқытушылармен алмасу жүргізілуде.

Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университет француз жағымен бірлесіп, ИНАЛКО-мен ынтымақтастық жөніндегі Меморандум Жобасын даярлауда.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы