ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады

Содержание

ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 177.12 Кб (Скачать файл)
  • ЕО-тың кеңиюімен, Еуропалық тату көршілік саясаты мен «Қара теңізі

аумағынада ортақ қызмет ету бастамасына» Оңтүстік Кавказ аймағының  қосылуы ОА мен ЕО қарым-қатынасның одан әрі жақындастырады;

  • ОА аймағының елеулі көлемдегі энергетикалық ресурстары мен аймақ

елдерінің сауда әріптестері  мен тасымалдау жолдарын диверсификациялау  мақсаты ЕО-тың энергетикалық  қауіпсіздік пен энергиямен өамтамасыз етілу мүдделерін қанағаттандыруына  мүмкіндік туғызады [48, 128].

ЕО-тың аймақтағы геосаяси мүддесі күн өткен сайын кеңию үстінде. 2007 жылы одаққа төрағалық еткен Германия өз кезегінде «2007-2013 жылдарға арналған ЕО-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясы» атты жаңа құжат даярлады. Аталмыш құжатта экономикамен қатар қауіпсіздік және саяси даму салаларында да қатынасты интенсивтендіру одақтың аймақтағы басым бағыттары деп белгіленген. Жаңа еуропалық стратегияның тұсаукесері 2007 жылы Астана қаласында «ЕО үштігі – Орталық Азия мемлекеттері» форматындағы 2004 жылдан бергі төртінші ЕО өкілдері мен ОА мемлекеттері сыртқы істер министрлері кездесуі шеңберінде өткен еді. Одақ тарапынан БҰҰ және ЕҚЫҰ секілді халықаралық құрылымдардың ресурстарын тарту арқылы ынтымақтастықты нығайту ұсынылғын болатын. Сонымен қатар орталық азиялық мемлекеттердің Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру бойынша қатысым алу мүмкіндіктері де одақ тарапынан қолдау тапты; есірткі заттарын сату және кедейшілікпен күресуде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау бойынша, жаңа жол тораптары, мұнай және газ құбырларын құруда аймаққа көмек көрсетілетіні жайында сөз қозғалды. Осы қадамдарды жүзеге асыру мақсатында одақ ОА елдеріне 750 млн. Еуро көлемінде қаржы бөлді [47]. 2007 жылы маусымның 22-сінде қабылданған Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері бойынша Стратегиясы екі өңір арасындағы  
ынтымақтастықтың жақын келешектегі дамуын анықтайтын болады.  
 Еуроодақ үшін «көршінің көршісі» болып табылатын аймақтағы ғана емес, жалпы еуропалық құрлықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысында аталмыш Стратегия дер кезінде қабылданды. Стратегияны жүзеге асыру барысында өңірлік қана емес, жеке елдік бағыттардың да ескерілетіні маңызды.

1994-2006 жылдар аралығында ЕО пен Орталық Азия аралығындағы қарым-қатынас ТАСИС (Technical Assistance for the Commonwealth of Independent States – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына техникалық көмек) бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. 2001 жылдың қаңтарынан аталмыш бағдарлама ЕО-тың жаңа жобасы – «Тату көршілік және әріптестіктің еуропалық құралымен» (ЕИДП) ауыстырылды. Аймақта, барлық ТМД аумағында секілді, бастапқыдан жүргізіліп келе жатырған екі бағдарлама өз жұмысын жалғастыруда. Оларға  Еуропа, Кавказ және Азия арасында байланыс, сауда және экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған ТРАСЕКА (Transport Corridor Europe Central Asia – TRACECA) және Еуропаны Каспийдің мұнай және газ ресурстары негізінде энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын ИНОГЕЙТ  (Interstate Oil and Gas Transportation to Europe – INOGATE) [49]. ЕО өз бағдарламаларының іс жүзінде орындалуы үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ, Миграция бойынша халықаралық ұйым, Халықаралық валюталық қор секілді халықаралық құрылымдарды тартуды көздеп отыр. «Одақ бейбіт, демократяилық әрі экономикалық тұрғыда дамыған Орталық Азияны қалайды», осы тұста жаңа әріптестіктің төмендегідей нақты қадамдары анықталды:

  • сыртқы істер министрлері деңгейінде ЕО-ОА аймақтық саяси диалогын тұрақты түрде жұмыс жасауын реттеп отыру;
  • ОА мемлекеттерінде «Білім беру саласындағы еуропалық бастаманы» жүзеге асыру және «Электронды Жібек жолы» жобасын дамытуда қолдау көрсету;
  • «Заң үстемдігі бойынша ЕО бастамаларын» жандандыру;
  • ОА-ның әрбір мемлекетімен нақты нәтижелер алу көзделген адам құқығы бойынша тұрақты диалогты қаматамсыз ету;
  • Аймақ елдерімен жүйелі түрде «энергетикалық диалог» жүргізу [49].

Ынтымақтастықты ілгерілетудің  пәрменді тетіктерінің бірі - бүгінде 

тұрақты мәнге ие болған және сыртқы істер министрлері  деңгейіне жеткен «Еуроодақ үштігі – Орталық Азия елдері» форматындағы диалог. 2007 жылдың наурыз айында Астанада өткен кездесу Орталық Азия ғана емес, Еуроодақ елдерінің де сындарлы серіктестікке мүдделі екенін көрсетті.

Еуроодақпен саяси  диалог сонымен бірге, өзара алаңдаушылық туғызып отырған халықаралық  мәселелер бойынша тараптар ұстанымын  жақындатуды қарастырады. Осылайша, Серіктестік пен ынтымақтастық  жөніндегі екіжақты келісімге сәйкес (1995), аталған кеңістіктегі қауіпсіздік  пен тұрақтылық артады. Есірткі тасымалдаудың ғаламдық ауқымдағы проблемасы - есірткілердің заңсыз айналымына бақылау жасау жөнінде Еуроодақ пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылдың жоспары қолданысқа енгізілді. Сол сияқты Еуропалық тарап демократия, адам құқығы және нарықтық экономика принциптерінің негізінде азиялық мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын сезінеді. 
Бірлескен жер серігін жасау және ұшыру, Байқоңыр ғарыш айлағынан басқа да жер серіктерін ұшыруды қамтамасыз ету мақсатында Еуропалық ғарыштық агенттіктің кәсіпорыңдарымен байланысты дамыту - Еуроодақпен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыты.

Қазақстан үшін Еуропалық  Одақтың ізашары болған Еуропалық  көмір мен болат бірлестігінің, Еуроатомның және басқа да еуропалық  экономикалық қоғамдастықтардың үлгісі бойынша Орталық Азияда салалық  бірлестіктерді қалыптастыру басшылыққа алатын тәжірибе. Бұл орайда Қазақстанның бастамасы бойынша қабылданған  СПЕКА бағдарламасы Еуразиялық әріптестікті нығайтудың маңызды элементі болып  табылатындығын ескеру қажет.

Тиімді трансқұрлықтың көлік желісіне кіретін және өңірдің  көмірсутегі және басқа да өнімдерін  сыртқы рыноктарға жеткізілуін қамтамасыз ететін кешенді инфрақұрылымдарды дамытудың да стратегиялық мәні зор. Бұл тұрғыдан біз, ИНОГЕЙТ бағдарламасы («Еуропаға мұнай мен газды мемлекетаралық тасымалдау») мен ТРАСЕКА жобасы («Еуропа-Кавказ-Азия» көлік дәлізі) бойынша Еуропалық одақпен ынтымақтастықты әрі қарай дамытудан мол әлеует күтілуде [50, 37].

Негізінен Орталық Азияның  трансформациялануына қатысты Еуроодақтың  стратегиялық міндеттерін «ұқыпты ұстамдылық» деп сипаттауға болады. Мұндай қатынас Шығыс және Орталық Еуропадағы өзгерістерді ұғыну мен одақтың жаңа мүшелерге үйренуі салдарынан орын алып отыр [11, 301].

Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ-ның саясаты өзіндік ерекшеліктерге ие. Ұйым Еуропаның, ОА және Солтүстік Американың 55 қатысушы тараптарын біріктіретін ірі аймақтық ұйым болып табылады. ЕҚЫҰ-ның маңызды құжаты Париж хартиясына (1990 ж.) негізінде Орталық Азия еуропалық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде жарияланған. Ұйым негізінен өзінің мамандандырылған институттары арқылы жұмыс жасайды. Солардың қатарында Варшавада орналасқан Демократиялық институттар және адам құқығы бойынша кеңсесі (Office for Democratic Institutions and Human Rights - ODIHR) және ЕҚЫҰ-ның бұқаралы ақпарат құралдары бостандығы жөніндегі өкілдіктері (OSCE Representative on Freedom of the Media).

Орталық Азияның барлық мемлекеттерінде  аймақ республикаларындағы саяси, экономикалық және заң шығару қызметтерін  және олардың саяси жүйелерінің  ұйыммен белгіленген демократиялық  стандарттарға сәйкестігін  бақылайтын ЕҚЫҰ орталықтары қызмет етеді. Алғаш  ЕҚЫҰ орталығы 1994 жылы 19 ақпанда Душанбеде ашылды. Кейін 1998 жылы Алматы және Бішкекте, 1999 жылдың қаңтарынан Ашхабадта өз қызметін бастады. Ерекше назарға Қырғызстан ие болған еді. 1990-жылдардың бірінші жартысында ел Батыста «үлгілі демократиясымен» танылған болатын. Бішкекте жұмыс істейтін ұйым өкілдіктерімен қатар ЕҚЫҰ Академиясы іргетасы қаланды және ол барлық аймақтағы демократиялану және адам құқығы мәселелерін талқылау форумына айналғаны белгілі.

Дегенмен, АҚШ та, Еуропалық  одақ та Орталық Азиядағы

трансформациялану бірқатар қиындықтармен ұштасып жатқанын түсінеді. Мысалы, 2003 жылы мамыр айында Ташкентте өткен өзінің кезекті  бас қосуында Еуропалық даму және қайта құру банкі орталық азиялық  үкіметтердің демократиялану бағытындағы  қызметіне баға бере, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдерімен  салыстырғанда аймақта демократия мен ашық экономикаға өрлеудің орнына «авторитарлық феодолизмге» жақын  саяси әрі экономикалық жүйе қалыптаса  бастағанын мәлімдеді. Мемлекет араласуы мен жемқорлыққа душар болған аймақ елдерінің экономикасы  негізінен еркін бәсекелестік үшін жабық екені айтылды [17, 38].

ЕО-тың идеясы бойынша, орталық азиялық территориясында мүдделері түйісетін сыртқы акторлармен стратегиялық қарым-қатынастарын жүзеге асыру нәтижесінде Орталық Азия түрлі тараптар арасында транзиттік көпір бола алады, сол арқылы, халықаралық қатынастар жүйесінде аймақ келешекте өзіне тән салмақты меңгеруі қажет.

АҚШ-тың көптеген саясаткерлері мен мемлекеттік қызметкерлері Орталық Азяида батыстық түсініктегі демократияның орнауы қарқынды жүреді деген ойға қатысты болжамдар жасамайды. Осы тұста Америка құрама штаттары Хельсинки комиссиясының төрағасы, конгрессмен Кристофер Смиттің сөзін келтірген орынды болмақ: «аймақтың барлық дерлік мемлекеттерін светтік басшылар басқарып келеді. Олар терроршыларға қарсы күресте Вашингтонмен байланыс орнатқан. Дегенмен, өкінішке орай, бұл елдердің өздері ЕҚЫҰ аясында бірінші кезектегі адам құқығын бұзушы тараптар болып табылады. Аймақтың саяси аренасында «суперпрезиденттер» үстемдік етсе, парламенттер мен сот жүйелері биліктің атқарушы тармағына тәуелді болып отыр. БАҚ үкімет тарапына қатаң қысымда...орталық азиялық мемлекеттерге тән құбылысқа тең дәрежеде жемқорлық жатады» [11, 303].

Белгілі неміс қоғамтанушысы  Эрнст Отто Чемпиль өзінің «Интервенция во времена независимости» атты еңбегінде демократияны қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде келесідей талаптары мен келешегі туралы жазған: «демократиялану үрдісінң өзегіне қоғамды саяси жүйемен эмансипациялау, яғни теңестіру, еркін қоғам қалыптастыру және мемлекеттік аппарат рөлін қоғамға толық қызмет ететін субжүйеге келтіру жатады». О. Чемпильдің пікірінше, демократиялану сыртқы саясаттың «басты әрі өзекті мәселесіне» айналуы тиіс: «еуро-атлантикалық қоғамда басқару жүйелерінің демократиялануы мен дамуы жүзеге асырылса, бұл Атлантикалық қоғамның кағидаларын орындауға алғышарттар мен мүмкіндіктер жасалды дегенді білдіреді; егер осыдан кейін жан-жақты қауіпсіздік мәселесі шешілсе, онда тұрақтылыққа да, озбырлықтан арылуға да қол жеткізілді деген сөз. Басқарудың барлық жүйелерін демократияландыруда күш жұмсаусыз, зорлық көрсетпей араласу әлемдік қоғамдастықта сыртқы саясаттың негізі болуы керек». Дегенмен бұл орталық азиялық дүдәмалдыққа қаншалықты сай екені келесі бір сұрақ.

Бұл тұста келесі жайтты ескерген жөн. Орталық Азия мемлекеттері мен  қоғамдары іс жүзінде ЕҚЫҰ арқылы талаптары Батыс үшін маңызды  болып табылатын еуро-атлантикалық жүйе кеңістігіне енді. Бұдан орталық азиялық елдердегі қайта құру үрдістеріне әсер етудегі баға беру, ұсыныстар мен әдістер айқындалады.

Дегенмен, демократия мен нарықтық экономика халықтың басым бөлігінің келешекке деген  үмітін ақтамауы мүмкін. К. Оффе: «Жүйе (ескі жүйе) тұрып қалғандықтан, барлық қадамдарды бірден қолға алу қажет: еш нарсе бұрынғы күйінде қалмауы тиіс», - деген қорытындыға келді.

Бүгінде Орталық Азия аймағында  шиеленіскен геосаяси ойын орын алып отырғаны байқалады. Бұл негізінен  аймақ елдерінің Батысқа деген  сенімінің жоғалуымен байланысты. Ал, Қытай секілді қарқынды даму үстіндегі  азиялық державалар керісінше аймақтағы  өз позицияларын бекітіп алуда бар  күштерін жұмсауда. Ресей, Қытай және Батыс ОА мемлекеттерінің шынайы әріптесі ретінде танылуға бір мезгілде талпынып келеді. Еуропа мен АҚШ өз кезегінде Ресей мен Қытайға Орталық Азия үшін «Үлкен ойында» жол беріп жатұандарын түсінеді және қазіргі кезде олар аймақпен сараптамалық деңгейде жақындасу мүмкіндіктерін іздестіруде.

 

2.3 Орталық Азия  елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының  нәтижелері

 

Ұлы державалардың додасына түскен Орталық азия мемлекеттерінің  демократиялануда таңдап алған жолдары  айтарлықтай ойлы-қырлы болғанымен бірдей емес. Жекелеген елдер үшін (Түркменстан) демократиялық таңдау өз мәнін әлдеқашан жоғалтты. Келесілері демократиялық транзитке «өтуде тұрып қалды» және іс жүзінде авторитаризмнің қандай да бір формасына жақындай түсуде. плюралистік институттар мен рәсімдердің сырттай сақталуы орын алған жағдайда бұл мемлекеттердің саяси жүйелері басқарылатын немесе басқаша айтқанда, «бояма» (имитациялық) демократия үлгісін қалыптастыруға ауытқуда.

Аталмыш үлгіні енгізу жергілікті элиталардың көпшілік жағдайда өзіндік  «отбасылық-бюрократиялық капитализм» жүйесін қалыптастыруы есебінен анағұрлым жеңілдетіліп отыр [51, 7]. Аймақ мемлекеттеріндегі басқарушы класс билікті өз қолдарында ұстап қалудың кез келген амалын жасауға даяр және билікті ешбір саяси күшпен бөлісуді қабылдамайды. Жергілікті басқарушы және үстем топтар билікті заңды демократиялық жолмен ұстап қалудың кепілдігіне сенімзіздіктен, олар барлық мүмкін болатын «қулық» әдістерді қолдануға дейін барады. Сондай нұсқалардың бірі – «басқарылатын демократия» жүйесін жетілдіру. Мұндай демократиялық жүйеде саяси оппозиция сайлауға қатысу құқынан мүлдем айырылады немесе құлдырап, жасанды құрылған партия, блок және бірлескен үкімет үсті күштермен ығыстырылады. Соңғы топтардың міндетіне билік тарапынан ұйымдастырылған саяси ойындарға қатысу арқылы, дегенмен саяси үрдістерде ешқандай шынайы рөлге ие болмай «бояма демократияның» көрінісін жасау жатады.

Демократияның жоқтығы орталық  азиялық елдердің ішкі саяси тұрақтылығына  ықпалын тигізбейтіндей бағаланады, сырт көзбен аймақ жағдайы бірқалыпты, жайлы көрінеді. Бұрыннан мазалап  келе жатқан қыр көрсетулермен және аймақтың ішінде туындап отыратын қатерлермен, сонымен қатар Орталық Азияға шекаралас мемлекеттерден келетін  транзиттік қауіптермен күресуде аталмыш  мемлекеттер берік әрі қатал  басшы орнын жоққа шығармаған жөн. Дегенмен мұндай салыстырмалы тұрақтылық астарында бірқатар кезек күттірмес  мәселелер мен тұтанып тұрған қарам-қайшылықтар бар: халықтың өмір сүру деңгейін тіпті КСРО-ның ыдырауына дейінгі кезеңдегі көрсеткіштерге де жақындата алмаған нашар жұмыс жасайтын экономика; қарқынды өсіп келе жатқан бір-екі экспорттық тауарларға тәуелділік, бұл өз кезегінде экономикалық күйзеліс, жемқорлық және азаматтық қақтығыстарға алып келуі мүмкін; билікті тапсыруда шектеулі механизмдерге ие үкіметтік емес саяси құрылымдар; шекараны қорғау мен қауіпсіздіктен сауда мен су ресурстарын бөлісуге дейін бірқатар маңызды мәселелер бойынша аймақтық ынтымақтастықты реттеудегі қабілетсіздік; экстремистік саяси және діни топтардың артуына қарсы тұрудағы зейінсіздік; ұйымдасқан қылмыс, соның ішінде әсіресе Ауғанстаннан есірткі заттарын тасымалдаумен байланысты қылмыскерлік; білім алу, жұмыспен қамтылу және денсаулық сақтау салаларында өркендеуде шектеулі мүмкіндіктерге ие жас әрі қарқынды өсіп келе жатқан халық.

Информация о работе ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану