ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады

Содержание

ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 177.12 Кб (Скачать файл)

Неміс саясаттануында Орталық  Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ету біріншіден, демократиялық және құқықтық құрылымдарды қалыптастырудың нәтижесінде, екіншіден, экономикалық реформалар және кедейшіліктен арылған жағдайда, үшіншіден, еуропалық интеграция моделіне бағытталған ішінара аймақтық ынтымақтастық орын алғанда ғана мүмкін болатындығы тұжырымдалған.

Аймақтық құрылымдарға біріге тұра (ТМД, ЕурАзЭс, Кедендік одақ және т.б.), орталық азиялық мемлекеттер өздерінің экономикалық және саяси мәселелерін әдетте аймақтан тыс кеңістікте шешеді. Мемлекеттерді барлығы да көп векторлық саясатты ұстанғанады, дегенмен аталмыш саясат алуан түрде жүзеге асырылып келеді. бұл тұста Қазақстан ғана өзіндік ерекшелікке ие. Ресей және өзге де жетекші әлемдік акторлармен салыстырмалы түрде тең әріптестік қатынас орнатуда бірқатар жетістіктерге қол жеткізген Қазақстан аймақтық әрі жаһандық мәндегі түрлі экономикалық және саяси жобаларға интеграцияланып келеді. Қазақстандық ғалым Т. Токаев сөзінде «Қазақстан жүргізіп отырған көп векторлық әрі теңгестірілген сыртқы саяси бағдар ұлттық экономика үшін маңызды болып табылатын шетел қаржы ресурстары ағымын арттыруға жол ашты, экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндіктер ашты, ел ішінде қолайлы инвестициялық орта қалыптастырды» деге еді [56, 20]. Қазақстандық басқарушы элитаның сыртық саяси стратегиясы соңғы жылдары өз елінің ерекше аймақтық және мүмкіндігінше әлемдік деңгейде танылуына қол жеткізуге ұмтылысымен айқындалып келеді. Осы мақсаттың айғағына Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-на, Азиядағы сенім және өзара қарым-қатынас шаралары бойынша Кеңес деп аталатын халықаралық форумда (СВМДА), ШЫҰ-на, сонымен қатар 2011жылы Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері Кеңесінде төрағалық етуі жатады.

Күннен-күнге Қазақстанды аймақтың өзге мемлекеттеріне қатысты қарама-қарсы қоятын сөздік қолданыстар аясы кеңию үстінде. Солардың қатарында «Орталық Азия және Қазақстан», «Орта Азия және Қазақстан». Ал кейбір қазақстандық депутаттар Қазақстанды Казақия деп өзгертуді де ұсынған болатын [46, 50]. Аталмыш ұсыныс астарында тұрақсыз орталық азиялық тараптардан шартты түрде қашықтық орнату мақсаты көзделуі де мүмкін.

Осы уақытқа дейін орталық  азиялық басқарушы элиталарға белгілі  бір көлемде пайда келтіріп отырған  әлемдік ықпал ету аймақтары  арасында жалтақтау тактикасы (көп векторлық саясат) өзінің нәтижелілігін жоғалта бастады. Себебі ОА республикаларындағы геосаяси бәсекелесмтік шарықтап кетті, бұл өз кезегінде әр мемлекет ішінде элиталар арасындағы күрес лапы келді. Аймақ елдері әлі де шешімін таппаған, дегенмен саяси ала ауыздық шекарасынан шыға қоймаған шиеленіскен мемлекетаралық мәселелерге кезікті. Бір жағынан мұны тиімді сәт деп те бағалауға болады, себебі аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілін беретін тиімді құрылымдар жоқ.

Орталық Азия мемлекеттері таңдап алған көп векторлық стратегия  бұл

елдердің жаһандық үрдістерге толық әрі тең құқылы ойыншалыр ретінде қатысуына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қазіргі таңда орталық азиялық кеңістікте қалыптасқан геосаясат та аталмыш жайтты тежейтін факторлардың бірі. Себебі, біріншіден, тұрақсыздық пен ассиметриялық даму негізінде саяси тұрақсыз сипатталады. Екіншіден, ТМД-ның ірі мемлекеттерінің бірі Ресей ОА елдерімен қарым-қатынаста, сонымен қатар жаһанданудың түрлі тұстарына қатысты, әсіресе ұлттық егемнедікті қорғау мәселесінде әлі де жаңа жолдарды іздеу барысында. Үшіншіден, АҚШ, Қытай, біоқатар еуропалық елдермен және ірі көп ұлтты корпорациялар күшімен аймақты бәсекелестік пен бақталастық алаңына айналдыру қауіпті тұрақсыздыққа лып келді. Төртіншіден, көп қырлы бәсекелестік арты ОА аймағы үшін келешекте экономикалық әрі саяси тұрғыда тиімсіз трансформацияланудың орын алуын тудыруы мүмкін. Дербес әрі ауқатты ықпал ету аумағына өте қоймаған ОА ірі мемлекеттер тайталасының нысанына айналса, аймақ ЕО немесе Таяу Шығыс тағдырын қайталауы мүмкін [57, 151]. ОА республикаларының сыртқы факторларға тәуелділігі тұрақтандыру өзегіне айналмады және бұл тәуелділік мемлекетаралық конфронтация мен дағдарыс алғышарты болып отыр. Бүгінде орын алған шындық негізінде ОА республикалары алдында келесідей бірнеше даму жолдары тұрғандығын түйіндеуге болады. Ресей, Қытай немесе өзге бір тараптың қатысуынсыз, «қысаң» біртұтас кеңістік (аймаққа) ретінде өзіндік орталық азиялық интеграция негізінде өмір сүру таңдалынса, бес мемлекет тығыз экономикалық және саяси «шынжырға» байланған әрі өзара тәуелділікке бас ұрған ЕО немесе АСЕАН секілді кеңістікке айналады. Екінші даму нұсқасы бойынша ТМД - ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ, ОҚКҰ құрылымдары базасы негізінде Ресей және белгілі бір көлемде оның қамқорлығымен еуразиялық интеграциялық жаңа үлгіні даму мүмкіндігі қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша ОА ШЫҰ негізінде (бірақ Ресейдің қатысуынсыз) құрылған Монғолиямен кеңейтілген аумақтың бөлігі ретінде орын алуы мүмкін. Мұнда көшбасшылық Қытайға тиесілі болмақ және ОА республикалары қытайлық тауараларды тұтынушы мен қарқынды даму үстіндегі Қытай экономикасына шикізат тасымалдаушы орынды алады [56, 191].

Орталық Азия мемлекеттері алдыңғы жылдардағыдай өздерінің  қолайлы географиялық орналасуы  негізінде қалыптасқан ынтымақтастықтың алуан векторлығын пайдалануға  тырысады. Ресейлік-қытайлық жақындасумен қатар Еуропалық одақ және РФ, АҚШ және РФ қатынастары жақсарған жағдайда аймақ мемлекеттері үшін барлық халықаралық ойыншылармен тепе-теңдік арақатынасын сақтау міндеті алдыңғы қатарға шығады. Ойынның түрлі карталарын басшылыққа ала ОА республикалары аталмыш акторлар ұйымдастырып отырған геосаяси күресте барынша пайда табуға тырысады. Дегенмен, қырғыз ғалымы Н. Омаровтың «әлемдік қойма» ретінде бүгінде қалыптасқан ОА-ға деген қызығушылыққа қарамастан, «келешектегі түрлі жобаларда» ОА «жаһанданудың шалғай зонасында» қалатыны» туралы ойымен келіспеуге болмайды [57, 200].

Ауған-пәкістан зонасында, Синьцзян, Ферғана жазығында басқарылып отырған қақтығыс ошақтары бірінші кезекте орталық азиялық мемлекеттерге, сонымен қатар Қытай мен Ресейге төніп тұрған қауіп болып табылады. Аталмыш ошақтардың тұтану ықтималдылығы өте жоғары және бұл өз кезегінде аймақтағы қауіпсіздік жүйелерінің (ОҚКҰ және ШЫҰ) іс жүзінде жарамдылығын тексеруге мәжбүр етеді. Аталмыш құрылымдар бойынша Ресейдің орталық азиялық әріптестерінің ешбірі де өсіп келе жетқан қатерлерге жеке төтеп бере алмайтындығы анық жайт. Аймаққа Ауғанстаннан төніп тұрған үлкен қауіп, американдық «Үлкен Орталық Азия» жобасына сәйкес, Орталық және Оңтүстік Азияның интеграциялануының локомотиві болмақ.

Жетекші әлемдік державалардың  Орталық Азиядағы белсенділігінің  артуы жағдайында аймақ елдері қай  тараппен, қай салада және қандай жағдайда ынтымақтастық орнату күрделі мәселесінде  маңызды таңдау жасауына тура келеді. Бұл қадам тек қана аталмыш  мемлекеттердің келешегін емес, сонымен  қатар олардың өзара және Ресеймен қарым-қатынасы мен жалпы аймақтағы жағдайды да айқындайды [58].

Қорыта келе, ОА-ны қоныстанған халықтар аймақтың бақталастық емес, ынтымақтастық алаңына айналуын күтетінін айтуға болады. Орталық Азия өңірінің өзі халықаралық қатынастрадың объектісі емес, субъектісі болуды көздейтін тәуелсіз, дербес мемлекеттер дамып келе жатқан кеңістік болып табылады. Және бұл жағдайдың мәнін ОА-да жұмыс жасайтын түрлі жаһандық және аймақтық ойыншыларға түсінікті түрде жеткізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Посткеңестік кеңістікте орын алған өзгерістер, белігілі бір  мемлекеттің бір жағдайдан екіншісіне өтудегі ортақ және өзіндік белгілерді айқындау трансформациялану мәселелерін  өзекті орынға қойып отыр. Теориялық  тұрғыда мәселе түсінікті болғанымен, іс жүзінде трансформациялану үрдісі бұрынғы тәртіптің елеулі негіздерін жеңіп шығуға, жаңа мақсаттарға бет  бұру және оларға қол жеткізудегі арнайы әдістерді ойластыруға негізделген әрі үрдістің немесе жүйенің жаңа сатылы сапасына мүдделі болып табылады. Дегемен, трансформациялану өзгерістерінің ортақ технологиялары болмайды, сол себепті әр мемлекет тарихи даму ерекшеліктерін, халқының менталитетін, өзгерістерді жүзеге асыруда материалды әрі адам ресурстарының жеткілікті болу факторын ескере  қайта құру саясатын өз бетінше іздеп табуы қажет. Жоғарыда сөз болған ОА мемлекеттеріндегі трансформациялану үрдісін теориялық, сараптамалық қорытындылай келе, төмендегідей түйіндер жасауға болады.

1. Транзиттік мемлекеттердің басым бөлігі, соның қатарында Орталық Азия елдерінің саяси және әлеуметік-экономикалық тәжірибесі негізінде саяси ырықтандыру экономикалықты басып озбауы тиіс деген алғаш қорытынды жасауға болады. Саяси реформалар экономикалық қайта құруларды тежей алатын күшке ие болған жағдайда ғана жүргізіле алады, ондағы басты мақсат ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық салаға араласу деңгейін реттеу мен «ойын шарттарын» белгілеу көзделінеді. Аталмыш «қағида» реті бұзылған тұстарда реформаторлар жетістікке жете алмады және бүгінде сол орталарда ұлттық мемлекеттіліктің жоғалу қаупі тұрғаны айқын көрінуде. Бұл дегеніміз трансформациялану кезеңінде мемлекет экономиканы ұйымдастырумен қатар, өзін және қоғамды қалыптастыруда басты рөлдердің бірін иемденеді. «Нарықтық экономика» - қоғам құру категориясы, ал өтпелі қоғамдағы мемлекет рөлінің артуы міндетті түрде биліктің авторитарлы сипат алуына алып келеді деген ой аңыз болғанымен, мемлекет саясатында нақты ойластырылмаған, ал қызметінде бюрократиялық бастау үстем болған жағдайда шынайы мәселеге айналатынын ескерген жөн.

2. Толықтай қалыптасқан азаматтық қоғамның орын алмауынан келесі бір ерекшелік туындайды.  Оның мәні өндіру құралдарына қатысты жеке меншіктің трансформациялануын құрайды, яғни мемлекет өзін өндіру құралдарының заңды иесі деп жариялайды. Бұл өз кезегінде саяси және әлеуметтік салаларда кері тенденциялардың, сонымен қатар «авторитарлық шегіну» аталатын саяси ахуалдың қалыптасуына алғышарт болып табылады. Орталық Азия жағдайында мемлекеттер өндіру құралдарының заңды иесі ретінде танылып, қоғамдық қатынастардың феодалды даму сатысына тән іс жүзінде билік пен меншік симбиозының пайда болуына жол ашты.

3. Институционалды демократиялық құралдардың болуы деморкратия орнады дегенді білдіре бермейді. Аталмыш институттардың мәні мен жұмыс бағытын, ең бастысы олардың қызметін айқындап алу қажет. Өндіріс құралдарына қатысты меншіктің трансформациялану үрдісі бастау алысымен посткеңестік басылымда саяси салада мемлекеттік меншік субъектісі болу құқығына мемлекет буындары арасындағы күрес жанданды. Бұл өз кезегінде жаңа саяси элиталардың қалыптасуы мен олардың қызметтерінің анықталуына қолайлы жағдай тудырды. Мәселе мәні мынада: бүгінде орталық азиялық мемлекеттер элиталар бәсекелестігіне дайын емес, сол себепті толық электоралды демократия мәселесі екінші ретке ысырылып отыр. «Үшінші толқындағы» демократиялық транзит тәжірибесі демократияның формалды «инаугурациясы», яғни демократиялық институттары мен «электоралды демократия» рәсімдерін жариялау трансформациялық үрдістердің нәтижесін білдірмейтінін көрсетті.

Заң шығарушы және сот биліктерінің беріктігі демократия үшін қоғамдық мүдделерді білдіретін баспасөз және өзге топтар секілді маңызды мәнге  ие. Демократияның дамуында басты  орын заң шығарушы биліктің ұйымдастыру  инфрақұрылымының саяси институционализациялануының  негізгі белгісі ретінде сатылап  нығайтылуына берілуі тиіс.

Аймақ мемлекеттерінің барлығында трансформациялану үрдісі сонымен  қатар сыртқы күштердің күшті  ықпалы негізінде де жүріп жатқанын ескеру қажет. Аталмыш ықпал ету  басты үш бағытта іске асырылуда. Біріншіден, шетел капиталын тарту. Ел экономикасында шетел капиталын  қолдану өз кезегінде қауіпті  болмағанымен, алаңдатарлық мәселелер  мемлекет «инвестициялық тәуелділікке»  бас ұрып, ал отандық өнеркәсіп  орындары шетелдік басқарылуға өткен  жағдайда туындайды. Мұндай тәжірибе трансформациялану  үрдісін бастан кешіріп жатқан барлық дерлік мемлекеттерге таныс үрдіс  және осы тұста ең маңыздысы мемлекеттің  экономика немесе әлеуметтік салаға араласуы емес, даму стратегиясын ойластырудағы  тапқырлық, дұрыс «ойын жүргізуі»  болып табылады. Екіншіден, батыс  теорияларын, демократиялық қоғам  орнату бойынша батыс үлгілерін  басшылыққа алу. Үшіншіден, аймақтың барлық елдері қатысқан жаңа геосаяси ойын ұйымдастыру.

Орталық азиялық аймақтағы  әлеуметтік-саяси дамуды зерттей  келе, бірқатар ғалымдар өңірде жүріп  жатқан трансформациялануды авторитаризмнің  белгілі бір түрінен либералды  типтегі демократияға біртіндеп  өту векторы ретінде сипаттайды. Дегенмен, іс жүзінде аймақтағы үрдістер мемлекеттер жанындағы транзиттік ахуал өз мәресіне жетіп, аймақта  өтпелі кезең туралы түсініктерде әлі  ескерілмеген жаңа типтегі саяси  тәртіптер қалыптасқан көріністің дәлелі болып отыр.

Аймақтағы Ресей, Қытай, АҚШ  пен ЕО секілді басты геосаяси ойыншылар тудырып отырған тайталастық жағдай да маңызды мәнге ие. Бұл тұста ОА мемлекеттері сыртқы саясатының негізгі міндетіне бәсекелестіктің тікелей ошағына айналудан алшақ болуға тырысу және белгілі бір көлемде осы арқылы өзіндік даму үшін қосымша ресурстарды иелену мен толыққанды қауіпсіздікке қол жеткізу жатуы қажет. З.Бжезинскийдің «Еще один шанс» еңбегінде орталық азиялық аймақ «Жаһандық Балқан аталады». «...Қазіргі заманғы Балқан...шамамен 500 млн. халқы бар және этникалық әрі діни шиеленіс пен авторитарлы үкіметтердің орын алуы салдарынан ішкі тұрақсыздықпен сипатталады...». Еңбекте, менің ойымша, Американың демократияны енгізудің орнына әріпестік пен ынтымақтастыққа ұмтылуы қажеттігі туралы дұрыс пікір жазылған. Себебі, ағымдағы іс-шаралар орталық азиялық мемлекеттерінде Қытай факторының артықшылыққа ие болу ықтималдылығы жоғары.

Қазіргі кезеңде кейбір қазақстандық мамандардың пікірінше, Орталық  Азия елдеріне енетін бес мемлекет, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанды аймақтық интеграцияны құрайтын біртекті мемлекеттер  ретінде қарастырылмайды. Мәселен, Қазақстан – еуразиялық мемлекет ретінде танылуда, ал қалған мемлкеттер азиялық бағытта дамуда. Сонымен  қатар, ұлттық және мәдени тұрғыда ОА мемлекеттері біртекті емес. Мәселен, Тәжікстан түркі тілді ұлттармен  байланысудан қарағанда парсы тектерімен жақындығы басым. Ең алдымен, Орталық  Азия мемлекеттерінің қазіргі кезеңдегі  саяси-экономикалық дамуы әртүрлілікті қалыптастырады.

Сондықтан да Орталық Азия - географиялық атауды бергенімен де, бірыңғай аймақ ретінде қарастырудың мүмкіндігі аз болып отыр.

Орталық азиялық ынтымақтастық тәжрибелеріне сүйенсек, геосаяси жағдайға, сыртқы саяси стратегиялардың әртүрлі болуына, саяси мүдделердің жетіспеушілігіне байланысты, ықпал етуші экономикалық құрылымдардың әлсіз қалпы және энергетикалық, суды пайдалану, шекаралық-территориялық, тасымалдау мәселелерінің реттелмеуі себептерінен аймақтық жобалардың нәтижеге жетпеген жағдайы анықталған.

Информация о работе ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану