ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады

Содержание

ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 177.12 Кб (Скачать файл)

Функционалдық капиталистік жүйе жаңадан бастау ала дамыған  Тәжікстан жағдайында трансформациялану  Батыс тарапынан көрсетілген  күшті саяси және экономикалық қысым  негізінде жүрді. Нәтижесінде трансформацияның абстрактылы үлгісін енгізу барлық әлеуметтік жүйелердің нашарлануына алып келді. КСРО кезінде орын алған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі толығымен күйреді, ал оның орнын бірден жаңа жүйемен толтыру әлсіз тәжік қоғамы үшін мүмкін емес қадам болды. Аталмыш жайттардың салдарынан елде табыс және тұтынуың төмен деңгейі, табыс көздері мен негізгі әлеуметтік қызметтерге (білім беру, денсаулық сақтау, су және жылу) қол жетімділіктің шектеулілігі, қырқынды түрде күшейіп отырған гендерлік теңсіздік, ана мен бала өлімінің өсуі, сауатсыздық мәселесі және өмір сүру ұзақтығының қысқаруы мәселелері туындады. Трансформациялану басқарылмайтын сипат алды: озбырлық, күш қолдану саяси және экономикалық билікті жүзеге асырудың бас құралына айналды. «Шығыстық» халықтың көп бөлігі аман қалудың амалын дәстүрлі әлеуметтік құрылымдардан іздей бастады. Әлі де патриархалды сарын сақталған дәстүрлі әлеуметтік құрылымдардың жандануы халықтың трансформациялану үрдісіне қатысты қарым-қатынасының айқындалуы қажет кезеңде жүзеге асты.

Тәжікстандағы трансформациялану  үрдісін анализдеп бағалауда  басты үш факторларды атап көрсетуге  болады: 1) бастапқыдан орын алған қолайсыз жағдай;  2) осындай жағдайда демократияны қалыптастыруды бірегей талап ету; 3) аталмыш талаптар орындалуы мүмкін болатын әлеуметтік жағдай [11, 158].

КСРО-ның ыдырауы салдарынан аймақтық-рулық жүйеде дисбаланс орнауы және сыртқы реттеуші күштің жойылуы азаматтық соғыстың басталуына әсер еткен маңызды себептердің бірі болды. «Тәжіктік сипаттағы» жаңа мемлекетті жаулай бастаған аймақтық элиталар (Ленинабад (қазіргі Соғды) облысы, Каратегін, Куляб, т.с.с.) арасында бақталастық бастау алды. Дегенмен әскери-саяси тұрғыда оппозицияны жеңгеннен кейін (Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің 16-сессиясы, 1992 ж., қараша) Куляб рулық ауданының жекелеген микротоптары арасында қарама-қайшылықтар басталды. Алдыңғы қатарда Тәжікстан Республикасының президенті Э. Рахмонов (бүгінде Э. Рахмон) басшылығындағы «дангар тобы» көзге түсті. Хатлон облысының Куляб зонасының жазықтық қонысы мен Вахие немесе Вахье (Обихингоу өзенінің аңғары) алқабы арасында аралық орынға ие «ховалингтіктер» микротобы «аутсайдерлер» жағдайында қалды. Топ көшбасшысы Қорғанысқа көмек көрсету Республикалық қоғамдастығының төрағасы Ф. Камилов болып табылады. Аталмыш бәсекелестік нәтижесінде тәжік саяси құрылымының негізгі ерекшелігі айқындалды: орталықтандырылған кеңестік мемлекеттің билік құрылымындағы үйлесімділіктің жоқтығы және тәжік қоғамындағы дәстүрлі аймақтық плюрализм. Куляб ауданы өкілдерінің басым болуы жағдайындағы түрлі рулық топтар арасындағы қарым-қатынас жалпы саяси тұрақтылықтың келешегін анықтайды. Аталмыш этноаймақтық топ ел халқының жалпы санының шамамен 35% құрайды, өкілдері көптеген маңызды министрлік қызметтерді иеленіп отыр [11, 160].

Тәжікстанның саяси жүйесі әлі де рулық-аймақтық сипатта болады. Сол себепті елдегі трансформацияланудың басты міндеті жеке рулық топ немесе аймақтың үстемдік етуін тежейтін саяси-құқықтық жүйе құру болып табылады. Дегенмен аталмыш міндеттің орындалуы жақын болашақтың жемісі деп пайымдау қиынға соғады.

Түркменстан Орталық Азия аймағындағы ғана емес, жалпы посткеңестік кеңістіктегі бірден-бір ерекше мемлекет болып табылады. Бұл ерекшелік елдің бүгінгі даму қарқыны жағдайында бірқатар негізгі факторлармен айқындалады. Біріншіден, Түркменстан жер қойнауында қазба байлықтардың мол көлемінің барлануы. Елдегі экономикалық саясат негізінен аталмыш ресурс негізінде жүргізілді. Екіншіден, ел өзінің сыртқы саясатында бұрынғы КСРО республикаларынан айрықша өзіндік курс - бейтарап мемлекет позициясын таңдады. Үшіншіден, Түркменстанда бір тұлғаның, яғни мәні бойынша тоталитарлық тәртіпке жатқызуға болатын мемлекет басшысы билігінің саяси тәртібі қалыптасты. Түркменстанның посткеңестік мемлекеттердің ортақ сарында трансформациялануы қатарынан шығуын ел дамуын тежеген фактор ретінде қарастыруға болмайды. Бұл жайт өз кезегінде ерекше феномен болып табылады.

Одақтың құлдырауы республика экономикасында өз әсерін қалдырды. Ел экономикасы біртұтас халық шаруашылығы  кешенінің бір бөлігі еді, сонымен  қатар кейбір аспектілер тұрғысында Түркменстан өзінің солтүстік көршілеріне  тәуелді болатын. Республикада заман  ағымына сай өнеркәсіптік орындар  саны аз болды және олардың басым  көпшілігі басты екі өнім түрі – табиғи газ өндіру және мақта  өсіруге бейімделді. Екі бағытта  да өнімнің негізгі бөлігі одақтас  республикалар арқылы шетелге шығарылуға арналды. Аталмыш жайт республиканың  географиялық орналасуымен, сонымен  қатар жаңа заман тарихы ерекшеліктерімен айқындалды. Түркменстан одақтың  шалғай шекаралық аумағына жатты  және Иран, Ауғанстанмен шекаралық  аймақтар арнайы қорғалды.

Түркменстан президенті Ниязов халық шаруашылығы кешенін реформалау міндеттерін айқындай келе, қуатты мемлекеттік макроэкономикалық  реттеу негізіндегі аралас типтегі  нарықтық экономика құру қажеттігін мәлімдеген еді. Алға «жүз жылдықтың  аяғында ресурсқа бай дамыған  елдер деяңгейіне шығу» мақсаты қойылды. 1993 жылы даярланған «10 жылдық тұрақтылық» бағдарламасы аясында мұнай-газ кешені ерекше назарға алынды. Жоспар толықтай уақытылы жүзеге аспағанымен, елдегі көмірсутектік экспорттық бағытта мамандандыру әрекеттері ақталғандығын кейінгі жылдар көрсетті [12, 23].

Түркменстанның дамуын тежейтін факторлардың бірі 1990-жылдардың бірінші жартыжылдығында елдің «Орта Азия-Орталық» магистралды желісіне толықтай тәуелді болуы еді. Себебі тек қана аталмыш құбыр арқылы табиғи газ Өзбекстан және Қазақстан шекараларынан өтіп Ресейге жететін және одан әрі салмақты тұтынушыларға дейін баратын. Түркмен газын кең көлемде тұтынушыларға Батыс еуропа елдері емес, ТМД мемлекеттері, солардың қатарында Украина, Грузия, Армения және Әзербайжан жатты. Бастарына төнген экономикалық дағдарыс салдарынан бұл елдер түркмен газы үшін айналымдағы валютадан бұрын, баспа-бас айырбас тауарларымен де еркін есесін қайтара алмады. Нәтижесінде осындай мемлекеттердің барлығы газ тасымалы үшін Түркменстанға қарызға батты.

ТМД-ның өзге мемлекеттерінен Түркменстан тағы бір жағдаймен ерекшеленеді. 1995 жылдың 12 желтоқсанында Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының № 50/80А «Түркменстанның тұрақты бейтараптығы» Резолюциясы қабылданған болатын. Осы жылдың 27 желтоқсанында Халк Маслихат және Меджлис шешімімен Түркменстан Конституциясының 4-бөлімінің 1-бабына БҰҰ БА Резолюциясына сілтеме жасау негізінде өзгертулер енгізілді және «әлемдік қауымдастықпен танылған Түрменстанның тұрақты бейтараптық статусы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізі» болып табылатындығы белгіленді. Ашхабад тарапынан аталмыш саяси қадам дүниежүзілік тарихи оқиға ретінде таратылды. 12 желтоқсан күні мемлекеттік мереке – Бейтараптық күні деп белгіленді. Резолюция мәтініне сәйкес БҰҰ Түркменстанның тұрақты бейтараптық статусын қолдады [13].

Объективтілік үшін келесі бір аспект – гуманитарлық бағытты да саралап кеткен жөн. Түркменстанның бейтараптығын мойындайтын Резолюцияны БҰҰ ел дипломаттарының аталмыш шешім нәтижесінде Түркменстан адам құқықтарын одан әрі қорғайтынына сендіре алу шеберлігі салдарынан қабылдады. Осы жерде сәл тоқтау жасаған жөн. Қазіргі кезде Ашхабадта Түркменстанның адам құқықтары бойынша 40 халықаралық актілерге қосылғандығы жөнінде көп айтылады. Ал іс жүзінде Түркменстан билігі адам құқықтарына өрескел қарайтындығы баршаға мәлім жағдай. Бұл туралы Ресейлік басылымдардың мол қоры белгілі [14, 73].

Бейтараптық өз кезегінде  Түркменстанның оқшаулануын қамтамасыз ету құралына айналды. Оған елдегі «мемлекеттік қалың мал» заңы айғақ. Түркменстанның билігі тарапынан жүйелі түрде өз азаматтарының басқа мемлекеттерге бағытталған миграциясына қатысты жасанды жол бермеу әрекеттері үнемі жүзеге асырылып отырды [15, 17].

Түркменстанды тоталитарлық мемлекеттер қатарына жатқызуға  болады. Дегенмен, түркменстандық тоталитаризм батыс еуропалық тоталитарлық тәртіптердің классикалық нұсқаларының (Бенито Муссолини  кезіндегі итальяндық тоталитаризм; Адольф Гитлер тұсындағы германдық  нұсқа; испандық Каудильо Франко кезеңіндегі  тәртіп) көшірмесі деп түсінген қате болады. Бірқатар ұқсас тұстары болғанымен де, түркмендік нұсқа кеңестік коммунистік  тоталитаризмнің қарапайым жалғасы  да емес.

Түркменстан тоталитаризмі  Шығыс елдеріне тән көне катал  тәртіп элементтері мен қазіргі  заманғы аграрлы-индустриалды мемлекеттердегі  жаңа авторитарлық тәртіптің белгілерін құрайды. Бірқатар тұстарында түркмендік нұсқа бүгінгі солтүстік корейлік тәртіпке сай келеді.

Түркменстанда орын алған  тоталитаризмнің келесідей өзіндік  ерекшеліктерін атап өтуге болады:

Біріншіден, түркмен тоталитаризмі  өз уақытында Италия, Германия, Испания  немесе Ресейде болғандай бірқатар жағдайларда азаматтық соғысқа  ұласқан ішкі шиеленістердің нәтижесінде  қалыптаспады. Түркменстанда ешбір  мемлекеттік төңкерістер орын алмады, тоталитарлық көшбасшы билік басына бейбіт жолмен орнықты.

Екіншіден, түркмендік нұсқаға  өз саяси қарсыластарына қарсы кең  масштабта саяси жазалау да тән  болмады. Түркменстан билік басындағылар белгілі бір көлемде күштеу, зорлық әрекеттерге барғанымен де, КСРО кезеңіндегі  тәжірибеден немесе Үшінші рейхтегі «арий халқының тазалығы» үшін жүргізілген  күрестен айтарлықтай алшақ.

Үшіншіден, классикалық батыс  еуропалық тоталитаризм нұсқаларына  қарағанда түркмендік феномен тәртіптің  индустриалдық қоғам жағдайында қалыптаспағандығымен де ерекшеленеді. Батыс Еуропада тоталитарлық диктаторлар  көп жағдайда билік басына өз елдерінің  бизнес тобының қолдау көрсетуіне сүйене келді. Түркменстанды индустриалды қоғам немесе толық нарықтық экономикаға  ие деп тану орынсыз болып табылады. Сол себепті ел өзінің аграрлы-шикізаттық шаруашылығы салдарынан ескінің  қатал тәртіптерін қолдануға  да мәжбүр. Бұл өз кезегінде экономикалық саланың дамуын тежегіш фактор саналады. Түркменстан көмірсутектерін сату нәтижесінде түсірілген қаржы тиімсіз  падаланылып, көп жағдайда беделді  объектілердің құрылысын орнатуға жұмсалады. Ал халық елдегі қазба  байлықтарының мол қорынан түсетін  пайданы сезбей келеді [16, 156].

Өзбекстан – Орталық Азиядағы ең тығыз қоныстанған республика. Халықтың жартысына тең бөлігі 18 жасқа толмаған балалардан құралуы мемлекетте тұрақты түрде сақталып келе жатқан құбылыс. 

Республика стратегиялық минералды-шикізаттық ресурстарға  бай, әлемдік стандарттарға сай сапалы алтын өндіру көлемі бойынша ТМД шеңберінде ІІ орында. Басты мақта өндіруші әрі мақта өнімдерін ТМД-ға тасымалдаушы бірден-бір ел болып табылады. Республикада байланыс желілерін орнатуға көп көңіл бөлінеді. Ел аймақтағы саны жөнінен ең үлкен жауынгерлік даярлықтан өткен, заманауи қарумен жабдықталған әскер көлеміне ие. Мемлекет үшін анағұрлым қолайлы жағдайда 38 елмен келісімдерге қол қойылған [11, 219].

Өзбекстанда мемлекет және атқарушы билік басшысы функцияларын біріктіретін президенттік институт 1990 жылы құрылды. Осылайша кеңестік кезеңдегі трансформациялану дәуірі өзбек ұлтын қалыптастыруға көшумен аяқталды. 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізу Өзбекстан алдында халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялану бойынша кешенді міндеттер қойды. Бұл оқулықтарда нарықтық қатынастарға өту және демократиялық жүйе құру («басқарылатын демократия» деген дұрысырақ, өз кезегінде Өзбекстан бұған Қазақстан мен Ресейге қарағанда бірінші болып қол жеткізді) жүзеге асырылатын трансформациялану деп аталды. Негізінен ел үкіметінің қызметі келесідей міндеттермен сипатталды:

  • эволюциялық түрде біртіндеп нарықтық шарушылыққа өту;
  • экономиканың саясаттан жоғары қойылуы;
  • заңға бағыныштылық және күшті әлеуметтік саясат.

Үкімет аталмыш үрдістің сатылы жүзеге асырылуын трансформацияланудың басты шарты ретінде белгіледі. Өзбекстанның әлемдік саясатта субъект  ретінде бейімделуі әлемдік қауымдастықтың қатал бақылауы негізінде дамып  келеді. Р. Легволд баяндағандай, ұлы  державалардың КСРО құлдырауынан кейін  «бұрынғы Кеңестік Одақтың ауқымды кеңістігімен не болмақ деп абыржып қалуы» [17, 1] тәуелсіздікті нығайту бағдарламасын іске асыруды біршама күрделендірген жағдайлардың бірі болды.

Өзбекстанның трансформациялануын сырт көзбен бағалауда басымдық әдетте қауіпсіздік мәселесіне беріледі. Бұл кезеңде қауіпсіздік мәселесі халықаралық қатынастардың дамуындағы орталық концепцияға айналған еді. Елдің географиялық тұрғыда Орталық Азиның орталығында орналасуы аналитикалық қауымдастықтың Өзбекстанды аймақтың шешуші ойыншысы ретінде қабылдауына себеп болды.

Орталық азиялық мемлекеттердің посткеңестік дамуын сараптай келе 2005 жылы Р.Аллисон көп жақты аймақтық жобалар президенттік немесе авторитарлық берік тәртіппен қарама-қайшы болды деген қорытындыға келді. Сарапшының пайымдауынша, билік «аймақтық ынтымақтастық құрылымдардың ел іс-әрекеттеріне қол сұғуы мүмкіндігінен» қауіптенді [18, 13].

1990 жылдардың аяғында  өзбек басшылығымен белгіленген  «ауқатты мемлекет» құру курсы [19, 25] қуатты оппозицияға дамыған елдер тарапынан ғана кезікпеді. Өзбекстандық реформалар кешенінің ядросы болып табылатын модернизациялау саясаты мен оның аясында жүргізіліп жатқан экономиканы либерализациялау әрекеттері «ислам қайта жаңару» белсенділері жоспарына қайшы келді және бұл жағдай ел ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртта да орын алды. Дегенмен 2005 жылғы Әндіжандағы мамыр оқиғалары көрсеткеніндей, республиканың әлеуметтік-саяси үрдістеріндегі «ислам қайта жаңаруының» маңыздылығына қарамастан, бірігу идеясын жақтаушылар Өзбекстанда басты қоғамдық әрі саяси қозғалысқа айнала қоймады.

Өзбекстан тәуелсіз мемлекет құрғаннан бергі аз уақытты қамтитын тарихында үнемі дерлік діни экстремистермен  күрес жүргізіп келеді (Қосымша А). Аталмыш типтегі алғаш ұйымдар  республикада 1990 жылдардың басында-ақ айқындала бастады. «Адолат», «Тавба», «Таблих», «Нур», акромидтер, кейінгі кезеңде «Хизбу т-Тахрир» діни оппозициялық топтардың басты ошағына Ферғана жазығы қалалары мен елді-мекендері айналды. Бұл аймаққа тәуелсіздіктің алғашқы айларында-ақ мессионерлер ағыны жайлады. Түрлі атауларға ие бұл ұйымдар өз мақсаттарында ортақ мүддені көздеді. Бұл – ұлттан жоғары тұратын теократиялық кеңістік құру еді (Қосымша Б).

Информация о работе ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану