Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Краткое описание

Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломатия.doc

— 280.50 Кб (Скачать файл)

Төртіншіден, Қазақстан  өз егемендігінің тұрақты  кепілін  барлық мемлекеттер тарапынан және БҰҰ-ң   тұрақты мүшелерінен алды.

Бүгінгі таңда, Қазақстан  Республикасының әлемнің 130 мемлекеттерімен  дипломатиялық қатынастары  орнатылған және Қазақстан БҰҰ –ң   мүшесі болып табылады. [28]

Дипломатиялық қатынастарды қалыптастыру екі мемлекеттің басшыларының жеделхаттарында, жолдауларында, коммюникелерінде т.б дипломатиялық құжаттарда бекітіледі.

Сондай-ақ, дипломатиялық  қабылдаулар да мемлекет  басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің және  қабылдаушы мемлекеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми-техникалық т.б іскер топтарының  арасындағы  байланыстарды  қалыптастыру, дамытуда маңызды құрал табылады.

Қазақстан Республикасының  дипломатиясы халықаралық практиканың  бейбіт қүралдарының барлық арсеналын  қолданады: кез-лер, кеңесулер, мемлекет  басшыларының екі жақты және   көпжақты  негіздегі конференциялары,  сондай-ақ   үкімет басшыларының,  сыртқы істер министрлерінің кездесулері. [3]

Жыл сайын  ҚР-на  ресми, жұмыс  сапарлармен мемлекет  басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері келеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының  47 сессиясында Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә Назарбаев Азияда өзара әрекеттер мен сенім  шаралары кеңесін шақыру инициативасы  дипломатиялық топтармен және  БҰҰ Бас  Ассамблеясымен мойындалады.

Мемлекеттер арасында хат алмасу тұрақты болып тұрады. Дипломатиялық қызметтің бұл  формасы сыртқы істер ведомстволарының  жұмыстарында жетекші орын алады. Маңызды сыртқы саяси  құжаттарға кіретін мәлімдемелер, ноталар, естелік жазбалары арқылы көптеген мәселелер шешіледі, акциялар дайындалады.

Қазіргі кезде дипломатияның  маңызды элементттерінің бірі- мемлекет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің  телефон арқылы тікелей байланыстары. Тура байланыс тет а тет  кейде  күрделі халықаралық мәселелерді  шешуге септігін тигізеді. [5]

Қазақстан Республикасың  сыртқы саясатының  негізгі  мақсаты  ол- президентіміз Н.Ә. Назарбаев  жасаған егеменді мемлекет ретінде  Қазақстанды  дамыту және қалыптастыру  стратегиясын жүзеге асыру үшін қолайлы  жағдай жасау.

Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан ядролық амбициялардан толықтай бас тартты. Сондықтан егемендік, тәуілсіздік, аумақтық, біртұтастық шекаралардың  мызғымастығы туралы стратегиялық  міндетіміз  шешілді. Осы акция барысында Қазақстанның қауіпсіздік кепілі ретінде біздің  екі көршілеріміз Ресей мен Қытай шықты.

Қазақстан қарусыздандыру, қауіпсіздікті   құру процесстерінде де және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде белсенді қатысады.

Біріншіден, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан үш орталықазия  мемлекеттерінің  Орталық Азияда бейбйтшілік пен тұрақтылық  сақтау бойынша интеграциялық саясаты.

Екіншіден, халықаралық  қауіпсіздік пен қарусыздандыру  сфераларында Қазақстанның ТМД елдерімен  белсенді интеграциялық саясаты.

Үшіншіден, Қазақстанның Азияда өзара әрекеттер мен  сенім шаралары    кеңесін  шақыру  бойынша  инициативалары.

Төртіншіден, Қазақстанның ЕҚЫҰ (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алғашқы сапары 1993 жылы болды) жұмыстарында қатысуы «Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасында қатысуы, ядролық қаруларды таратпау келісімдері  шеңберінде, сондай-ақ  қарусыздандыру бойынша  конференцияларда  қатысуы. [6]

Қазақстан сыртқы саясатының  принциптері мен мақсаттарын  мыналар  құрайды:

- мемлекеттік мүдделерді қорғау;

- елде экономикалық реформаларды  жалғастыруға  қолайлы  жағдайлар  қамтамасыз ету;

- демократиялық институтарды нығайту;

- әлемнің барлық  мемлекеттерімен теңқұқықты және серіктестік  қатынастарды  дамыту;

- глобалды және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсаттарында жетекші мемлекеттермен  стратегиялық өзара әрекеттерді кеңейту.

Ал, Қазақстанда  тұрақтылыққа қол жеткізу  үшін  мынадай мақсаттары бар:

- конфликттерді реттеу;

- әскери сферада қаруларды  қысқартуға және сенімге жетуге жаңа  қадамдар жасау;

- гуманитарлы, сондай-ақ қауіпсіздіктің құқықтық компоненттерін нығайту;

- өз дамуларында әртүрлі  себептерге байланысты қиыншылық тартатын елдерге көмек көрсету, қолдау. [7]

Соңғы жылдары елдер  арасында қарымқатынастар сипаты өзгеріп келе жатыр. Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын алды. Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе, мемлекет жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат және әскери сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру концепциясы септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр. [9]

Халқаралық дипломатияда БҰҰ – ның орны ерекше, ол ортақ тіл, өзара түсінісушілік пен сенімге жетудің тиімді орталығы болып табыылады. БҰҰ-ның мынадай сапалары Парсы шығанағы зонасындағы қақтығыс кезінде паш етілді. Ол Кувейтке қарсы Ирактың агрессиясын дұрыс емес деп тауып, Иракты ол жерден өз әскерін шығаруға мәжбүрледі. Сөйтіп елдің тәуелсіздігі қайта қалпына келді. [11]

Сыртқы қатынастар органдары жүйесінде мемлекеттердің күнделікті өкілдігін жүзеге асыру сыртқы істер ведомстволарының еншісіне тиеді.

Көптеген елдерде бұл  ведомстволар былай аталады: АҚШ-та Мемлекеттік департамент, Англияда Форин-офис (Даунинг стрит), Францияда Сыртқы істер министрлігі (Кэ д΄ Орсе), Аргентинада Сыртқы қатынастар және культ министрлігі. Олардың  осындай атаулары әртүрлі болғанымен, функциялары бірдей.

ҚР Министрлігіне елдің  сыртқы саясатын жүзеге асыру және  оған байланысты  ұсыныстар дайындау  жүктеледі. Осы мақсатта Министрліктің шетелдердегі елшіліктер және консулдықтарымен тұрақты байланыстары бар және  ол олардың жұмыстарына жетекшілік етеді согымен қатар ҚР-да орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктерімен байланысын жүзеге асырады. Министрлік шетелдік мемлекеттік және үкіметтік делегацияларды қабылдауларда және оның дайындықтарында, сонымен қатар қазақстандық мемлекеттік өкілдіктердің шетелдерге сапарларын жүзеге асыруында қатысады. [8]

Министрлік өкілдері әртүрлі халықаралық конференцияларда, кеңесулерде қатысып, келісім – шарттар жобаларын талдап қарастырады. Өз өкілдері арқылы  Министрлік шетелдердегі өз  азаматтары мен ұйымдарының мүдделеріні қорғайды. Халықаралық қатынастар облысында ҚР-ның құқықтары мен мүдделерін қорғау әрине Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Ал Ресейдің Сыртқы Істер  Министрлігіне келер болсақ, 1917 ж. қазан айында Кеңестің ІІ Бүкіл Ресейлік съезі қабылдаған «Учреждение Совета народных комиссаров» декретіне сәйкес шет  істер комиссариаты құрылды. Халықтық Комиссарлар кеңесін басқарған В. Д. Бонч-Бруевич болды. 1917 ж. онда 30 адам болса, 1918 ж. онда 200 адам жұмыс істеді ШІХҚ-ң алғашқы тапсырмаларының бірі патша үкіметінің құпиялы келісімдерін жарыққа шығару болды. 1917-1918 жж. «Правда» және  «Известия» газеттерінде жеті құпия  жұмыстары шықты, кейіннен «Долой тайную дипломатию! Да здраствует открытое честное соглашение» ұраны баспасөз беттерінен түспеді.  1918 жылы 30 мамырда шет істер халық комиссары болып Г.В. Чичерин (1872-1936) тағайындалды. Чичериннің тағдыры ресейдегі революциялық күреспен байланысты болды. Ол Европалық елдердің әлеуметтік-демократиялық қозғалыстарында белсенді жұмыс атқарып, баспасөз беттерінде публицистикалық мақалалар жариялап, көптеген саяси көрнекті қайраткерлермен жақсы байланыста болды. Оның бұл қызметі Чичерин үшін өзіндік «дипломатиялық университет» болды, өйткені ондағы алған білімі, тәжірибесі оған атақты дирломат болуға септігін тигізді. 20 жж Чечерин Европалық елдердің баспасөз беттерінен түспей, ал оның Генуя конференциясында (1922ж) делегация жетекшісі ретінде болуы және Раппалода (1922ж) Германиямен келісім бекітілген кезіндегі жұмысы дипломатиялық топ арасында үлкен беделге жеткізді. [27]

Дипломатияның сыртқы саясат әдістері мен формаларын  талқылау барысында Чичерин таланты оны нағыз дипломат ретінде паш етіп көрсетеді.

1918 жылдың наурыз айынан  бастап сыртқы істер халық  коммисарының орынбасарыболып Л.М  Қарахан тағайындалды.(1889-1937)  Қараханның  дипломат ретіндегі таланты Ауғаныстан, Турция, Персия, Қытай, Монғолиямен достық қарым-қатынастарды орнатуда ашылды. 20жылдары Польшамен дипломатиялық қатынас орнатылғанда Қарахан бірінші өкілетті өкіл ретінде жіберілді. [27]

Автор жеке-жеке дипломатарға мінездеме беруді міндет қылмайды, бұл мысал тек Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігі неден басталды және кім басқарғандығын айтуды жөн көрді.

Кеңес одағы құлағаннан кейін Ресей оның жалғастырушысы болды, ал Ресей Федерациясының СΙМ-не бұрынғы одақтас сыртқы істер Министрлігінің функциялары жүктелді. Орталық аппаратта бірқатар өзгерістер орын алды. Министр бұрынғыдай Министрліктің жетекшілігіне жауап береді. оған министрдің бірінші орынбасарлары бағынышты болды, ал олар териториалды және функционалды бөлімшілерге жетекшілік етеді. [4]

Министрдің Департамент  – хатшысы, Департамент атқарушы хатшысы, Мемлекеттік протокол  Департамент: 1,-2,-3 Азия Департаменттері,  Африка департамент, Таяу Шығыс жне Африка Департаменті, 1,-2,-3,-4 Европа Департаменттері, Латынамерикан Департаменті; Солтүстік Америка Департаменті: 1,-2,-3,-4. ТМД Департаменттері бар.

Тарихи дипломатиялық  басқару тарихи-құжаттамалық Департаментіне айқалды.

«Преображенная Россия  в новом мире» ғылыми-практикалық конференциясында Б.Н. Ельцин былай деді: «Біздің жана саясатымыз Ресейде потенциалды қарсыластар жоқтығының негізінде құрылады». [4]

Ал ТМД елдері өз егемендіктері мен тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін тенқұқықты серіктестер ретінде әлемдік қауымға кірді. Көптеген елдер олармен дипломатиялық қатынастар орнатып, елшіліктермен алмастырылды.

Сонымен,  ТМД елдерінің болашағы жалпытанылған халықаралық-құқық нормалары құжаттарының негізінде, көбінесе  1961ж дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының негізінде құрылады. Бұған қол жеткізу үшін дипломаттардан және олардын партнерларынан профессионализм мен ерекше деликаттылық талап етіледі.

 

 

1.2 Дипломатиялық протокол - дипломатияның саяси құралы ретінде

Қазіргі таңда халықаралық қоғамда 300-ге жуық елдер бар. Олардың әрқайсысының өзінің әлеуметтік - қоғамдық құрылымы, тарихы, дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні бар. Ал олар егемендік, теңдік, аумақтық біртұтастық, бір-бірінең ішкі істеріне қол сұқпау принциптеріне негізделмегенде, мемлекеттер арасындағы дұрыс қарымқатынастардың мүмкіндігі болмаушы еді. Сондықтан, осы принциптерді жүзеге асыру үшін құрал қажет болды, ал ол құрал дипломатиялық протокол болып табылады.

Ресейлік және шетелдік әдебиеттерде дипломатиялық протоколға әртүрлі анықтамалар белілген. «Дипломатический церемониал и протокол» кітабының авторлары Джон Вуд және Жан Серре: «протокол толықтай алғанда үкіметтердің және олардын өкілдерің тәртібтерінің жиынтығы». [6]

«Дипломатиялық сөздікте» былай делінген: «Дипломатиялық протокол халықаралық құқықта сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің, ресми тұлғалардың жалптанылған ережелері мен дәстүрлерінің жиынтығы». [9]

«Протокол» сөзі гректің «protocollon» («прото»-бірінші, «кола»-жапсыру) сөзінен шыққан, бұл термин орта ғасырларда құжаттарды рәсімдеу және архивтерді жүргізуді білдірсе, кейіннен, протокол сөзі дипломатияда және дипломатиялық қызметтерде қолданылатын болды. Оның мәні кеңейіп дипломатиялық протоколға этикет пен церемониал мәселелері кірді.

Протокол - тарихи  категория, оған дәлел «елшілік дәстүр». Мәселен XVIIғ поляк елшісі Ян Глинский Константинопольге келгенде дипломатиялық протокол мынадай болды: «Елші жеке жүгімен қосқанда 37 арбамен, оның артында 4 тамаша кареталар елші причтімен, 40 поляк дворяндары ал-қызыл жібектен және күмістен тігілген киімде келе жатыпты, ал онын артында ашық қызыл түсті атжабуы бар 28 ат, 4 сырнайшы, алтын киім киген 12 паж, гусарларымен келген. Елшінің өзі бриллиантқа толы болып, 12 гайдуктар султандармен қоршалған, ең бастысы, аттардың тағалары таза күміспен қапталыпты».

Ал елшілерді қабылдау церемониалы ерекше болыпты. Патша  билігінің белгісі ретінде патша тағының жанынан пирамида қойылыпты. Патшанын өзі алтын тақта кеудесіне алтын алқалар тағып отыр екен. Патша көйлегі өте ауыр болыпты, Иван Грозныйға салмағымен ондай көйлек киу өте ауыр болыпты.

Церемониалда елшілер  патшаның қолын сүйіп, қол алысу  болмаған екен. Патша келіссөздерді елшілермен боярлар арқылы жүргізіпті. Мәселен, Иван ІV ағылшын елшісіне Дж. Боусуға 1584 ж бояр арқылы былай депті: «У нас издавна того не ведетца, что, нам, великим государям, самим с послы говорити». [5]

Дипломатия тарихына 1661 ж 30 қыркүйектегі испан елшісі Ватте-виль мен француз елшісі д´Эстраданың кызметкерлерінің Лондонда швед елшісімен кездесуде кортежде орын үшін таласқан даулары кірген. Сол кезде дипломаттар арасындағы ұрыстар дуэльге дейін барған екен.

Франция королі Людовик XIV талабы бойынша испан елшісі жараланып, Испания елшісіне Франция елшісіне бірінші болып жол беру  бұйрғы берілген екен, ал қарсыласқан жағдайда Франция соғыспен қорқытыпты.. [5]

Бір қарағанда, елшілермен қызметкерлер арасындағы ұрыстар ұйқаспайтын сияқты. Бірақ, бұл Францияның Европалық мемлекеттер ішінде дипломатия тарихында кошбасшылыққа ұмтылу претензиясын дәлелдейді.

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері