Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Краткое описание

Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломатия.doc

— 280.50 Кб (Скачать файл)

Уақыт өте келе, дипломатиялық протокол нормалары да өзгеріске ұшырады.

Дипломатиялық протокол халықаралық категория оның нормалары барлық мемлекеттерде сақталуы тиіс, сонымен бірге әр елде  дипломатиялық протоколдың өзіндік ерекшеліктері бар және де мемлекеттер оған өзгертулермен түзетулер енгізе алады.

Дипломатиялық протокол жаңа мемлекеттер танылғанда, дипломатиялық  қатынастар орнатылғанда, дипломатиялық өкілдіктер басшылары тағайымдалғанда, сенім грамоталары тапсырылғанда, дипломатиялық сапарлар жасалғанда, сұхбаттар, келіссөздер жүргізілгенде, ресми делегациялар, халықаралық кеңесулер, конференциялар шақырылғанда, мерекелер және траурларда жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік әнұран ойнау және мемлекеттің туын көтеру этикеті, дипломатиялық хатал алмасулар және дипломатиялық корпуспен өкілеттілік жұмыс жүргізілгенде дипломатиялық протоколдың орны өте ерекше. [22]

Дипломатиялық протокол нормалары халықаралық сыпайылық ережесінен туындайды. Оны мемлекеттер мен дипломаттар сақтауға тырысады. Мәселен, халықаралық сыпайылық бір ел арқылы өткен дипломаттарға кедендік артықшылықтар мен иммунитеттер береді. Белгілі француз дипломаты Ж. Камбон айтқандай: «халықаралық сыпайылықты сақтамау шіркеуге бас киімді шешпеу немесе мешітке аяқ  киім шешпеумен тең». [15]

Сонымен, дипломатиялық  протокол нормаларын сақтау мемлекеттер  арасында міндетті болып табылады, әйтпеген жағдайда мемлекеттер арасында күрделі шиеленістерге әкеліп соқтыратыны сөзсіз.

Өткен уақыттарда мемлекеттер  протоколдын кейбір нормаларына заңи күш беруге және оларды халықаралық құқық нормаларына айналдыруға тырысқан тұғын. Осы мақсатта Наполеон соғыстарын аяқтаған 1815 ж Вена Конгресі және Қасиеті Одақтынң1818 ж Аахен Конгресінің орны ерекше. Олардын қабылдаған құжаттары халықаралық протокол нормаларын 150 жылдан астам реттеп, осы кезге дейін маңызды саяси құжаттар болып табылады.

Осы қаулыларға сәйкес, дипломатиялық өкілдіктер классы былай бөлінді: [1]

- елшілер-нунцийлер;

- уәкілдер-интернунцийлер;

- министрлер-резиденттер;

- тұрақты сенімді өкілдер.

Емшілерді тағайындау құқы антинаполеон коалицияларының жетекші державалары – Ресей, Австрия, Англия, Пруссия және Франциямен мойындалды. Қырым соғысынан кейін (1853-1856) Турция бұл құқыққа ие болды, (1870-1877) жж франко-прусс соғысынан кейін Германия, (1904ж) орыс-жапон соғысынан кейін Жапония бұл құқықты алды.

Сондай-ақ үлкен және кіші мемлекеттердің егемендік теңдік  принциптерін бекітуде В.И. Лениннің 1918ж декреті көрнекті рөл ойнайды. Декрет кеңес дипломатиялық өкілдіктер басшыларына дипломатиялық рангтарды алып, бәріне ортақ атау - өкілетті өкілді қалыптастырды. Кейбір капиталистік мемлекеттер түсініксіз деген сылтаумен дискриминацияға дейін барды. Олар өкілетті өкілді IV класс өкілдері ретінде, яғни елшілерден, уәкілдерден және тұрақты сенімді өкілдерден де төмен қарастырғанда барып, өкілетті өкіл қай классқа елшіге, я болмаса уәкілге жататындығын білдіру үшін сенім грамоталарында көрсетілетін болды. [29]

Сөйтіп көпжылдық жұмыстардың  нәтижесінде елшілік құқығын  кодификациялау бойынша Ұлттар Лигасында, сосын БҰҰ Комиссиясында Венада  КСРО-ң қатысуымен 1961 жылы 18 ақпанда дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қол қойылды. Бұл Конвенция қазіргі таңда да дипломатиялық практика, соның ішінде протокол мәселелерін реттейді.

Вена және Аахен Конгрестерінің қаулыларына дейін дипломатиялық  өкілдіктер басшыларының ағалық  (старшинство) туралы мәселесі көптеген дауларға, тіпті қарулы қақтығыстарға және өлтіруге дейін әкеліп соқтырған. Сондай оқиғаның бірі 1768 жылы  Лондонда сарай балына француз елшісі сәл кешігіп келсе, оның  орнында австриялық елшімен бірге орыс елшісі Чернышев отырса керек, сол орын үшін олар дуэльге дейін барып, ақыр аяғы Чернышев жараланып қалыпты. [4]

Казіргі кезде дипломатияға ағалық үшін дауласудын қажеттігі жоқ. Дипломатиялық  протокол ондай мәселелерді тез  шеше алады. Ағалық ресми тұлға үшін қазірде үлкен мәнге ие. Бір күні «Нью-Йорк Тайм мэгэзин журналы мынадай оқиғаның куәсі болыпты, француз елшісі               Э. Альфан Вашингтонда сенатор үйінде түскі астың басты қонағы болып, үстелге отырудан бас тартты, өйткені оған берілген орын жеткіліксіз құрметті болды. Сонда Э. Альфан жеке адам ретінде ол үстел астында отыра алушы еді, бірақ  өз елінің ресми өкілі ретінде ол беделді орынға ие деп жауап қатыпты». [4]

Тарихқа да үнілер болсақ, дипломатиялық  протокол Ресейде церемониал деп аталып, Мәскеу мемлекетінің егемендігі үшін күрестің құралына айналған тұғын.

XVII ғ мынадай сөз болған: «Ең үлкен іс мемлекеттік абыройды қорғау, мемлекеттік абырой үшін өлуіміз керек; ең әуелі мемлекеттік атауды қорғауымыз керек». Мәскеу князінің титулы, кейіннен патша титулы протоколды форма ретінде мемлекеттің біртұтастығы мен территориалды құқықтарды бекіткен. Титулдың бұрмалануына жол берілмеген. [5]

Бізге мәлім, Иван Грозный патшаның титулын 1547 ж мемлекеттер бірден мойындаған жоқ.

Ағылшын Королевасы ЕлизаветаІ Ресеймен саудада мүдделі болғандықтан, сондай-ақ ағылшын көпестерін кедендік салықтардан босату үшін ғана Иванды4 1555 жылы  бастап қана мойындады, ал Польша бұл титулды тек 1634 жылы мойындады. Петр І- нің  де император титулын тек Голландия мен Швеция ғана мойындады. Яғни, тарихта дипломатиялық қызметте протоколдың мәнін бекітетін осындай мысалдар көп. [5]

Халықаралық қоғамда протоколды сақтау міндетті болып табылады, сондықтан да, одан жалтару немесе оны бұзу басқа мемлекеттің және оның басшысының престижіне, беделіне кесірін тигізу болып есептеледі, ал оның өзі, өзара қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.

Сондай-ақ мынадай бір мысал  бар: «Церемониал – бұл  достық фимиамы». [13] Сол себепті дипломатиялық протокол мемлекеттер арасындағы саяси қатынастардың жағдайын білдіреді және толығымен сыртқы саясаттың мақсаттары мен мүдделеріне бағынышты.

Ал 1961 ж дипломатиялық қатыныстар туралы Вена конвенциясына келер  болсақ, барлық мемлекеттер және де конвенцияға қосылудан формалды түрде бас тартатын мемлекеттер ондағы нормаларды сақтайды,  ал протоколды қызмет оларды өздерінің практикалық жұмыстарында ескереді.

Кейбір  мемлекеттерде  Вена конвенциясы  олардын ұлттық зандарына еніп, ұлттық құқық нормасы ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық протоколы мемлекеттің дипломатиясы мен сыртқы саясатының саяси құралы болып есептеледі. [3]

Халықаралық практиканың жалпытанылған нормаларын сақтай отырып, Қазақстан протоколы үлкен және кіші мемлекеттер өкілдері арасында есшқандай дискриминацияға жол бермейді. Қазақстан протоколына артық салтанат жат нәрсе, бірәқ саяси мақсаттылық демократиялық, іскерлік, нәзіктік, басқа елдің дәстүрін құрметтеу тән.

Кейбір мемлекеттерде елшілер  сенім граммотасын тапсырғанда  сөз айтылмайды. Сенім грамотасын тапсыру церемониясында дипломаттардың киімі демократиялық болып келеді. Елшінің келуінде және кетуі кезінде дипломатиялық корпустың қатысу практикасы шегерілді. Жоғары қонақтарды қарсы алу церемониясы қысқартылды.

Көптеген елдерде салют ату, қонақтың ұшағын эскорттау, дипломатиялық корпусты шақыру және мемлекет басшысын шығарып салу, қонақ тарапынан жауапты протоколды шаралар практикасы шегерілді. Мемлекет басшыларын кездестіру кезінде аэропорттарда портреттер ілінбейді, резиденцияға дейін қонақты транспарантты түрде қарсы алу шегерілді. [16]

Дипломатиялық протокол әр елде әрқалай дедік, әрине олар өздерінің ұлттық немесе діни дәстүрлеріне байланысты түзетулер мен қосымшалар енгізе алады. Мәселен, Үндістанда құрметті қонақ елге келген кезде, оның басына гүлдерден жасалған венок кигізеді, ал Болгария, Югославияда және т. б. елдерде құрметті қонақтарға нан-тұз және ұлттық шарап ұсынылатын тамаша  дәстүрлер орын алады.

Сонымен протоколды нормаларды білу, оларды дұрыс қолдана білу дипломатиялық квалификация мен дипломатиялық шеберліктің элементтерінің бірі болып табылады.

 

 

1.3 Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар

Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар – бұл шетелдік дипломаттарға, дипломатиялық өкілдіктерге қабылдаушы мемлекетте, өздеріне жүктелген функцияларды табысты орындауға берілетін ерекше құқықтар мен басымдылықтар жиынтығы.

Мемлекеттер дипломаттарға  осындай  құқықтар мен иммунитеттерді бере отырып, оларды өз юрисдикцияларынан босатады. Ол дегеніміз, шетел дипломаттары мен дипломатиялық миссиялар абсолютті еркіндікті пайдаланады.

Дипломатиялық қатыныстар туралы Вена конвенциясынан басқа, Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы (1963ж), Мемлекеттердің өкілдігі және олардын халықаралық ұйымдармен қатынастары туралы Вена конвенциясы бар 1975ж. [1]

Дипломатиялық қатыныстар туралы Вена конвенциясы, кейбір мемлекеттерде олардың ұлттық заңдарына кірдп, ал көптеген мемлекеттерде арнайы заңдар қабылданды. Біздің елде ҚР территориясында шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық және  консулдық өкілдіктері туралы Ереже бекітілген: [6]

Принциптері:

- дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар дипломаттар мен дипломатиялық өкілдіктерге халықаралық құқық нормаларына сәйкес өз функцияларын тиімді жүзеге асыру үшін ұсынылады;

- дипломатиялық  иммунитеттер  дипломаттарға жеке, ал    артықшылықтар тұмалар арасында келісімдер бойынша беріле алмайды;

- дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтар бәріне бірдей дискриминациясыз даралық принципі негізінде беріледі.

Қазақстан Республикасында дипломатиялық  артықшылықтар мен иммунитеттерді дипломатиялық персонал иеленеді: дипломатиялық миссияның басшылары (елшілер, сенімді өкілдер), уәкілдер, кеңесшілер, 1 – ші, 2, 3 – хатшылар, хатшы – архивистер, сондай – ақ сауда өкілдері, олардың орынбасарлары, сауда кеңесшілері, (қорғаныс мәселелері бойынша атташе, олардың көмекшілері, арнайы атташе, ғылым, мәдениет, ауыл шаруашылық мәселелер бойынша және пресс атташе). [5]

Дипломатиялық иммунитеттер олардын отбасыларына да    таратылады. Дипломатиялық  персоналға жататынын білдіретін

Сырткы Істер Министрлігінің Мемлекеттік протокол Департаменті дипломаттарға және олардың отбасы мүшелеріне де дипломатиялық паспорт береді. Онда олардың дипломатиялық дәрежесі көрсетіледі. Кейбір елдердің  дипломатиялық паспорттарында  дипломатиялық дәреже  көрсетілмейді. Жәй ғана жазу  «дипломат» (Гана, Заир, Замбия; Үндістан, Камерун, және т. б.) «шетел кызметінің қызметкері» (Нигерия, Сингапур және т. б.) «Үкімет қызметкері» (Бангкок, Пакистан т. б.) Ұлыбританияның дипломатиялық паспортында «Аса Құрметті оның дипломатиялық қызметінің қызметкері» деп жазылады. [20]

Америка Қүрама Штаттарының дипломатиялық паспортында  паспорт иесі шетелде мемлекеттік департаменттің тағайындалуы бойынша жүр деген жазу бар. [21]

Дипломатиялық иммунитеттің негізі дипломаттың жеке басына қол-сұқпаушылық болып табылады.

Сондай-ақ дипломат тұтқынға алынбайды. Мәселен, Қазақстанда шетелдік дипломаттың жеке басына  ׂқол сұқпаушылық принципі, ол Казақстан территориясына келгеннен бастап күшіне еніп, ол елден кеткеннен кейін барып тоқтатылады. Дипломатиялық қатынастар бұзылған кезде де, дипломатиялық қол сұқпаушылық принципі сақтала береді. Егер шетел дипломаты қабылдаушы елде тұрақты тұратын болса, онда ол әрине иммунитетке деген құқықтан айырылып, сол елдің юрисдикциясына тартылады. Жеке басқа қол сұкпаушылықтық бұзылуы мен дипломатқа шабуыл жасау күрделі инцидент болып есептелінеді.

Абсолюттік монархия кезінде шетел елшісі («екінші мен») деп есептелінген. [10]

Әрбір тақсырды балағаттау оның жеке  басын балағаттау деп есептелінген. Алайда шетел дипломаттары қабылдаушы мемлекеттің ішкі істеріне  араласуға тиісті емес, керісінше олар сол елдің заңдары мен тәртіптерін қатаң құрметтеулері керек. Дипломаттарды алып кету, өлтіру біздің ел тарапынан айыптаушылыққа әкеледі.

1961 ж Вена конвенциясы әкімшілік  – техникалық персоналға да  кең иммунитеттер мен артықшылықтар берді.

Олардың тек дипломаттардан айырмашылығы қабылдаушы мемлекеттің азаматтық  және  әкімшілік юрисдикциясынан  олар тек қана өз қызметтерін орындағанда  ғана босатылады. Иммунитеттер мен артықшылықтар олардын отбасына да беріледі.

Қызмет көрсету персоналының қызметкерлері  де өз жұмыстарын атқарғанда ғана иммунитетке  ие, бұлардың бәрі де алым – салықтан босатылаты.

Алайда қабылдаушы мемлекеттің  юрисдикциясынан үй қызметкерлері босатылмайды. Егер оларға имунитеттер мен артықшылықтар берілсе, олардың көлемі қабылдаушы мемлекеттің еркіне байланысты. Бұл тұрғыда өкілдік өз функцияларын атқару барысында, қабылдаушы мемлекет араласпауы  керек.

ҚР – да толық көлемде дипломатиялық  имунитеттер мен артықшылықтар  шетел мемлекетінің басшыларымен үкімет басшыларынына, сыртқы істер министрлеріне ҚР территориясында болғанын кезінде береді. Сондай – ақ  олар қабылдаушы мемлекеттің  заңдарын құрметтеулері керек. [7]

      Дипломатия тарихы көптеген мысалдар береді.  1969 жылы Бурундидағы Бельгия елшісі «Персона нон грата» деп жарияланып, елді тастап кетуге  мәжбүр болады.  Сөйтсе, Бурунди билеушілері оның Бельгия үкіметімен бірге сондағы режимді құлатқысы келгендігін жеткізді. [11]

Вена конвенциясы дипломатқа қабылдаушы мемлекетке профессионалды және коммерциялық қызметпен  айналысуына  тыйым салады. Алайда дипломаттар жиі-жиі халықаралық құқықты ғана емес, сондай - ақ  қабылдаушы мемлекет заңдарын бұзып тұрады.

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері