Тұқым қуалайтын аурулардың емдеу принциптері. Генотерапия
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 20:19, реферат
Краткое описание
Пәленбай ғасырлық тарихы бар медицина саласында, ой елегінен өткізсек, көптеген елеулі жаңалықтар ашылып, тамаша жетістіктерге қол жетті десек, артық емес. Медицинада ертеде адам өміpiнe қатер туғызатын сан түрлі жұкпалы инфекциялар ауыздықталып, олардың ел арасына жайылуына тосқауыл қойылды, Keiбipi мүлдем жойылды. Хирургия, онкология және де басқа салада қол жеткізілген жетістіктер аз емес. Сонда да болса әлi толық шешімін таппаған, жұмбаққа толы мәселелер жеткілікті. Солардың бipi ғалымдар арасында көптеген ой-пiкip туғызып, проблемалары түбегейлі шешілмеген сала - генетика iлiмi.
Содержание
І) Кіріспе
ІІ) Негізгі бөлім
А) Медициналық генетика түсінігі
ә) Тұқым қуалайтын аурулардың түрлері
б) Тұқым қуалайтын аурулардың емдеу принциптері
в) Генотерапия
ІІІ) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиет тізімі
Вложенные файлы: 1 файл
Тұқым қуалайтын аурулардың емдеу принциптері.doc
— 244.50 Кб (Скачать файл)Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарының патогенетикалық тетіктерінде (механизмінде) панкреативтік соктың (өт) су электролит компонентінің өзгерулері, оның қоюлануы және ішек қуысына бөлініп шығуыньң маңызды рөл атқарады. Бұл бip жағынан үлкен дәреттің қалыптасуын және ішек арқылы оның өтуін бұзса, екінші жағынан-ұйқы бeзi ұлпаларының кистоздық өзгерулеріне алып келеді.
Мутация типіне және олардың орналасуына байланысты геннің ақуыз өнімінің қызметі толық не iшінapa бұзылуы мүмкін. Бұл ақуыздың клиникалық симптомдарының және зілділігінің түрліше болуына алып келеді.
Аутосомды-рецессивті аурулар
Жұлын (спинальная) амиотрофиясы (ОМ1М:253300; 253550; 253400).
Бұл, жиілігі жағынан аутосомды-рецессивті аурулардың iшіндe муковисцидоздан кейщ, eкiнші орын алатын ауру.
Бұл ауру нейроналдық апоптоз ингибиторы — геминнің бұзылуы салдарынан дамиды және бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет атрофиясы т.б. нейромоторлық бұзылыстармен сипатталады.
Бұл аурудың 3 формасы белгілі: I тип- Вердинг-Гофман ауруы; II тип - созылмалы жұлын (спинальная) амиотрофиясы; III тип-Кугельберг-Веландер ауруы.
I тип - Вердинг-Гофман ауруы - нәрестелерде алғашқы 6 айлығында дамиды және өте қатал, зілді болуымен сипатталады. Ауру белгілері құрсақ ішінде даму кезінде — құрсақ ішіндегі баланың өте баяу қимылдауы (қозғалуы) арқылы байқалады. Туылғаннан кейін бұлшықет гипотониясы, сіңір рефлекстерінің ceмyi т.б. байқалады. Нәрестелер басын ұстай алмайды және аударыла алмайды. Алғаш аяктарының төменгі бұлшықеттері зақымданып, әpi қарай дененің жоғары бөлімдеріне таралады. Тынысалу бұлшықеттерінің (қабырға аралық және көкет) зақымдануы көкірек клеткасының деформациялануына алып келіп, сколиоз және омыртқа жотасының көкірек бел бөлімінің кифозына ұласады. Аурудың дамуы барысында зақымдану кеңірдек және жұткыншаққа таралады. Аурудың туа біткен формаларында нәрестелер жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметінің жетімсіздігі және инфекция салдарынан бip жасқа дейін дүние салады.
II тип - жұлын (спинальная) амиотрофия ауруының созылмалы формасы — 6-18 айдан кейін дамиды және аса бip ауыр болмайды. Нәрестелер алғашқы кездері қалыпты дамиды — басын ұстай алады, отырады, бipaқ өз бетінше жүре алмайды. Бұл формаға — қол-басы, тіл, иық және жамбас белдеулері бұлшықеттерінің дірілдеп тартылуы, омыртқа жотасының деформациялануы т.б. белгілер тән. Сырқаттардың тipшiлiк ұзактыгы 10-12 жыл.
III тип — Кугельберг-Веландер ауруы — 18 айдан 20 жас аралығында дамиды. Жамбас белдеуінің шеткі бұлшықеттері ең алғаш зақымданады. 2-7 жастағы балалар жүрген, жупрген, баспалдақпен көтерілген кездерде қиналады. Қолдың және иық белдеуінің шеткі бұлшықеттерінің зақымдануы ауру белгілері байқалғаннан кейін бірнеше жылдан соң зақымданады.
Осы аурудың 3 типінің гендері 5 хромосомада 5q 12.2-13 анықталған. Аурудың тұкым қуалауы осы хромосоманың инверсияланған аймағындағы 4 геннің мутациясына байланысты .
Адреногенитальдық синдром (АГС) (ОМШ:291910; 202010; 2D2110; 201710)
Бұл аурудың орташа жиілігі жаңа туылған нәрестелердің 1:12000 тең. Бұл ауру патогенезінің нeгiзi болып бүйрек үсті бездің жыныс және стероидтық гормондардың синтезделу тізбегінің (каскад) бip ферментінің белсенділігінің бұзылуы саналады.
Стероидтар синтезінің бұзылуына алып
келетін ферменттердің тұкым қуалайтын
жетімсіздігінің (дефицит) 4 түрі белгілі
(21-гидроксилаза, 3-β-
Адреногенитальды синдромның ең кең таралған формасы (90-95%) -прогестеронның дезоксикортикостеронға жэне 17-гидроксипрогестронның 11-дезоксикортизолға айналуын катализдейтін 21-гидроксилаза (цитохром 450 с21) ферментінің жетімсіздігіне (дефицит) байланысты дамиды. Оның екі классикалық клиникалық формасы белгілі-сольтерленуші және жай верильдік формасы.
Сольтерленуші формасы — ферменттің толық жетімсіздігі (дефицит) жэне тұз айналымының бұзылуымен сипатталады. Патологиялық үдеріс ренин-альдостерон жүйесінде байқалады.
Аурудың клиникалық көpiнicтepi нәрестенің туылған күнінен бастап байқалады. Ол - кұсу, шеткі қанайналымның жетіспеушілігі, ұйқышыл болуы, азу т.б. күйлерінде дамиды. Ағзаның сусыздануы нәрестенің шөлдеуіне алып келеді және ол ана емшегін жиі сорады. Биохимиялық зерттеулер — гиперкалиемия, гипонатриемия, ацидоз болатынын көрсетеді.
Жай вирильдеуші формасы - вирилденудің үделеуі, соматикалық. дамудың жеделденуі, бүйрекүсті бездің гормондарды бөліп шығаруының жоғарылауымен сипатталады.
Жаңадан туылған қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелері, ерте даму нәтижесінде, ересек әйелдердің сыртқы жыныс мүшесінe ұксас болады, яғни верилденеді. Мұныц негізгі ceбeбi - гипофизде аденокортикоидтық гормондар концентрациясының көбеюі салдарынан адреногормондардың өте көп мөлшерде синтезделуі болып табылады.
Элерс-Данло синдромы (ОМ1М:153454)-түрліше жолдармен тұқым қуалайтын дәнекер ұлпаның гетерогенік аурулар тобы. Оның кeйбіp формаларын 1657 жылы Голландия оташысы Д.ван Мекрен сипаттап жазған. Кейінірек Э.Элерс (1901) және Х.АДанло (1908) бұл синдромды толығырақ зерттеген.
Элерс-Данло синдромының ең негізгі белгілерінің бірі-коллаген гендерінің мутациялануы салдарынан коллаген синтезінің бұзылуы негізінде дәнекер ұлпаның туа біткен өте күшті (шектен тыс) созылмалы болуы саналады .
Қaзipгi кезде Элерс-Данло синдромының 10 типі анықталған. Олардың 1-4,7,8 типтері аутосомды-доминантты, 6-типi аутосомды-рецессивті, 5,9 типтері Х-тіркескен жолдар арқылы тұқым қуалайды. Бұл синдромның 5-10-шы типтері өте сирек кездеседі, ал 1,4 типтері-өте «зілді», 2-шi типi жеңіл күйде байқалады.
Элерс-Данло синдромының симптомдар кешені оның әртүрлі типтерінде түрліше қайталана береді, сондықтан олардың бәрімен де танысқан жөн. Олар:
1 Tepici: өте күшті созылғыш, мақпалдай жұмсақ болуы, сыншыш, жиі қанағулар, қоңыр-қара сепкілдердің (20-дан астам), көптеген тыртықтардың болуы;
2. Буындары: шыншақтың-(5 саусқтың) 90° Kepi кайырылуы, шынтақ буынының, тізе буынының 10°-қа еркін кepi қайырылуы, буындардың жеп-жеңіл тайып шығуы, жалпақ табан;
3. Көздері-птоз, тор қабатының түсіп қалуы, көз алмасының жыртылуы;
4. Құлақтары: өте күшті созылуы;
4. Ticтepi: iшiнapa адентия, артық тістердің болуы, парадантоз, кариес; 6.Аяк-колдары: варрикоздык веналар, жілілншікте тepi асты түйіндердің болуы, жалпақ табан;
8 Журек: аритмия, вегетоқантамырлық (вегетососудистая) дистония, жүрекше-қарынша аралық қалпақша пролапсы;
9. Iшкi мүшелер: асқазан, бүйрек және жатыр птозы;
10. Ми: ми сосудтарының аневризмы, қанқұйылулар. Сонымен, Элерс-Данло синдромында ағзаныц барлық мүшелер жуйесінің бұзылыстары байқалады. Олардың арасынан маңызды диагностикалық белгілері-терінің өте күшті созылғыштығы, тepi асты туйіндердің болуы, буындардың жеңіл кepi қайырылуы, ұлпалардың жеп-жеңіл жарақаттануы, жүрекше-қарынша аралық қалпақщаның пролапсы.
Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулары.
Зат алмасудың
тұқым қуалайтын аурулары-
Фенилкетонурия (ФКУ) (ОМІМ:261600; 261630) - фенилгидроксилаза ферментінің белсенділігінің жеткіліксіз (төмендеуі не мүлдем болмауы) болуы нәтижесінде дамитын ауру. Оны 1934 жылы Феллинг алғаш рет сипаттап жазып, оның тұқым қуалайтындынын көрсеткен. Кейін Пенроуз бұл аурудың аутосомды-рецессивті тұкым қуалайтындығын анықтаған. ФКУ орташа жиілігі - жаңа туылғандардың 1:10000 тең. Фенилгидроксилаза ферментін (ФАГ) кодтайтын ген 12 хромосомада (12q22-q24.2) орналасқан. Геннің негізгі мутациялары - 7,9 және 12-ші экзондарындағы жеке нуклеотидтердің алмасулары. Ресей және Шығыс Еуропа елдерінде жиі кездесетін мутация 12-ші экзондағы аргининнің триптофанмен „ алмасуына алып келетін бip нуклеотид алмасуы (R408W) саналады (70%).
ФКУ патогенезінің негізі болып ми және ішкi мүшелер жасушаларына улы әсер ететін фенилаланиннің және оның өнімдерінің -фенилпирожүзім, фенилсірке және фенил сүт қышқылдарының көптеп жинақталуы саналады. Сонымен қатар, фенилаланин алмасуының ақыргы өнiмi - меланиннің жетімсіздігі байқалып, сыркаттардың терісінің, шаштарының, көздерінің, қасаң қабығының пигментациясының (боялуының) төмендеуі орын алады.
Аурудың клиникалық көpiнicтepi дүниеге келгеннен кейін 2-3 аптада дами бастайды. Алғашқы симптомдары — тез қозу (мазасыздық), гиперрефлексия мен бұлшықет гиепртонусы.
Сырқаттардың тер жэне несептерінің иici ерекше, «тышқан» иісіне уұқсас болады. Фенилаланиннің жинақталуы 6 жастан кейін ОНЖ кepi қайтпайтын өзгерістеріне ұласады. ФКУ сырқаттарында ақыл-естерінің кeмicтiгi байқалады.
Пероксисомалық аурулар
Пероксиомалық
аурулар — пероксисомалардың
құрылысының және
Пероксисомалық аурулардың дамуының негізгі ceбeптepi -органелла ішілік күрделі ферменттік реакциялардың, ақуыздардың органелла мембранасы аркылы тасымадануының жэне олардың рецепторларының қызметтерінің бұзылулары болып табылады.
Перексисома биогенезіне қатынасатын ақуыздарды пероксиндер деп атайды. Қaзipгi кезде олардың 20-дан астамының қызметтері, 9 -ның гендерінің хромосомалардағы орындары анықталған - оларды РЕХ деп атайды.
Пероксисомалық аурулардың ең кең таралған түpi — Цельвегер синдромы. Оның жиілігі жаңа туылғандардың 1:25000-1:50000 аралығында. Бұл синдромның клиникалық симптомдары 1,2,3,5,6 және 12-шi пероксиндер гендерінің мутациялары нэтижесінде дамиды. Олардың барлығы аутосомды — рецессивті жолмен тұқым қуалайды.
Алғашкы симптомдары туыла сала байқалады. Сырқаттарға құрсақ ішілік гипотрофия (салмағының аз болуы), бет және бас сүйегінің дизморфизмі т.б. тән. Ең маңызды симптомдары — бұлшықеттердің гипотониясы, бүйрек поликистозы, бас миының дамуының ақаулықтары.
Балалардың бәрінің психомоторлық дамуы кешігенді, тіршілік ұзактығы қысқарады. Сырқаттардың көпшіліпгі бip жыл iшіндe дүние салады.
Meндельдің заңдарынан тұқым қуалайтын аурулар
Соңға жыддардағы деректер бойынша тұқым қуалайтын аурулардың тек 1/3 ғана дәстүрлі, моногенді аутосомды жылдармен тұқым қуалайды. Қалган тұқым қуалайтын аурулардың тұқым қуалаушылығы Г.Мендель заңдарынан өзгеше болады. Қaзipгi кезде оларды 4 топқа бөледі:
1) жыныспен пркес тукым куалайтын ауруар;
2) митохондриялык аурулар;
3) геномдык импринтинг аурулары;
4) кайталанатын уш нуклеотидтер экспансиясы салдарьшан дамитын
аурулар.
Х-тіркескен аурулар
Бұл топқа жыныс хромосомалардағы гендердің мутациясы арқылы дамитын аурулар жатқызылады. Олардың көпшілігі Х-тіркескен тип арқылы тұқым қуалайды, ал У-хромосомаларда шамалы ғана гендер болады. Олардың мутациясы аталық жыныс бездің қызметінің бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын аурулардың дамуына алып келеді.
Х-тіркескен тұқым қуалайтын аурулар моногендік аурулар сияқты, доминантты және рецессивті тұқым қуалайды. Олардың кейбіреулерін төменде сипаттаймыз.
Дюшенн/Беккердің бұлшықeт дистрофиясы
(OMIM:310200)-ауру екi клиникалық формада
Ауру ceбeбi болып дистрафин геннің мутациялары саналады. Мутациялардың негізгі типі — геннің әртүрлі ұштарындағы- 51 — ұшындағы 6-19 және З'-ұшындағы 40-43 экзондарды камтитын ipi делециялар болып табылады.
Геннің қолдайтын ақуызы - дистрофин
цитоқаңқаның мембраналық ақуыздары -спектрин
тобына жатады және 4 доменнан тұрады.
Дистро-финнің негізп қызметі — бұлшықеттің
жирылуы кезінде бұлшықет талшығыньщ
мықтылығын және иілімділігін қамтамасыз
ету. Бұл дистрофиннің құбылыс ерекшелігі
және спецификалыкқ орналасуы негізінде
мүмкін болады. Ақуыз бұлшықет талшығының
сарколеммасының (бұлшықет талшығының
мембранасының) астында өрілген димер
күйінде антипараллель орналасып, N-ұшымен
цитоплазмалық актинмен, ал С— ұшымен
мембраналық гликопротеин кешенімен байланысады.
Дистрофин және онымен байланысқан ақуыздар
кешені бұлшықет цитоқаңқасының ең маңызды
элементі болып экзо және интрацеллюлярлық
матрица құрылымдарының және бұлшықет
талшығының мембранасы арқылы импульстардың
өткізілуін қамтамасыз етеді.