Инфекция туралы ілім. Инфекциялық үрдістің сипаты. �Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және формалары. Қорғаныстың бейспецификалық факторла

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 09:57, доклад

Краткое описание


Инфекция және инфекциялық процесс туралы тусініктер
Патогенділік және вирулентілік.
Вирулентілік факторлары.
Инфекция көзі берілу механизмі,жұғужолдары.
Инфекция түрлері.
Микроорганизмдердің персистенциялануы.
Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері.
Вирусты инфекцияның турлері.

Вложенные файлы: 1 файл

3-d_1241_ris_Infektsia_turaly_ilim.ppt

— 5.62 Мб (Скачать файл)

9. Клиникалық симптомдардың айқындығы бойынша:

  • манифестті инфекция – көпшілік инфекциялар жатады
  • симптомсыз (латентті) инфекция (ұшық).

Вирусты инфекциялардың  ерекшеліктері:

 

                Вирустар облигатты паразиттер және олардың НҚ-ы инфекциялық процесс қоздыра алады. Вирустардың меншікті зат алмасц қабілеттілігі жоқ болғандықтан оларға  (вируленттілік) терминін қолдану дұрыс емес, оның орнына «инфекциондық» немесе «инфекциоздық» терминдерін қолданған жөн.

           Вирустардың спецификалығы және органотроптылығы бар (құтыру вирусы- жүйке жасушаларында, қызылша вирусы тыныс алу органдарында, гепатит вирустары – бауыр гепатоциттарында).

             Көптеген вирустардың РНК және  ДНК жасуша хромосомасына тіркеліп интегративті инфекция (вирогения) қоздыра алады (гепатит В, аденовирус, герпес, ЖИТС). Вирогения кезінде вирустардың репродукциялану, құрастырылу және шығу стадиялары болмайды. Мутациялық жағдайда - шексіз бөліне бастайды.

            Барлық жағдайда вирусемия болады (нейрогенді вирусты инфекцияларда болмайды).

            Көбінесе вирустар иммундық жүйені  зақымдайды да, иммунды тапшылық пайда болады (грипп, қызылша, ЖИТС, ұшық вирустары).

              Ядроішілік немесе цитоплазмаішілік  қосындылар түзуді (шешек, құтыру, ұшық, қызылша т.б.), олардың диагностикалық  маңызы бар.

Вирусты инфекциялардың  түрлері

 

  • өнімді (продуктивная) инфекция- жедел түрде өтеді, жасушада вирустар репродукцияланып жасушаның лизистенуіне әсер етеді, ол- ошақты және генерализацияланған түрде болады.
  • персистенциялану латентті (симптомсыз) және баяу инфекция (вирус бөлінбейді), созылмалы (организмнен вирус бөлініп отырады) түрде болады.
  • абортивті инфекция- вирустың репродукциялануы тоқтайды.
  • онкогенді вирусты инфекция- жасуша вирустың әсерінен өзгеріске ұшырап қатерлі ісікке айналады

   Иммунитет (immunitas-босану,арылу) – ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға және адам организмін жұқпалы аггенттерден және басқа генетикалық жат антигендерден қорғауға бағытталған биологиялық үрдістердің жиынтығы. Иммунитеттің негізгі қызметі – «өзінікін» «бөтеннен» ажырату.

Иммунитет типтері:

  • инфекциялық
  • қатерлі ісікке қарсы
  • трансплантациялық

Иммунитет

 турлері

 

Туа пайда болған 

(тұқым қуалайтын,

түрлік иммунитет)

 

Жүре пайда 

болатын иммунитет

 

Табиғи 

 

Жасанды

 

Белсенді активті

 

Енжарлы пассивті

 

Белсенді активті

 

Енжарлы пассивті

 

Стерильді - стерильсіз

Иммунитет турлері

 

  1. Туа біткен (түрлік) иммунитет – басқа түрлерде (жануарларда) ауру қоздыратын микроорганизмдерді адам организмінің қабылдамаушылығы (мерезбен жануарлар ауырмайды, құстар обасымен адамдар ауырмайды).
  2. Жүре пайда болған иммуниет адамдардың өмір сүру барысында қалыптасады:
  • табиғи белсенді иммунитет стерильді (иммунитет пайда болғаннан кейін организм микробтардан толық арылады) және стерильсіз (иммунитет пайда болғанмен организмде микроб сақталған) деп бөлінеді.

Инфекциядан қорғанудың жалпы механизмдері:

 

  1. Қабыну реакциясы (қабыну белдеуі қалыптасып инфекцияның таралуын шектейді).
  2. Температуралық реакция (жоғары температура микробтарды өлтіреді).
  3. Тіндерде зат алмасу және рН-тың өзгеруі.
  4. ОЖЖ-нің тиісті орталықтарының қозуы немесе тежелуі.
  5. Секреторлық және экскреторлық үрдістер (жөтел, қақырық,  несеппен бөліп шығару
  6. Адам денесінің қалыпты микрофлорасының қорғаныстық әсері.

Иммундық жүйе -  организмді инфекциялардан және де жат агенттерден қорғайтын еркін ағзалар мен жасушалардың бірлестігі. Әрбір организмнің меншікті биологиялық ерекшелігін қамтамасыз ететін кешенді жүйе.

 

Иммундық жүйенің ерекшеліктері:

    • жасушалары бүткіл организмде таралған,
    • жасушалары қан айналымында тұрақты болып тұрады,
    • тұрақты түрде антиденелер түзіп отырады,
    • 10 ^12 дәрежедегі лимфоидты жасушалардан тұрады,
    • жалпы салмағы – 1,5-2 кг,
    • орталық нысан (фигура) – лимфоцит

Иммундық жүйе органдары

 

Орталық: 1. Айыршық без (тимус)

                 2. Сүйек кемігі

Шеткейлік: 1. Көкбауыр

                    2. Лимфа түйіндер

                    3. Лимфалық фолликулалар

                    4. Пейер түйіншектері

                    5. Пирогов сақинасы

                    6. Аппендикс

Иммундық жүйе органдары

Иммундық жүйе жасушалары.

 

  • Иммурды компонентті жасушалар - антигенге қарсы рецепторлары бар, спецификалық иммунды жауап беру қабілеті болады (лимфоциттер).
  • Қосымша жасушалар (антигенпрезенттеуші) - жат жасушаларды өзінікінен ажыратып, оларды иммунды компетентті жасушаларға ұсынады.
  • Антиген - бейспецификалық қорғаныс жасушалар - организмнің меншікті компетенттерін бөтен элементтерден ажыратып, оларды жояды.

Лимфоциттер.

 

  • Т-л/ц- жасушалық иммунитетке жауапты.
  • В-л/ц-гуморальдық иммунитетке жауапты.
  • Т-л/ц- қан лимфоциттерінің 80%  құрайды:
  • Т- киллерлер ( лимфокиндер бөледі, АГ танып, жояды)
  • Т-супрессорлар (АГ байланыстырады, Тх- белсенділігін басады)
  • Т-хелперлер (басқа типтегі жасушалардың синтезделуіне және В л/ц-дің антидене шығаруына әсер етеді).

В л/ц қан лимфоциттерінің 10-15%  құрайды:

  • антиденелер өндіреді
  • Т –лимфоциттерге антигенді таныстыру үшін қатысады

В л/ц-тер дифференциацияланады плазматикалық жасушаларға айналады олар антиденелер өндіреді

В л/ц-тер папуляциясы:

  • В1- пейер түйіршіктерінде алғашқы дифференциациясы болады плазматикалық жасушалар Ig М синтездейді.
  • В2 сүйек кемігінде алғашқы дифференциациясы болады Ig-ның басқа кластары синтезделеді.

Т- және В-лимфоциттердің құрылуы (сызбанұсқа)

  • Адам организінің бейспецификалық қорғаныс факторлары - жат антигендер қарсыласу кешені. Олар микроб бар-жағына қарамастан кез келген организмде әр түрлі дәрежеде тұрақты түрде болады;
  • Микробтардың енуіне тоықауыл жасайды және/немесе оларды жоюға қатысады.
    1. Сыртқы тосқауылдар ( тері,шырышты қабаттар, қалыпты микрофлора).
    2. Ішкі тосқауылдар ( лимфа түйіндер, тіндік және жасушалық тосқауылдар).
    3. Жасушалық тосқауылдар ( фагоциттер, табиғи киллер- ЕК).
    4. Гуморальдық факторлар ( лизоцим, комплемент, цитокиндер, интерферон т.б.)

Тері және шырышты қабаттар функциясы;

  • тосқауылдық
  • бактериоциттік
  • механикалық қорғаныс

Қалыпты микрофлора қызметі:

  • механикалық қорғаныс (үлбір қабат түзуі)
  • антогонизм
  • иммундық жүйенің жетілуіне әсер етеді

Фагоцитоз

  • Негізгі функциясы:
  • қорғаныстық
  • ұсыну ( таныстырушылық),
  • секреторлық ( ИЛ-1)

Фагоцитоз сатылары (стадиялары):

  • Хемотаксис
  • Адгезия
  • Эндоцитоз
  • Фаголизосомалар пайда болуы
  • Жасуша ішілік қорытылу

Фагоцитоз (сызбанұсқа)

Фагоцитоз стадиясы (адгезия)

  ТАБИҒИ ЖАСУША КИЛЛЕРЛЕР ( ТЖК-ЕКК)- табиғи цитотоксикалық қабілеті бар, лимфоцит тәріздес жасушалар популяциясы. Вирустарға, ісік жасушаларына, қарапайымдыларға қарсы әсер етеді.

Гуморальдық факторлар.

 

        Лизоцим- термостабильді ақуыз ( мурамидаза). Мононциттер және тіндік макрофагтар бөліп шығарады. Гр (+) бактерияларға айқын әсер етеді.

     Комплемент жүйесі- қан сарысуының құрамында 20- дан астам реттеуші ақуыздардан тұрады ( С1,С2,С3... деп белгіленеді).

     Комплементтің белсендірілуі (активация) жолдары:

  • классикалық ( инфицирлеуші фактор-АГ+АД кешені).
  • альтернативтік ( АГ+АД қатыспайды, бактерияларды полисахаридтері және ЛПС-нің есебінен жүреді).

Гуморальдық факторлар.

 

        Цитокиндер - гормон тәріздес реттегіштер (интерлейкиндер – ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-3..., интерферондар, өсу факторлары), оларды организмнің әртүрлі жасушалары өндіреді; басқа немесе осы топқа жататын жасушалардың функциясына әсер ету қабілеті болады.

Гонококтардың эпителиялық жасушаға адгезиялануы

C.albicans-пен фагоциттелген фагосома

Фагосомалар және фаголизосомалар

Фагосолизосома 
(ненйтрофильді лейкоцит)

Серологиялық  зерттеу әдістерін мынадай мақсатта  қолданады:

 

  1. Зерттелетін заттан микробтың таза дақылын бөліп алып, идентификациялау үшін.
  2. Антитоксиндік сарысулардың, анатоксиндердің күшін - әсер ету бірлігін (ӘБ-ЕД) анықтау үшін.
  3. Науқастың организмінде тиісті микробқа қарсы пайда болған АД-ің деңгейін (титрын) анықтап диагноз қою үшін.

Серологиялық реакциялардың қою принциптері.

Информация о работе Инфекция туралы ілім. Инфекциялық үрдістің сипаты. �Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және формалары. Қорғаныстың бейспецификалық факторла