ХХ ғасырдағы саяси ілім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:59, реферат

Краткое описание

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті.Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.

Вложенные файлы: 1 файл

ХХ ғасырдағы саяси ілім.doc

— 44.00 Кб (Скачать файл)

ХХ ғасырдағы саяси ілім

     ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің  күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті.Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді.  Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.

     ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдай капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.

     Дюги халықтың егемендігін сынады , оған жаңа саяси жүйе ретінде «синдикалистік федерализмді» қарсы қойды. Оның ойынша, синдикаттарды федерацияға біріктіру жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеттерін береді, саяси плюрализмге әкеледі. Өскелең әлеуметтік- экономикалық және саяси мәселелерді іс –жүзінде шешетін билік әр түрлі синдикаттарға бөлініп беріледі. Орталық үкіметтің жұмысы барлық синдикаттардың өкілдерінен құрылған заң шығарушы мекемесі арқылы бағдарланады. Дюгидің ойынша, осылайша капиталистік құрылыс сақталып, мемлекет ынтымақтастық құралына айналады.

     Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі-элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін- өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.

Г.Моска (1856-1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, еңбекшілер)-күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады.

В. Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамдағы саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар алған билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, іздемпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан таңдаулылардың (элитаның) алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.

     ХХ ғасырда саяси ілімге өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің принціпі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері-қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Діни капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.

  Вебер әлеуметтік құрылым  мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатындығына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын туатын өзгешеліктер сияқты өте-мөте маңызды бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтардың мақсат-мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән береді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық ақпараттың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынастардың жеңіуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мықтылығы туралы тезисті қарсы қойды. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті.

  Империалистік буржуазияның  мүддесін көздейтін реакцияшыл  саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері-еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол гео-саясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф.Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен қамтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде Италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.

    ХХ ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы - қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол-мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет қоғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адамның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады.

    ХХ ғасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX  ғасырлардағы либерализммен салыстырғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік қызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалыптастыруға елеулі көңіл бөледі. Ол «аралас экономиканы», саяси әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дұрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп тұжырымдайды.

     Сонымен, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы осындай. Оны білмей, адамзат тарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу – қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.

 


Информация о работе ХХ ғасырдағы саяси ілім