MS Word мәтіндік редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2015 в 11:09, реферат

Краткое описание

Word-ты іске қосу
Word программасының жылдам іске қосу – компьютердің үстел үстіндегі таңбашасын жылдам екі рет шерту. Егер ол жоқ болса, Пуск менюін пайдалаңыз.
1. Экранның сол жақ төменгі бұрышында орналасқан Пуск түймешесін басыңыз.
2. Тышқан меңзерімен келесі элементті таңдаңыз: Программы - Microsoft Office - Microsoft Office Word 2007.

Вложенные файлы: 1 файл

рапа.docx

— 2.70 Мб (Скачать файл)

  1. Құжатқа еркін коллекциялардан блок енгізу үшін Стандартты блоктарды ұйымдастырушы командасын таңдаңыз.
  2. Стандартты блоктарды ұйымдастырушы сұхбат терезесінен қажетті блокты табыңыз және Енгізу түймесін басыңыз. Ыңғайлы болу үшін, блоктарды аттарына, коллекцияларына, категорияларына, шаблондарына және сипаттамаларына қарай сорттау қажет. Мысалға, блоктарды аттарына қарай сорттау үшін, Аты түймесін шертіңіз.

Стандартты блоктың өзгеруі

Мазмұнның өзгеруі

Стандартты блоктың мазмұнын өзгерту мүмкін емес.

Қолда бар блокты жойып, содан кейін осы атпен жаңа блок жасау қажет.

Қолда бар блокты ауыстыруға болады.

  1. Стандартты блокты енгізіңіз.
  2. Қажетті өзгертулер жасаңыз.
  3. Стандартты блокты сол атымен және сол параметрлерімен сақтаңыз.
  4. Стандартты блокты қайта анықтау туралы сұраныс терезесінде Ия түймесін басыңыз.

Параметрлердің өзгеруі

Стандартты блоктың атын, коллекциясын оның өзі орналасқан жерінде өзгертуге, сипаттамасын қосуға немесе өзгертуге  және т.б. жасауға болады.

  1. Мәтін тобындағы Енгізу қосымшасында Экспресс-блоктар түймесін басыңыз және Стандартты блоктарды ұйымдастырушы командасын таңдаңыз.
  2. Стандартты блоктарды ұйымдастырушы сұхбат терезесінде қажетті блокты табыңыз және Қасиеттерін өзгерту түймесін басыңыз.
  3. Стандартты блоктың өзгеруі сұхбат терезесінде параметрлерін өзгертіңіз және ОК түймесін басыңыз.

 

 

  1. Стандартты блокты қайта анықтау туралы сұраныс терезесінде Ия түймесін басыңыз.

Стандартты блоктың жойылуы

  1. Мәтін тобындағы Енгізу қосымшасында Экспресс-блоктар түймесін басыңыз және Стандартты блоктарды ұйымдастырушы командасын таңдаңыз.
  2. Стандартты блоктарды ұйымдастырушы сұхбат терезесінде қажетті блокты табыңыз және Жою түймесін басыңыз.
  3. Стандартты блокты жою туралы сұраныс терезесінде Ия түймесін басыңыз.

 

 

Шаблондар туралы.

Шаблон — бұл ашылу кезінде оның көшірмесі жасалатын құжат түрі. Microsoft Office Word 2007-де  шаблон dotx немесе dotm (dotm типіндегі файлдар файлда макростар орындауға мүмкіндік береді) кеңейтулері арқылы беріледі. Мысалға, бизнес жоспар  — Word-та жиі жасалатын кең тараған құжат. Бизнес-жоспардың құрылымын  жасау кезінде  ең бірінші беттердің, шрифтердің, өрістердің және стилдердің стандартты макеттерін пайдалануға болады. Келесі кезекте тек шаблонды ашу мен құжатты тиісті мәтіндермен және деректермен толтыру ғана қалады. Құжаттарды docx немесе docm құжаты ретінде сақтау кезінде  құжат өзінің жасалуына негіз болған шаблоннан бөлек сақталады.

       Шаблондар — бұл ашылатын стандартты тізім немесе арнайы эмблема түріндегі, ұсынылатын бөлімдері немесе міндетті мәтіндері, сол сияқты мазмұнды басқару элементтері бар қарапайым құжат. Шаблондар бөліміне шаблонның өзгеріп кетуінен  сақтайтын қорғанысты қосуға немесе шаблонда пайдалануға болады. Құжаттардың көптеген түрлеріне арналған Word шаблондарын  Microsoft Office Online веб-түйіндерінен табуға болады. Интернетке қосылу бар болған жағдайда, Microsoft Office белгісін басып, Құруды таңдаңыз және содан кейін шаблондардың қажетті категориясын таңдаңыз.

    


Шаблондарды құру.

Бос құжаттан бастауға және оны шаблон ретінде сақтауға немесе қолда бар құжат немесе шаблон негізінде шаблон жасауға болады.

     Бос шаблонның пайдаланылуы.


Microsoft Office түймесі белгісін шертіңіз, содан кейін Құру  командасын таңдаңыз.

Жаңа құжат белгісін таңдаңыз және Құру түймесін басыңыз.

Өрістер мен беттердің, беттердің үйлесім табуының, стилдердің және форматтаудың басқа параметрлерін енгізіңіз. Берілген шаблонға негізделген, барлық жаңа құжаттарға қатысуға тиісті, мерзімдерді таңдау, және графикалық нысандар сияқты түсіндірме мәтінді, мазмұнды басқару элементтерін қосуға болады. Microsoft Office түймесі белгісін шертіңіз, содан кейін Қалай сақтау керек командасын таңдаңыз. Құжатты сақтау сұхбат терезесінде Сенімді шаблондарды таңдаңыз. Жаңа шаблон үшін файл атын таңдаңыз, Файлдар типі тізімінен Word шаблонын таңдаңыз және Сақтау түймесін басыңыз.


Информация о работе MS Word мәтіндік редакторы