Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

Төртіншіден, етістік формаларының белгілі жалғану тәртібі бар: сөйле+т+кіз+бе+й+міз, айт+ыл+ыңқыра+ма+йтың т.б. Рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары етістік түбірге тікелей де жалғана алады: келген, келіпті. Сондай-ақ етіс, күшейткіш етістік, болымсыз етістік тұлғалары бірінің үстіне бірі қосыла берсе, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары бірінен соң екіншісі қосылмай, біреуі ғана жалғанады: сөйле+т+кіз+бе+се+м. Бұның өзі етістіктің басқа тұлғаларына қарағанда, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары грамматикалық сипаты жағынан қатарлас, реттес, мәндес, қызметтері жақын, ыңғайлас екендігін көрсетеді. Бұл сияқты ерекшеліктерді етістік формаларының білдіретін мағыналық сипатынан да байқаймыз.

Осындай семантикалық, грамматикалық-тұлғалық сипаты және қызметі жағынан етістіктің аталған категориялары бірдей емес.Етістіктің сабақтылық, салттылық, етіс, болымсыз түрлері: семантикалық жағынан етістік  түбірінен аз да болса айыруға  болады, яғни етістік түбіріне жалғанғанда, оған мағыналық реңк үстейді, ал грамматикалық  жағынан түбірдің грамматикалық  сипатын сақтап қалады:

  1. тікелей жіктелмейді,
  2. сол күйінде тікелей қолданылмайды,
  3. сырттай І-жақ бұйрық райдың анайы жекеше тұлғасына ұқсас келеді. 

Осындай сипаттарын ескеріп, бұларды (салт–сабақтылық, етіс, күшейтпелі етістік, болымды-болымсыздық) етістіктің лексика-грамматикалық категориялары  деп бөліп қарауға болады.

Ал етістік рай, шақ  тұлғаларында тұрып, тікелей жіктеледі, өз бетімен қолданылады, түбірге  жалғанғанда оның семантикасына  ешбір әсер етпей, тек қосымша  грамматикалық мағына үстейді. Сондықтан  рай, шақ, іс-әрекет, амалдың өту сипаты, жақ категориялары етістіктің таза грамматикалық категориялары деп  аталады.

Ал тұйық етістік пен  есімше, көсемшелер грамматикалық категорияға  жатпай, етістіктің ерекше грамматикалық  түрлері болып табылады. Өйткені, тұйық етістік семантикалық жағынан  қимылдың өзін білдірмей, атын, атауын білдіреді, грамматикалық жағынан етістікше түрленбей, зат есімше түрленеді, есімше есімдер орнына қолданылса, көсемше үстеу мәнін білдіріп, тікелей жіктеліп қолданылады. Грамматикалық жағынан есімше мен көсемше шақ категориясының грамматикалық көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да бұлар етістіктің грамматикалық категориясы болмай, ерекше грамматикалық тұлғалары болып  табылады.

Салт етістік  пен сабақты етістік.

Етістіктің салттылық  және сабақтылық сипаты оның жалпы  грамматикалық семантикасына, яғни тура объектіні қажет ету-етпеуіне байланысты. (Ысқ 293)

Жалпы қимыл-әрекетті білдіретін етістіктер объектіге тікелей бағытталуы, тірелуі, сабақталуы жағынан және керісінше, қимыл объектіге бағытталмай, сабақталмай, жанай жүзеге асуы жағынан бір-бірінен  ерекшеленеді. Табыс септігіндегі тура толықтауышты талап ету, меңгеру  немесе меңгере алмау қасиетіне  қарай тіліміздегі бүкіл етістіктер салт және сабақты болып екіге  бөлінеді. Мағыналық тұрғыдан алғанда, негізінен, адамның еңбек процесін, қимыл-әрекетін білдіріп етістіктер табыс  септігіндегі сөздермен тіркесіп, сабақ  етістіктер тобын құрайды. Мысалы: ашу, айту, бағу, егу, жазу, себу, теру, кесу, ору, күреу, қамау, мүжу т.б. етістік сол қалпында тұрып-ақ, өзінің негізгі, ішкі мағынасы арқылы тура объектіні талап етіп, кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзге сабақталады.

Сабақ етістіктер салт етістіктерден  мағынасына және табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгеру қасиетіне  қарай оқшауланады. Бұларды бір-бірінен  ажырататындай өзіндік грамматикалық  көрсеткіштері жоқ. Салттылық-сабақтылық мән етістіктің грамматикалық мағынасы арқылы түсініліп, сөйлеу процесінде тура толықтауышты меңгеру-меңгермеу сипаты негізінде көрінетіндіктен, бұл  құбылыс етістіктің таза грамматикалық  сипаты емес, әрі тікелей семантикалық, әрі синтаксистік-қатынастық қасиеттерінің  көрінісі болып табылады. Сондықтан  да, салттық-сабақтық сипатты етістіктің лексика-грамматикалық категориясы  деп те таныған жөн»,- дейді. Хасенова А. (ЕЛГС, А, 197. 209-б).

Тіліміздегі барлық етістіктер не бірыңғай сабақты, не бірыңғай салт мәнінде қолданылады. Мысалы: Ол әріптерді тақтаға қолмен жазды. Сабақты етістіктер мен салт етістіктерді бір-бірінен айырып көрсетерліктей арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ болғандықтан, оларды дара қалпындағы мағынасына қарап бөліп айту кейде оңай емес. Бұл ең алдымен етістіктің омонимдік қасиетіне, көп мағыналылығына байланысты.

Мысалы: қарау – 1) бірденеге  қарау (салт етістік),                  

                              2) бағу, мәпелеу (сабақ етістік).

                Тарау – 1) шашты тарау.  

                              2) үйді-үйіне тарау.

Салт-сабақтылық қасиеттері – тек түбір етістіктерге ғана емес, туынды етістіктерге де, күрделі  етістіктерге де тән қасиет. Мысалы: кезу, қазу – түбір етістік,   санау, арқалау – туынды етістік, айтып салды, жазып берді, алып келді – күрделі етістік, құлақ қой, айта сал, қызмет ет – күрделі етістік.

Сабақ етістіктер жасауда  өзгелік етіс жұрнағы ерекше қызмет атқарады. Қазақ тіліндегі бүкіл  салт етістіктер, өзгелік етістіктер жұрнағы арқылы сабақтыға айналады. Мысалы: жатқыз, тұрғыз, жүргіз, көндір, келтір, қуант, жүгірт т.б.

Салт етістік – табыс  септіктегі тура толықтауышты меңгере  алмайтын, тура объектіге сабақталмай-ақ, жанай жүзеге асатын етістік. Мұндай етістіктер жанама етістіктермен ғана тіркеседі. Мысалы: бару, қайту, келу, кету, кіру, жақындау, ұшу, ұмтылу, міну, жету, көну, қалу т.б.

Мұндай етістіктің лексика-семантикалық жағынан топтастырылуын профессор  Ә.Аблақовтың  «Меңгеріле байланысқан  етістікті сөз тіркестері»(А, 1986) деген еңбегінен қарап білуге болады.

Сабақ етістіктер мен салт етістіктерді өзара ұластыруда етіс жұрнақтары айрықша қызмет атқарады. Өзгелік етіс салт етістіктерді  сабақтыға айналдыратын болса, ырықсыз, өздік етіс жұрнағы сабақтыны салт етістікке айналдырады. Мысалы: шөп жина+л+ды, құралдар ал+ын+ды, жуынды, таранды (ортақ етіс).

 Етіс категориясының  ішінде ортақ етіс етістіктердің  салт, сабақтылық мәніне ешбір  өзгеріс енгізбейді. Өзгеріс субъектілердің  ара қатынасын көрсету жағынан  көрінеді. Хат жазу – сабақты етістік; хат жазысу – сабақты етістік, бірнеше субъектілерге ортақ процесс.

«Етіс тұлғалары белгілі  дәрежеде салт я сабақты етістік  тудыру қызметін атқарса да, олардың  грамматикалық тұлғалар жүйесі, категориялық көрсеткіші бола алмайды».  (Исаев, ҚТСГС.173-б).

 

 

43. Субстантивтену, адъективтену, прономиналдану, адвербиалдану, вербалдану процестері

Заттану - субстантивтену Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім)[1] — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән. Олардың бірқатары біржолата зат есімге айналып кеткен: ақтар, қызылдар, сары (ру аты), Тулкілі, Бақалы, Жыланды (жер атаулары), Дәметкен, Үлтуган, Журген (адам аттары), алашақ, берешек, қуймақ, соқпақ, піспек. Бірқатар сөз зат есім қызметін де, ездері жататын сөз таптары қызметін де атқарады: суық, салқын, жарық, жас, кәрі, ескі, жаңа. Бұлардың нақты қызметі сөз тіркесінде, сөйлем құрамында анықталад

Есімдікке айналу - прокоминалдану Прономиналдану есімдікке айналу орыс. прономинализация (лат.pronominatio)— баска сөз табына жататын сөздердің есімдікке айналуы.

Мысалы: Прономиналдануған зат  есімдер: дәнеңе, бірдеңе, ісім, элдекім; Прономиналдануған сын есімдер: барлық, куллі.

Вербализация (вербалдану) -сөздің етістік тобына өтуі. В.сөзжасамдық процесс. Вербалдану (етістікке айналу) ( орыс. вербализация ) ( лат. ver- бит етістік ) - баска сөз таптарына жататын сөздердің етістікке 5-138 ауысуы. Вербалдану негізінен морфологиялықжолмен туады. Мысалы: күрек - күректеу, балга - ба/іга/іау, үлкен - үлкею, қол - қолдану.

Сын есімге айналу - адъективтену

Адъективтену – басқа сөз таптарының сын есімге айналуы: оқыған азамат. Сын есімге айналатын сөздер негізінде морфологиялық жолмен туады: бойшаң, бауырмал – зат есімдерден; тайғақ, тебеген, сүзеген, оқыған – етістіктерден.

Үстеуге айналу - адвербиалдану (лат.  adverbıum - үстеу қар. Транспозиция) - сөздің үстеу тобына өтуі. Сөзжасамдық процесс. Адвербиалдану – үстеуге айналу: зорға, бірден, босқа, текке, абайсызда, қапыда. Мұндай сөздер мағына жағынан қимылдын әр түрлі күй жайн білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады: үйіне зорға жетті.

Адвербиалдану процесінің негізгі  ұйтқысы болып табылатын жекеленген сөз таптары. Адвербиалдану яғни, өзге сөз таптарының үстеулер қатарына өтуі басқа тілдік құбылыстар сияқты белгілі бір заңдылықтар мен  тілдік нормаға сүйенеді

 

 

5.Сөйлемнің тұрлаусыз  мүшелері, жасалу жолдары

Сөйлемнің тұрлаусыз  мүшелері                          

Сөйлемде өзі байланысқа түскен тұрлаулы, я басқа мүшелерді  анықтап, пысықтап, толықтап тұратын  сөздерді  тұрлаусыз мүшелер дейміз.

1. Толықтауыш – сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді.

Мағынасы мен тұлғасына  қарай тура және жанама толықтауыш болып бөлінеді. Мысалы, Ол атқа қамшыны басып-басып жіберді.Табыс септіктігіндегі сөзді тура толықтауыш деп атайды.

Жанама толықтауыш – атау, ілік, табыстан басқа септіктердің бірінде келіп немесе туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірімен тіркесуі арқылы жасалды. Мыс:  Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

2. Анықтауыш – деп заттың әртүрлі сынын, сапасын, түсін, көлемін, салмағын, санын білдірііп, анықтайтын сөзімен толық байланыста айтылатын сөздерді айтамыз. Мыс:  Алыс жол атты сынайды,  ауыр жол ерді сынайды.

Сұрақтары: қандай? қай? қімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? не еткен? Айбаланың әдемі мінездері  Асқарға ұнады. (дара) Анықтауыш болатын  сөз таптары – зат есім, есімше, ілік септік жалғаулы зат есімдер, заттанған  сөздер, сан есім. Мысалы:  Ботагөздің үш ағасы бар еді.

Пысықтауыш – Етістіктен болған мүшемен байланысты болып, мезгілдік, мекендік, мақсаттық, мөлшерлік, себеп-салдарлық т.б мағына білдіреді.  Сұрақтары: қалай? Қайтіп? Қашан? Қайда? Қанша? Не себепті? Не мақсатпен? Көңілі кішкене орнығайын деді. (сын есім). Онда екі жыл тұрдым. (сан есім).  Сені Қарағандыдан тапқаныма қуандым. (зат)

Мағынасына қарай бес  топқа бөлінеді: мезгіл, мекен, мақсат, себеп, амал.

 

20. Жалпылауыш сөз  және сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілері 

Жалпылауыш сөздер (обобщающие слова) 
Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше. 
Жалпылауыш мүше қызметінде жеке сөз де, сөз тіркесі де жұмсала береді. Жалпылауыш мүше қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері, жинақтық сан есім, зат есім қолданылады. Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелердің алдында келсе, одан кейін қос нүкте қойылады. Егер бірыңғай мүшелерден соң келсе, оның алдына тире қойылады.  
Мысалы: Мына ағаштар: қарағай, қайың, терек – біздің жерде көбірек кездеседі.  
Қамар, Мәкен, Әлия – бәрі Шәкеннің сүйікті балалары. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілері

Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын, екі я одан да көп мүшелерді бірыңғай мүшелер  дейді. Мысалы: Әркім күрек, сүймендерін ала барады.Оқшау сөздер

Сөйлемдегі басқа сөздермен  грамматикалық байланысқа түспей, тек  айтылатын ойға қатысы бар, дауыс  ырғағы арқылы бөлектеніп айтылатын  сөздер оқшау сөздер деп аталады.

Үш түрі бар:  Қаратпа  сөз, қыстырма сөз, одағай сөз.

1. Қаратпа сөз деп – айтылатын ойдың кімге арналғанын білдіру үшін, оған басқаның көнілін аудару үшін жұмсалатын оқшау сөздерді айтамыз. Мысалы: Сіз қоя тұрыңыз, Қайреке.

2. Қыстырма сөз – деп сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөз. Қыстырма сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай, белгілі сөйлем мүшесі болмай, олардан оқшау тұрады. Мысалы: Жаңылмасам,сіз осы заводтың директоры боларсыз?

 

29. Сөйлемнің тұрлаулы  мүшелері, жасалу жолдары

Сөйлем ішінде айтылған әрбір  сөз белгілі синтаксистік қызмет атқарып тұрады. Сөйлем ішінде басқа  сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап  бере алатын мағыналы сөздерді немесе сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Мысалы:  Мына жұрттың саған қадалған көзі де менің жүрегіме найза болып қадалады.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай сөйлем мүшелері негізгі екі топқа бөлінеді:

а) Тұрлаулы мүшелер                         ә) Тұрлаусыз мүшелер

Сөйлемдегі айтылған ойға негіз болатын, сөйлем құрауға қазық  болатын бастауыш пен баяндауышты  сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп атаймыз.Бастауыш Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімі? Несі? Қайсысы? Қаншасы? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.  Мысалы: Штурман бағытты баяндады.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"