Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

 

48. Ономастика және оның салалары. Қазіргі ономастикалық мәселелер

Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады.[1]

Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу  нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика,астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Қазақ тіліндегі әйел есімдері гүл, күн, ай, сұлулық, асыл тастармен байланысты болса, ерлер есімі батыр, бек, би, құл, мырза, хансөздерімен, сан есімдермен бірлікте келуімен ерекшеленеді. Араб, парсы тілдерінен енген есімдер де (Жамал – сұлу, Абдолла – құдайдың құлы, Нәзипа – таза, пәк) кездеседі. Этнонимика ел, ру аттарын, астронимика (космонимика) аспан әлемі, жұлдыз, планета атауларын, зоонимика жануар, фитонимика өсімдік, теонимика құдай аттарын, рухтар мен мифтік түсініктерге байланысты атауларды тексереді.[2][3]

Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады.[4]

Туған өлкеміздегі жер-су, елді мекен атауларының отаршылдық-тоталитарлық дәуірлерде қандай өзгерістерге түскені бізге тарихтан белгілі. Біз, бүгін, осы жер-су (топонимикалық) атауларының шығу тарихына тереңірек үңілсек, онда үлкен сыр жатқанын білеміз. Ендеше, ескі атауларды қалпына келтіру тарихи әділеттілікті орнату деген сөз. Міне, сондықтан да, Оңтүстікте ономастика мәселесіне үлкен мән беріледі. Біздің облыста байырғы жер-су атауларын қайтару жұмысына аса маңызды әлеуметтік мәселе деп қарайды. Тәуелсіздігімізге тәубе дей отырып, облыс аумағындағы отаршылдық пен тоталитарлық дәуірлерден қалған атаулардан біртіндеп арылып келеміз. Республика бойынша бүгінгі таңда бір мыңнан астам елді мекеннің атауы өзгертілсе, соның 404-і біздің облысқа тиесілі. Бұндай көрсеткішке зиялы қауым мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті ономастика комиссиялары тарапынан ұзақ жылдар бойы тынымсыз жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде қол жеткіздік.

Ономастика саласының  барлық жетістіктері мен кемшіліктерін әйгілейтін құжат – ол Қазақстанның және облыстардың әкімшілік-аумақтық карталары. Бұрын Кеңес Одағы тұсында Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы Ресейдің картасына ұқсайтын, себебі жер-су, елді мекен атауларының басым бөлігі өзге тілде болатын. Еліміздің картасы да өзге тілде жасалатын. Енді Қазақстанның картасын қазақ тілінде жасайтын уақыт келді. Ол үшін, байырғы жер-су атауларымызды қайтару бүгінгі күннің басты міндеті


 

50. Қазақ терминологиясының қалыптасуы, дамуы және принциптері

А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдерин, М. Жұмабаев, Н. Төреқұлұлы сияқты ағартушы қазақ зиялыларының өкілдері өткен ғасырдың бірінші он жылдығынан бастап қазақ тілінде алғғашқы оқулықтарды шығарып, орыс тілінен кейбір шығармаларды ауыстыра бастады. Қазақ зиялыларының өкілдері ғылымның кейбір салалары бойынша сол тарихи кезеңнің қажеттіліктеріне сәйкес терминологиялық атаулар жүйесін іріктеуді ғылыми негізінде жүргізді.  
Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсіресе нақты ғылыми салалар жекелеген пәндерге деген мұқтаждықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан ұлы ғалым Б. Байтұрсыновтың еңбегі айрықша маңызға ие болды.  
Қоғамдық санасын ғылыми нысанын дамытуда және оны тереңдетуде, ғылыми танымның ауқымын кеңейтуде жоғарыдағы аталған ғалымдар еңбектерінің ықпалы өлшеусі мол болды. Осылайша, тілде терминологиялық сипаттағы жаңа атаулар мен сөз орамдары пайда болды.  
ХХ ғасырдың 10-30 жылдарындағы, А. Байтұрсынов кезеңіндегі ұлттық терминологияның ең басты ерекшелігі – бұл термин ретінде қазақтың байырғы сөздерін кәдеге жарату және жалпы халық тілінің сөз байлығын барынша пайдалану болды. Алайда, бұл қағидаттың ғұмыры қысқа болды. [3.5] 
1940 жылдан бастап идеологиялық қысымның салдарынан терминдерді аудармасыз қолдану не орын тіліндегі нысанын өзгеріссіз сақтак практикасы кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе, 1960 жылдардан бастап жасалған тер терминдердің ішінде қазақ терминдерінің саны шектеулі болды. Дегенмен, 1940-1990 жылдар кезеңінде 150-ден астам терминологиялық сөздік шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы сөздік шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы оң маңызын теріске шығаруға болмады.  
Кеңес дәуіріндегі қазақ терминологиясында орыс және шетел терминдері сыни талғамсыз қолданылды, қазақ терминологиясының басты қағидаттары еленбей қалды. Орыс тілінен енгізілген терминдер және орыс тілі арқылы келген халықаралық терминдер орыс тіліндегі сияқты өзгеріссіз қолданылуы тиіс деген реже күштеп енгізілді және нұсқау заңдастырылды.  
Осы кезде шығарылған терминолгиялық сөздіктердің көпшілігі басқа тілдерден алынған терминдердің негізінде әзірленді. Нәтижесінде терминология жүйесінде қазақ сөзінің үлес салмағы мүлдем аз болды. Осылайша қазақ терминологиясыны өзінің ұлттық келбетін жоғалта бастады.  
Егемендік алуға және қазақ тіоліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуіне байланысты ұлттық терминология проблемаларына ерекше мән беріле бастады. Қазақ терминологиясының ұлттық ерекшелігін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұрынғы ондаған шет ел терминдері сәтті қазақша баламалар таңдалып алынды. Тәулсіздік жылдары әртүрлі ғылым салалары бойынша шығарылған сөздіктердің жалпы саны жүзден асып жығылады. [6.8] 
Соңғы жылдары ресми іс жүргізу саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында және білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді пайдаланудың үлес салмағы арта бастады. Қазақ тілін жазбаша және ауызша нысанда қолданудың жандануына байланысты зерттеушілердің басым көпшілігінің назары тілдің ішкі мүмкіндіктерін зерттеуге аударылды. Сондай-ақ, сөзжасамдық белсенділік те жаңа сапалы деңгейге көтерілді.[1.19] 
Іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген терминдердің едуәір бөлігі ғылым – білім, оқу – тәрбие, әлеуметтік – саяи салалардағы ежелгі сөздерді «жаңғырту» жолымен жасалды. 
Алайда, соңғы жылдары қазақ тілінің терминологиялық жүйесін әзірлеу белсенділігінің күрт өсуіне қарамастан, ұлттық нақыштағы терминдерді жасау кезінде қазақ тілінің ішкі ресурстары, лингвистикалық ғылымның жетістіктері барынша толық пайдаланылмай келеді. Қолданылып жатқан шаралар жеткіліксіз болуда. Оның басты себептері: өзара әрекеттесетін екі негізгі фактордың - тілдік фактордың әсіресе бағалауынан және тілдік емес (әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, өзге де) фактордың ескерулерінен тілдік ахуалдың қалыптасуы болып табылады.

 

 

53. Стилистика ғылымының дамуы және негізгі бағыттары

Сөздердің сөз  мағыналарының, грамматикалық тұлға  тәсілдердің стильдерге тәндігін, олардың  қолдану заңдылықтарын, эмоциялық  мәндерін т.б. бейнелегіш құралдарды қарастырады

СТИЛИСТИКА: тіл материалдарын мағынасына, әсеріне қарай  пайдалана отырып, ойды дәл, анық және тартымды етіп жеткізе білу үшін қолданылатын құралдары туралы ілім. Ол тіл материалдарын зерттейді.

ТІЛ МАТЕРИАЛДАРЫ: дегеніміз – сөз және сөз формалары, сөйлем, сөйлем мүшелері яғни тілдің грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормалары.

БАСТЫ МАҚСАТЫ  МЕН МІНДЕТІ: адамның тіл мәдениетін көтеруге көмектесу.

ТІЛ МӘДЕНИЕТІ:  дегеніміз – ойдың дәл, айқындылығы, көркемдігі мен әсерлілігі, орамдылығы мен ойға қонымдылығы, нысанаға дөп тию.

СТИЛИСТИКА - ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ АРҚАУЫ: Алайда, стилистиканың міндеті мен мақсаты жалғыз мұнымен ғана шектелмейді. Стилистика тілдегі сөздердің стильдік сапасын жинақтай отырып, олардың мағыналық дамуымен өзгеруі негізінде сөздердің типтерін белгілейді, соған орай атқаратын қызметінде атқарады. 

Стилистика ғылымының  зерттелуі 

Қазіргі стилистика әр түрлі  лингвистикалық бағыттар мен мектептерде  ерекше түсіндірілдіп келеді, оның себебі – стилистика ғылымының көп  қырлығы. Стилистиканы ең тар мағынада түсіну ХХ ғ. 40-50 ж. Американдық дескриптивті лингвистикада орын алған. Онда дескриптивті стилистика – сөйлемнен ірі (үлкен) бірліктердің (абзацтардың) орналасуын зерттеуге тиіс.( А.А.Хилл) Бұл көзқарасты «дескриптивті стилистика» деп атайды.Ағылшын лингвистикасында стилистика – мәтін жасаудың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан стилистика – мәтін грамматикасымен айналысады.(У. Хендрикс) Бұл көзқарасты «мәтін стилистикасы» деуге болады. Стилистиканы мәтіннің мәтіннен тыс жақтан тілдік жүйелермен арақатынасы деп түсіну прагалық лингвистика мектебіне тән (ХХ ғ 30-40 ж). 

Қазақ тілінің практикалық  стилистикасының негізгі мәселелерін  анықтап, құнды еңбектер қалдырған  ғалымдарымыөдың бірі - Ф.Мұсабекова.  Бұл еңбектерде қазақ тілінің стилистикасы, стиль мәселесі практикалық тұрғыдан қарастырылып, стилистиканың, соның ішінде, қазіргі қазақ тілінің стилистикасының зерттелу жайына шолу жасалады. Стилистиканың зерттеу нысаны-стиль.  Ғылымның әр саласында «стиль»  терминінің беретін мағынасы бірдей еместігін осы тақырыпты сөз еткендер әрдайым көрсетіп келеді. Сондықтан  ТЕРМИН дегеніміз бір ғана мағынаны беретін, мейлінше ықшам, барынша дәл болуы керек деген анықтама тек қалып қана, ал шындығында терминдер қолданыста «жұмсауға оңтайлы», көп мағыналы сөз болып шығатыны байқалады. Мысалы, О.А.. Ахманованың «Словарь лингвистических терминов» деген сөздігінде  стиль терминнің 45 ұғымды, тіл деген терминнің 108 ұғымды білдіретіндігі көрсетілген.

Жоғарыдағы анықтамаларға  ОРТАҚ НЫШАН: әр түрлі тіл құралдарын таңдап алып, оларды неше түрлі құбылтып, комбинация құрап сөйлеуге болады.  «Стиль» термині жалпы жазба дүниелердің жанрына байланысты да, белгілі бір қоғамдық іс-әрекет ситуациясына байланысты да, тілді жұмсалу түріне қарай да қолданылады. 

Демек, тілдік стиль, дәлірек  айтсақ, тілге қатысты қолданылатын «стиль»  термині бір емес, бірнеше ұғымға қатысты болып келеді. Ең алдымен, мақсатты стиль дегеніміз тек қана тілдік категория болып танылады. Екіншіден, ол тілдің әлеуметтік өміріндегі қарым-қатынастың бар саласында қолданылатын коммуникативтік қызметіне байланысты болады. Сөйтіп, стиль дегеніміз тілдің өзіне емес, қолданысына қатысты  болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына, оның ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ажыратылуы ғана емес, жұмсалу түріне, жұмсалу сипатына, айтылу бояуына қарай бөлінуі де ескеріледі.

Стиль дегеніміз – тілдің қоғамдық қызметінің әр қилы орайында  тілдік тәсілдердің белгілі мақсатпен жұмсалуы.

СТИЛЬ  термині тіл ғылымында тар мағынада – тілдің атқаратын қоғамдық қызметтері ыңғайында танылса, әдебиеттану ғылымында бұл термин кең мағынада жұмсалады деп  М. Балақаев айта келе Қ. Жұмалиевтің стиль ұғымына келтірген анықтамасын береді «Стиль ұғымына жазушының сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының компазициясы, оқиға дамыту әдістері, тақырып таңдаулары, жанрлық ерекшеліктер, тағы басқа компоненттер енеді, ең орталық мәселе – идеялық мазмұн.»

Әдебиеттану ғылымындағы  стильден айыру үшін әдеби тіл  жайындағы стилистика ғылымында  ол сөз тіл қызметтерінің орайындағы стиль  ФУКЦИОНАЛЬДЫ СТИЛЬ деп аталады.

 

37. Әдеби тілдің  нормалануы мен стильдері

Тіл қоғам өмірімен тікелей  байланысты болатындықтан, ол үздіксіз дамып, сол даму барысында халық  тілінің ішкі мүмкіншіліктері кеңінен  пайдаланылып, тіл  мен   тілдің  қарым-қатынасы  күшейіп, өзгеріске ұшырап отырады, екінші жағынан, мемлекеттік, саяси- қоғамдық іс атқару  жұмыстары орныққан сайын, баспасөз, әдебиет, эканомика, ғылым, мәдениет дамыған сайын тілде бар  ала-құла қыруар байлықтардың  тиімділері, тілге жатық әрі үйлесімділері, кісінің ой-пікірін, сезімін, жалпыға ортақ қалыпқа түсіріліп, нормаға айналады.

Әдеби тілге сіңіскен, әдеби  тілде орныққан тіл байлықтары-ТІЛДІК НОРМА дегенге жатады. Тілдік нормадан тысқары құбылыстар, ауытқулар ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып саналады. Сондықтан, «әдеби тіл», «әдеби емес тіл» дегенді халық тілінің нормалану нысаналарына қарап айтамыз. Тіл материалдарын сұрыптап бүкіл  халыққа тегіс түсінікті, әрі ұтымды, дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға болады. Тілдік норма жазуда ғана емес, сөз қолдануда да, сөздің айтылуынан да, грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да, сөйлем құруда да, қысқасы, тілдің өң бойында болуға тиіс. Тілдің нормалануы үздіксіз жүріп отырады. Бірақ ол процесті жеделдететін кез  –  әдеби тілдің еркін, жан-жақты даму жолына түскен кезі. Әдеби тіл - белгілі жүйеге түскен тіл болып табылады.

Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға  ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз. Сөздің айтылуын, жазылуын, жұмсалуын, тілдің грамматикалық құрылысын  мүмкін болғанша бір қалыпқа түсірудің, тұрақты етудің мәні зор. Сонда тілде  дәлділік, айқындылық күшті болады, тілдің икемділік қасиеті артады.

Тіл мәдениеті ғылымының  негізгі арқауы –  тілдік норма. Тілдік норма тілдің ішкі заңдылықтары негізінде қалыптасып, дамып отырады. Тілдік норма мен тілдік жүйе бір-бірімен үнемі тепе-тең келе бермейді. Белгілі бір қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік жүйеде болуы жеткіліксіз,   ондай қолданыс тілдік дәстүрде, дағдыда болу керек. Нормаланудың критерийі ретінде: жиілік (белгілі бір форманың, тілдік үлгінің жиі жұмсалуы), мағына жүйелігі, тілдегі модельдермен үйлес келуі (жаңа сөздердің), әлеуметтік талғам, тіл тәжірбиесіндегі қажеттілік сияқты принциптер ұсынылып жүр.

 

ТАЛДАУЛАР

Талдау үлгілері (примеры  разборов)

 Сөйлемнің синтаксистік  талдау сызбасы 

1. Айтылу мақсатына қарай 

 а) хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты  2. Құрылысына қарай (по составу):

 а) жай сөйлем б)  құрмалас сөйлем -мезгіл себеп-салдар қарсылықты шартты салыстырмалы түсіндірмелі талғаулы

 кезектес (чередующие), амал (действия), мақсат (цели).

3. Сөйлем мүшелері а)  баяндауыш бастауыш толықтауыш  анықтауыш пысықтауыш  4. Жай сөйлемнің  түрлері (виды простых предложений):

 а) жалаң, жайылма  б) толымды, толымсыз в) жақты, жақсыз г) атаулы

5. Сөз тіркесі  а)  еркін тіркес/есімді, етістікті/ б) тұрақты тіркес

6. Сөздердің байланысу  түрлері: а) қиысу (согласование) б) меңгеру (управление) в) матасу (соподчинение) г) қабысу (примыкание) д) жанасу (сопричастность)

7. Сөздердің байланысу  тәсілдері  а) интонация б)  жалғаулар в) септеулік шылаулар  г) орын тәртібі 

Синтаксистік талдау. Сөйлем құрылысына (құрмалас: байланысу тәсілі мен құрамына, мағыналық компонентіне, жасалуын; жай: бастауыштың қатысына, тұрлаусыз мүшелер қатысына, сөйлем мүшелерінің ойға қатысына қарай); сөйлем мүшелеріне (қызметі, мағынасы, құрамы, жасалуы. Ескерту: бастауыш пен баяндауышта мағынасына талданбайды); сөз байланысына (байланысу тәсілі, байланысу түрі)

Морфологиялық талдау екі топқа бөлінеді:1) сөз құрамдары бойынша талдау; 2) сөз таптары бойынша талдау.

Сөз құрамы бойынша  талдауға мына тақырыптар енеді: түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымша (жұрнақ, жалғау), туынды сөз, түбірлі сөз, жалаң сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.

Сөз таптары бойынша талдауға мына тақырыптар енеді: зат есім, сын есім , сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер. Бұл талдаулар ауызша, жазбаша талдау тәсілімен орындалады, орындау орнына қарай сыныпта және үйде жүргізіледі

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"