Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

1. Түсіндірме сөздік. Түсіндірме сөздіктер қазіргі әдеби тілдегі жиі және жалпылама қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап, түсіндіруді мақсат етеді.Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы да көрсетіледі.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» І томы 1959 жылы, ал II томы 1961 жылы жарыкқа шықты

2.Диалектологиялық сөздік. Диалектологиялық сөздікте әдеби тілдің лексикасынан тыс, говорлар мен диалектілерге тән сөздер мен сез тіркестері қамтылады.Қазақ тілінде диалектологиялық сөздік тұңғыш рет 1955 жылы жарық көрді. Сөздікке 2000-ға жуық диалсктизм сөздер енген. Одан кейін 1969 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының бір топ қызметкерлері құрастырған көлемдірек сөздік - «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» шықты. Мұнда 6000-ға жуық сөз қамтылған.

3. Синонимдік сөздік. Синонимдік сөздікте синонимдік қатардың құрамындағы өзара мәндес сөздердің әрқайсысының мағынасы талданып, қолданылу аясы мен стильдік қызметі түсіндіріледі.

4.Қанатты сөздер сөздігі. Қанатты сөздер тіл білімінде фразеологизмнің бір түрі болады. Белгілі бір тілдегі алуан түрлі тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін қамтитын фразеологиялық сөздік казақ тілінде әлі жасалған жоқ. «Қазақтын қанатты сөздері» (1960) дейтін жинақты ғана атауға болады.

5.Аударма сөздік. Аударма сөздікте белгілі бір ана тілінің сөзі шет  тілге аударылңп немесе белгілі бір шет тілі сөзі мен фразеологизмі ана тіліне аударыльш беріледі.

6.Этимологиялық  сөздік. Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу тегін, алғашқы мағынасы мен дыбысталу түрін түсіндіреді.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі тұңғыш рет 1966 жылы жарық көрді

7.Орфографиялық  сөздік. Орфографиялық сөздікке койылатын белгілі талапқа лайық бұл сөздік те тіліміздің лексикасындағы сөздердің жазылу үлгісін алфавит тәртібімен көрсетуге арналған.

8.Арнаулы сөздік. Арнаулы сөздік деп бір еңбекті немесе бір ақын-жазушының, не ғылыми қайраткердің шығармасының тілін жеке сөздік етіп шығаруды айтады. Мысалы, орыс тіл білімінде орыстын ұлы ақыны  А. С. Пушкиннің, шығармалары тілінің сөздігі бар. Сол сияқты қазақ тілі білімінде де казақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаған Абай Құнанбаев шығармаларытілінің бүкіл сөз байлығын қамтыған сөздік те шықты 2.

9.Терминологиялық  сөздік. Елімізде ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты арнаулы сөзтер, терминдер пайда болды.Ғылым мен техникада терминдердін, мәні күшті. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете біліп түсіну қажет. Белгілі бір ғылым саласына тән терминологияны білмей тұрып, ол ғылымды я техниканы меңгеру мүмкін емес.

10. Энциклопедиялық  сөздік. Энцпклопедия лингвистикалық сөздіктер тобына жатпайды. ТІлімізде, мәдени өмірімізде, энциклопедиялық сөздіктің шығуы халқымыздың білімінің, мәдениетінің өскендігін көрсетеді

31. Сөздік лексикалық  мағынасы және одан болатын  өзгерістер, заңдылықтар

Сөздің лексикалық мағынасы заттың, құбылыстың лақ сөзі болмағанымен, ұгым арқылы түсірілген солардың бейнесі  деп есептеледі. Сондықтан сөздің магыналарын саралағанда ең алдымен  оның ең алғашкы негізіі магынасын  табуға тырысады.

Сөздің негізгі мағынасы айтушы мен тыцдаушыга ортақ нақты  заттық ұғымды білдірсді. Нақты заттык ұгым сөз арқылы сөйлемде өзге сөздермен  ешбір қарым-қатынасқа түспей-ақ статнкалық күйде ұгынылады. Бұлар  шын-дьіқ өмірдіқ көрінісі ретінде  белгіленеді. Сөздің нақ осындай  мағынасы әдстте лексикалық магына деп аталады. Сөздіц лексикалық магынасы, негізіі магынасы, тура мағынасы деген сөздер өзара синоним ретінде жұмсалады. Мәсслен, аспан, тоғай, өзен, қызыл, сары, қозгалу, көру, былтыр, таңертең, жаздай дегсн сөздер өзініц тура магынасында осы түрган қалпында айгушыға , да, тыңдаушыга да бірдсй түсінікті. Өйткені бұлар айналамыздагы бәрімізге танымал затпсп кұбылыстық атауы, күнделікті көріп жүргеп_ шыпдық өмірдің көрінісі. Бүл көріністер баршаға ортақ белгілі дыбыстық комплекстер арқылы таңбаланып, бір тілде сөйлеуші коллсктивтің белгілеуімен жүзеге асқан үйреншікті сөз мағыналары арқылы түсінікті болып тұр. 

Сөздіц нақтылығынан гөрі жалпылык қасисті басым. Сондыктан  ең алдымен адамның есіне сөздің жалпы мағнасына түседі , Мәселен  адам дсгсііде ойлау және сөйлсу қабілеті бар, өмірге қажет өндіріс кұралдарын өндіре алатыи жәнс сол кұралды қоғамдық еңбек процссіне пайдалана алатын жалпы жан исін еске аламыз. Бүкіл  адамзат біткенді айтамыз. Аң дегенде жабай,тагы айуандардың жалпы жиынтығын түсінеміз. Мал дегеннен етін, сүтін, тсрісін, жүнін, күшін адам игілігіне пайдалануға болатыи төрт түлік үй жануарлары деп білеміз. Сиыр дсгеннен сүт пеп май беретін аша түяқты ірі кара, төрт түлік малдың бірін:ұгынамыз. , Сөздің жалпы мағынасымен қоса, нактылы мағынасы болды. Сөздіц нактылы мағынасы белгілі контексте айқын көрінеді Мұндай мағынаны сөздің қосымша мағынасы немесе туынды мағынасы деп те атауға болады. Сөздің туынды мағынасы оның нсгізгі номииативті магынасы арқылы, соның негізінде түсініледі. Мәселен, адам деген сөзді иегізгі лексикалық магынасынан туган қосымша туынды мағыналарын белгілі контексте алып көрсетейік. Мысалы: Естіп, көріп, ұстап, татып көрсе, дүниеде жақсы-жаманды таниды дагы сондайдан білгені, көргені көп болган адам білімді болады (Абай). Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол дейді жақсылық (М. Әуезов). Баласы Қожагұлды Біржан салмын, Адамға зияным жок жүрген жанмын. Қасыңа мені сендер неге алмайсың, өзім сері, өзім ақын кімге зормын (Біржан).  Сөздің нақтылы магынасының өзі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отыратын шартты ұғым. Сондықтан да бұлар белгілі контекске бағынышты, тәуелді болып тұрады. Қосымша немесе туынды магына негізгі лексикалық мағынаның бөлініп-жарылып  қолданылуы, соның ұшқындап таралуы. Бұлар да заман өткен сайын тұрақталып бекиді, орнығып әбден қалыптасады. Сөйтіп, нсгізгі лексикалық магынамен парапар болып, терезесі теңеліп,, бслгілі контекске т\спей-ак, қалай айтылса түсінікті болып тұра береді. Мәселен, сиыр су ішсе, бузау мүз жалайды (мақал) дегсндегі сиыр төрт түлік малдың бірі, аша тұяқты ірі қара ұғымында емес, осы түліктің бұзаулайтын, сүт беретін аналығы деген  мағынада айтылып тұр. Демек, бұл сәздің де жннақты жал-ұғымымен қатар нақтылы кішірейіп айтылатын қосымша мағынасы да барлығын көреміз.   

Советтік тіл білімінде  академик В. В. Виноградов жасаған сөздік лексикалық классифнкациясы негіз  етіліп басшылыққа альшып жүр. Ол кісі сөз мағынасын: а) тура мағына, ә) фразеологиялық- байлаулы мағына, б) синтаксистік шартты мағына деп үш топқа бөлінеді:АкадемикВ.В:Винградовтың теориялық идеясын қазақ тілінің  фактісімен түсіндіргенде мынадай  болмақ.

 

38. Сөздік қор  және сөздік құрам. Сөздік құрамның  толығуы

Тілдегі сөздердің тұтас  жинтығы тілдің сөдік құрамы деп  аталады Сөздік құрамы белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын,күнкөріс тіршілігін,кәсібі түгел қамтып көрсетеді.Белгілі бір халықтың қоғамдық шаруашылық мәдини тұрмысы неғұрлым күрделі болса,соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз.Мәселен,17томдық Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне 120480 сөз енген екен.Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңші.Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Қсйбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап сап емес, Сол сияқты “Казақ тілініц түсіндірме сөздігінің” 1974) бірінші томына ғана (А—Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Қез келген қазақ осы сөздерді түгел еді, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындагы сөздерді, қолдаиу жиілігіне қарай, актив сөздер (жпі қолданылаты және пассиві сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға болуге болады.Актив сөздерге осы тілде сөнлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сойлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Дсмек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне оргақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірдс өзіміз ай тып,°әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады.

Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана  бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне гана тән тар көлемдегі  терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөз-дердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы, өзгермелі деп түсіну қажет.

Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтыгы сөздік қүрам болса, негізгі  сөздік қор солардың қайнап шыққаи, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі  сөздік қор-баяғыдан келе жатқан өнімді сөздердің тобы. Негізгі сөздік қор- болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де көбейіп, байымас еді. Негізгі сөздік қор үзақ өмір сүргендіктен жоне ең қажетті сөздер болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамга, барша ұрпака бірдей қызмет атқарады. Сонымен бірге бұлар тілдегі стилдік тармақтар мен әдебиет жанрының ешқайсын жатырқамайды, бәріне ортақ түрде жалпылама қолданыла береді. Демек негізгі сөздік қордағы сөздер өзінің жасамалы тұрақты қасиетімен, жалпы халықтық ортақ қызметімен сипатталады.Жаңа тіркес, жаңа сөз жасаудағы өнімді де белсенді эрекетімен көзге түседі. Қогам өміріндегі болып жатқан тұрлі жаңалықта мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе оныц лекс өзгеріске неғұрлым бейім, неғүрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекеті мен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам адам өмірінде пе бар соны дереу және тікелей көрсетіп отыраду.

Ұлы Октябрь социалистік  революциясынан берті кезеңде; ғана қазақ тілінің сөздік құрамында  мынадай басты өзгерістеу болды:Казақ  тілінің лексикасы бұрынды-соңды  тарихта болып көрмеген күшті  қарқынмен дамып, жаца сөздермеи  толыгып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа ауыл ша- руашылығының, жаңа системаның, жаңа мәдениеттің, жаңа мо- ральдың, техника мен ғылымның дамуымен байлаиысты тасқын- дап енді.

      1. Ескі салт-сана, әдет-гұрыпқа қатысты, көнс құрылыс пен көне тұрмысқа байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, әмеңгер, дүре, калың мал, болыс малай, жалшы, шабарман, кебеже, ұлық, сәукеле, бесік )0‘ қүда,ұрын келу, отқа салар т. б.

 

58. Функциональды стиль, түрлері ерекшеліктері

Функциональды стиль - әдеби  тілдің бір түрі. Функциональды стиль  тілдің әр түрлі қызметімен байланысты болады.  Қазіргі әдеби тілдерде: күнделікті-әдеби, саяси-техникалық, ресми іскерлік және ғылыми функционалды стиль ерекшеленеді. Бірақ әр стильдің орны әр тілде өзгеше болады. Әр стиль түрлерінің өз маңына топтасқан тақырыбы, өз мазмұны бар.  

Функционалдық стильдің үш ерекшелігі 

Осындай сыртқы белгілер функционалдық  стильдердің жалпы тілдік сипатын  анықтайды. Басты белгілер ретінде  әрқайсысының лексикалық қоры оларды түзетін лексикалық қабаттардан  байқалады. Егер ғылыми немесе сөйлеу стилі болса, онда тек терминдер  мен қарапайым лексика ғана болады деген емес, мәселе – сол стиль  түрлерінің негізгі белгілері қалыптасқан  сөздер мен тіркестердің басым болуы.

Әдетте әдеби тілдің функционалдық  стильдері бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан түрлі стильдердің  бір-біріне тигізетін әсерінен стильдер арасында бірінің элементтері біріне ауысып жатады. Бұл ғылымда стильаралық  диффузия деп аталады.

Функционалды стильдің топтастырылуы 

Қазақ тілінің стилистикасын  зертеуші ғалымдар жоғарғы пікірлерді негізге ала отырп және қазақ  тілінің өзіндік ерекшеліктерін талдап, тіліимізде мынадай стильдер бар деп есептейді.

  1. Сөйлеу стилі Кітаби жазба стильдер Іс қағаздар мен ресми стиль Публистикалық стиль Ғылыми стиль Көркем сөз стилі

Ә.Болғанбаев зерттеулеріне  бұл стиль түрлерінен басқа қазақ  тілінде шешендік стиль қалыптасқанын  көрсете келіп, "Бұл стиль қазақ  халқының көне тарихымен қоса жасалып  келе жатқан бірден-бір ең көне стильге  жатады" - деп атап өтсе, "Қазақ  тілінің стилистикасында" оны  публицистикалық стильге жатқызады.

Тілдің дамуына байланысты тілдік стильдер де дараланып, жігі ажырап ерекшелене бастайды. Даралық дегеніміз - тіл стильдерінің бір-бірімен байланыстылығы емес, жалпы стильдік, тілдік ерекшеліктерін айту. Олар бір-бірімен байланысты, өзара ықпал жасап, араласып та қолданыла  береді. Сонда да болса, сөйлеуші немесе жазушы белгілі бір стильдің ерекшеліктерді жағдайына қарай көбірек пайдаланад.

Тіліміздегі мұндай құбылыстарды М.Балақаев "мұндай стильдік тармақтар  әдеби тіл қызметінің артуы, тілдің даму негізінде жасалады. Ендеше, тілдік, стильдік жүйенің саралануы - тілдің әдебиеттік басты белгілерінің бірі. Тілдің стильді тармақтары неғұрлым сараланған болса, әдеби тіліміздің соғұрлым буыны қатып, бұғанасы бекіген" - деп қорытындылайды.

Қазақ тілінің функциональдық стилін зертеушілердің пікірлерін жинақтай келе, қазақ әдебиеті тіліндегі стильдерді жіктеуде мынадай схеманы пайдаланамыз: көркем әдебиет, ғылыми, рублицистика, ресми іс, сөйлеу

Мұнда ауызекі сөйлеу тілін  қатынас құралының формасы деп  қарастырмай, тілдің стильдік тармақтарының  бірі деп қолданды. Өйткені, стильдердің  басқа тармақтары ауызша да, жазбаша  да қолданыла береді.

 

35. Этимология және  оны анықтаудың жолдары

Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Сөз төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде қолданылады. Осы орайда синхронды және диахронды бағыттағы Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт – тарихи факторлармен санасу. Фонет. принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т.б.) сан алуан фонет. заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфол. принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Сондай-ақ морфол. принцип-критерий сөзжасам процесіне негіз болушы көптеген модель-үлгілер мен сан алуан граммат. тұлғалардың ішінен Этимологиясы анықталуға тиісті лексиканың табиғатын тап басып тану үшін, өзіне ұқсас басқа сөздерден айыру үшін қажет. Семант. принцип – сөздердің мағынасын анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфол. тұлғасына да тікелей қатысты. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семант. заңдылықтар – Этимологиялық принцип. Тарихи принцип – Этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады. Этимологияның түрлері үш топқа (ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғыл. Этимология – жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты Этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін Этимологиялар жатады.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"