Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.

Вложенные файлы: 1 файл

распечатка тип (2).docx

— 67.26 Кб (Скачать файл)

          Заттық мағыналы фразеологизмдер: Кіндік кесіп, кір жуған — туған ел, отан; бір ауыздылық — ынтымақ, бірлік; аяқ алысы — беталысы, бағыты; суық қол— ұры-қары, жау-жала; бас араздық—өшпенділік, қастық; ауыз бастырық—пара, ақы; ел атасы — басшы, басқарушы; ұзын етек — әйел, қатын; қан ішер — бас кесер, жендет; қара көлеңке — апақ-сапак, бейуақыт; қара халык, — бұқара, көпшілік; қара мал — сиыр, ірі қара;құлақ естілмес, көз көрмес жер — алыс жер, қиыр шет; қара шаңырақ — үлкен үй, шыққан ұя; қара орман — жиған-терген, дүние-мүлік, бар дәулет; о дүние — ақырет, махшар; от басы — үй іші, ошақ басы, семья; ұзын құлақ — өсек, сыбыс; шикі өкпе — перзент, бала; шынжыр балақ, шүбар төс — бай, манап, шонжар, т. б.

Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер: Сақадай сай — дайын, әзір; атқан оқтай — түп түзу; тура; салған жерден — бірден, ә дегеннен; ат үсті — үстіртін, жеңіл-желпі; шу дегенде — о баста, әуелді; ит өлгсн жер — алыс, қашық; жұлып алғанша - тез, жылдам; ақ қар, көк мүзда — қыс ішінде, қыстыгүні;демнің арасында — аитқанша, лезде; көз ұшында — алыста, қашыкта; құлқын сәріде — ертемен, азанда; о баста — басында, алғашқыда; айдың күні аманында — тыныштықта, жайшылықта; қараптан қарап жүріп — бостан-босқа, тектен-текке; аттың жалы, түйенің қомында — асығыс, қарбаласта; табан аузында — жалма-жан, қапелімде; біртөбе — ерекше, апырықша; қаннен қаперсіз — жайбарақат, бейқам; көз алдында— бетпе-бет, жүзбе-жүз, аяқ, астынан - кенеттен, жоқ жердс, т. б.

             Қазақ тіліндегі Фразеоалоизмдсрдің сөз табыпа катыстығы жағынан еп кебі — етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері сындык жәие заттық мағынадағы фразеологизмдер. Бұл үшеуінен азырағы үстеу мағынасындағы фразеологизмдер екендігіні анықтадық. Жеке сөз бен тұрақты тіркес мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мән-мағыналары бірдей, тепе-тең деген сөз емес. Тұрақты тіркестен туатын ұғым жеке сөэбен салыстырғанда анағұрлым күшті, өсіңкі айтылады. Сонымен қатар жағымды-жағымсыз көркемдік мәні болады. Жеке сөз нақтылы дәл ұғымды көрсетсе фразеологизмдер дара үғымды күрделендіріп, онын, үстіне-бейнелеп, суреттеп көз алдыңа келтіреді. Мәселен, жарыстан озып келген атты жүйрік, бәйге ат десек, бұл сөздер нақтылы болған, шын нәрсені сол қалпында дәл білдіріп тұрады. Ал, сол жүйрік атты асырып мақтағымыз келсе, бэйге, жүйрік деген сөздер мүлдем жетімсіз болады да оның орнына аузымен құс тістеген, алдына қара салмайды деген фразеологизмдерді қолдануға тура келеді. Бұлар жүйріктің жүйрігі, асқан жүйрік деген күшейтпелі ұғымды білдіреді. Олай болса, фразеологизмдер жеке өздің орнына жұмсалса, оны дәл балама демей, жанама түрдегі қолданыс деп қарау керек. 
          2.6. Қазақша және ағылшынша фразеологизмдерді аудару; олардың ұқсастықтары және ерекшеліктері.

«Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. «Фразеология» грек тілінің «phrasis», яғни «сөйлемше және ұғым, білім» деген сөздерінен алынған. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар: бүйректен сирақ шығару, төбесі көкке жеткендей болды, көз бояу, жүрегінің түгі бар, ат үстінде ұйықтады т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен. Тұрақты тіркестердің қалыптасуына қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар, әр түрлі іс-қимыл, бастан кешірген жағдайлар т.б. себеп болады:  «ащы ішектей созылды» деген тіркестің пайда болуына әуел баста қойдың ішек-қарнын ашу жағдайы себеп болған. Ащы ішек ашуға қиын, әрі ұзын, адамды әлекке салады, ұзаққа созылады. Осыдан келіп ауыспалы мағынада бұл тұрақты тіркеске айналып, «ығы-жығы қылатын, баяу әрекет, қимыл» деген мағыналарға қатысты айтылады. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде кейде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атай береді. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады. Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері төмендегідей:  1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады; 2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 3. Мағына бірлігі сақталады; 4. Екі сөзден кем болмайды.

Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиев: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы»  – деп көрсетеді. Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әр кез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ал Н.М.Шанский:«Фразеологизм, фразеологическая единица, – общее название семантически несвободных сочетаний слов, которые не производятся в речи (как сходные с ними по форме синтаксические структуры – словосочетания или предложения), а воспроизводятся в ней в социально закреплённом за ними устойчивом соотношении смыслового содержания и определённого лексико-грамматического состава. Семантические сдвиги в значениях лексических компонентов, устойчивость и воспроизводимость – взаимосвязанные универсальные и отличительные признаки фразеологизма» – деген анықтама береді. Яғни фразеологизмдердің құрамындағы компоненттердің орнын ауыстыруға келмейтің, әбден тұрақталып, қалыптасқан, мағына тұтастығы бір, бір ғана сұраққа жауап беретін, бір ғана синтаксистік қызмет атқаратын қасиетімен ерекшеленетін тілдік единица болып табылады.

Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да кеңінен қолданылады. І.Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес екендігін айтуға болады. І.Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды», – деп жазады. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады.

Фразеологизмдер тілдің әдебилігінің сипаттарын, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін танытады. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері Ж.Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында көрініс табады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді мағынасына қарай:

1) Адамды сипаттайтын  фразеологизмдер;

2) Алғыс және қарғыс  мәнді фразеологизмдер;

3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға  байланысты туындаған фразеологизмдер;

4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге  байланысты туындаған фразеологизмдер;

5) Өлшемдік ұғымдарды  білдіретін фразеологизмдер;

6) Табиғат құбылыстарына  байланысты фразеологизмдер деп  бөле отырып, кейбір фразелогизмдер  мағынасы жағынан бірнеше топқа  қатысты болатындықтан, оларды мұндай  тақырыптық топтарға бөлудің  шартты екендігін ескертеді.

Фразеологизмдер мағынасына қарай бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Кейбіреуіне тоқталып өтелік.

Соматикалық фразеологизмдер. Қазақ тілінде: аузына шайнап бергенді жұта алмайды; қолыңмен істегенді мойныңмен көтер; екі көзі төрт болды, шаш ал десең, бас алады т.б. Ал ағылшын тіліндегі соматикалық фразеологизмдер: something is on (at) the tip of somebody’s tonque (тілдің ұшында), іn one ear and out the other (бір құлаққа кіріп, екінші құлағынан шығу; ақпа құлақ), zip your lip – don’t talk (ауызды құлыппен құлыптап тастау) т.б.

Жан-жануарларға байланысты тұрақты тіркестер: бір оқпен екі қоянды ату; бір қазанға екі қошқардың басы сыймау, жерден жеті қоян тауып алғандай т.б. Ағылшын тілінде: Every dog has his day (итке де бақыт күні туар).

Достық пен дұшпандық ұғымын беретін фразеологизмдер: дұшпаныңа өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле, дос басқа – дұшпан аяққа қарар т.б. Сол сияқты ағылшын тілінде: The best mirror is an old friend ( ескі дос ең үздік сынаушы).Where there are friends, there is wealth (Достық бар жерде байлық бар) және тағы басқалар. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің мағынасы осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ежелден бергі өмірін жан-жақты айқындайды. Бұл фразеологизмдер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған байлығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі фразеологизмдер ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды. Ғалым Е.А.Диброва фразеологизмдердің шығу тегін еркін сөз тіркестерімен байланыстыра қарастырып, еркін сөз тіркестерінің фразеологизмдерге ауысуының 5 кезеңін көрсетеді. 1-кезеңі – сөздердің еркін тіркес кезеңі; 2, 3-кезеңі – еркін тіркестердің фразеологизмдерге ауысуы кезеңі, 4, 5-кезеңдері – фразеологизмдердің қалыптасу кезеңі.

Фразеологизмдер шыққан тегі еркін сөз тіркесінен өзгеше. Фразеологиялық тұрақтылық дегеніміз – тіркестің мағынасының астарлы, образды болуы, бүтін тұлғаға ғана тән болуы. Фразеологизмдердің туу себебі фразеологиялану процесі болып табылады. Нәтижесінде сөз тіркесі түгелдей жаңа, туынды мағынаға ие болады, дайын күйінде қолданылатын тілдік материалға айналады. Көптеген фразеологизмдер ағылшын-қазақ тіларалық фразеологиялық қорында семантикалық жолмен жасалынған. Ағылшын тіліндегі: Keep one’s nose to the grindstone – мұрнынан шаншылып жүру. Екі тілдеде мағынасы «жұмыстан қолы босамау» деген ұғымды білдіреді. Тағы да, Be in smb’s pulse – тамырын басу – «ақырын пікір, сыр тартып көңілін бөлмек болу» деген мағынада қолданылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмнің аспан денелеріне табынудан пайда болған түрлері кездеседі:  Be born under a lucky star – бақытты жұлдыздың астында туу, believe in one’s star – өзінің тағдырына сену. Қазақ тіліндегі аспанға табыну дәстүріне байланысты пайда болып, қалыптасқан фразеологизмдер: «көк, аспан, тәңір, құдай» сөздері арқау болған: құдай жарылқады, тәңірі қолдады, жұлдызы оңынан туды, аспанымыз ашық болсын т.б.

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына әдеби тілмен қатар терминологиялық және кәсіби лексика негіз болған. Мысалы, ағылшын тіліндегі talk shop – «көпшілік жерде жұмыс жайлы сөйлеу» мағынасын білдіреді, яғни «shop» – «шеберхана» ұғымында қолданылады. To turn face about – «көзқарасын (мінезін) күрт өзгерту» мағынасын білдіреді. Әскери терминалогия бойынша «солға шыр айналу» деп аударылады екен.  Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің пайда болып, қалыптасуынан әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады: Move heaven and earth (жер мен көкті жылжыту) қазақ тіліндегі баламасы «айды аспанға шығару», яғни таң  қалдыру ұғымын береді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар  негіз болған. Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер, идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады. Мысалы:

1. He was too soft – hearted and could not refuse money to his children and relatives whenever they asked for it. Бұл жердегі идиома «soft – hearted» «жұмсақ жүрек» (қазақша қайырымды, қолы ашық) деген мағынаны білдіреді.

2. When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed because they knew he had a good ear for music. Бұл жердегі идиома «good ear for music». Мұны сөзбе-сөз аударсақ, «good ear» – «жақсы құлақ» дегенді білдіреді, яғни қазақша баламасы «құйма құлақ».

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. Фразеология соңғы жылдары танымдық тұрғыдан біршама зерттеліне бастады. Мәселен, бұл салада еңбек етіп жүрген Р.Сыздық, Н.Уәли, Г.Смағұлова, С.Сатенова, Р.Авакова т.б. еңбектері бұған дәлел бола алады.

Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген фразеологизмдердің көбі адам эмоциясына қатысты болып келеді. Адам эмоциясына қатысты фразеологизмдердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Яғни, фразеологизмдер эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай қуанды, төбесі көкке екі елі жетпеді  фразеологизімінің, қорықты және жүрегі тас төбесіне шықты, төбе шашы тік тұрды, көзіне қос көрінді фразеологизімінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды, себебі қуанды және қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл мәселе туралы С.Сәтенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: «…іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін «қайғылы, уайымды, шерлі» тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді», – дейді.

Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі қолданысынан басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде эмоционалды реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да шығарма тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде ғалым С.Сатенова: «…тұрақты сөз оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды қолдануы ең алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-сипат беріп, микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді» – дейді.

Информация о работе Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері