Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.

Вложенные файлы: 1 файл

распечатка тип (2).docx

— 67.26 Кб (Скачать файл)

2.2. Сөз тіркестерін, идиомаларды, фразеологизмдерді аудару

Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.

Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір  2) Сентименттер 3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады».

Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.

Ағылшын және қазақ тілдері, салыстырмалы сөздік құрылымында, ағылшын сөздерінің көбі, орыс лексикалық бірліктерінің арасында тікелей ұқсастығы жоқ екендігі анықталды.

2.3. Аудару жолдары: транслитерация, суреттеме аударма, калькирование

Аудармашылар іс-шара тәжірибе жүзінде бірнеше аударма тәсілдерді өндірген:

1. Транслитерация

2. Суреттеме аударма

3. Калькирование

Шетелдік форманы жеткізудің аудармада екі тәсілі бар: транслитерация және транскрипция. Бұл амалдың ортақ термині болып «транслитерация» табылады. Транслитерация – ағылшын сөзін графиктік бейне ретінде жеткізуге негізделген, яғни әріптерді жеткізу. Ал транскрипция – фонетикалық принцип ретінде негізделген, яғни, ағылшын атаулары дыбыстарды орыс әріптерімен жеткізеді. Соңғы тәсіл – ағылшын сөзінің айтылуын дәлме-дәл жеткізеді. Транскрипция тәсілі қазіргі кезде кең таралған, өйткені оның шығу тегі өзгеше ағылшындық архаикалық орфографиядан және естілуінің түнұсқауынан болады. Мысалға: Нью-Йорк, Уолл-Стрит, ағылшын тілінен орыс тіліне енген сөздер: леди, хобби, лобби, апартеид және т.с.с.

Аудармашы сөйлемдерді есте сақтау үшін, оларды минимумға дейін қысқартады. Мысалы: «lobby» сөзі: «Давление оказываемое на членов английского парламента в кулуарах парламента».

Калькирование – күрделі не жай географиялық атауларды жеткізуге қолданылады. Мысалы: New South Wales – Новый Южный Уэльс. Тұрақты сөз тіркестерінің калькированиесі өте кең таралған. Мысалы: People of good will – люди доброй воли. On the brink of war – на грани войны.

Қазақ тілі мен ағылшын тілдерінде формалары ұқсас, мағыналары бірдей сөздер көп. Бұл сөздер тілдерде бір тілден екінші тілге кірме сөз болып ауысудың немесе әлдебір үшінші тілден ауысудың нәтижесінде пайда болға1н. Мысалы: contrast, control, diagram, dialect – контраст, контроль, диаграмма, диалект. Негізінде интернационализмдердің аудармасы, егер бұл сөздердің мағынасы бірдей болса, аса көп қиындық келтірмейді. Бірақ аудармада интернационалды сөзді қолданған кезде, оның орыс тілінде қаншалықты таралғандығына және аударылып жатқан мәтіннің стиліне сәйкес келуіне назар аударған жөн. Аудармашыға формалары ұқсас, бірақ мағыналары әр түрлі ағылшын және орыс сөздерімен жиі кездесіп қалуға тура келеді. Жалпыға мәлім мысалдар мыналар: “compositor”, бірақ мағынасы «композитор емес, «теруші»; ал “conductor” сөзі тек қана «кондуктор» мағынасында ғана емес, «дирижер» мағыынасында да қолданылады. Псевдоинтернационалды сөздердің мағыналарының айырмашылығының ең маңызды және көп кездесетін жағдайы болып олардың заттық-қисындық мазмұнының үйлеспеуі табылады.

Соған қарамастан осындай айырмашылықтардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады:

          1. Қазақ сөзі ағылшын сөзімен барлық мағыналарда емес, тек 1-2 мағынада ғана сәйкес келеді. Мысалы: қазақ тіліне ағылшын тілінен енген “meeting”, яғни «митинг» сөзі ағылшын тілінде анағұрылм кең мағынаға ие. Ол : «жиналыс», «кездесу», «мәжіліс», «жекпе-жек», «грамафондық табақша» сияқты маыналарды бере алады. “Nation” сөзі «ұлт» деген мағынадан басқа, «халық», «ел», «мемлекет» деген мағыналарда жиі қолданылады.

2.Қазақ сөзінде ағылшын сөзінде жоқ мағыналар болады. Бұл әдетте сөз екі тілге де әлдебір үшінші тілден кірме сөз боып ауысқан кезде болады. «Аудитория» сөзінің екі мағынасы бар: а. Оқуға арналған бөлме, в. Сөз тыңдап отырған адамдар

“Auditorium” сөзі тек бөлмені білдіруге ғана қолданылады. Ал «аудитория» сөзінің екінші мағынасына (сөз тыңдап отырған адамдар) ағылшын сөзі “audience” қолданылады.

            3. Ағылшын сөзінде де, қазақ сөзінде де сәйкес мағыналарынан басқа, өз мағыналары бар. «Корреспонденция» сөзі ағылшынның «correspondence» сөзімен ортақ «хат» деген мағынаны берсе, өз мағынасы ағылшын сөзінде жоқ — «газеттегі ағымды оқиғалар». Ал «correspondence» ағылшын сөзінің орыс сөзінде жоқ – сәйкестік, ара-қатынас, аналогия деген мағыналары бар.

          4. Формалары ұқсас ағылшын және орыс сөздерінің әр түрлі мағыналары бар. Мысалы: дивизион – division – бөлім, декада – decade – онжылдық.

Ағылшын тілінде көп мүшелі атрибутивті топтар өте көп таралған. Бұл – бір ғана анықтауыш сөзі бар бірнеше анықтауыштың параллель байланысу жағдайы емес (мысалы, әдемі шуақты қыстық ауа райы),  жеке анықтауыштардың арасында анықталатын зат есіммен байланыстан басқа өзара мағыналық байланыстары болатын көп мүшелі атрибутивті топтар. Мысалы: Douglas Plane Plant Strike Talks Continue. Көп мүшелі атрибутивті топтың аудармадағы мағынасын түсіну үшін келесі ретті ұстану қажет:

  1. Топтың тірек сөзін, яғни анықталатын зат есімді аудару (мұнда: Talks – келіссөздер)
  2. Сөз тіркесі мүшелерінің арасындағы мағыналық қатынастарды талдай отырып, оның ішінде қандай мағыналық топтар бар екендігін анықтау. Осындай талдауды сол жақтан оң жаққа қарай, яғни сөз тіркесінің бірінші мүшесінен жүргізген жөн (мұндағы мағыналық топтар: Douglas Plant, Plane Plant, Plant Strike, Strike Talks)
  3. Жеке мағыналық топтар арасындағы байланысты анықтап алып, барлық сөз тіркестерін тірек сөз – зат есімнен бастап, ары қарай әр мағыналық топты оң жағынан солға қарай аударамыз. Douglas Plant – Дуглас компаниясының заводы, Plane Plant – авиазавод, Plant Strike – заводтағы көтеріліс, Strike Talks – көтеріліске қатысушылармен келіссөз.

Енді көп мүшелі атрибутивті топты тақырыпшаны аударамыз: Дуглас компаниясының авиазаводы администрациясының көтеріліске қатысушылармен келіссөздері жалғасуда. Әрине, осындай ұзын тақырыпшаны былай қысқартуға болады: Дуглас авиазаводындағы көтеріліс жайындағы келіссөз жалғасуда.

Еркін сөз тіркесі аудармасында оның компоненттерінің аудармасы маңызды роль атқарады. Біртұтастық элементтердің аудармасынан құралады, бірақ элементтердің бір-біріне қатынасы ескеріледі. Еркін сөз тіркесінде сөздер маңызды сатыда өздерінің өз мағыналарын сақтап қалады. сондықтан аудармашыға жеке сөз аудармасымен байланысты сұрақтар қатарын шешуіне тура келеді. Атрибутивті сөз тіркестері еркін сөз тіркестерінің көп таралған түрлерінің бірі болып есептеледі. Мысалы: supersonic spending – жоғары дыбысты ракеталар мен ұшақтардың құрастырылуына арналған шығындар. Arab anger – арабтардың (гнев арабов, а не «арабский гнев»), European peace — Европадағы өмір (бірақ «Европаның өмірі» емес) («мир в Европе», а не «Европейский мир»), anti war Gis – соғысқа қарсы шығатын солдаттар, пацифист-солдаттар (солдаты, выступающие против войны, солдаты-пацифисты (а не «антивоенные солдаты»).

Бүтіннің мағынасының бөлшектерінің мағынасынан басым болуы фразеологиялық бірліктерге, яғни байланысқан сөз тіркестеріне тән қасиет болып табылады. Сондықтан, аудармашыға фразеологизмді оның бөлшектерінің мағынасына емес, бүтіннің жалпы мағынасына сүйене отырып аударуына тура келеді. Фразеологиялық бірліктер образды және образды емес болып бөлінеді. Образды фразеологиялық бірліктерге мысал ретінде келесі фразеологизмдер бола алады: to make a sacrifice – құрбандық шалу, to have a good sleep – жақсы ұйықтап тұру, to pay attention – назар аудару. Мұндағы аудармашының басты міндеті – аудармада сөздердің орыс тілінде үйлесу нормасын қатал сақтау, себебі ағылшын үйлесімінің әсер етуі жиі буквализмге әкеліп соғады. Образды емес фразеологиялық бірліктердің аудармасы аудармашының жұмысына аса қиындық келтірмейді. Тұрақты сөз тіркестерін аударған кезде негізгі қиындықтар образды фразеологияны аударғанда туындайды, өйткені олар тілге әсерлілік пен әдемілік енгізеді. Аудармашының міндеті орыс тілінде фразеологизмнің мағынасын ғана беру емес, сонымен қатар оның образдылығы мен экспрессивтілігін де жеткізу. Ағылшын фразеологиясы аудармада кезінде сәйкестіктер табуды қиындататын мағыналық және стилистикалық дифференциялданбағандығымен ерекшеленеді. Фразеологиялық эквивалент дегеніміз фразеологи

Эквиваленттер көмегімен аударылатын фразеологиялық бірліктер тобына интернационалды сөздер, яғни көптеген европалық тілдерде болатын және бір бастаудан шығуымен байланысқан фразеологиялық бірліктер.Негізінде бұл сөздер библиялық-мифологиялық немесе әдебиетке бейім қасиетке ие. Мысалы: sword of Damocles – Дамокл қылышы, to cross the Rubicon – Рубиконнан өту, to shed crocodile tears – қолтырауын көз жасын төгу. Осыған ұқсас бірліктердің аудармасы аса қиындық келтірмейді. Эквиваленттер абсолюттік және қатыстық болып бөлінеді.  Тұрақты сөз тіркестерінің абсолюттік эквиваленттері түпнұсқамен барлық жағынан: граматикалық та, лексикалық та, стилистикалық та жағынан сәйкес келеді. Мысалы: to cast a glance – көз қырын салу, the bitter truth – ащы шындық, to play with fire – отпен ойнау. Тұрақты сөз тіркестерінің қатыстық эквиваленттері түпнұсқамен мағынасы мен стилистикалық жағынан сәйкес келгенімен, оның тұпнұсқадан айырмашылықтары да болады. Бұл айырмашылықтар граматикалық (айырмашылығы жақта, сөз тәртібінде) немесе лексикалық болуы мүмкін. Мысалы: gross widow – қамыс жесір, to kill the goose,  that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа табатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its soar – құсты ұшуына қарап біледі, to play info smb’s hands – біреудің қолында ойнау, to fish in troubled wafers – лай суда балық аулау. Ағылшын және орыс тілдеріндегі мағынасы мен образдылық жағынан сәйкес келетін образды фразеологиялық бірліктердің саны анағұрлым аз. Оған қарағанда аудармашыға мағынасы ағылшын фразеологизміне аналогиялы болып келетін, бірақ басқаша негізделген орыс фразеологизмдерін жиі қолдануға тура кеелді. Мысалы: to work one’s fingers to the bone – демалмай жұмыс істеу, to hit the bird in the eye – дөп (тап) басу, on foot’s horse, to catch somebody red-handed – біреуді әшкерелеу. Осындай орыс фразеологизмдері ағылшын фразеологизмдерінің аналогтары болып табылады. Мысалы, to go to a better world ағылшын фразеологизміне қазақ тілінде: о дүниеге кету, бұл дүниемен қоштасу, о дүниеге аттану, ата-бабасына аттану сияқты синонимдер сәйкес келеді. Аудармашы контекстің ерекшеліктерін ескере отырып, аналогтардың біреуін таңдайды. Спецификалық ұлттық фразеологизмдердің аудармасы жөніндегі сұраққа жеке тоқталу қажет. Мұндай образды бірліктерді аударған кезде аудармашы негізгі үш ережені қолдануы қажет:

1. Дәлме-дәл аударманы  егер де оқырманға фразеологизмнің  құрамындағы ағылшын жағдайы  жақсы таныс болса ғана қолдану. Мысалы: to carry coals to Newcastle ағылшын фразеологизмін: Ньюкаслге көмір тасу деп аударуымызға  болады. Себебі, Ньюкасл – Англиядағы  көмір өнеркәсібінің орталығы  екендігін барлығы біледі. Ал  егер екінші жағынан алып қарасақ, to grin like a Cheshire фразеологизмін дәлме-дәл  «Чеширлік мысық секілді жымию»  деп аударуға болмайды, себебі  бұл орыс оқырманына түсініксіз  болады. Дұрыс аудармасы: «езуі құлағына жеткенше жымию» болады. Тo dine with Duke Humphrey фразеологизмін дәлме-дәл: «герцог Хэмфримен түстену» деп аудару да дұрыс емес, дұрысы: «түскі ассыз қалу» болады.

2. Ұлттық бояуы  жоқ ағылшын фразеологизмдерін қазақ тілінде ұлттық бояулы фразеологиялық бірліктермен жеткізуге тырысу. Мысалы: on fire to fight like Kilkenny cats — өмір үшін емес, өлім үшін күресу, т.б.

Егер де қандай да бір ағылшын тіліндегідей қазақ тілінде эквиваленті болмаса, бұл сөзбе-сөз аудармада түсініксіз жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Аудармашыға одан бас тартуға тура келеді оның жалпы мағынасын жеткізу және суреттеу аудармасын қолдану, мүмкін оның фразеологиялық бірлік мағынасын түсіну еркін сөздердің үйлесуі арқылы. Мысалға алсақ, ағылшын фразеологиясын a skeleton in the cupboard немесе a skeleton in the closet, білдіру мағынасы отбасы құпиясының басқалардан жасырылатын қолайсыз жағдай. Фразеологиялық эквивалент және фразеологиялық аналог орыс тілінде жоқ. Калькирование түсініксіз жайтқа әкеліп соқтырады «скелет шкафта». Яғни осы суреттеу аудармасының әдісімен жалғастыра беруіміз өте-мөте қажет, ол дегеніміз осы фразеологизм мағынасын еркін сөз үйлесімдігі арқылы түсіндіру.

2.4. Сөздік ұйқастық.

Сөз аудармасы ең алдымен қазақ тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне қазақ сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы –лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және қазақ тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері қазақ тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер – көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады.

  2.5. Фразеологиялардың мағыналық жіктелуі

Етістік мағыналы фразеологизмдер: Көзінің еті өсті — көкірек керді, меименсіді; қолды болды — үрланды, жоғалды; басына іс түсті — істі болды, шаіылды; екі аяғын бір етікке тықты тықсырды, қуырды; көз жаздырды — адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады – менсінбеді, көзіне ілмеді;опық жеді — өкінді, санын соқгы; аягына отыргызбады — теңдік бермеді, жуытпады; қолды-аяққа турмады — сабырсызданды, шыдамы кетті; көз байланды — қас қарайды, кешкірді; шыр бітті — семірді, қоц бітті; өкпссі өшті — шаршады, титықтады; Қаламы үшталды ~ жазуға қалыптасты, төселді; шаң берді — бой көрсетті, көрінді; насырға шапты — асқынды, қырсықтіл; монтаң қақты — телмең қақты, жаутанды; жік-жаппар болды –жалынды, жалбарынды, өтіпіп сүранды; оқпаны толмады — азырқанды, місе тұтпады; аузының суы құрыды — таңданды, таңыркады; екі көзі төрт болды — зарықты, сарыла күтті; ат құйрығын кесті — арыздасты, қастасты; ат ізін салмады - қатыспады, көріспеді; көзін жоғалтты — кұртты, жойды; қолқа салды — сұрады, қалады; жіпке тізді — есепке алды, жинады т. б. 
             Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен ~ биік, үзын; қара қылды қақ жарған —әділ, турашыл; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ — мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік— жазғыш, қаламы төселген; ит тұмсығы өтпейтін — қалың, бітік, ау; көк жан — арык, жүдеу; үріп ауызға салғандай — сүйкімді, әдемі; қой аузынан шөп алмас — момын, жуас; тонның ішкі бауындай — ең жақын, әкей-үкей; он саусағынан өнер тамған — шебер, ісмер; тілінен бал тамған—шешен, тілмар; қөзі қырағы— көреген, жіті; көзден бір-бір ұшады — зәру қат; қара бет — арсыз, бетсіз; екі жүзді — опасыз, тұрақсыз; жүрек жұтқан — батыл, өжет, ер; аяқ алып жүргісіз — көп, қалың; аты шулы — атақты, әйгілі; аузын буған өгіздей — үндемейтін, мылқау; қолы ашык, — мырза, жомарт; еті тірі — пысық, ширақ; іске татыр — жарамды, іліп алар; кеспеге қарасы жок, — семіз, майлы; тас бауыр — мейірімсіз, т. б.

Информация о работе Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері