V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

Сабақ бойы өте жақсы қатысқан оқушыға қызыл түсті топтама, жақсы қатысқан оқушыға көк түсті, ал орташа қатысқан оқушылар қолына сары түсті топтамалар беріледі. Алған топтамалардың түстеріне қарай сабақ соңында оқушылар білімі бағаланады:

Қызыл түсті – 5;  көк түсті – 4;  сары түсті – 3.

 

2.2-кесте. Оқушылар білімін бағалау кестесі

Алынған топтама түстері

Бағаланған оқушылар саны

1

Қызыл түсті топтама

 

2

Көк түсті топтама

 

3

Сары түсті топтама

 

 

Сызбанұсқаларды сабақтарда кеңінен пайдалану оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолданумен бірге дүниетаным көзқарасын қалыптастырады. Сабақ қорытындысында үлгерім дәрежесінің жоғары екендігі байқалады.

 

2.3. Оқытудың интерактивті әдісі

9-сынып оқушыларына  «Күкірт қышқылы» тақырыбына өтілген аралас сабақтың жоспарларын  ұсынып отырмын. Интерактивті тақтаны қолдана отырып, бұл тақырыптың терең мәні ашылды. Оқушы қызыққан тақырып есінде мәңгі сақталады. Сондықтан сабаққа интерактивті тақта, BaCl2 ерітіндісі, H2SO4 ерітіндісі, қызықты суреттер, Zn, тауық жұмыртқасының қабығы, бор қолданылды.

Сабақтың барысы: Химиялық ертегі оқу арқылы үй тапсырмасын тексереміз.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, күкірт атты патшаның екі баласы болыпты.  Біреуі төрт жасқа келгенде күкіртті газ, екіншісі алты жасқа келгенде күкірт ангидриді деген атпен әйгілі болды. Біреуінің мінезі өткір түссіз газ болса, екіншісі ұшып жүретін сұйықтық, сонымен қоймай ауада түтінденеді. Өткір баласының өткірлігі сондай, оттекпен тотығып, күкірт ангидридіне айнала алады. Олар сумен дос болыпты. Бірақ өткір мінездісі сумен қосылғанда ғана әлсірейтін көрінеді, ал екіншісі сумен қосылғанда керісінше күшейеді.

Патша екі баласының да сумен қосылып адамзатқа адал қызмет еткеніне риза болыпты. Осы ертегіні химия тіліне аударып, не туралы айтылғанын тиісті реакция теңдеуімен жазуды оқушылардан талап етілді.

Жаңа сабаққа көшу үшін интерактивті тақтадан 2.1- сурет көрсетіледі.     

                                               


                                                          

 

                                                                    H3PO4

                                                    

                                                                 НNO3                       

                                                                     HCI      HF

                                   

                                           

                     

 

 

Сурет 2.1. Күкірт қышқылы – ертедегі «қышқылдардың анасы»

 

Осы суретке қарап, неліктен күкірт қышқылын «қышқылдардың анасы» деп атаған? Тұз қышқылының алыну реакциясын еске түсіріп тақтаға жазыңыз. Көпбалалы анаға құрмет сияқты қышқылдардың ішінен таныстыру құқығы осы қышқылға берілген.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Күкірт қышқылы».

Мақсаты: Интерактивті тақтаны қолдана отырып, бұл тақырыптың терең мәнін ашу, оқушының тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақта алдымен оқушылардан 8-ші сыныпта өткен қышқылдар туралы не білетіндерін сұрақтар қою арқылы естеріне түсіреміз. Қышқыл дегеніміз не? Қышқылдар қалай жіктеледі? Қышқылдардың қасиеттерін естеріңізге түсіріңіздер? Қандай қышқылдар суда еріп иондарға ыдырайды? Сабақ жоспары тақтада көрсетілгендей жұмыс істейміз.

КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ

1. Химиялық формуласы.

2. Құрылымдық формуласы.

3. Салыстырмалы молекулалық  массасы.

4. H2SO4 -тегі S-тің тотығу дәрежесі.

 



Күкірт қышқылын суда еріту

 

 

 

 

5. Физикалық қасиеттері.

6.Химиялық қаиеттері. Басқа  қышқылдармен ұқсас қасиеттері.

а) H2SO4 –тің диссоциациясы ®

     ә) Zn + H2SO4  ®

     б) K2O + H2SO4 ®

     в)NaOH + H2SO4 ®

    г)BaCl2 + H2SO4 ®

     Ерекше қасиеті Cu + H2SO4 ®

Тақтаның қаламын қолдарына алып, екінші жағын толтырады. Физикалық қасиетіне келгенде екі суретті салыстырып, оқулықтан күкірт қышқылының суда еруінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін тауып, дұрыс емесін үстінен сызып тастайды. Қолданылуы сызбанұсқа түрінде көрсетіледі.

 

2.10-сызбанұсқа. Күкірт қышқылының  қолданылуы


 

 

 

 

 

 

 

Сызбаға қарай отырып, оқушылар күкірт қышқылының қолданылуын салаларын көреді. Сабақ басындағы ертегідегі химия мемлекетіндегі күкірт патшасының балаларының сумен қосылып адамзатқа қызмет етуінің себебін түсінеді. Енді сабақты қаншалықты түсінгендіктерін білу үшін мынадай тапсырма орындатылды.

         Жақында баспадан ғылыми мақала  табылды. Оның жарыққа шықпай  қалуының сабебі, өте көп химиялық  қателер жіберілген. Сіздер сол  қателерді түзетуге көмектесіңіздер деп тапсырма оқылды.

         «Күкірт қышқылы» тұздар класына жатады. Ондағы күкірттің тотығу дәрежесі +4-ке тең. Күкірт қышқылы ұшатын иісі бар түссіз газ, суда ерімейді. Суда ерімейтін болғандықтан, иондарға ыдырамайды. Салыстырмалы молекулалық массасы 89-ға тең. Негіздермен әрекеттесіп оксид және су түзеді. Сұйытылған күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарындағы сутекпен кейінгі металдармен әрекеттесіп, сутекті бөліп шығарады».  Ал оқушыларға, осыны мұқият саралап, қателердің барлығын тауып, түзетуі талап етілді.

          Келесі тапсырма. «Бірде француз ғалымы Бернар Куртуа әдеттегідей өзінің химия кабинетінде таңертеңгі асты ішіп отырғанда қасына жақсы көретін мысығы келіп, иығына шықты. Тамақтың жанындағы екі бөтелкенің біреуінде теңіз балдырының спирттегі тұнбасымен, екіншісінде концентрлі күкірт қышқылының темір үгіндісімен қоспасы тұрған. Иықта отырған мысық жалыққан болуы керек, иесінің иығынан секіріп түскенде, бөтелкелерді қағып кетіп, бөтелкелер сынып, ішіндегі сұйықтықтар бірімен бірі араласып кетеді. Осы кезде күлгін кристалдар ауаға тарап, одан соң химиялық құралдардың үстіне қонады. Сөйтіп Куртуа мысықтың көмегімен йодты ашады».

Оқушыларға сұрақ:

  1. Куртуа химия бөлмесінде қандай қауіпсіздік ережелерін бұзды?
  2. Йодты күкірт қышқылының қатысында алу реакциясын және тотығу-тотықсыздану теңдеуін жазыңыздар.
  3. Концентрлі күкірт қышқылымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін және неліктен сақтау керектігін оқулықтан тауып түсіндіріңіздер.

 

         Сабағымыздың екінші бөлімі зертханалық жұмыс.

         1. Бірінші тәжірибе: Нөмірленген екі сынауық берілген, біреуінде тұз қышқылы, екіншісінде күкірт қышқылы бар. Сіздер ойланып, қай сынауықта қандай қышқыл бар екендігін дәлелдеңіздер. Тез ойланған оқушы тақтаға шығып тұз қышқылын күміс нитратының көмегімен, ал күкірт қышқылын барий нитратының көмегімен анықтайды. Күкірт қышқылы және оның тұздарына Ba²+ сапалық реакция болып табылады. Күкірт қышқылы және оның тұздарына Ba²+ сапалық реакция болып табылады. Нәтижесінде қышқылда, суда ерімейтін BaSO4 -тің ақ тұңбасы түзіледі.

          2. Екінші тәжірибе: Мына сынауықтарда тауық жұмыртқасы мен бор бар. Осы екеуіне де күкірт қышқылын құйдым. Қандай өзгерісті байқадыңыздар? Екеуінің ұқсастығы неде? Тиісті реакция теңдеуін жазыңыздар?

          3. Үшінші тәжірибе: Сынауыққа мырыш түйіршігін салып, үстіне күкірт қышқылын құямын. Қандай өзгерісті байқаймыз? Реакция теңдеуін жазыңыздар.

         Күкірт қышқылын күкірт диоксиді түзеді. Күкірт диоксиді – атмосфера құрамына енген өндіріс қалдығы. Күкірт диоксиді қышқылдық жауынның пайда болуын туындатады. Сондықтан да  оқушылар «Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбына дайындаған хабарламаларын ортаға салды.

          1-оқушы: қазіргі күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқылды жаңбыр. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксиді ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рH мәні 5,6-дан төмен жауын шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды. 

         2-оқушы: күкірт пен азот оксидтері металлургия өндірісінен, көмір мен мұнай және әр түрлі газдар жанған кезде түзіліп, атмосфера құрамына енеді. Күкірт оксидінің ең көп мөлшері жылу электр станцияларынан бөлінеді.

         2.2-суреттен қышқыл жаңбырлардың түзілу әсерінің мөлшерін көруге болады.       


                                

                                                       8%                   20%

                                              

                                                             72%              

 

 

 

 

Сурет 2.2. Қышқыл жаңбырлардың түзілу әсері

 

 

 

 

 

3-оқушы: мына суреттерді химиялық реакциямен көрсетіңіздер.

                    SO2     O2   


                                                                                              SO2

 

                                                                                                        

 

                                                                                                                  H2O

                                                                                                 H2SO4

 

 

 

 

4-оқушы: күкірт және азот қышқылдарының түзілуі, қышқылды жаңбыр жаууына мүмкіндік туғызады. Қышқылды жаңбыр биосферада жүріп жатқан көптеген үрдістерге әсерін тигізеді. Қышқылдар топырақ құрамындағы өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорек болатын қажетті заттардың (улы, ауыр және жеңіл металдардың: қорғасын, кадмий, алюминий және т.б.) еруін туғызады. Осының нәтижесінде түзілген улы заттар өсімдіктердің және топырақтағы ағзалардың бойына еніп, келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л-ге жетуі балықтар үшін өте қауіпті. Еуропада 25 елдің 50 миллиондай жері қышқылды жаңбырдың және улы металдардың зардабын тартып отыр.

  5-оқушы: қышқылды жаңбыр көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Норвегия, Финляндияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады.

Көлдің қышқылдануы және ауыр металл иондарымен ластануы балықтардың ұрпақтанып көбеюіне ғана қауіп туғызып қоймай, ол планктондардың, балдырлардың және басқа тіршіліктердің жойылуына әрі адам денсаулығына да әсерін тигізеді (2.3-кесте).

 Тақтаға көңіл аударыңыздар, ауыр металдардың қаншалықты  зиянды әсері бар екендігіне  көздеріңіз жетеді.

 

2.3-кесте. Ауыр металдардың жоғары концентрацияларын адам денсаулығына әсері

Элементтер

Элементтердің әсерінен кейін

Залал көздері

Сынап

Жүйке жүйесінің бұзылуы (минамит ауруы); ішек-қарын трактысының ауытқуы; хромосомды өзгерістер

Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы

Күшән (Мышьяк)

Терінің рак аурулары, интоксикация, перифириялық неврит

Ластанған топырақ, уланған дәндер

Қорғасын

Сүйек ұлпаларының бұзылуы, қанда протейндер синтезделуінің тежелуі, бүйректің және жүйке жүйесінің ауытқуы

Жер үсті, жер асты суларының және ластануы

Мыс

Ұлпадағы органикалық өзгерістер, сүйек ұлпаларының ыдырауы, гепатит

Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы 

Кадмий

Бауыр циррозы, бүйрек қызметінің ауытқуы

Топырақ ластануы


6-оқушы: қышқылданған сулар металл құбырларымен аққан кезде металдарды ерітеді, олардың улы иондары пайда болады. Нью-Иорк аумағынан алынған қышқылды суды қорғасын ыдысқа құйып, бір түн қойғанда металл иондарының мөлшері оның тиісті мөлшерінен асып кеткен.

Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергиямен және басқа аурулармен науқастануына мүмкіндік туғызады. Қышқылды жаңбыр орасан зиян келтіретін болса, оны болдырмаудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

7-оқушы: қазіргі химияның міндеті қалдықсыз өнім шығару. Ендеше атмосфераға шығарылатын күкірт оксидтерін сіңіріп алатын қондырғылар табу, оны сол жерде сумен қосып, күкірт қышқылын алу. Сонда көлі таза табиғат, денсаулығы мықты адамдар көбейіп, күкірт қышқылы да тиімді жағына қызмет етер еді.

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану