V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

Сонымен  бірге оқытудың жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу белгілі проблемалардың пайда болуымен қоса жүруде. Мектептердің басым бөлігінде бейіндік  пәндердің  икемді  емес  жиынтығынан кұралған   бейіндік  оқу жоспарларының катаң   варианттары   бектілген.   Кішігірім ауыл мектептерінде бейіндік сыныптардың кұрылуына   байланысты   да   проблемалар пайда болуда. Кадрлық және материалдық техникалық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірқатар  мектептер тиімділігі аз ішінара бейіндікті енгізуде (мысалы, бір пәнді тереңдетіп окыту).  Бейіндік  оқыту принциптерін  іс жүзінде жүзеге асыра алатын  мұғалімдерді дайындау және қайта даярлау мәселесі өте өткір тұр. Сонымен Қазақстан Республикасындағы мектептік білім беруді реформалаудың бейіндік оқытуды енгізу дайындығының қазіргі сатысында бағыттар және бейіндіктер бойынша оқытуды ұйымдастыруда жеткілікті іс-тәжірибе жинақталды.

Сонымен қатар, оқытуды бейімдендіруді жүзеге асыратын жалпы білім беру мекемелерінің (гимназиялар, лицейлер, мамандандырылған мектептер, ресурстық орталықтар және басқалар) жүйесі әзірге нашар дамыған.

Білім беру жүйесін дамытудың болашақ бағыттарын анықтайтын нормативтік-кұқықтық құжаттарда: Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында оқушылардың кәсіби және азаматтық тұрғыдан саналы түрде өзін-өзі тани білуі үшін жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысында әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік окытуды ұйымдастыру қарастырылған. Ұсынылатын әрбір бағыттың ішінде оқушылардың таңдауы бойынша бейіндік және элективтік пәндердің әртүрлі жинақтары негізінде әртүрлі бейіндіктерді ұйымдастыру қарастырылған.

12-жылдық мектептің жоғарғы  сатысында білім берудің кұрылымы  мен мазмұнын жаңартудың негізгі  идеясы мынада; ол анағұрлым дараланған, функционалды және тиімді болуы  тиіс. Мектептің жоғарғы сатысына қатысты алғанда білім беруді реформалау стратегиясының негізгі принциптері осыған сүйенеді:

өзінің кұқықтары мен міндеттерін анық білетін, қолда бар мүмкіншіліктер мен ресурстар спектрін көре білетін әрі тандап алған тұғырын кез-келген әлеуметтік кеңістікте табысты түрде іске асыра білетін әлеуметтік тұрғыдан көзі ашық және икемді жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған мақсатты бағыт;

білім,  дағды және шеберлік жүйесін (ЗУН) көшіруден окушылардың функционалдық сауаттылығын және тіршіліктің  әртүрлі   салаларындағы  қоғам өзгерістеріне      байланысты   туындайтын  проблемаларды дербес шешуге мүмкіндікті қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға арналған қазіргі кезде басым болып тұрған білім беру парадигмасының біртіндеп бағытын өзгерту;                           

оқушылардың білім беру траекториясын   дараландыру,   оқушылардың   дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

12    жылдык     мектепке      бейіндік  білім    беруді    енгізудің    басты    мақсаты - оқытылушылардың кәсіби  бағыт алуын   және   өз  жолын  табуын   қамтамасыз  ету, оқушылардың   кәсіптік   таңдауды   саналы түрде жүзеге асыруы үшін оларға қажетті ресурстарды   қалыптастыру   мүмкіншілігін беру.

Бейіндік білім беру барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады және коғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстары ескеріле отырып, құрылады.

Білім беруді бейімдендіру алынған терең білімдердің және кәсіби дағдылардың негізінде еркін қимыддауға, өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға және тез өзгеретін  өмірде өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаттарына бағытталған.

Бейіндік оқу - оқу бағытының ішінде оқушы таңдап алатын, оқушының танымдық сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік траекториясын іске асыруға бағытталған бейіндік гендердің және элективтік курстардың жиынтығы.

Оқушының әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту бейіндік оқытуды енгізудің мақсаттарының бірі болғандыктан, білім беру ұйымы белгілеген рәсімдерге сәйкес өз таңдауын және оқу бейімін өзгертуге оқушының кұқы болуы тиіс.

Білімнің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту міндеттері жалпы орта білім берудің жаңа базистік оқу жоспарына (бұдан әрі - БУП) жауап береді.

Жаллы орта  білім берудің жоғарғы сатысы үшін әрбір бағытқа арналған оқу пәндерінің жиынтығы және оларды оқып-үйрену деңгейі инвариантты (базалық және бейіндік құраушылардан тұратын), вариативтік және жеке адамға бағытталған бөліктерден тұратын БУП-пен анықталады.

Білімді   жаңғыртудың   негізгі міндеттерінің бірі - оқытуды жеке-даралауға бағыт ұстау және нарықтық қатынастардың  нақты   жағдайында          окушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Бейіндік оқыту - білім беру процесінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырылуын өзгерту есебінен білім беруді жеке-даралау және бөлшектеу тәсілі. Бұл оқушылардың ынталарын, бейімділіктерін және қабілеттіліктерін толық ескеруге, білімді жалғастыруға және қазіргі заманғы мамандықты алуға ынталылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай міндеттер психологиялық сүйемелдеу ұйымдастырылғанда анағұрлым тиімді шешілуі мүмкін. Сүйемелдеу дегеніміз - өмірлік таңдаудың әртүрлі ситуацияларында даму субъектісінің оңтайлы шешім қабылдауы үшін жағдайлар жасауды камтамасыз ететін әдіс.

Бұл ретте әрбір накты жағдайда даму субъектісі ретінде бала да, оның ата-аналары да, педагогтар да, ең жақын орта да болуы мүмкін. Таңдаудың әрбір ситуациясы дамудың қайсы бір бағдарламалық өрісінен туған шешімнің көптеген варианттарын тудырады. Сүйемелдеу даму субъектісіне бағдарлық өрісті қалыптастыруға көмек ретінде, өз әрекетіне субъекттің жауапкершілігі ретінде түсіндірілуі мүмкін. Бейіндік оқытуды психологиялык сүйемелдеудің мақсаты мектеп окушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психология принциптерін, зандылықтарын қолдану негізінде оқушылардың кәсіптік және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі анықтауына тиімді дайындық жүргізу әрі қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу ұсынылады:

1. Бейіндік окытуды психологиялық сүйемелдеу бойынша   бағдарламалар   мен  әдістемелік  кеңестерді  әзірлеу  әрі  жузеге  асыру.

2.  Бейіндік   окытуды   психологаялық сүйемелдеу    мәселесі    бойынша    кәсіптік бағыттау курстарын  әзірлеу және жүзеге асыру (білім  беру мекемелерінің педагогтары  үшін).

3. Бейіндік оқытуды психологиялық  сүйемелдеудің тиімділік критерийлерін  анықтау.

4.  Оқу бейімін таңдауда  оқушылардың өз орнын табуын  табысты жүргізу үшін қажет  әдістерді іріктеп алу, олардың  жеке ерекшеліктеріне, біліміне, дағдыларына, себептерге диагностикалауды жүргізу және  нәтижелерді талдау.

5.  Оқу бейімін таңдауда  оқушыларға олардың жеке ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, бейімділіктеріне және  мүдделеріне сәйкес көмек көрсету

6. Окушылардың өзінің кәсіптік және тұлғалық жолын табуы жөніндегі жұмысының табыстылығына бақылау жасау формасын анықтау (Оқытушылардың әдістсмелік есептері, тәжірибені қорытындылау бойынша педагогикалық конференциялар, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне-өзі есеп беруі т.т.).

7.    Мектептің  оқушы   және  педагогикалык ұжымдарында оқушының өз жолын табуы және дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық   қолайлы        климатты қалыптастыру.

8.  Оқу бейімін тандауда және кәсіптік   тұлғалық тұрғыдан  өз  жолын  табуда  оқушыларға психологиялық қолдау көрсету.

9. Оқу бейімін таңдау  кезінде және өзін - өзі көрсете білуі бойынша балаларға қолдау  көрсету жөніндегі ата-аналармен ақпараттық-ағартушылық және психологиялық  жұмыс жүргізу.                                                          

10. Инновациялык үдеріс ретінде бейіндік оқытудың тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;  бейіндік оқытуды енгізуге қатысушылар арасында  психологиялық кедергілерді  азайту бағытында жұмысты ұйымдастыру.

 

 

 

1.3. Химияны оқыту  барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту

Білім және тәрбие берумен бірге химияны оқытудың тағы бір аса маңызды міндеті - оқушылардың ақыл- ойын дамыту.

Педагогикалық теориялардың тұрғысынан қарағанда дамыту оқыту деңгейінің және қарқынының көтеріңкі болуына, соларға сәйкес оқушылардың таным әрекетінің белсенділігіне тәуелді болады. Мұның мәнісі -  оқушылардың білім алудағы «ең таяу биігі» көрініп тұруы, оған жету жолында бойына біткен қабілеті мен күш- жігерін аямай, еңбек істеуі тиіс деген сөз.

          Психологиялық жағынан алғанда дамыту білімді игеру мен жаңғырту, таныс және жаңа жағдайда қолдана білу, логикалық ойлануды қалыптастыру болып табылады.

         Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың дамуы химиялық білімнің мазмүнына байланысты химиялық эксперимент жасағанда, сан және сапа есептерін шығарғанда және мәселелерді оқыту кезінде жүзеге асатыны баяндалған.

          Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды қамтамассыз  етуде теориялар мен заңдардың маңызы зор. Ю.В.Ходаковтың еңбегінде (заттардың құрылысы және химиялық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру барысында) оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың мазмұнына мыналар жатқызылады: бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу; нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу (анализ), оларды қайтадан біріктіру (синтез), арқылы нәрсенің тұтас күйін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу, нәрселелердің елеулі қасиеттерін елеусіздерін ажыратып, бөле білу; бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын тексере білу; өз ойының  дұрыстығын дәлелдеп, жалған  болжамдамдарды теріске шығара білу, өз ойын анық, жүйелі  және нанымды баяндауға үйрену.

М.В.Зуева бұл ойлау тәсілдерін методикалық жағынан жүзеге асырудың мәселелерін нақты мысалдар мен талдады.

Оқушылардың ақыл-ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Жеке кластар бойынша теориялық және деректі  материалдардан, химиялық тілден, химиялық эксперимент жасаудан, сан есептер шығарудан қалыптасатын  білім мен біліктердің тізбегі мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.

Оқушылардың ой - өрісі алған білімнің мазмұны мен ауқымын, іске жарата білуінен айқын көрінеді. Мұның үш деңгейі бар. Бірінші деңгейі – алған білімді еске түсіріп жаңғырту.  Бұл білімді мұқият қабылдап, жадында ұстай білуінен аңғарылады. Екінші деңгейі – алған білімді оның қалыптасуына ұқсас жағдайда қолдана білу. Мұндай білімді қайта жаңғырта отырып,  тасымалдау және іске жарату жүзеге асады. Үшінші  деңгейі – алған білімді бұрын  кездеспеген жаңа жағдайда  қолдана білу. Бұл жаңа жағдайда бұрынғымен жақындастыратын,  байланыстыратын, ашатын ойлау  тәсілдерін жүзеге асыруды қажет етеді.

Білім алу мен қолдану процесінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері: салыстыру анализ және синтез, жіктеу және жүйеге түсіру, себеп – салдар байланысын ашу, қорыту және жалпылау. Бұлар бір – бірімен ұштасып жүзеге асырылғанда ақыл – ой әрекетінің негізгі тәсілдері деп аталады. Мәселен, нәрселер мен құбылыстарды салыстырудан қорытынды жасалады. Жалпылау кезінде елеулі белгілері таңдалып, жүйеге түсіріледі, қорытынды жасалып, мысалдармен нақтыланады. Қорытындылауды себеп – салдар байланысы, жіктелуі, жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысы ашылады.

Оқушылардың ақыл – ой әрекетін қалыптастыру химияның алғашқы сабақтарынан  басталып,  біртіндеп дамытылды. Ол үшін әр тақырыпқа лайық сұрақтар, жаттығулар мен тапсырмалар  әзірленеді. Бұл орайда білімді жүйеге келтіру және қорытындылау сабақтарының маңызы зор. Бұл сабақтарды ақыл – ой әрекетінің айтылған тәсілдерін қолдану арқылы  оқушылар материалды жаңа қырынан көруге үйренеді, жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысын тауып,  алған білімді қолдана білуге дағдыланады.

Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері -  оқушыларда қоғам, табиғат және олардағы адамның орны туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру жолы. Жеке адамның ғылыми көзқарасының құрам бөліктеріне жататындар: жалпы түрдегі білім мен біліктер жүйесі, оны объективті дүниені түсіне  білуге пайдалануы, ғылыми  білімнің ақиқаттығына және қолдану теңділігіне  шүбәнсіз сенуі асқақ мұратымен негіздерінің болуы және оларды іс – жүзіне асыра білуі.

Ғылыми көзқарас жеке пәндерден алған білімнің қорытылуынан туады. Дүниеге көзқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар: философиялық деңгей,  жаратылыстану ғылымының деңгейі және жеке ғылымдық (мысалы, химиялық) деңгей. Осы деңгейлерге сәйкес дүниенің философиялық, жалпы ғылымды және жеке ғылымдық (химиялық, физикалық, т.б.) бейнелері қалыптасады.

Химия материяның нақтылы  бір түрі - заттарды және материя қозғалысының химиялық формасы - заттардың сапалық өзгерістерін зерттейтін ғылым. Химияны үйренгенде заттар мен құбылыстар туралы білімді жалпылап қорыту арқылы оқушыларды табиғаттың химиялық бейнесі қалыптасады. Химиядан алынған нақтылы  білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нәтижесінде табиғаттың  жалпы ғылыми бейнесі пайда болады. Дәлірек айтқанда табиғаттың химиялық бейнесі дегеніміз  - химиялық жалпы білімнің қоғамдық пәндерден алған біліммен бірігуі  бір тұтас ой – пікірге, сенімге айналуы.

Ғылыми білімді сатылап қорытындылаудың нәтижесінде оқушыларда ғылыми көзқарас идеяларының мынадай жүйесі қалыптасуы тиіс: дүниенің материялығы және  бірлігі, материяның шексіздігі мен мәңгілігі, құбылыстардың өзара шарттастығы, қозғалыс – материяның тіршілік тәсілі екені, материя қозғалыстары түрлерінің байланыстылығы; таным – объективті дүниені адам   санасында бейнеленуі екені, дүниені  танып білуге болатыны; танымның шексіздігі.

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану