V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін  материалдың мазмұны мен теориялық  деңгейіне, пән аралық байланысты  күрделенуіне қарай дүниетанымның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүзеге асады.

Бірінші кезеңде, бейорганикалық химия курсын өткенде, заттар мен және химиялық реакциялармен байланысты жеке көзқарастар, химиялық ұғымдар деңгейінде химиялық терминдер арқылы  қалыптасады. Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы білінеді және құрамы мен құрылысына тәуелді болады. Заттар үздіксіз өзгеріске ұшырайды,  бірақ ізсіз жойылмайды, бір заттар екінші затқа айналады. Бұл айналулар кезінде затты құрайтын бөлшектер – молекулалар бұзылады ал атомдар сақталады. Физикадан алған біліміне сүйеніп, атомдардың күрделі бөлшек екені, құрылысындағы қайшылықтар туралы пікір туындайды. Заттар мен химиялық реакциялардың жіктелуін, олардың арасындағы генетикалық және себеп – салдар байланыстарын өткенде  қарама – қарсылық,  жалпы мен жекенің шарттастығы санның сапаға ауысуы туралы көзқарас орнығады.

Д.И.Менделеев ашқан периодтық  заң мен  периодтық жүйені қарастырған химиялық  элементтердің барлық көрсеткіштері жүйедегі орнымен сипатталатыны бір – біріне айналатыны және жойылмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Периодтылық табиғаттың ақиқат заңдарының бірі екеніне, оның ашылмаған элементтерді алдын – ала  болжауға мүмкіндік бергеніне және олардың расталғанына оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң химиялық элементтердің топтарын, топшаларын, жеке элементтерді және олардың  қосылыстарын өткенде өтілген заңдар мен теорияларды басшылыққа алып, заттардың  қасиеттерін, реакция нәтижелерін болжай білуге үйренеді.

Екінші кезең органикалық химияны өтуге байланысты бұл кезеңде оқушылар заттардың сан алуандығы олардың және кеңістіктегі құрылысына тәуелді екеніне органикалық заттардың түзілуі, реакциялары, қасиеттері жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай  тіршілік күшінің (витализм) жоқ екені жөнінде түсінік  алады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың  бірлігіне көз жеткізеді, химия мен биологияның арасындағы пән аралық байланыс нығаяды.

Үшінші кезең орта мектеп үшін жаңа қорытынды курс – жалпы химияны өткенде жүзеге асады. Жалпы химия курсында заттардың құрылысы, химиялық реакциялар, металдар және бейметалдар туралы оқушылардың білімі тереңдетіліп, бір жүйеге түсіріледі, қорытылп, жалпыланады. Жаратылыстану пәндерін және қоғамтанудан алған философиялық біліммен ұштастырылады. Химялық ұғымдармен қалыптасқан дүниетаным философиялық ұғымдар дәрежесіне дейін көтеріледі.

Төртінші кезеңде  бейорганикалық химиядан, органикалық химиядан және жалпы химиядан  алған  білімді  қорытындылағанда әрбір химиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады. Диалектика табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын қарастыратындықтан, химия саласындағы өзгерістер мен  даму  осы заңдылықтарға бағынатын нақтылы мысалдар мен түсіндіріледі. Затқа материяның нақтылы  бір түрі реакциялық қозғалыстың химиялық формасы деген анықтама  беріледі. Зат үздіксіз өзгерістің  бір буыны  ретінде қарастырылып,  оның өткені, қазіргісі және болашағы жөнінде қорытынды жасалады.

 

1.4. Дамыта оқытудың  тиімділігі                  

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

         «Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік  өзгерістердің белгілі бір өлшем  шегінен шығып, сапалық өзгерістерге  айналуы,»-деп түсіндіріледі.

         «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

          Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.

        Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын  аймағы – баланың тек үлкендердің  көмегі арқылы атқара алатын  істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

         Мектеп  оқушыларының танымдық қызығушылығын  дамытудың негізгі факторы олардың  білімі мен дағдыларының  дәрежесі  ғана емес, сонымен бірге, баланың  маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен

практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

          Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы 1.3-кестеде келтірілген.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

 

1.3-кесте. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық процесінің компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

1

2

3

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке,   топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция


 

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.                            

         Бұл – үшеуі дамыта оқытудың  Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған  жүйесінің негізгі компоненттері.

         Оқушы алдына оқу мақсаттарын  қоюда ешқандай дайын үлгі  берілмейді. Мақсатты шешу іштей  талқылау, сосын жинақтау арқылы  жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін  ұйымдастырушы, бағыттаушы адам  ролінде шешім табылған кезде  әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын

біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.  Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

 

1.5. І-бөлім бойынша  қорытынды

Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері қаралды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы, 12 жылдық білім беруде білім, білік дағдыға қоса тұлғаны әлеуметтендіру мен білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер келтірілді.

Жаңа білім беру кеңістігі қоғамдық қызметтің аймағы болып табылады, мұнда азаматтық қоғам өсіп, бұл кеңістікте азаматтықтың критерийі қалыптасатын болады. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері, химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту, сонымен қатар дамыта оқытудың тиімділігі қарастырылды.

 

ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ

2.1. Сабақ туралы  түсінік

 

          Химияны оқытудың білім мен  тәрбие беру, оқушыларды дамыту  міндеттері, ең алдымен, сабақта  шешіледі, содан соң басқа формаларында (сабақ,  факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б.) жетілдіріледі және тереңдетіледі.

Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы – ұйымдастыру формалары – сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе құрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді.

Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндеттері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.

Сабақ  ұғымының  негізгі  белгілері:  оқушылардың  тұрақты  құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі; уақыты кесілімді - 45 минут; оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді. Өткізу әдістері алуан түрлі.

Бір сыныпта оқитын оқушылардың жасы, физиологиялық және психикалық жетілуі  шамалас,  оқу  жоспарында  белгіленген  мерзімде химияның бағдарланған курсын толық меңгеру мүмкіндіктері бар. Химия курсы жеке сабақтарға жүктеліп оқытылады,  олардың жалпы саны - 303, VIII-сыныпта-105 сабақ,  ІХ сыныпта-85 сабақ,  Х сыныпта-68,  ХІ сыныпта-68 сағат өткізіледі. Бұлар біртұтас сабақтар жүйесін құрайды, бұл жүйеде әр сабақтың орны, өзіндік атқаратын қызметі бар.

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану