V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

        Инвариантты компоненттегі пәндердің мазмұны арқылы білім алушы нәтижеге жетеді. Сондықтан да тұлға бойында ұлттық идея мен жан-жақты даму, түйінді құзыреттіліктердің қалыптасуына негіз болатындай білім мазмұны қарастырылу керек. Демек, ұрпақ бойындағы білімділік мұраттарының алатын орны ерекше.

Қазіргі уақытта жаңа білім жүйесі үшін интеллектілік негіз жасайтын жаңа педагогикалық және  философиялық идеялар кешенін іздестіру керек. Ол үшін  ең алдымен оқытудың мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді. Оқыту әдістері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.

Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғалімі оқушыларын білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз – мазмұнның ішкі қозғалысы.

Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз – белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген анықтамаға келеміз.

Химияны оқыту әдістері ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып, білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.

Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды (1.1-сызбанұсқа). Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме – иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармақталады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына, яғни оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі сармандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы, одан әрі жеке әдістерге жіктеледі (1.1-кесте).

 

1.1-сызбанұсқа. Оқыту әдістерінің жіктелуі


 

     

 

 

 

 

1.1-кесте. Жеке әдістердің жіктелуі

Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру

баяндау (дәріс, әңгіме);

әңгімелесу

текспен өздігінен жұмыс

Сөз көрнекі әдістер

көрнекі құралдары көрнекі көрсете отырып баяндау

көрнекі құралдары көрнекі көрсете отырып әңгімелесу

текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс

Сөз – көрнекі – сармандық әдістер

оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы

химиялық тәжірибелер орындау

құралдар құрастыру, модельдер жасау

жазбаша және графикалық жұмыстар орындау


Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі – мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі. Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің әдістері 1.2-кестеде келтірілген.

 

1.2-кесте. Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің әдістері

Сөз әдістер тобы

Әңгімелесу (дискуссия семинар)

текспен өздігінен жұмыс

Сөз көрнекі әдістер тобы

көрнекі құралдарыды пайдаланып, эвстрикалық әңгімелесу

көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс

Сөз – көрнекі – сармандық әдістер

Жеке әдістерінің тізбесіндегідей. Айырмашылығы оқушылардың таным әрекеті эвстрикалық сипатта болады


 

Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз-көрнекі әдісі: әдебиеттермен және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сармандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған.

Оқыту әдістерін жалпы логикалық жағынан алғанда индукция және дедукция, аналогия деп жіктейді.

Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.

 

1.2. Жалпы орта  білім беру деңгейінде бейіндік  оқытуды ұйымдастыру мәселелері

Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті - білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.

Жаһандандыру жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты  дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын оның әлеуметтік капиталының дамуына байланысты.

Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін реформалау білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр /14/. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін бейіндік окытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру ұйымдарымен икемді байланысын шыңдауға бағытталған.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялык ұлттық университетте   2006   жылғы   27   мамырда оқыған «Инновация және білім арқылы экономиканы білу»  атты дәрісінде: «Әлемнің  бәсекеге   анағұрлым   қабілетті 50 елдің катарына   Қазақстанның  кіру  міндеті  тек мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжірибелері бар, ғылыми технологиялар білімін игерген жоғары білікті  мамандар ендіретін болса», - деп атап өтті.

Даму  үстіндегі   қоғамға   әртүрлі   салада табысты түрде жұмыс істеуте дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Проблемаларды шеше алу және команда құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы болу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құлдылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу сияқты қасиеттер де талап етіледі.

Қазақстандық білім беру қолданыстағы жүйесі еліміздің әлеуметтік экономикалық  дамуын   кадрлық қолдауды толық түрде қамтамасыз ете алмай отыр, жеке тұлғаны дамыту және мектеп оқушысын кәсіби тұрғыдан өз орнын табуына қажет біліммен қамтамасыз ету, өзінше талдау жасау, өзін-өзі тану кабілеттілігін дамыту  міндеттерін жеткілікті түрде шеше алмай отыр. Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғастыруына қажет бағыттарды тез дұрыс таба алмай отыр, өзінің болашақ кәсіби қызметі   мен   мемлекеттің   экономикалық технологиялық және  қорғаныс кабілетінің дамуы   арасындағы   байланысты жеткілікті    білмей   отыр.   Қалыптасқан   жағдайдан шығудың жолы жоғарғы сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттау бағытында мектептердің жұмысына маңызды өзгеріс енгізу болып табылады.

Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкіншіліктеріне жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан калыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас адамның кандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді.

Бейіндік білім беру жүйесі - жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы.

Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.

Тұтас жүйе ретінде бейіндік білім беру мыналарды қамтамасыз етеді:

-  оқушыларды бейіналды  және бейіндік дайындау мазмұнының  кәсіби біліммен сабақтастығы;

- бейіндік пәндер бойынша  дайындықтың тереңдігі;

Көптеген дамыған елдерде сол елдердің мәдени және тарихи дәстүрлеріне тән ерекшеліктері, сондай-ақ жалпыға ортақ қасиеттері бар жалпы орта білім беру аясындағы бейіндік білім беру жүйелерінің қалыптасқанына көп болған, әрі табысты түрде жұмыс істеуде.

Бейіндік оқыту жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясатының негізін кұрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған.

Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады:

- оқу орындарын әртүрлі  типтер бойынша бөлу;

-  бір оқу орнының  ішінде бейіндерге және ағымдарға  бөлу;

- сыныптарды бейіндік топтарға бөлу.

Көбіне бейіндік «аға» мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі ретінде ерекшеленеді: мысалы Францияда-лицей, Германняда - гимназия, АҚШ-та - «жоғарғы» мектеп.

Оқу орнының ішінде  окытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген елдерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің 1-сыныбынан бастап 6-сыныбы бойынша барлық окушылар жалпы түрде бірден дайындық алады, 7-сыныптан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды.  Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғастырудың екі нұсқасы ұсынылады: жоғарғы білімге жол ашатын академиялық және көбіне   қолданбалы   және   бейіндік  пәндерден  тұратын  жеңілдетілген оқу жоспары бонынша окыту жүргізілетін кәсіби.

Бөлшектеп саралау және әртараптандыру идеялары топтық оқытуды ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойынша ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (АҚШ); оқушыларды қабілеттері, мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу    бағдарламаларының деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және , т.б.

Бейіндік  дайындықты   ұйымдастыру білім алушының     жеке  оқу     жоспарын калыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу курстарының қатаң тізімінен бастап  (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде ұсынылатын көптеген курстарды жинақтау мүмкіншілігіне дейін (Англия, Шотландия, АҚШ және т.б.). Әдетте, мектеп окушылары (кредиттердің)  ұзақтығы  бір  семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінін (курстарының)  саны негізгі мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде оқытылуы мүмкін. АҚШ-та,  Жапонияда  «аға»  мектепте  оқу бағдарламаларының   екі  типі   қолданыста: жалпы және арнайы білім беру.  Германияда ПРОА жүйесі колданыста, оның  шеңберінде оку пәндері П - кәсіби курс, Р - кеңейтілген курс, О - негізгі курс, А - бейімделген курс түрінде ұсынылған. Бұл ретте міндетті және таңдап  алынған бейіндік пәндердің  көбісі жоғары деңгейде оқытылады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде калыптасуы жағдайында орта білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағыталған жүйені құрудың орасан зор мәні бар.

 Қазакстан   Республикасының    "Білім туралы»   Заңы  (1991 ж.)    мемлекеттік  саясаттың бірқатар ең негізгі приндиптерін  белгіледі, оның ішінде; жалпы орта білім  берудің   вариативтілігі, оқытылушылардың кәсіби бағыт алуы, оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген және кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар, колледждер) құру.

1992 жылдан бастап Қазақстанда  мектептік білім беруді реформалау  басталды, оның жетекші идеясы  оқушыларды вариативтік жалпы  орта білім беруге дайындау  үшін бірегей білім беру кеңістігін  сақтай отырып, жағдайлар жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Кеңестік    мектептің    біркелкілігінен алшақтай отырып, білім берудің мазмұнын жаңарту      жолдарын      іздеу      Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті  білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ережеде, Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебін дамыту тұжырымдамасында және жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасында (1996ж.) көрініс тапты. Бұл кұжаттарда мектепті гуманитарлық және   жеке   даралық   білім    беруге   бұру, оқушылардың     ынталарын   ескере  отырып, оқытуды    жаратылыстану-математика, гуманитарлық-эстетикалық, кәсіби-техникалық бағыттар бойынша бөлшектей отырып ұйымдастыру жарияланған, бұл барлық міндетті пәндер бойынша білім беру стандарттарының және оқу бағдарламаларының бірінші варианттарына (1996, 1998, 2000 ж.) жүзеге асырылды.

Жалпы орта білім берудің Қазақстан   Республикасындағы  жалпыға       міндетті  мемлекеттік стандартында  (ҚР  2.003-2002 МЖБС) жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы білім беруді ұйымдастырудың принциптері ары қарай дамуда. Қазақстандағы мектептік  білім   беру  реформасын  жүзеге   асыру аясында ҚР МЖБС - 2002 ережелеріне сәйкес 2006/2007 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптарда қоғамтану - гуманитарлык, жаратылыстану - математика бағыттары бойынша оқушыларды бейіндік окыту енгізілді. Стандарт негізінде оқытудың екі бағыты бойынша пәңдік бағдарламалар әзірленген. Стандартты  енгізу тәжірибелік сынақтан өткен әрі жалпы білім  беру мектептерінің   10-сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бейіндік оқулықтарды және УМК-ны жасаумен нығайтылған.

Мектептік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру жылдарында республикада әртүрлі инновациялық оқу орындары құрылды, әрі мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды бейіндік және жеке оқытуды ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибе жинақталды.

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану