Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның шығу тегі
1.1.Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы

2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғы шарттары
3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой распечатка.docx

— 60.82 Кб (Скачать файл)

Тәуелсіз  еліміздің  экономикасын  тұрақтандыруда, экономикалық  өсу  мен  экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді  қамтамасыз  етуде  ұлттық  валюта – теңгенің  рөлі  айтарлықтай.

Алғашқы  кезде  Теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  (1 теңге = 100 тиын) мынадай  номиналдардан  тұрады: 1, 3,  5,  10,  20,  50  және 100 теңгелік банкноттар,  1,  3,  5,  10,  20  теңгелік  монеталар,  1,  3,  5,  10,  20  және 50 тиындық  монеталар (бастапқыда  қағаздан  жасалған).

Кейіннен  айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы  үлгідегі  номиналы  200 теңгелік  және  1994 жылғы  үлгідегі  500 теңгелік  банкноттар;  1995 жылы  1994 жылғы үлгідегі  номиналы  1000 теңгелік  банкноттар;  1996  жылы  1996 жылғы  үлгідегі  номиналы  2000  теңгелік  банкноттар; 1997 жылы номиналы  1,  5,  10,  20,  50  теңгелік  монеталар (жаңа дизайны);  1999 жылы  1998 жылғы  үлгідегі  номиналы  5000 теңгелік  банкноттар;  2000 жылы  1999  жылғы  үлгідегі  номиналы  200 және  500  теңгелік  банкноттар (дизайны  өзгертілген).

2001 жылы:  2000 жылғы  үлгідегі  номиналы  1000 және  2000  теңгелік  банкноттар  (дизайн  өзгертілген);  2001  жылғы  үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара  өзгертілген);  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  10 жылдығына  арналған  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  мерейтойлық  банкноттар;  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара өзгертілген).

2002 жылы:  2003 жылғы  үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар;  1999 жылғы  үлгідегі  номиналы  200  және 500 теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара  өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы:  2003 жылғы  үлгідегі номиналы  10000 теңгелік  банкноттар.

1993  жылға  дейін  айналыста кеңес  рублі  болды, сонан соң  Ресей жаңа  рублін  енгізді.  1993 жылдың  күзінде  Қазақстан ТМД  елдерінің  ең  соңында  рубль  аймағынан  шықты. Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  Жоғарғы  Кеңес пен  Үкіметтің  бірлескен  қаулысы  қабылданды. Президенттің  Жарлығы  шықты. Осылайша,  1993 жылдың  15 қарашасы  төл  теңгеміздің  туған  күні  деп саналады.

Егер де бүгінгі  таңдағы  қаржылық  жүйеге , біздің  валютаға  келетін  болсақ,  қазіргі  кезеңде  теңге  нығайтылды деп айту  әлі  ерте.  Оның  бағамы  тек  тұрақтанды  деуге  болады.  1999 жылға  шейін  теңге  бағамын  жасанды түрде ұстап  тұрдық. Бірақ  басты  проблема  валюталық  бағамда емес. 1996-1998 жылдар  барлық  күш  инфляциямен  күреске  жұмсалды. Үкімет  теңгешілдік  саясатты жүргізе  отырып, ақша  тапшылығын  тудырды.

Тәуелсіз  мемлекеттің  міндетті  рәміздерінің  бірі – оның  ұлттық  валютасы  болып  табылады. Кез-келген мемлекеттің  тарихына оның  бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы  да  кіреді. Басқа  көптеген  елдердің  ұлттық  валютасының  тарихы  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан. Барлық  ұлттық  валюта  елдің  өткенін, бүгінгісін  және  болашағын  бейнелейді. Ал  теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық  валютасының  тарихы – Президенттің  1993 жылғы  15 қарашадағы  Жарлығынан  басталады. Алайда  сол  күнге  дейін  теңгенің  сыртқы  сипатын  жасау  бойынша  ұзақ жылдар  мен  айлар  бойы  қатарлы  еңбек пен  табанды  жұмыс  жүргізілген  болатын. Алғашқы  кезде  теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  мынадай  номиналдардан  тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100  теңге. Бір  теңге  құны   1,2,5,10, 20  және 50  тиын  болатын  100  тиыннан  тұрды. Жеті  банкнот  жасау  үшін  Т.Сүлейменовтың  басшылығымен  суретші  дизайнерлер  командасы  құрылды. Оған  М.Әлин, А. Дүзелханов  кірді. Оларға  ерекше  әрі  өте  жауапты  жұмыс  жүктелді. Банкноттың  дизайны  көркемдік  жағынан  алғанда  эстетикаға  сай  әрі  алдағы  уақытта  оларды  көптеп  шығаруға,  яғни  полиграфиялық  басылым  тұрғысынан  алғанда  барынша  ыңғайлы  болуы  керек. Біріншіден, банкноттар  тарихи  тұжырымдама  тұрғысынан  алғанда  шын  мәнінде  қандай  болуы  керек  екенін  шешу  қажет  болды. Екіншіден, оларда  бейнеленген  тарихи  тұлғалардың  бет-әлпетін  барынша  дәл  түсіру  керек етті.

Металл  ақша – ерекше  әрі  маңызды  тарихи  дерек  көзі. Олар  бүгінгі  күнге  тарихи  тұлғалардың  тұтас  бір  портреттік  галереясын,  түрлі ескерткіш  бейнелерді  алып  келді, олардағы  суреттерде  мифологиялық  сюжеттер, тұрмыс-салт  көріністері  бейнеленді.

1994  жылы  ұсақ  қағаз  тиындардың  орнына  құны 2; 5; 10;  20; және 50 тиындық  латунь  металл  ақшалар  шығарылды. Қазіргі  уақытта  Қазақстан Республикасының  аумағында  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған  1993 жылдың  үлгісіндегі  құны  1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың  үлгісіндегі   "нбрасс"  қоспасынан  жасалған  құны  1; 5; 10 теңгелік  және  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған 20,50  теңгелік  металл  ақшалар айналыста  жүрді. 1997  жылғы  үлгідегі  (жаңа металл  ақша  қатары) металл ақшаларды  айналымға  қосу  оларды  халықтың  пайдалануы  үшін  барынша  қолайлы  етіп  шығаруға, металды  аз  жұмсауға  деген  ұмтылысқа, сондай-ақ  металл  ақшаның 50 теңгелік  қосымша  құнының  енгізілуіне  байланысты  болды.

Республикада  ақша  айналымында  металл ақшамен  қатар  мерейтойлық  және  ескерткіш  металл  ақшалар да  қолданылуда. Мерейтойлық  және  ескерткіш  металл ақшалар  белгіленген  құнға  сәйкес  төлем  қабілетіне  ие, бірақ олар  негізінен  мәдени-ағарту  мақсатында  шығарылған. Әдеттегідей  олар  қатаң  шектеулі  таралыммен  шығарылады  және  Қазақстан Республикасының  аумағында  және  шет  елдерде  коллекциялық  құнымен  сатуға  арналған. 1995-2000  жылдардағы  кезең  ішінде  "нейзильбер"   қоспасынан  он бір  ескерткіш  және  мерейтойлық  металл ақша, тоғыз күміс және "prool"  сапасымен бір алтын  ақша  шығарылды.

Банкноттармен  металл  ақшаларды  әзірлеу саласындағы  жетістіктерге  қарап  Теңге – тәуелсіз, егемен Қазақстанның  рәмізі екендігін,  еліміздің  кешегі  күнінің  айғағы, сенімді  бүгініміздің  дәлелі  және  жарқын  болашағының  кепілі  болып  табылады. 

1999 жылы  біздің  өсуімізге  жаңа мүмкіндіктердің  көкжиегі  ашыла  бастады. Осыған  байланысты  теңгенің  экономикалық  өсімге  тікелей  қызмет етуін  қамтамасыз  ету  қажет  болды. Бұған  дейін  теңге  құлдырай  бара  жатса  Ұлттық  банк  өзіндегі  алтын-валюта  қорынан қосымша  ақша  жұмсап, оны  реттеп отыратын. Бірақ бұл  әрекет  жасанды  бағамның  жасалуына жол  ашты. Теңгенің  шын  бағамын  белгілеу  үшін  оны  еркін  жүзеге  жіберу  керек  болды.. Елдегі  инфляция  қазір  соңғы  үш жылда  5-6 пайыздан  асқан жоқ.

Ел экономикасының стратегиялық  даму  көрсеткіштеріне  болжам  жасала  отырып, 2006-2007 жылдары  теңгені  еркін  айырбасқа  жіберу  туралы  мемлекетте  бағдарлама бекітілді. Осыған  орай  теңге  үш жылдан  кейін  барлық  экономикалық  кеңістіктерде  АҚШ-тың  доллары  сияқты  еркін  айырбасталатын  валютаға  айналмақ.Мұндай  жағдайда  теңге  өзінің өміршеңдігіне  негіз  қалайтын  болады. Дей  тұрғанмен  болашақта  құрылатын  біртұтас экономикалық  кеңістікте  ортақ  валютаның  болуы  қиял  емес. Теңге  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  қол  жеткізе  алмай  келе  жатқан  асқаралы армандарының  бірі  болатын.

Қорғау  элементтері, пайдаланатын  техникалық  тәсілдер, орындалу  күрделігінің  жиынтығы  бойынша  Қазақстан  теңгесі  қолданылып  жүрген валюталардың  жетекші  әлемдік  үлгілерімен  бір қатардан  орын  алады және  оның  дизайны  одан әрі  жетілдірілуде, бұл  полиграфиялық  және компьютерлік  технологиялардың  дамуына әрі  ақшаны  жаңа  тұрғыдан  қорғау мен  оған  мәшине  ғана оқи  алатын  элементтерді  енгізу  бойынша  Ұлттық  банктің  жоспарлы  жұмысына  байланысты  болды. 2006 жылы  жаңа дизайндағы  банкноттарды  енгізді.

Ұлттық  валюта- теңгені  енгізген алғашқы  күннен  бастап қайта құру  құрылымын  тездету, инфляцияны  төмендету, тұрақты экономикалық  өсуге  жету, төлем  балансының  тепе-теңдігін  және  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету міндеттері  қойылды. Осы мақсатта  Үкімет  пен Ұлттық  банк  қатаң  макроэкономикалық саясат  жүргізуге  бағыт  алды,  оған  бюджет  тапшылығын  едәуір  қысқарту  және  кредит  экспансиясын  шектеу кіреді.

Валюталық  реттеу және  валюталық  бақылау  саласында  валюталық  режимді  бұдан  әрі  ырықтандыру  үшін  қажетті  алғышарт  жасау  бойынша  жұмыс  жалғасуда. Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  2005-2007 жылдарға  арналған  валюталық  режимді  ырықтандыру  бағдарламасы іске  асырылуда. Есеп айырысу  баламасына  деген сұраныс б.э. дейінгі VIII  ғасырда  белгілі  салмақ  пен  құрамдағы  стандартты құймалардың  пайда  болуына  негіз  қалады.

Қазақстанның  Конститутциялық  Кеңесі  Қазақстанның  біртілді  я  екітілді  мемлекет  екендігін  ашып  айтып  бере  алмаған  күйі  үнсіз. Демек, елдегі  солқылдақ  ұлттық  саясаттың  салдарынан  біз  әлі де  мемлекеттік  тілдің статусын  айқындай  алмай  жүрміз. Сөйтіп, төл  теңгеміз  қос  тілде  жарық  көрді. Мемлекеттік  тілде  қате  кетті.

Елдің  елдігін, мемлекеттігін  паш  ететін  5 түрлі  символы  болады, олардың  бастысы  әрі  бірегейі – тілі мен  территориясы, шекарасы мен  ақшасы. Ендеше, теңгеге  тек  төлем  құралы  ретінде  ғана  қарауға  болмайды  екен. Ол  төлем  құралы  бола  тұрып, елдің  тарихи  жадында  паш  етуі  тиіс.

Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар  ұ сталмай  бірге –бір  есебінде  жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта  болатын  акция  ескі  және жаңа  дизайндағы  банкноталардың  республиканың бүкіл аумағында бір жыл  бойы  қатар  жүруін  көздейді.  Әр  түрлі  дизайндағы банкноталар шыққан жылына  қарамастан  номиналы  бойынша  төлем  құралы ретінде  қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде  қандайда  бір заңды  тұлға ескі  және жаңа дизайндағы  банкноталарды номиналына қарамастан  қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік  құқық  бұзушылыққа  жатқызылады.

Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану  тарихы  тұрғыда  қалыптасқан. Біздің заңдарымыз ,  Конституциядан бастап бұл екі тілдің    қандай да бір  жағдайларға  қарамастан  тең  дәрежеде,  бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы  және  барлық  заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға   сәйкес   келтірілуі -   ұлттық валюта банкноталарында   екі  тілдегі  жазулардың  пайда  болуына себепші  болды. 

Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың  жоғары  номиналдарының  сырт  жағында  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  жазылған  тек  екі жазу  ғана  бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы  және қолдан жасағаны үшін  жауапкершілік  туралы  ескертетін жазу. Осы жоғары  номиналдарды  енгізгенде   орыс  тіліндегі жазулардың  пайда болуы ,  шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы банкноталарда  пайдаланылған  біріңғай  бейнелермен байланысты болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың  мәтіні  мемлекеттік  және  орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік  тілде  жазумен  қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",

Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып  ежелгі  мекенімізбен қазіргі Қазақстанның ,  оның  болашақтағы  нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.

Жаңа  үлгідегі  банкноталарды  енгізуге  дайындықтың  бастапқы  сатысында  ескі  үлгідегі  банкноталар  жаңаны  енгізгенге  дейін  жеткілікті  болуының  ықтимал  нұсқалары  зерделенеді. Енгізудің  жарияланған  күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы  дизайндағы  теңгенің жеткілікті  болуының  соңғы  мерзімі.

 Банкнота  екі  парақпен  жасалынады, оның  біреуінде  ішкі  жағында сутамғы  белгісін  және  қорғаныш  жібін  алдамшы  түрде  басып  шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

Құн өлшемі және баға масштабы;

Айналыс (айырбас) құралы;

төлем құралы;

Қорлану және қор жинау құралы;

Дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар өлшей алады.

Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тааурлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның  тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауарлар құнының ақшамен бейнеленуі оның  бағасы деп аталады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады.

Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретіндегі қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында һзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты  анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады. Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасынкөрсету үшін қызмет етеді

Информация о работе Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі