Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның шығу тегі
1.1.Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы

2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғы шарттары
3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой распечатка.docx

— 60.82 Кб (Скачать файл)

         Біріншіден, елімізде шілде айынан  бастап халықтың табысының жаппай  өсуі, бұл өз кезегінде экономиканы  қыздыруда;

         Екіншіден, әлемдегі рынокта шикізаттық  ресурстарға бағаның өсуі, әсіресе  мұнай бағасының рекордтық 80 долларға  дейін жетуі. Яғни, еліміз ішінде  де соңғы бірнеше айда мұнай  өнімдеріне, әсіресе жанар-жағармайға  бағаның күрт жоғарлауы, экономиканың  басқа да салаларының бағаларының  өсуіне алып келді.

         Үшіншіден, осы жоғарыда аталғандар  негізінде халық арасында инфляциялық  күтудің орын ала бастауы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізетін ақша-несие саясатының негізгі бағыт-бағдары ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, басты макроэкономикалық көрсеткіштерді алдын ала болжап белгілеу арқылы отандық кәсіпорындардың сенімділігін арттыру және жалпы экономиканың тиімді бағытта дамуын қадағалап, реттеп отыру болып табылады.

Осыған байланысты еліміздегі ақша-несие саясатының  2003-2006 жылдарға арналған негізгі міндеті Ұлттық банктің тікелей араласуын, яғни Ұлттық банкті тәуелсіз орган ретінде қаржы рыногындағы монополияға айналдыру арқылы қатаң ақша-несие саясатын жүргізуді қолға алып отыр.  Инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін сақтау үшін ақша-несие саясатын жүзеге асырып, ал еліміздің Үкіметі ұлттық экономиканы шикізаттық экономикадан алып шығатын 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда.

Экономиканың тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру және инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде инфляцияны таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляция таргеттеу саясаты арқылы экономика дамуында алдағы жылдарға негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инфляцияның деңгейін жылдар бойынша белгілейді. Бұл саясатты жүзеге асыруды және толық қадағалап отыруды Ұлттық банк өзінің басты міндетіне айналдырады. Инфляцияны таргеттеу принципіне өту кезінде келесі негізгі қызметтер мен шаралар қолданыс табады:

Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарының дамуына ықпал ету;

Ұлттық банктің бағалы қағаздар портфелін кеңейту;

Қаржы нарығының реттеуші құралы болып қайта қаржыландыру пайыз ресми мөлшерлемесін және Ұлттық банктің қысқа ноталарының өтімділігін реттеуші «РЕПО» операцияларын дамыту көзделген;

Ұлттық ақша бірлігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету арқылы экономикада қызмет етуші тұлғаларға тиімді орта қалыптастыру және алдын ала көрсеткіштер арқылы олардың өз қызметтерін жоспарлауға жағдай жасау.

Қазақстанның экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алып іске асырып отырғандығын көре аламыз.  Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.  Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, экономикадағы тұрақсыз бағалар болып табылатын ауыл шаруашылығы бағалары, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды қатаң түрде реттеп отыру шаралары болып табылады.

Елімізде 2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде есептеу көрсеткіштерін базалық инфляцияның көрсеткіштері негізінде есептей бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына орай базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі есепке алып отырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жанармайға, жеміс-жидектерге және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді. Өткен 2004 жылғы қорытындылар бойынша осы екі әдісті пайдаланып инфляция деңгейін есептеп,  тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 1-ші әдіс бойынша 6,7% және 2-ші әдіс бойынша 5,9% болды. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын байқаймыз.

Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2006-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2005 жылы 4,9%-6,5%-дан, 2006 жылы 4,8%-6,2%-дан және 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек;

Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

 Елімізде  дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847,4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыс-тырғанда 56,8 пайыздан 58,7 пайызға өсіп отыр.

Бұлардың бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі. Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Банк кредиттеріне балама кредиттеу де дамып келе жатыр. Микро-кредиттік ұйымдардың, пошталық жинақ ақша, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.

Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі банктік кредиттеудің баламасы бола алды. “Инвестициялық қорлар туралы” Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестициялық және пай қорларының институты болды.

Қазіргі уақытта құрылып отырған кредиттеудің үш деңгейлі жүйесі елдің түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйымдарды дамыту ерекше маңызды.

Қаржылық қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі де ықпал етті.

Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық кредиттеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық кредиттер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі – басты міндеті қайталама рынокта ипотекалық кредиттеуді жүзеге асыратын банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.

Ең қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды. Бұлэкономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі институттық инвесторларға жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 540,8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.

 Ақиқаты  сол, Қазақстанның қаржы жүйесі  ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін жоғарылатады.

Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге барлық экономикалық кеңістіктерге АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады.

Қаржы рыногының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекеттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді және олардың номиналдық бағасы 116,9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-нің 3 пайызын құрап отыр.

Сақтандыру рыногы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард теңге, жиынтық меншік капиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.

Қаржы рыногының инфрақұрылымына мыналар кіреді: төлем жүйелері, Қазақстан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.

Қазақстанның төлем жүйесінің негізі – банкаралық ақша аудару жүйесі және автоматтандырылған бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады. Ел банктерінің шығарған пластикалық карточкалары 1,8 миллион данаға жетті, яғни экономикалық белсенді халықтың төрттен бірінің төлем карточкалары бар. Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін құру бағдарламасы қабылданды және ол халыққа қызмет көрсетуде электрондық ақша қолдану арқылы біркелкі төлем кеңістігін құруға жағдай жасайды. Осындай межелі нәтижеге жеткізген қаржы секторындағы реформалар мемлекеттік саясаттың дұрыстығын айғақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі соңғы уақыттағы басты өзгеріс бұл 2006 жылы 15 қарашадан бастап (яғни 1993 жылғы ұлттық валютамыздың алғашқы айналымға шыққан күні) елде айналымға жаңа теңгелердің енгізілуі болып табылады. Бұл жаңа теңгелердің айналымға шығу қажеттігі олардың қорғаныштарының сенімді болуы, халықаралық  ақша стандарттарына сәйкес болуы есебінен деп түсінсек болады. Жаңа ақшалар айналымға толық шығып болғанша, яғни 2007 жылдың 15 қарашасына дейін ескі және жаңа теңгелерде бірдей айналымда болады.

 Жаңа теңгелерде негізінен елдің, ұлттың рәміздері мен нышандары, тарихи мүсіндер орын алған. Ақшаның формалары да ескі ақшаларға қарағанда әлемдік стандарттарға сәйкес өзгертілген. Жалпы бұл жаңа теңгенің айналымға шығуы ҚР-ның ақша реформаларын тиімді жолмен жүргізіп келе жатқандығының бір көрінісін көрсетеді.Бүгiнгi таңда теңгемiз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып,  елiмiзде жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өзiнiң оң  жемiсiн берiп үлгердi. Оған дәлел ретiнде бүгiнде елiмiз ТМД елдерi iшiнде елдiң қаржы секторы ең жақсы дамыған және тиiмдi қызмет етiп отырған сала болып табылады. Сондықтан еліміздің қаржы секторы және Ұлттық Банк ұсынысы бойынша бәрімізге белгілі 2006 жылы 15 қарашада, яғни ұлттық валютамыз теңге айналысқа шыққан күніне орай айналысқа жаңа теңгелердің енгізілуі еліміздің ақша реформасын одан әрі дамытып келе жатқандығының куәсі болып отыр. Бұл жаңа теңгелер жоғарыда атап өткендей, әлемдік стандарттарға сай етіп жасалған.

Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы болып табылады. Ақша жүйесінің тарихи қалыптасуы негізінде оның негізгі типтері мен бақылауға алатын элементтері қалыптасқан. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қалыптасуы 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңы шыққан күннен бастап іске асып, өз қызметтерін жүргізе бастады. Ол ең бірінші елдің ақша бірлігін қалыптастырып, оның айналысын реттеу, 1999 жылғы теңгені еркін қалқымалы айырбасқа жіберу және Ұлттық банктің бүгінгі таңдағы ақша жүйесін ретеудегі саясаттарының дамыған елдер стандарттарына өтуімен байланысты.

1993 ақша реформасы Қазақстан  Республикасы үшін маңызы өте  жоғарғы болып табылды. Осы аталған  реформа негізінде Қазақстан  Республикасы өзінің толық егемендігіне, экономикалық-қаржылық тәуелсіздігіне  қол жеткізді. Бүгінгі таңда ұлттық  қаржы және несие  жүйесі жан-жақты  дамып, өздерінің даму реформаларын  одан ары қарай жүргізуде. Оны  Ұлттық банктің, екінші деңгейлі  банктердің және қаржылық есептемелердің  соңғы жылдары экономикасы дамыған  шетелдік елдердің стандарттарына  өте бастауын көре аламыз.

Соңғы жылдары елiмiзде жүргiзiлген экономикалық реформалардың және тиiмдi қаржылық, экономикалық саясаттардың нәтижесiнде бүгiнде елiмiзде инфляция қарқыны бiршама тұрақтанып, ұлттық экономиканың тұрақты дамуына, ел өнеркәсiбiне инвестиция көлемiнiң өсуiне, экономикада активтi кәсiпкерлердiң көбеюiне және экономикада жағымды ортаны қалыптастыруда өзiнiң үлесiн қосып отыр.

  Осыған байланысты еліміз 2003-2006 жылдарға Ұлттық банк инфляциялық саясатты жүзеге асырып, еліміздің үкіметі ұлттық экономиканы шикізаттық экономикадан алып шығатын индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда.

Міне, өзіміз көріп отырғандай ұлттық экономиканың жан-жақты дамуының негізі бастамасы сонау 1992-1993 жылдардан басталған ақша реформасын жүргізуден бастау алып отыр.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы –2001.ж

2.Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.ж

3.Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /

4.Жоламанова М.Т. «Денги.Кредит.Банки.» Учебное пособие,

Алматы- 2010 ж

5.Е.Ф.Жуков. «Денги.Кредит.Банки.»  1999.г

6.Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,  Алматы –2000ж

7.Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»,Алматы – 2000ж.

8.Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001

Сахариев С.С. «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.

9.Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,

Алматы -2002

10. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005

11. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.

12.Блеутаева К.Б. Ақша  және  банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.

13.Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі