Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның шығу тегі
1.1.Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы

2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғы шарттары
3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой распечатка.docx

— 60.82 Кб (Скачать файл)

Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.

Ямайка валюта реформасының (1976–1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады

Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны болмайтындықтан да, олардың толық бағалы емес ақшалар деп аталады.

Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келеді.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы мынадай процестерді қамтиды: туар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т ( тауар ) – А ( ақша ) – Т (тауар).

Ақша айналысының  таур айналысынан айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіедегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мынада:

Тауар мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы;

Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды. 

Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.

Сонымен ақша, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі – несие таур мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша азболады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.                   

Төлем  құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше қозғалыс формасына ие: Т (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның төлем құралы қызметін мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар бар. Ақша айналыс құралы ретіндегі делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады: 

тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;

 мемлекетке  қатысты қаржылық міндеттемелер,

банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

сақтандыру міндеттемелері;

әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.   

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алудың қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асады:

Көсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (дипозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың материалдануқұралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формаыснда қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монеат стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың  СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар  айынан бастап, Еуропалық қауымдастық  елдерінде жаңа валюта «Еуро»  енгізілген. Еуропалық валюталық  Одаққа бастапқыда он бір ел  қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және  Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер  үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты  мен монеталары 2002 жылдың  1 қаңтарынан  және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің  ұлттық ақша бірліктері 2002 жылы 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін  тоқтатты.                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстан  Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын  жүргізудің алғышарттары

Қазақстан Республикасының егемендiгiн алғаннан кейiнгi жүргiзген ақша реформалары қайта құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен бiрге айналыстағы ақша массасының өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен азық-түлiктер көбiне шетелден сатып алынды. Бұл үшiн қжеттi валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсiрдi: 1989 ж. – 300 т., 1990 ж. – 234 т. алтын сатылып кеттi.

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бiрiншi кезеңде, ТМД-ға кiрмейтiн елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер аумағында айналыста жүре бердi. Әр түрлi себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердiң саяси тәуелсiздiкке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өтуi мүмкiн еместiгiне байланысты бiртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсiз үзiлдi.

КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесi өте күрделi жүргiзiлiп және бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық валюталарын енгiзiлуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жариялағаннан кейiн барлық 15 ұлттық банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде орталық банктер ролiн атқара бастады.

1991 жылы  КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан  ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен  бiрге “рубль аумағында” қала  бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан  басқарылып келген экономикалық  жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар  орын ала бастауына байланысты  экономика айналыста жүрген ақша  массасы күннен-күнге өсiп, инфляция  кең етек ала бастады. Осының  салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш  рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының  жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден  күдер үзiп, өз валютасын шығаруға  бетбұрыс жасаған болатын.

Қазақстанда Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі – ақша белгісін тұрақтандыру, орын алған инфляциялық толқуды бәсендету және ұлттық жеке ақша бірлігін енгізу болып табылды.

Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келдi. Өйткенi елiмiздiң 1991 жылы өз егемендiгiн алуымен байланысты ұлттық экономикамыз бiрден дағдарысқа ұшырай бастады. Оның бiрден-бiр себебi бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе бұзылып, қатаң түрде реттелiп келген елдiң ақша айналысы жүйесiнiң тиiмсiздiгi дереу көрiнiп қалды. Сол кездегi айналыста жүрген Ресейлiк рубльдердiң құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебi, экономикада өндiрiлген өнiмдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артық болып кеттi.

1991 жылы  КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан  ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен  бiрге “рубль аумағында” қала  бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан  басқарылып келген экономикалық  жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар  орын ала бастауына байланысты  экономика айналыста жүрген ақша  массасы күннен-күнге өсiп, инфляция  кең етек ала бастады. Осының  салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш  рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Алайда  өндiрiстiң одан сайын құлдырауы, мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығының  өсуi, жалпы экономиканың дағдарысқа  үшырауы инфлицияны одан сайын  үдеттi. Тiптi сол кездегi инфляция  гиперинфляцияға айналды, нақтырақ  айтсақ инфляция деңгейi 2000%-дан  асып кеттi. Осыған байланысты  бұрынғы 15 елдiң рыноктық қатынастарға  өтуге бетбұрыс жасауы ортақ  валютаны ұстап тұрудың тиiмсiз  екендiгiн мойындады.

         Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың  орны ерекше деп те атасақ  болады. Өйткенi 1990 жылдан бастап  өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтнған  экономиканың ақшаны құнсыздануға  жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып, экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда  қаржы саласы дереу дағдарысқа ұшырады. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жалпы елде кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.

         Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық  дағдарыс деп екi жыл аралығында  инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе  айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары  гиперинфляция болды.

         Осы мәселеге мемлекетiмiз әр  түрлi саясаттарды iске асыра бастады. Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық  валютамыз болмауы себебiнен қаржы  жүйемiз ақша-несие және валюталық  саясатты толық түрде жүргiзе  алмады. Осыдан бастап елiмiз экономиканы  ақша-несиелiк және валюталық  түрде реттей бастады, ұлттық  валютамызды тұрақтандыру саясатын  жүргiзудi қолға алды және жаппай  мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру  сяасаты, яғни кәсiпкерлiктi дамыту  реформалары жүргiзiлдi. Бұл саясаттардың  барлығын жүргiзiп, iске асырып  отырған мемлекетiмiздiң Ұлттық  Банкi болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Қазақстан  Республикасының ақша жүйесінің  қазіргі жағдайы

1995 жылдан  бастап экономикада жүргiзiлген  реформалардың нәтижесiнде және  қаржылық реттеудiң қатаң түрi арқасында инфляция қарқынының  төмендеуi байқалды, ал оның төмендеуi өзiмен бiрге елдiң өндiрiсiне  инвестицияның өсуiне, елдегi әлеуметтiк  жағдайлардың жақсаруына, экономикалық  активтi халықтың санының өсуiне, кәсiпкерлiктiң дамуына, елдегi қаржы  секторының тұрақты дамуына және  экономикалық өсудiң белең алуына  әкелдi.

         Осылайша 1995 жылы жылдық инфляция  деңгейi 60,3%, 1996 жылы – 28,7%, 1997 жылы  – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%, 2001 жылы 6,4%, 2002 жылы 6,6%,  2003 жыл  инфляция деңгейi жоспарланған 4-6%-дан ауытқымай жалпы 5,8%-ды құрады, 2004 жылы инфляция деңгейi 6,7%-ды  құрады. Елiмiз 2005 жылға инфляция  деңгейiн осы деңгейiнде, яғни 5-7% деңгейiнде жоспарлаған болатын. Бұлайша экономикада инфляция  қарқынын жоспарлап отырғаны  жалпы жүргiзiлген реформалардың  және саясаттардың оң нәтиже  бере бастағаны деп түсiнемiз. Өйткенi ел экономикасында инфляия  қарқыны төмен және тұрақты  деңгейiнде болып отыруы жалпы  өндiрiстердi дамытуға басты себеп  болып табылады.

         Соңғы инфляция қарқыны тұрақтанып, экономиканың тұрақты өсуіне  байланысты және елдегі қаржы  рыногының рынок талаптарына  сай толық қанды қызмет етуі  экономикада қызмет етіп отырған  заңды тұлғалар мен халықтың, инвесторлардың сеніміне ие болды. Осының нәтижесінде бүгінде несие  берушілер, инвесторлар, сақтандыру  компаниялары, қор биржалары өз  қызметтерін дамытуда.

Ақша реформасындағы ақша-несие саясаты негізінде Қазақстанда 1998 жылы теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң экономикалық жағдайынын тұрақтала бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi биылғы 2005 жылға дейін Ұлттық банктің 2003-2006 жылдар аралығына белгілеген мөлшері (5-7%) деңгейінде болып келді. Яғни 2003 және 2004 жылдары 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады.

         Алайда 2005 жылы инфлиция деңгейі  межелеген 5-7% шамадан асып кетіп  отыр. Оның жалпы шамасы 8% мөлшерінде  белгіленіп келеді. Бұл инфляциялық  шағын толқудың басты себептеріне  мамандар келесідей талдау жасап  отыр:

Информация о работе Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі