Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:16, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………....………………………3

1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
1.1 Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5
1.2 Англиядағы сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты.........................7
1.3 Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.....................................................10

2. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
2.1 Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымы........................................16
2.2 Англия парламентінің функциясы................................................................20
2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі.........................22
2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент..................................................27
2.5 Англиядағы Конституциялық монархия.......................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Angliada_okildik-soslovielik_monarkhia-_parlamen.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

Кромвель биліктің бәрін өзінің қолына жинады. Оны күшті офицерлердің кеңесі лорд-протектор деп жариялады. 1653 жылы "Басқару қаруы" деген конституция қабылданды. Конституция халықтық келісімге қарсы келді, Кромвель өзіне лорд-протектор деген атақ алды. Оның қызмет орны өмірбойы екенін конституция бекітті. Лорд протектордың қолында атқару билігінің бәрі жиналған болатын. Ал заң шығару билігі парламенттің қолында. Парламент тек бір палатадан тұратын. Оған депутаттарды өте қызық әдіспен сайлайтын етті. Сайлауға тек қана бай, мүліктері 200 фунт стерлингке жеткен адамдар қатысты. Бұл өте жоғары ценз, сондықтан халықтың көбі сайлаудан ығыстырылды.

Парламенттің  қабылдаған заңдары билль деп  аталады, оларға король қолын қояды. Парламент үш жылда бір рет  жиналады. Оның сессиялары бес айға дейін созылуға тиіс, ал парламентсіз басқару үш жылға дейін бола алады. Бірақ төтенше жағдайларда корольдің өзінің де заң шығаратын құқығы бар еді. Лорд-протектордің билігі корольдікінен көп болмаса, аз емес. Ол жоғары қызметкерлердің бәрін өзі тағайындап, титул мен атақтарды береді, қылмыскерлерге кешірім жасау құқығын жүзеге асырады. Халықаралық істердің бәрін корольдің өзі басқаратын. Мемлекеттік Кеңестің келісімімен соғыс және бейбітшілік мөселелерін де шешетін. Парламент мәжілістерінің арасында лорд-протектор өзі әскер мен флотты басқарады. Қиналған кездерде ол салықты енгізуге құқығы бар еді. Шектеулі билік мемлекеттік кеңесте болатын.

Кромвель халыққа  әскери әдіс те қолдаңды. Ол бүкіл мемлекетті 11 әскери округке бөлген. Бұл жергілікті органдарды Кромвельдің өзі қойған және өзінің алдында жауапты генерал-губернаторлар, генерал-майорлар басқарды. Кромвель баскарған режим ашық әскери диктатураға айналды. Осы кезеңде Англияның ішкі саясаты күшейе түсіп, бұл Англияның бүкіл дүниежүзілік позициядағы жағдайын жақсартты. Швеция, Дания, Португалия елдерімен сауда келісімін құрды. Кромвель Испаниямен соғысты жеңісті аяқтады. Жалпы айтқанда, Кромвельдің режимі қатты қолдың режимі болған еді. Сондықтан оған оң жағынан да, сол жағынан да қарсыластар кездесе бастады, монархистер Кромвельдің диктатурасын қайтадан монархияға аударғысы келді, ал демократтар Кромвельдің диктатурасына қарсы болатын.

       1658 жылы Кромвель қатты ауырды  да, өзінен соң мемлекетті кім  басқаратынын айта алмай, қайтыс  болып кетті. Офицерлер кеңесі  мемлекет басына оның Ричард деген баласын қойды. Бірақ одан жөнді ештеңе шыққан жоқ. Оның қызметін офицерлер де, халық та, қызметкерлер де сынауға салып, сәтсіз Дик деген атақ қойды. Бір жылға жетер жетпес уақытта Ричардты тақтан алып тастады. Енді Англияның алдында мемлекетті кім басқарады деген сұрақ тұрды.

 

 

2.5 Англиядағы Конституциялық монархия

 

Буржуазия және жаңа дворяндар Англияда өздерінің  саяси орнын қалпына келтіру  үшін ұмтылды. Жеке меншігінен айырылып қаламыз ба деген қауіп күшті  болғандықтан, олар кеңе феодалдық  дворяндармен бітімге жол іздей  бастады және оларға жол беруге дейін  барды. Буржуазия өкілдері, дворяндардың барлығы монархияны армандады. Буржуазия және дворяндардың одағы 1660 жылғы Бред декларациясында бекітілген еді. 1660 жылы жиналған парламент лордтар палатасын және конституциялық монархияны қалпына келтіріп, Карл-ІІ Стюартты Англияның королі деп жариялады. Осы жағдайды пайдаланған Стюарт барлық жеңіп алған революцияның күшін сақтаймыя деп міндетгеме адды. Буржуазияның және дворяндардың сенімі Стюартқа бейбітшілік орнатуды жүктегені анық, тонауды тоқтату мәселесін ақтамады. Феодалдық реакция жағында өзгеріс басталды. Бред декларация бойынша Карл-ІІ барлық адамға қарсы еді[12, 512 б.].

Оның әкесіне  қастық істеген адамдардан өшімді алмаймын, істелген өзгерістерді қайтадан дұрыстамаймын, өзінің жеке меншігін сатып алған  адамнан ақша төлемей, кайтарып алмаймын деп ант бергені белгілі. Бірақ туған әкесін өлтірген адамды кешіру өте ауыр болғандықтан, Карл-ІІ әкесін өлтірген Кромвель, Айртон және Бредшоудың сүйектерін көмілген жерден қаздырып, дар ағашқа асып қойып, содан кейін бастарын шауып, қайтадан жерге көмді. Англияның азаматтары 40 күннің арасында корольдің лоялдық азаматтары боламыз деп ант беруге тиісті болды. Корольге парламент 1280 мың фунт стерлинг ақша төлеуге тиіс еді. Бұл жалақы цивильдік қағаз деп аталды. 1660 жылы феодализмнің қалдықтарын жою туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша феодалдар өздерінің жеке меншігіне толық құқық алған еді, корольге ешқандай салық төлемейтін болды. Лордтар палатасы қалпына келді, король атағы мұрагерлікпен беріліп, "шірік аудандар" қайтадан парламентке депутаттарын сайлайтын етті.

1661 жылы король  бірінші рет парламент мәжілісін  өткізді. Бұл парламент күткендей  корольді жақтаған адамдардан  тұратын, оған атты өскерлік  және зейнеткерлік деген атақтар  қойылды. Король өзінің әскерін  жинай бастады да, қолындағы билікті нығайта түсті. Кейін корольге қарсы оппозиция құрыла бастаған. Олар виги деп, ал корольдің жақтаушылары тори деп аталды. Вигидің қатарларына көпестер, қаржы қызметкерлері, ірі өнеркәсіп иелері, атақты ақсүйектер және басқалар кіретін. Вигилер корольдің билігі құдайдан екенін мойындамады, корольдің құқығын халық шарт бойынша берді деп санады.

Король қызметкерлері  парламенттің рөлін төмен деп  түсінген. Карлдың саясаты өзінің жақын адамдарының да наразылығын  оятты. Оның маңызды органдары Құпия Кеңес деп аталатын. Оның мүшелерін корольдің өзі тағайындады және олар корольдің ғана алдында жауапты болды. Карл II өте жеңіл тек адам еді. Оның сыртқы саясаты да наразылық туғызды. Себебі, ол Францияға өте тәуелді болатын. Карл монархияны 25 жыл басқарды. Ал 1685 жылы ол қайтыс болғаннан кейін оның балалары болмаған соң, Францияда тұратын ағасы Яков II таққа таласып отырды. Яков II мемлекетті екі жыл басқарды. Осы уақытта ол өзінің жауларын да, жолдастарын да өзіпе қарсы қойды. Ол Жоғарғы Комиссияны қалпына келтіріп, әскердің санын көбейтті, католиктерді күшейтті.

1688 жылы таққа  бүкіл ағылшындар Яковтің Голландияда  тұратын Мария деген қызын  отырғызды. Оған Яков II өзі тақтан  бас тартты. Мария және оның  күйеуі Вильгельм Оранский "Құқық  туралы Билль" деген заңға 1689 жылы қолдарын қойды. Осы құжат Англияның конституциясы болып саналады. Бұл тақ төңкерісін ағылшындар "данқты революция" деп атайды.

Монархия сыртқы нысанын өзгертпесе де, ішінен толық  буржуазия мүддесін жақтайтын жолға  түскен еді. Халық бұл төңкеріске қатысқан жоқ. Ағылшындар заңды тірі корольдің орнына оның қызын жөне күйеу баласын отырғызды. Бұл буржуазия мен дворяндардың арасындағы келісім барын дәлелдейтін төңкеріс.

Сонымен, Англияда конституциялық монархия құрылды. Оның негізін құрған конституциялық актілер-"Құқық туралы Билль" және 1701 жылғы "Тақ туралы акт".

Бұл актілер  бойынша парламенттің келісімі болмаса, корольдің заңдарды өзгертуге немесе тоқтатуға құқығы жоқ. Салықты король тек парламентгтң келісімімен жинайды. Әскерге керек ақшаны да тек парламент береді. Сайлау енді еркін өткізілетін болды. Англияның азаматтары қаруланып жүруге құқықты еді. Парламентте сөздің және баспасөз бостандығы жарияланды. 1694-жылдап бастап парламент үш жылда бір рет сайланатын болды. Бірақ корольдің де күшті биліктері сақталып қалды: ол соғыс ашуға жөне әскерді басқаруға құқықты, парламентті мәжілісіне шақырады және таратады, жақа адамдарға мэр атақтарын береді, басқа да құрметті атақтарды және жеңілдіктерді беруге құқықты еді. Вильгельм Оранский билігін парламентпен алған бірінші король. Енді парламенттің сайлауы үш жылда бір рет өткізілетін болды. Кородь парламентсіз маңызды мәселелерді шеше алмайтын болды.

Азаматтық құқық. Жеке меншіктің толық құқығы 1846 жылғы  құқықтық актісімен дайындалған. Бұл  актіде былай делінген: "Бұрын бүкіл корольдің вассалдарына бағынатын барлық жер енді бос жеке меншікке айналды, олар лендлордтар деп аталады". 1856 жылғы акт компаниялардың қызметтерін тәртіпке салды. Англияда міндетті құқықтың инетитутаттары көбейді. Оны көбіне сот прецеденттері реттеді. Неке құқығында феодалдық мемлекеттің қалдықтары бәрінен де көп сақталды. Некелік қарым-қатынастар еркек адамның басшылығын мойындады. Ер адам жанұяда ата-аналық билікті қолына ұстады. 1857 жылы шыққан заң бойынша некелі қарым-қатынасты ажырату арқылы тоқтатуға болатын етті. Бірақ құқықтардың бөрі ер адамның қолында еді, ол неке бұзуға құқықты жеңіл алатын. Некесіз туған балалардың жағдайы өте төмен және ұятты болатын, некесіз туған баланы заңды деп алу үшін Парламенттің рұқсаты керек еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ағылшын сот  жүйесінің және іс жүргізу құқығының  үш үзбесі бар: жоғарғы сот, корольдің  отырғыш соты, жалпы арыз палатасы (өтініш), қаржы сот палатасы, төменгі  сот бітістіруші сот және бітістіруші  соттың ссссиялары; (ерекше) арналған соттар-әскери, шіркеу және университет соттары.

Іс жүргізу  нормалары да өте ескі: 1772 жылы қинап  жазалауға тыйым салынды, XVIII ғасырда 50 қылмыстың құрамына өлім жазасы жазылатын, 1861 жылдан өлім жазасы тек қана кісі өлтірушілер мен мемлекетке қарсы шыққан қылмыс түрлеріне тағайындалатып болды.

1868 жылы халық  алдында өлім жазасын орындауға  тыйым салынды.

ХУІІІ-ХІХ ғасырларда қылмыскерлерді отар елдерге жер  аудару тәжірибесі көптеп қолданыла  бастады. Бұл жаза өлім жазасының  орнына ауыр емес қылмыстар үшін берілетін. 1861-1864 жылдары заң енгізген жазаның ең шекті мөлшері қабылданды. XVIII ғасырда өлім жазасының көбі кешірімге ауыстырыла бастады.

Англияның әділ сот төрелігі 700 жыл бойы дамып, көп  өзгеріске ұшырай келіп, қазіргі  түрінде қалыптасты. Бірақ әділ сот ең негізгі қымбат нышанын сақтады: әрбір адамның мүддесі басқа мемлекеттің, полицияның, әкімшіліктің мүддесінен жоғары болып саналады. Олардың тарихында кезеңдер, байлықтың үстемдігін құрған уақыт болған. Бірақ парламентке, ант берген соттарға және магистрлардың соттарына 700 жыл толды.

1641 жылдың аяғында  парламент корольге Ұлы ремонстрацияны  берді. Парламент  бұл заңды  соғысын қабылдады дегенмен, король  оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейін  парламент корольге 19 баптан тұратын  ұсыныс енгізді. Бұл талаптарда корольдің билігін шектеу туралы айтылған болатын. Бірақ король бұған да көңіл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттің арасында ашық шиеленіс басталды. Король өзі бұрыннан келе жатқан әдеттерді бұзып, парламентке оппозицияныц өкілдері қамауға келді. Бірақ, олар тығылып, ұстатқан жоқ.

Осыдан кейін  король Англияның солтүстігіне кетіп, әскерлерін соғысқа дайындай бастады. Корольді жақтаған адамдар кавалерлер деп аталды. Ал оған жағынған өкілдер  өздерін "дөңгелек бастылар" деп  атады. Сонымен, төңкерістің заңды бірінші кезеңі аяқталды. 1642 жылы жазда парламент пен корольдің арасында ашық азаматтық соғыс басталды. Корольді ағылшын шіркеуі, ескі дворяндар, феодалдар, батыс және солтүстік графтіктер жақтады. Ал парламенттің жағында өнеркәсіп дами бастаған графтіктер, буржуазия, жаңа дворяндар және халықтың көбі болатын. Джентридің әлеуметтік рөлі екіге бөлінді. Бір жағынан олар дворяндарға жақтасып корольді жақтайды және түсінеді, бірақ олардың экономикалық мүддесі буржуазияға жақын. Сондықтан олардың төңкерістегі рөлі ерекше. Соғыс басталғаннан кейін бірінші кезеңінде королъдің әскерлері жеңе бастады. Бұл жағдайды түсінуге болады. Корольдің әскерлері дайындалған, жақсы қаруланған, үйренген, ал парламент әскерлерінің бұндай жоғары сапасы жоқ еді.

Қысқаша айтқанда, XIII ғасырдың аяғында Англияда сословиелік- өкілдік монархия құрылды. Жаңа құрылған парламентке прелаттар мен барондардан басқа рыцарлар мен қала тұрғындары шақырылатын болды. Оларды жалпы ортақ мүдделер біріктіретін: өздерінің шаруашылық қызметінде олар бір-бірімен сауда өткізетін және жергілікті басқаруға бірге қатысатын, сондықтан балаларын үйлендіріп, неке қиюға да жиі қатысатын. Рыцарлар, қала тұрғындары және еркін шаруалардың алдыңғы қатарлары мемлекеттің оппозициясына, үшінші саяси күшіне айналды.

Енді олармен  король де, ірі феодалдар да санасуға мәжбүр болды. 1297 жылдан бастап жылжымайтын  заттардың бәріне салықтар тек парламенттің келісімімен салынды. 1322 жылдан король қабылдаған заңдардың бәрін парламент  тексеретін болды. XIV ғасырда парламент заң шығару бастамасына ие еді бұл құқық төменгі палатаның қолында болатын. Лордтар палатасы және король тек қана қауымдар палатасы алған зандарды бекітті. Қауымдар палатасы әсерінің күшеюі парламенттің абыройын көтеріп, корольдің билігін шектеді.

Англияда конституциялық монархия құрылды. Оның негізін құрған конституциялық актілер-"Құқық туралы Билль" және 1701 жылғы "Тақ туралы акт".

Бұл актілер  бойынша парламенттің келісімі болмаса, корольдің заңдарды өзгертуге немесе тоқтатуға құқығы жоқ. Салықты король тек парламентгтң келісімімен жинайды. Әскерге керек ақшаны да тек парламент береді. Сайлау енді еркін өткізілетін болды. Англияның азаматтары қаруланып жүруге құқықты еді. Парламентте сөздің және баспасөз бостандығы жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының Дипломатиясы, Алматы – 2002

2. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Алматы – 1999

3. Шет елдердің мемлекет және құқық мәселелері, Егемен Қазақстан, 4 қыркүйек- 2010

4. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных старн, М., 1999

5. Сапаргалиев Г.С. О проблемах действия Конституции, Алматы – 1995

6. Ұлыбритания  - Дипломатия жаршысы, 2001

7. Ларин А.М. Из истории суда присяжных в России. М., “Российская правовая академия МЮ РФ”, 1995. 4-бет.

8.  Гуценко К. Ф., Головко Л.В., Филимонов Б.А. Уголовный процесс западных государств. М., “Зерцало”, 2001. 74-бет.

9. Полянский Н.Н. Уголовное право и уголовный суд в Англии. М., “Юридическая литература”, 1969. 319-320-беттер.

10. Уголовный процесс (К.Гуценконың ред. жетекшiлiгiмен). М., 1996. 334-335-беттер.

Информация о работе Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы