Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:16, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………....………………………3

1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
1.1 Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5
1.2 Англиядағы сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты.........................7
1.3 Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.....................................................10

2. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
2.1 Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымы........................................16
2.2 Англия парламентінің функциясы................................................................20
2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі.........................22
2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент..................................................27
2.5 Англиядағы Конституциялық монархия.......................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Angliada_okildik-soslovielik_monarkhia-_parlamen.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

Бұдан басқа  корольдің қызметін бақылайтын жаңа орган 25 барондардың Комитеті құрылды. Олардың айтқанын король орындамайтын болса, феодалдардың корольге қарсы соғыс ашуға құқығы бар. Бірақ корольдің өзінің, әйелінің және балаларының тәуелсіздігін жоюға болмайтын.

Сол Хартия бойынша  корольдің сот функциялары да шектелді, енді шерифтер мен бейлифтерді ол жергілікті әдет-ғұрыптарды білетін адам-дардың арасынан сайлауға мәжбүр болды.

Бірақ бұл Ұлы Хартия жазылып, король қолын қойса да, ол жүзеге асырылған жоқ. Король феодалдардың арасындағы қайшылықтарды пайдаланып, Хартияны жойды. Бұл Хартия тек қана қағаз жүзінде қалды. Бірақ корольге қарсы шығып, алдына бір талаптарын қойған жағдайларда, Англияның халқы осы Хартияны еске салып, оның кейбір баптарын қолданған да болатын. Мысалы, 1628 жылы "Құқық туралы Петицияны" корольге тапсырғанда немесе буржуазиялық революцияның барлық кезеңінде осы Хартияда жазылған халықтың құқығы туралы айтылды.

1258-1267 жылдары король мен барондардың арасында тағы бір шиеленіс бұрқ ете қалды. Генрих екінші мемлекетті басқарып тұрған кезеңде ол Рим папасын жақтап, Италиямен соғысты. Бұл оқиға көп қаражат жұмсауды қажет етті. Король халықтан жинайтын салықты көбейтуге мәжбүр болды, басқа да заңсыздықтарға жол берді. Бұл жағдай король мен барондардың арасындағы қайшылықтарды күшейтуге себеп болды. Король бүкіл қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік-дүниенің үштен бірін жинағандықтан, барондар Оксфорд қаласында бас қосып, бүкіл халықтың наразылығын пайдаланып, "Оксфорд провизиясы" деген құқықтық құжатқа корольдің қолын қойғызды. Бұл акт бойынша бұкіл атқару билігі корольдің қолынан барондар құрған кеңеске беріледі. Ол 15 бароннан тұратын. Бұдан басқа, жылына үш рет король Магнаттардың үлкен кеңесін жинауға тиісті болды. Ол ең маңызды мәселелерді шешетін. Оның келісімі болмаса король бірде-бір шешім шығара алмайды. Барондардың кеңесі жылына үш рет шақырылатын. Сонымен, феодалдар корольді өзіне бағындырып, өздерінің олигархия үстемдігін екінші рет орнатқысы келді. Бірақ оппозициялық күштер бірлігін сақтай алған жоқ.

1259 жылы олар  Вестминстер қаласында қайтадан провизия деген акт қабылдады. Бұл акт уақ жер иеленушілерді ірі феодалдардың (сеньорларды) бұзықтығынан шектеді және кепілдік берді. Бірақ рыцарлерді орталық басқаруға жіберген жоқ. Онда Симон де Монфор басқарған барондар рыцарлармен және қалалармен одақ құрып, корольге қарсы шықты. Корольдің оппозициясы екіге бөлінген еді. Король осы жағдайды пайдаланып, Оксфорд провизияларын орындаудан бас тартты. 1263 жылы азамат соғысы басталды да, бір жылдан кейін король баласымен тұтқынға түсті. Бірінші магнат Симон де Монфор мемлекетті басқаруға кірісті, 1264 жылы ол мемлекеттің жоғарғы басшысы болды және рыцарларды мемлекет басқаруға пайдаланды. Бұл азамат соғысының ең маңызды, онды нәтижесі - парламенттің құрылуы. Бұл Англияның тарихындағы ең бірінші сословиелік өкілдік мекеме. Оның бірінші мәжілісі 1265 жылы болды. Парламентке барондар, шіркеу қызметкерлері және ірі қалалардағы рыцарлардың өкілдері қатысты.

Азамат соғысы көптеген шаруалардың қозғалысына  әкеліп соқты, бұл жағдай оппозицияның одағын әлсіретті. Король осыны пайдаланып, де Монфорды өлтірді. Бірақ король жалғыз өзі билігін ұстай алмайтынын, феодалдармен тіл тауып, келісімге бару қажет екенін анық түсінді. Ол әлеуметтік негізді ұлғайтты, ендігі жерде барлық мәселе феодалдарға, қаланың бай тұрғындарына тірелетін болды. Осы топтар бірігіп халыққа, шаруаларға қарсы шығып, олардың еңбегін қанап, пайдаланып жатты.

1295 жылы жиналған  парламент "Үлгі парламент" деп аталған еді. Оған король ірі шіркеу және мемлекеттік феодалдарды шақырды, 37 округ екіден, және калалар екіден өкілдер жіберді [7].

Англия осы кезден бастап сословиелік-өкілдік монархияға күшті деп айтуға болады. XIV ғасырдың екінші жартысына дейін парламентте үш сословие өкілдері де мәжіліске бірге қатысты. Ал одан кейін ірі магнаттар бөлініп, жоғарғы палатаны құрды. Ол лордтардың палатасы, ал төменгі палата қауымдар палатасы деп аталды. Онда рыцарлар мен графтіктердің өкілдері мәжілістерін бірге өткізді. Шіркеудің ақсүйектері, жоғарғы тобы лордтармен бірге мәжіліске қатысатын. Ал төменгі топтағыштар қауымдар палатасының мәжілістеріне баратын болды. 1430 жылдан бастап парламенттің төменгі палатасына сайлау үшін графтіктерге жылдық өнімі 40 шиллинг болатын адам ғана қатыса алатын.

Парламенттің  басты функцияларының бірі салық  жинауды бақылау және корольге ұжымдық петиция беру еді, бірақ біршама уақыт өткеннен кейін парламент билігі күшейді де, енді ол заң шығаруға қатысып, корольдің қазынасына ақша жинауды шешетін болды. Мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерінің жұмысын бақылап, кейбір жағдайларда сот функ-цияларын да атқаратын.

Парламентің күшті  билігінің біріне заң бастамасы  жатады. Бұл құқық парламенттің петиция жазу құқығынан шықты және оны жалғастырды деп санауға болады. Парламент өзінің заң бастамасын билль деп атайтын болды және оның биллдерін король қарауға тиісті. Король, қауымдар және лордтар палатасынан шыққан заң статут деп аталатын.

XIV ғасырда парламент  қаржы мәселелерінің басым бөлігін  өзі қарайтын деңгейге жетті.  Тікелей төленетін салық пен жанама салықтарды тексеретін болды да, ал XV ғасырдан бастап субсидиялардың жұмсалуын қолына алды.

XIV ғасырда парламент  импичмент деген процедураны шығарды, бұл бойынша корольдің жанындағы жоғарғы қызметкерлер билікті теріс пайдаланса, төменгі палата жоғарғы палатаның алдында іс қозғайды, жоғарғы лордтар палатасы-сот палатасы бұл істі қарап шешуге тиісті.

Басқа органдарға Корольдің кеңесі, оған жақын кеңесшілер, канцлер, қазына ұстаушы, сот қызметкерлері, жақын минестериалдар кіретін, ол кеңес өзінің күшін жойды да, оның функциялары парламентке күщшті.

Ескіден келе жатқан соттардың қызметі әлсіреп, істердің көбін король құрған жаңа соттар және жылжымалы соттар қарайтын болды.

XIII ғасырдан бастап корольдің әкімшілігі құрамына шерифтер мен бэйлифтер кіретін. Ал олардан басқа коронер мен констебль деген жаңа қызметкерлер адам өліміне байланысты тергеу жүргізді және полицейлік функцияларды атқарды. Графтіктердің жиналыстары парламентке өкілдерін сайлады. Оған жылдық табысы 40 шиллингке жететін адамдар ғана қатысатын болды.

Әскер. Екінші Генрих жүргізген реформалар күшін толық  сақтады деп айтуға болады. Енді әскерге вилландар сияқты кедей адамдар алынатын болды. Бірақ әскердің негізін жалдамалы отрядтар мен графтіктерде құрылған жасақтар құрды.

Сот. ХІІІ-ХІУ  ғасырларда король соттарының саны көбейіп, билігі терендей түсті. Бірақ оларда әкімшілік және сот функцияларының арасындағы айырмашылық анық бөлінген жоқ. Англияның ең жоғарғы соты- корольдің отырғыш соты. Ол қылмыстық істерді қарайтын еді. Онымен қатар азаматтық істерді қарайтын сот, жалпы айтыс-тартыс соты және қазыналық есептер соты. Айтыс-тартыстың бір жағы корольге қатысты істерді осы сот қарайды. Олардың іс қарау қызметтері "жалпы құқықтың" нормаларын құрайтын, рәсімдер формалистік және казуистік түрінде ететін.

Азаматтық қарым-қатынастарының дамуына байланысты лорд- канцлердің соты болінді. Бұл істердің бәрін әділеттік талаптарына сәйкес қарайтын болды. Осы сот жаңа үрдіс пен жаңа нормаларды енгізді.

Жылжымалы соттар-корольдің  жеке өкілдерінен Англияның орталық  сот өкілдеріне айналды. Олар жылына 3-4 рет графтіктерге келіп ант берген адамдармен сот істерін қарап, жергілікті қызметкерлерді бақылайтын. XIII ғасырдан жерге байланысты істердің бәрін қарау үшін ассиз соттары пайда болды. XIV ғасырдан бастап қылмысты істерді де қарайтын жылжымалы соттар құрылды. Бітістіруші сот. Олар адамды өлтіру сияқты ауыр қылмыстардан басқа істердің бәрін қарайтын еді. Соттың сессиясы жылына төрт рет өтетін, бұл жиналыстар ширектік сессия деп аталатын болды.

Үлкен айыптау жюри. Оған 23 адам сайланатын, олардың айыптау актін 12-сі бекітсе, айыпты адам сотқа тартылады. Кіші жюри 12 адамнан тұратын. Бұл жюридің мүшелері сот ісін қарап вердикт шығаратын. Бірақ барлық он екі адамның бірлігі, бірдей берген дауыстары керек. Ант беруші сот мүшесі болу үшін ценз шығарды, 1293 жылғы заңы бойынша жылдық табысы 40 шиллингке жететін адамның ғана сайлануға құқығы бар еді.

Қысқаша айтқанда, XIII ғасырдың аяғында Англияда сословиелік- өкілдік монархия құрылды. Жаңа құрылған парламентке прелатгар мен барондардан басқа рыцарлар мен қала тұрғындары шақырылатын бол- ды. Оларды жалпы ортақ мүдделер біріктіретін: өздерінің шаруашылық қызметінде олар бір-бірімен сауда өткізетін және жергілікті басқаруға бірге қатысатын, сондықтан балаларын үйлендіріп, неке қиюға да жиі қатысатын. Рыцарлар, қала тұрғындары және еркін шаруалардың алдыңғы қатарлары мемлекеттің оппозициясына, үшінші саяси күшіне айналды.

Енді олармен  король де, ірі феодалдар да санасуға мәжбүр болды. 1297 жылдан бастап жылжымайтын заттардың бәріне салықтар тек парламенттің келісімімен салынды. 1322 жылдан король қабылдаған заңдардың бәрін парламент тексеретін болды. XIV ғасырда парламент заң шығару бастамасына ие еді бұл құқық төменгі палатаның қолында болатын. Лордтар палатасы және король тек қана қауымдар палатасы алған зандарды бекітті. Қауымдар палатасы әсерінің күшеюі парламенттің абыройын көтеріп, корольдің билігін шектеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ағылшын  парламентінің  тарихы мен  құрылымы

 

2.1  Англия парламентінің пайда болуы  мен құрылымы

 

Англияны нормандардың жаулап алуы. Халықтардың ұлы қоныс  аударуы кезінде Британияға германдықтардың-сакс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. Х ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек ХI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қақтығысып, жауласып отырды.

Англия корольдігінің  осындай әлсіздігін пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королі Гарольдті жеңді. Вильгельм Лондонға басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды.

Англияны нормандықтардың жаулап алуы нәтижесінде ондағы король билігі күшейді. Вильгельм ағылшын-саксондық ақсүйектердің жер иеліктерінің біраз бөлігін тартып алып, өзімен бірге келген рыцарьларына таратып берді[2, 45 б.].

Барлық ағылшын-саксондық  феодалдар Вильгельмге адалдық жөнінде ант берді. Олардың бәрі корольдің бағыныштыларына айналды.

Вильгельм 1086 жер, халық және мүлік санағын жүргізді. Ол санақтың барысы жазылған кітап «Қаһарлы сот  кітабы» деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауылдық  жерде тұрды. Бұрыңғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді, басыбайлы шаруаларға айналды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езілгендердің әділ досы Робин Гудтың ерлігі туралы айтылады.

Англияда бір орталыққа  бағындырылған мемлекеттің күшеюі. Жаулап алушы Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі ІІ Генрих Плантагенет (1154-1189) тұсында онан сайын қанат жайды. ІІ Генрих Англиямен қатар Франция жерінің 3/2 бөлігін иемденді. Егер Нормандия оған бабасынан мұра ретінде қалған болса, Аквитания оның әйелі Алеонораның жасауы ретінде берілген үлесі болатын.

ІІ Генрих Плантагенет  сот реформасын енгізді. Бұраңғы  феодалдардың «Тәңір сотының» орнына король соты орнады. Оған халықтың бәрі бірдей шағымдануға құқылы болды.

ІІ Генрих әскери реформада  жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет атқарғысы келмесе «қалқандық ақша»  төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарьларды жалдады. Король шонжарлардың феодалдық жасағына тәуелді болуын азайтты.

ІІ Генрих ағылшын шіркеуін детікелей өзіне бағындыруға тырысты. Оның бұйырығы бойыннша Англияның бас епископы Фома Беккет өлтірілді. Себебі, ол корольдің іс-әрекеттерін сынаған болатын.

Осындай реформалар король билігін нығайтып, бір орталыққа  бағынған мемлекеттің құрылуына көмектесті.

Парламенттің құрылуы. ІІ Генрих өлгеннен кейін оның мұрагерлері  Франциядағы иеліктерінен айырылды. Оның үстіне елде феодалдар бүлігі күшейді. 1215 жылы 15 маусымда корольді «Еріктіліктің  ұлы хартиясы» деген құжатқа  қол қоюға мәжбүр етті. Ол құжат бойынша король халыққа біраз жеңілдіктер берді. Шетел көпестерінің Англияға емін-еркін келіп-кетуіне рұқсат берілді.

1216-1272 жылдары Англияда  ІІІ Генрих билік құрды. 1258 жылы  ол Италияға қарсы соғыс ашып, барондардан барлық табыстарының 1/3-ін өзіне беруді талап етті. Бұл талапқа барондар наразылық білдірді.

Барондар өкімет билігін  бақылайтын кеңес құрды. Ол кеңестің келісімінсіз король ешқандай шешім  қабылдай алмайтын болды. 1259 жылы ІІІ  Генрих Кеңеспен санасудан бас тартты. 1263 жылы Англияда король мен барондардың арасында басталған соғыс нәтижесінде барондар жеңіске жетті.

1265 жылы олар халық  өкілдерінің жиналысын шақырды.  Ол жиналыс ағылшын парламентінің  (француздың «парле»- «сөйлеу»  деген сөзінен шыққан) бастамасы  болды. Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері – герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлармен халық бұқарасының өкілдері сайланатын.

Ағылшын парламентінің мемлекеттік  басқару жүйесіндегі ықпалы күшті  болды. Алым-салық салу үшін король парламентпен келісіп отырды. Кейін, XIV ғасырда парламент заңдар шығарып  отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған  мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан ары нығая түсуіне жағдай жасады.

Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі. 1381 жылы көктемде Англияның  оңтүстік шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оған Франнциямен соғысты  жалғастыру үшін жаңа салықтың енгізілуі себеп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың кейбіреулерін өлтіріп де жіберді. Көтеріліске бұрын Жүз жылдық соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан екі графтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің «ақымақ кеңесшілерін» жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды көздеді.

Информация о работе Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы