Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:16, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………....………………………3

1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
1.1 Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5
1.2 Англиядағы сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты.........................7
1.3 Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.....................................................10

2. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
2.1 Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымы........................................16
2.2 Англия парламентінің функциясы................................................................20
2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі.........................22
2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент..................................................27
2.5 Англиядағы Конституциялық монархия.......................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Angliada_okildik-soslovielik_monarkhia-_parlamen.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

Көтерілісшілер үкімет қамап  қойған діндар Джон Боллды түрмеден босатып  алды. Ол шаруаларды үкіметтің зорлық-зомбылығына  қарсы үгіттеушілердің бірі болатын. Джон Болл король соттарының сатқындығын, епископтардың тойымсыздығын, феодалдардың қаталдығын әшкереледі. Ол тыңдаушыларға «Адам ата жер жыртып, хауа ана жіп иірген кезде кім дворян болған еді?» деген сауалды жиі қойғанды жақсы көретін.

Лондонның кедейлері көтерісшілерге қақпаны ашып берді. Шаруалар король сыбайластарының үйлерін талқандап, өшіккендерін өлтіріп те жіберді. Қалада көптеген жазықсыз адамдар да шаруалар соққысына жығылып, қаза тауып жатты.

Король ІІ Ричард көтерілісшілермен кездесуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер мынандай талап қойды:

- жеке адамдардың  тәуелділігін, барщинаны жою (адамдар  тек өз еріктерімен ғана тәуелді  бола алады);

- жерді пайдаланғаны  үшін оның иесіне салықты тек  ақшамен ғана төлеу; 

- қалалар мен  селоларға сауда бастандығын  беру;

- көтерілісшілерге кешірім жариялау[3, 77 б.,].

Король бұл  талаптармен келісіп, уәдесін орындайтындығы туралы грамоталар беруге жарлық етті. Шаруалардың бірсыпырасы Лондонды тастап, үйлеріне тарап кетті. Бірақ  көтерілісшілердің бір тобы бұл  жеңілдікке қанағаттана қоймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге Лондонда қалып қойды. Олар корольмен екінші рет кездесіп, жаңа талаптар қойды. Ол талаптар:

- епископтар  мен монастырьлардың жерлерін  тартып алып, шаруаларға үлестіру;

- корольдерден  басқа барлық ағылшындардың теңдігін орнату (дворяндардың артықшылығын жою) тұрғысында болды.

Король шаруалармен  келіссөз жүргізіп жатқанда Лондонның  мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король шаруаларға толып жатқан уәделер  беріп, оларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалайды. Джон Боллға үкім шығарылып, ол да өлім жазасына кесіледі.

Көтеріліс ағылшын  мырзаларын біршама үрейлендіріп тастады. Олар шаруаларды белгілі бір шамадан артық қанау бүліктен басқа ештеңеге жеткізбейтінін түсінді. Сондықтан мырзалардың бір тобы корольге қызмет етуге келе бастады. Шаруалар жеңілдіктерге ие болды. Уот Тайлер көтерілісінен жүз жыл өткен соң Англияда жеке қожайынға тәуелді шаруа қалмады деуге болады.

Ал қызыл  және Ақ раушандар соғысы (1455-1485). Жүз  жылдық соғыстағы жеңіліс ағылшын  барондарының арасында үкіметке қарсы  наразылық туғызды. Оның үстіне корольVI Генрих Ланкастер (1422-1461) дімкас адам еді. Оның әйелі Маргарита ханшайым шыққан тегі жағынан француз болатын. Халық оны қатыгездігі үшін де жек көретін. Ханшайым мен оның сыбайластары тек өздерінің байлығын көбейтуді ғана ойлады. Елде ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, тәртіпсіздік етек алды.

Ханшайым мен оның сыбайластарының басты қарсыластары корольдің алыс туыстары – Йорктер әулеті болды. Ланкастерлер мен Йорктер әулеттерінің арғы атасы ІІІ Эдуард Плантагенет (1327-1377) болатын. Бұл екі әулеттің арасындағы билік үшін талас-тартыс ұзаққа созылған қанды қақтығысқа әкеп соқты. Йорктер туында ақ, ланкастерлердің туында ал қызыл раушанның суреті бейнеленді. Сол себепті бұл соғыс Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы деп аталды. Соғыс 1455 жылдан, 1485 жылға дейін созылды.

Бүкіл ағылшын  феодалдары өзара жауласқан екі топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы король тағы үшін күресте шонжар әулеттерінің бірін қолдады. Соғыс шонжар-феодалдар бірін-бірі түгелдей дерлік қырып болған кезде тоқтады. Ланкастерлердің Францияда тұрып жатқан туысы Генрих Тюдор 1485 жылы жеңіске жетіп, билік құрып отырған Йорктер әулетіне қарсы соғыс бастады. Сол жылы тамыз айында Босворд түбіндегі шайқаста ІІ Ричард Йорк жеңіліп, өлім жазасына кесілді. Осы ақырғы соғыспен Ал қызыл және Ақ раушандар арасындағы дау-жанжал бітті. Генрих Тюдор (1485-1509 ж. Билік құрды) VІІ Генрих деген атпен Англияның королі деп жарияланды.

Ол VІІ Эдуард Йорктің  қызы Елизаветаға үйленіп, өзінің туында Ал қызыл және Ақ раушандарды мәңгі  ажырамастай біріктірді.

VІІ Генрих  Тюдордың тұсында король билігі  нығайды. Ол феодалдардың әмкери отрядтар ұстауына тыйым салды, бағынғысы келмеген шонжарлардың қамалдарын талқандады, соғыс барысында қаза тапқан герцогтер мен графтардың жері мен атақтарын өз жақтастарына сыйлады. Өзара қақтығыстардан қалжыраған рыцарьлар мен қала тұрғындары да VІІ Генрих Тюдорға қолдаушылық көрсетті.

1265 ж. Ағылшын  парламенті құрылды. 1337 ж. Англия  Франциямен Жүз жылдық соғысқа  кірісті (1453 жылға дейін).

1265 Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.

1588 ж. “Жеңілмейтін  армаданы” (Испан флотын) талқандау  Англияны дүние жүзіндегі аса  ірі теңіз державаларының біріне  айналдырды.

1266 17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.

1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.

1640 — 1649 ж.  корольдік Стюарттар әулеті мен  парламент арасындағы қақтығыс  азамат соғысына ұласып, нәтижесінде  Оливер Кромвель бастаған республика  жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.

1651 ж. Ирландия,

1652 Шотландия  басып алынды.

1707 ж. Ұлыбританияна  корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.

18 ғасырдада  Британдық отарлық жүйе қалыптасты.

18 ғасырдың соңында  Ұлыбритания 13 америкалық отарынан  айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.

1805 1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.

1793 — 1815 ж.  респ. және Наполеондық Францияға  қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания  1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті [4, 561 б.].

 

 

2.2  Англия парламентінің функциясы

 

Үкіметті бақылау  – Британия парламентінің қауымдар палатасының аса маңызды функцияларының бірі болып табылады.

Парламенттің  бақылау нысаны – депутаттардың  министрлерге сұрақтары, ұсыныстар  мен арнайы комитеттер. Бұл тетікте  қаржылық бақылау айрықша орын алады. Парламенттің жанында әкімшілік  істер жөніндегі парламенттік уәкілдік жұмыс істейді (омбудсмен).

Үкіметтің парламенттік жауапкершілігі – бақылаудың барлық жүйесінің өзегі. Ұлыбританияда  парламентарлық басқару (жауапты) жүйесі бар. Бұл үкіметтің парламент  мүшелерінің арасынан қалыптасатынын, парламент алдында оның жауапты болатынын (бұл жағдайда қауымдастықтар палатасы ғана парламент деп түсініледі) және сенімсіздік білдірілген жағдайда отставкаға кетуі тиіс екенін білдіреді. Үкімет парламент алдында ұжымдық жауапты болады. Министрдің біріне сенімсіздік білдіру, әдетте тұтастай үкіметке сенім білдіруден бас тартуды білдіреді. Бұл жауапкершілік жүктейтін акт палаталардың не үкіметтің жалпы саясатын не оның қандай да бір шарасын мақұлдамауына қатысты болады. Үкімет ұсынған қандай да бір шараларды дауысқа салу кезінде жеңілуі не керісінше үкімет қарсы болған шараның мақұлдануы жауапкершілікке әкелудің негізі болуы мүмкін.

Палатада одан кейін отставка жүргізілуі тиіс қауымдастықтар жеңілген  жағдайда үкіметтің парламентті  тарату және жаңа сайлау тағайындау құқығы болады.

Министрліктер қызметінің негізгі бағыттарын бақылау  тапсырылған арнайы комитеттерден  тұрақты комитеттердің айырмасы олар тұрақты негізде жұмыс істейді. Оларды ұйымдастыру мен олардың  қызметін қауымдастықтар палаталарының  тұрақты ережелерімен реттеледі және қазіргі кезде олар арнайы комитеттер жүйесінің өзегін құрайды. Үш комитетке (сыртқы істер, ішкі істер, қаржы бойынша) кіші комитеттер тағайындау құқығы берілген.

Министрліктердің  қызметтерін тексеру жөніндегі  тұрақты жұмыс істейтін арнайы комитеттерге тиісті министрліктер мен олардың ведомствоға қарасты органдарының «шығыстарын, басқару мен саясатын» бақылау құқығы берілген. Ведомствоға қарасты органдар деп министрліктер жанындағы жария корпорациялар, консультативтік және өзге де органдар (мұндай органдардың саны 228) түсініледі. Комитетке тергеудің нақты мәнін таңдау еркіндігі берілген. Ол бұған үкімет тарапынан қандай да бір мақұлдау күтуі тиіс емес. Комитеттердің куәлерді шақыру және тергеу жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынуды талап ету құқығы бар. Олар сарапшылар тағайындауға, егер бұл қажеттіліктен туындаса ел ішіне және шетелдерге сапарларға шығуға құқылы.

1640 жылғы Англиядағы  буржуазиялық төңкеріс бүкіл  дүниежүзілік тарихқа әсерін  тигізіп, халық өмірін жоғары  нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын.  Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі  басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқаи жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп  бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық. Ал ауылда королъ өзінің заңдарымен жер жеке меншігін шектеген болатын.

Төңкерістің алдында  Англияның әлеумеітік жағдайы да өте қызық еді. Олардың дворяндар  топтары екіге бөлінетін. Бұндай жағдай басқа да Еуропа мемлекеттерінде болған еді. Мысалы, Францияда дворяндар ескі және жаңа дворяндарға бөлінеді. Бірақ Англиядағы жағдайлар ерекше қалыптасты. Жаңа дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын. Ескі аксүйек дворяндар қой бағып жүр деп оларға күлетін. Олардын ең пайдалы қызметтері жүнмен байланысты еді, олар өздерінің шаруаларына бостандық беріп, босаған жерлеріне қой бағатын. Қойдың жүнінен бүкіл дүние жүзіне белгілі шұға шығаратын. Сондықтан, бұл топ корольді жақтаса да, олардың мүдделері өнеркәсіптің дамуына байланысты екені түсінікті. Олардың экономикалық мүдделері буржуазия тобына жақын болатын, сондықтан ағылшын буржуазиялық төңкерісіне әлеуметтік рөлдері әсерін қатты тигізді. Олар буржуазиямен одақтасып корольге қарсы шықты[5, 78 б.].

Ағылшын корольдері Тюдорлардың мүддесін қорғаған болатын. Көптеген жылдар бойы Англияның ауылы нарыққа байланысты болды және капиталистік өнеркәсіп жаңа капиталистік жер иеленушілер негізін салды. Осыған орай төңкеріс кезінде жаңа дворяндар өздерінің тағдырын капитализмнің дамуымен байланыстырды. Осы жағдай Англия төңкерісінің ерекіпеліктерін анықтады. Буржуазияға қарсы бүкіл дворяндар емес, тек қана көне дворяндар қарсы шықты. Ал джектри қатарлары сенімді одақ болып көрінді. Сонымен, Аиглияда буржуазиямен қатар жаңа дворяндар мопархияға, феодалдық дворяндарға және шіркеудің ұстем таптарына қарсы тұрды. Англия төңкерісіндегі жауапты күш халықтың топтары: шаруалар, жұмыскерлер, саудагерлер.  Бірақ төңкеріс халыққа ешнәрсе берген жоқ, керісінше, шаруалар Англияда капиталистік құрылыстың құрбаны болды.

Англияның лордтары парламентте өздерінің жеке палатасында мәжілістерін өткізетін, олардың саны жүзге жақын еді. Бірақ лордтардың көбі өздерінің атақтарын тек қала XVII ғасырда ғана ала бастады.

Парламентте жаңа дворяндар (джентри) және буржуазия  топтары бірге қосылып, корольге қарсы оппозиция құрған болатын.  ХУІ-ғасырда Англияда қаладан өнеркәсіптердің саны өсті. Төңкеріске дейінгі Англияда Ішкі және сыртқы сауда тез дамып, бұл өнеркәсіптің қайта құрылу процесіне айналды. Лендлордтар шаруалардың жерлерін жаулап алуы мануфактураның құрылуына күшті әсерін тигізді. Жерсіз қалған шаруалар өздеріне жұмыс орнын өнеркәсіп өндірісінен іздеді. Сонымен, олар жұмысшылардың санын көбейтті. Англияның солтүстігінде дворяндар бұрынғыдай өмір сүріп, негізгі табысты шаруалардан пайда болған феодалдық алымдардан түсіріп отырған. Төңкеріске дейінгі Англияның селолық шаруашылығы өиеркәсіппен айналысқан жоқ, бірақ көптеген жағынан озық болатын.

Англияның буржуазиялық революциясының тағы бір ерекшелігі-діни таным бойынша өтуі. Бұл діни жалаумен өткен соңғы төңкеріс.

1621 жылы Англия  королі Яков Бірінші өзінің  ерекше парламенттегі жіберген  сәлемінде ол өзінің көзқарасын  мәлімдеді. Ол Парламентті корольдің  жиналған малайы деп көрсетті. Парламент корольдің қолына меморандум  ұстатты, король меморандумды  жыртып тастап, Парламентті таратты. Бірақ үш жылдан кейІн экономикалық жағдай королъді ауыр жағдайға қойғасын, ол парламентті қайтадан жинады. Осы жағдайда парламенттің қауым палатасы Яков Бірінші айтқан сөзіне наразылығын көрсетіп, парламентті король өзінің билігімен ғана жинамайды, оның құқықтары бұрынғыдан келе жатыр және король парламенттің құқықтарын сыйлауы керек деп мәлімдеді. Оған Яков Бірінші Корольдің құқығын құдай берген, сондықтан ол тек соның алдында жауапты деп қарсы сөйледі. Парламенттің мүшелері Ұлы Еркіндік Хартиясы деген ұлттық құжатты корольдің есіне салды. Король мен парламенттің арасында қайшылық туып, наразылық басталды. Яков Бірінші саясатын оның баласы король Карл Бірінші жалғастырды. Олар рим құқығына тіреліп, корольдің жоғары құқықтық жағдайын және құқықтарын дәлелдегісі келген еді, бірақ Англияның парламенті жалпы құқығын пайдаланып, өзінің әділеттілігін дәлелдеді. Король Жұлдыз палата және Жоғарғы комиссия деген төтенше соттарды құрды, парламенттің келісімін сұрамай жаңа салықтарды енгізді. Корольдің әйелі Генриетта Мария - Франция королінің қарындасы, католиктердің дініне сенетін, Аиглияның халқы бұл жағдайға қарсылығын білдірді.

Информация о работе Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы