Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:16, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………....………………………3

1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
1.1 Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5
1.2 Англиядағы сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты.........................7
1.3 Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.....................................................10

2. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
2.1 Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымы........................................16
2.2 Англия парламентінің функциясы................................................................20
2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі.........................22
2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент..................................................27
2.5 Англиядағы Конституциялық монархия.......................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Angliada_okildik-soslovielik_monarkhia-_parlamen.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

Англияда өкілдік  – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы  мен дамуы

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………....………………………3

 

1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы

1.1   Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5

1.2 Англиядағы  сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің  соты.........................7

1.3  Англиядағы  сословиелік-өкілдік монархия.....................................................10

 

2. Англияда  парламенттің пайда болуы мен дамуы

2.1 Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымы........................................16

2.2  Англия парламентінің функциясы................................................................20

2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі.........................22

2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент..................................................27

2.5 Англиядағы Конституциялық монархия.......................................................28

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.

Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері  көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.

Натуралдық  шаруашылықты тауарлық шаруашылық ығыстыра бастады. Қала мен ауылдың арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп, феодалдар  натуралдық салықты ақша салығына көшірді. Жерсіз қалған шаруалар өздеріне басқа  жерден жұмыс іздеп, тентіреп кетті. Қоғамдық құрылыста да өзгерістер аз емес еді. Нормандық және ағылшын-сакстық феодалдардың арасындағы айырмашылық бұрынғыдай емес, біртіндеп жойыла бастады. Феодалдардың бәрі жалпы мүддесін қорғау үшін бірігіп жатты. Үстем таптың өз арасында топтық саралау басталды. Олар ірі феодалдарға, рыцарларға, ұсақ феодалдарға бөлінді. Рыцарлар графтіктердегі ықпалды күшке айналды. Енді жер иеленушілер жалдамалы еңбекті қолданатын болды. Бұл үрдіс шаруалар қауымын ыдыратты. Кедей және үйсіз жерген адамның саны көбейді де, қанау үрдісі күшейе түсті.

Ағылшын парламентінің  мемлекеттік басқару жүйесіндегі  ықпалы күшті болды. Алым-салық салу үшін король парламентпен келісіп отырды. Кейін, XIV ғасырда парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан ары нығая түсуіне жағдай жасады.

Ағылшын парламенті 1265 ж.құрылды.  Парламенттің бақылау  нысаны – депутаттардың министрлерге сұрақтары, ұсыныстар мен арнайы комитеттер. Бұл тетікте қаржылық бақылау айрықша орын алады. Парламенттің жанында әкімшілік істер жөніндегі парламенттік уәкілдік жұмыс істейді (омбудсмен).

Ағылшын Үкіметтінің  парламенттік жауапкершілігі – бақылаудың барлық жүйесінің өзегі. Ұлыбританияда парламентарлық басқару (жауапты) жүйесі бар. Бұл үкіметтің парламент мүшелерінің арасынан қалыптасатынын, парламент алдында оның жауапты болатынын (бұл жағдайда қауымдастықтар палатасы ғана парламент деп түсініледі) және сенімсіздік білдірілген жағдайда отставкаға кетуі тиіс екенін білдіреді. Үкімет парламент алдында ұжымдық жауапты болады. Министрдің біріне сенімсіздік білдіру, әдетте тұтастай үкіметке сенім білдіруден бас тартуды білдіреді. Бұл жауапкершілік жүктейтін акт палаталардың не үкіметтің жалпы саясатын не оның қандай да бір шарасын мақұлдамауына қатысты болады. Үкімет ұсынған қандай да бір шараларды дауысқа салу кезінде жеңілуі не керісінше үкімет қарсы болған шараның мақұлдануы жауапкершілікке әкелудің негізі болуы мүмкін.

Министрліктер қызметінің негізгі бағыттарын бақылау тапсырылған арнайы комитеттерден тұрақты комитеттердің айырмасы олар тұрақты негізде жұмыс істейді. Оларды ұйымдастыру мен олардың қызметін қауымдастықтар палаталарының тұрақты ережелерімен реттеледі және қазіргі кезде олар арнайы комитеттер жүйесінің өзегін құрайды. Үш комитетке (сыртқы істер, ішкі істер, қаржы бойынша) кіші комитеттер тағайындау құқығы берілген [1, 123 б.].

1640 жылғы Англиядағы  буржуазиялық төңкеріс бүкіл  дүниежүзілік тарихқа әсерін  тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын.  Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі  басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқаи жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп  бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық. Ал ауылда королъ өзінің заңдарымен жер жеке меншігін шектеген болатын.

Курстық жұмыстың мақсаты. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы мен Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуын зерттеу арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

Міндеттері:

  • Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуын нақтау;

- Абсолюттік  монархия кезіндегі парламентін;

- Англиядағы Конституциялық монархия;

- Ағылшын парламентінің   тарихы мен құрылымын;

- Англия парламентінің  пайда болуы мен құрылымын т.б. зерттеу.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы

 

    1.   Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы

 

Ағылшын-сакстердің Британияны жаулап алуы көптеген өзгерістерге алып келді. Олардағы тайпалардың демократиялық органдары мемлекеттік органдарға айналды. Бірақ Англияның саяси ұйымында ежелгі кезеңнің көп элементтері сакталып қалды.

Король. Корольді феодалдар сайлайтын және ол бірінші әскери басшы болып саналатын.

Король бейбітшілікті  қорғаудың кепілдігін беретін адам. Ол әскери және діни функңияларды атқаратын еді. Король жоғарғы сот қызметін де өз қолына ұстайтын болды. Содан кейін ол ақша соғу құқығын иеленіп, жүрттан салық жинайтын. Қауымдардың арасындағы қайшылықтарды шешіп, феодалдардың арасындағы жанжалдарды қарайтын болды.

Корольдің сарайы мемлекетті басқаратын орталыққа, ал корольдің сарбаздары мемлекеттің қызметкерлеріне айналды. Жоғарғы қызметкерлердің арасында ең жоғарғы лауазым - корольдің қазына ұстау шы адамы мен капеллан. Капеллан кеңсеге жауапты кісі.

Король билігінің  қаржы негізі де нығайды. Өзінің жеке жерлерінен алған өнімнен басқа оған "фирма" деген салықты бәрі төлейтін, содан басқа дат ақшасы, тауарларды мемлекетке кіргізгені үшін салық, ІХ-ғасырдың ортасынан нарық, қалалар, таразы сияқты салықтар төленетін. Осы салықтардың көбі натуралдық салыққа жататын. Одан басқа шаруалар әскерде қызмет істеп, олар жол, көпір және бекініс салуға тиісті болды.

XI ғасырдың ортасында  корольдің билігі күшейді. Оған  әрбір адам, ақсүйек қарсылық көрсеткені үшін мемлекеттен қуылатын немесе өлім жазасына кесілетін. Екінші жағынан король билігінің күшейгені феодалдық қарым-қатынастарды да нығайтты. Сауда дамыды. Англиядан темірді басқа мемлекеттерге апаратын болды. Оның жоғары сапалы жүні, тұз, киім, қымбат тастардан істелген бұйымдар, сүйектен істелген нәрселер шетелге сатылатын. XII ғасырда қалалар салына бастады.

Ағылшын-сакстың  корольдері магнаттардың кеңесін жинайтын еді. Бұл кеңес уитнгемот-ақылдылардың кеңесі деп аталды. Оның анық функциялары болған жоқ. Уитнгемотқа король жұбайымен, ер балалары мен епископтер, ірі феодалдар кіретін. Ол бейбітшілік пен соғыс мәселелерін қарап, жоғарғы қызмет орындарға тағайындайтын, салық белгілейтін және заңдарды талқылайтын. Корольдің ең тұрақты қызметі - сот үрдісіне қатысып сот істерін шешу. Осы кеңес корольдерді сайлайтын болды. IX ғасырда уитнгемот сақталды, бірақ оған король тэндерді шақыратын. Кеңес корольдің құқығын шектеді, тақ мұрагерлігіне кірісті [2].

Ерте-феодалдық  Англияның еркшеліктерінің бірі корольдің күшті билігімен қатар  бір орталыққа бағынған жергілікті басқару мен қауымның өзін өзі басқаруының сақталуы еді. Сонымен қатар король тағайындайтын қызметкерлер болды. Елді мекендерде жалпы жиындар (сход) сақталды. Оларды староста басқаратын. Енді сол жиындар да мемлекеттің қаржы жинайтын ең төменгі бөліміне айналды. Әрібір жүздіктің жиналысында ең маңызды қызметтер жергілікті ірі жер иеленушілерге 12 аға "тэндерге" берілді. Графтіктерде жиналыстары жүздіктердің өкілдерінің органдарға айналды. Бірақ Англияның саяси ұйымында ежелгі кезеңнің көп элементтері сакталып қалды.

Король. Корольді феодалдар сайлайтын және ол бірінші әскери басшы болып саналатын.

Король бейбітшілікті  қорғаудың кепілдігін беретін адам. Ол әскери және діни функцияларды атқаратын еді. Король жоғарғы сот қызметін де өз қолына ұстайтын болды. Содан кейін ол ақша соғу құқығын иеленіп, жұрттан салық жинайтын. Кауымдардың арасындағы қайшылықтарды шешіп, феодалдардың арасындағы жанжалдарды қарайтын болды.

Корольдің сарайы мемлекетті басқаратын орталыққа, ал корольдің сарбаздары мемлекеттің қызметкерлеріне айналды. Жоғарғы қызметкерлердің арасында ең жоғарғы лауазым - корольдің қазына ұстаушы адамы мен капеллан. Капеллан кеңсеге жауапты кісі.

Король билігінің  қаржы негізі де нығайды. Өзінің жеке жерлерінен алған өнімнен басқа оған "фирма" деген салықты бәрі төлейтін, содан басқа дат ақшасы, тауарларды мемлекетке кіргізгені үшін салық, ІХ-ғасырдың ортасынан нарық, қалалар, таразы сияқты салықтар төленетін. Осы салықтардың көбі натуралдық салыққа жататын. Одан басқа шаруалар әскерде қызмет істеп, олар жол, көпір және бекініс салуға тиісті болды.

XI ғасырдың ортасында  корольдің билігі күшейді. Оған  әрбір адам, ақсүйек қарсылық  көрсеткені үшін мемлекеттен  қуылатын немесе өлім жазасына кесілетін. Екінші жағынан король билігінің күшейгені феодалдық қарым-қатынастарды да нығайтты. Сауда дамыды. Англиядан темірді басқа мемлекетгерге апаратын болды. Оның жоғары сапалы тұз, киім, қымбат тастардан істелген бұйымдар, сүйектен істелген нәрселер шетелге сатылатын. XII ғасырда қалалар салына бастады.

Ағылшын-сакстық корольдері магнаттардың кеңесін жинайтын еді. Бұл кеңес уитнгемот-ақылдылардың кеңесі деп аталды. Оның анық функциялары болған жоқ. Уитнгемотқа король жұбайымен, ер балалары мен епископтер, ірі феодалдар кіретін. Ол бейбітшілік пен соғыс мәселелерін қарап, жоғарғы қызмет орындарға тағайындайтын, салық белгілейтін және заңдарды талқылайтын. Корольдің ең тұрақты қызметі - сот үрдісіне қатысып сот істерін шешу. Осы кеіес корольдерді сайлайтын болды. IX ғасырда уитнгемот сақталды, бірақ оған король тэндерді шақыратын. Кеңес корольдің құқығын шектеді, тақ мұрагерлігіне кірісті.

Ерте-феодалдық Англияның еркшеліктерінің бірі корольдің күшті билігімен қатар бір орталыққа бағынған жергілікті басқару мен қауымның өзін өзі басқаруының сақталуы еді. Сонымен қатар король тағайындайтын қызметкерлер болды. Елді мекендерде жалпы жиындар (сход) сақталды. Оларды староста басқаратын. Енді сол жиындар да мемлекеттің қаржы жинайтын ең төменгі бөліміне айналды. Әрібір жүздіктің жиналысында ең маңызды қызметтер жергілікті ірі жер иеленушілерге 12 аға "тэндерге" берілді. Графтіктерде жиналыстары жүздіктердің өкілдерінің жиналыстарына айналды. Графтіктерде сот және әкімшілік функцияларын корольдің өзі тағайындаған шериф баскарды.

Жергілікті басқару. Англия графтіктерге бөлінді, ал олар өз кезегінде жүздікке бөлінетін еді. Графтіктерде король уитандардың келісімімен элдормендерді жіберді, ол сол жерден жиналған әскерді басқарды. Одан басқа қорольдің өкілі-шериф, минестериал, ол округті және қалаларды басқаратын.

Элдормен өздерінің міндеттерін графтіктердің жүздіктер жиналыста- рымен қатар атқаратын. Бұл жиналыстарға ерікті ер адамдар қатысушы еді. Жиналыс шаруашылық мәселелерін, ұсақ қылмыс және азаматтық істерін қарайтын. Сонымен, оларды сот және әкімшілік органдарға жатады деп айтуға болады.

Халық әскерініһ де рөлі жоғары болды. Бірақ Гастингстегі соғыс әскер саласына реформа керек екендігін көрсетті. Король әскерінің негізі -  өзінің сарбаздары. Олар әскердің басшылық ететін таңдаулы тобын қарайтын. Халық әскерін көру үшін қару қолдану қолынан келетін ер адамдардың бәрін әскерге жазды. Әрбір графтікке солардың жартысын әскерге жіберетін. Ал екінші жартысы үйде қалып шаруашылықпенен айналысты. Бұдан басқа әрбір фафтік бір кеме жабдықтауға тиісті болды.

 

1.2 Англиядағы  сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты

 

Ол мемлекетке қарсы істелген қылмыстарды және жермен байланысты таластардың бәрін қарайтын. Жергілікті соттарды элдормен басқаратын, бұл графтік соттары, ол корольдің юрисдикциясынан басқа бүкіл қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын. Жүздіктің соттары шығарған шешімдерге шағым арыздарды тексерді.

Информация о работе Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы