Тіндердің пайда болу заңдылықтары және эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 17:55, реферат

Краткое описание

Барлық тірі организмдер сияқты адам организміне де жасушалық құрылыс тән. Жасушалардың жалпы құрылысы бірдей, бірақ құрылысы мен атқаратын қызметтерінде кейбір ерекшеліктер болады. Жасушалар мен жасушалар аралығын толтыратын жасушааралық заттардан ұлпалар түзіледі. Ұлпа дегеніміз – құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Адам организмінде ұлпалардың эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйкелік дейтін төрт типін ажыратады. Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бірімен-бірі жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа - шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Ұлпалардың пайда болу заңдылықтары.
1.1. Тіндердің эволюция барысында дамуы.
2. Тінді гомеостазды қамтамасыз ету механизмдері.
2.1. Жүйе түзуші факторлар.
2.2. Тіндер өзгерістерінің шектері.
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Бакнур гиста.docx

— 122.50 Кб (Скачать файл)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

        Тақырыбы: Тіндердің пайда болу заңдылықтары және эволюциясы

 

 

 

       Орындаған: Қасымова Б.Б.

       Топ: 204 ОМ

       Тексерген: Дусеков А.Т.

 

 

 

Астана 2015

ЖОСПАР:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Ұлпалардың пайда болу заңдылықтары.

1.1. Тіндердің эволюция барысында дамуы.

2. Тінді гомеостазды қамтамасыз  ету механизмдері.

2.1. Жүйе түзуші факторлар.

2.2. Тіндер өзгерістерінің шектері.

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Барлық тірі организмдер сияқты адам организміне де жасушалық құрылыс тән. Жасушалардың жалпы құрылысы бірдей, бірақ құрылысы мен атқаратын қызметтерінде кейбір ерекшеліктер болады. Жасушалар мен жасушалар аралығын толтыратын жасушааралық заттардан ұлпалар түзіледі. Ұлпа дегеніміз – құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Адам организмінде  ұлпалардың эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйкелік дейтін төрт типін ажыратады. Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бірімен-бірі жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа - шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет жәнежүйке ұлпалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Ұлпалардың пайда болу заңдылықтары

 

      Ұлпалар пайда болу жайында екі үлкен мағлұматтар қаралады: Гастрей теориясы (бұның авторы Геккель). Бұл теория бойынша көп клеткалы ағза-бластея - бір клеткалы эпителий клеткаларынан пайда болды деген ұғым берді. Талшықтары бар клеткалар тобы ағзаның қимыл қызметін атқарса, ал баска клеткалар тобы қоректік қызмет атқарады. Инвагинация процесі арқылы екі клетка тобы - екі қабатты - гастрея болып саналады. Сыртқы қабаты - эктодерма жабынды эпителийде, ал эктодерма - бірінші ішек қабатын құрайды.

      Екінші теориясы Мечниковтың «фагоцетелла» теориясы. Бұл ұғым бойынша көп клеткалы ағза біртектес клеткалардан тұрды, дейді - олар екі түрлі қызмет атқарады. Сыртқы клеткалардың талшықтары болады, олар үсақ ас түйіршіктерінен фагоцитозарқылы қоректенеді, ал клеткалар бірте-бірте талшықтарын жоғалтып, амебоид пішінді болып жануарлардың ішкі кабатына кіреді де, ас қорыту сонда аяқталды, сөйтіп, сыртқы клеткалар - кинобласт, ішкі клеткалар - фагоцитобласт. Осыдан барып жабынды эпителий және ішкі орта ұлпалары пайда болады.

Заварзиннің айтуы бойынша ұлпалар эволюция процесінде ағзаға бағынады.

 

Эволюция барысында тіндердің дамуы

 

      Эволюция барысында әр түрлі ұлпалардың пайда болуы, дамуы, құрылысының күрделенуі жүрді. Эволюцияның сатыларын келесі теориялар толығырақ түсіндіреді.

Параллельді қатарлар теориясы. А.А. Заварзин параллелизм теориясы немесе ұлпа эволюциясының параллельді қатарлары деп аталған теориясын қалыптастырды. Бұл теорияның мағынасы эволюция барысында филогенетикалық тармақтардың әртүрлі бұтақтарында бір-бірінен тәуелсіз түрде ұқсас қызмет атқаратын, құрылысы бірдей болып қалыптасқан тіндердің түзелуі болып табылады. Мысалы, ланцетниктің және сүтқоректілердің дәнекер тіні бірдей қызметтерді атқарады, сондықтан құрылымы да бірдей. Параллельді қатарлар теориясы тіндердің эволюциясының себебін, олардың бейімделу қабілеттерін жақсы айқындайды.

Тіндердің дивергентті даму теориясы. Н.Г. Хлопин тіндердің дамуы туралы өзінің ұлпалардың дивергентті даму теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіндер эволюция және онтогенез барысында дивергентті дамиды, яғни бұрыннан бар тіндерден белгілі қасиеттерінің өзгеріп бастапқы ұлпадан ажырауы арқылы қалыптасады, ал бұл ұлпалардың көптеген жаңа түрлерінің түзелуіне жол ашады. Бұл теория дивергенция барысында барған сайын бір-біріне ұқсамайтын, құрылысы мен қызметі әртүрлі тіндердің бір эмбриональдық бастамадан қалай пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, терілік эктодермадан дамитын эпидермис және көпқабатты жазық эпителий арасында айырмашылықтан көрі ұқсастық көп, ал олармен даму негізі бір аденогипофиздің эпителиі, тістің эмалі құрылысы жағынан мүлдем басқа.

Тіндердің эволюциондық дамуының бірыңғай концепциясы. А.А. Заварзин мен Н.Г. Хлопиннің теориялары бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан совет гистологтары А.А. Браун, В.П. Михайловтар оларды  бірегей ұлпа эволюциясы теориясына біріктірді. Бұл теория бір-біріне ұқсас тіндік құрылымдар филогенетикалық бұтақтардың әртүрлі аймақтарында дивергентті даму барысында бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болды деген тұжырым жасайды.

Ұлпалар туралы ілімнің қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалым-гистологтар қатарында Максимов А.А. (қанның, қанжасаудың, дәнекер тіннің, қанжасаудың унитарлық теориясының, қанның дің жасушасын зерттеулері), совет гистологтары Б.И. Лаврентьев және А.С. Догель (жүйке тінін, оның реактивтік қасиетін зерттеу) болды. Кейінгілер нейрондық теорияның негізін қалаушылар болды. Г.К. Хрущев өзінің зерттеулерінде қанның реактивтік қасиеттерін зерттеді, ал В.Г. Елисеев және оның оқушылары (Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина, А.Ф. Суханов, А.И. Радостина, Е.Ф. Котовский т.б.) — дәнекер тін мен қанның гистофизиологиясын және реактивтік қасиеттерін зерттеді. Қаңқалық бұлшық етті зерттеудің нәтижелері А.Н. Студицкий мен А.А. Клишовтың еңбектерінде, жүректің бұлшық етінің қасиеттерін П.П. Румянцевтің еңбектерінде көруге болады. Испан гистологы Нобель жүлдесінің лауреаты С.Рамон-и-Кахал жүйке ұлпасын, оның реактивтік қасиеттерін зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол нейрондық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Жүйке тінін зерттеуге көп үлес қосқандардың бірі Нобель жүлдесінің лауреаты итальян гистологы К.Гольджи еді.

 

Ұлпалар жіктелісі

 

Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клет-кааралык заттардың комплексі. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификацмясын ұсынған болатын. Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық керген өзінін гистология оқулығында пайдаланған. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топка бөлген:

1. Эпителиалдық ұлпалар.

2. Дәнекер ұлпалары. 

3. Бұлшык ет ұлпалары. 

4. Нерв ұлпасы.

Ұлпалардын осы төрт типін А. А. Заварзин екі топқа біріктіруді ұсынған:

1. Жалпы маңызды ұлпалар. Бұған эпителиалдық ұлпалар мен  дәнекер ұлпалары жатады.

2. Мамандалған ұлпалар (бұлшык  ет ұлпасы мен нерв ұлпасы). Эволюция процесіңде алдымен  жалпы маңызды ұлпалар пайда  болған, "мамандалған ұлпалар" филогенетикалық дамудың кейінгі  кезеңінде бөлініп шыққан. Әрбір  ұлпаның құрамында дамудың әр  түрлі кезеңдеріндегі клеткалық  элементтер кездеседі.

Шала жіктелген клеткаларды А. А. Заварзин камбиялык клеткалар деп атаған. Камбиялық элементтерден жоғары дәрежеде жіктелген, мамандалған элементтер пай-да болады. Камбиялық клеткалар көбейе алатын болса, мамандалған клеткалар ондай қабілетінен айрылған.

Эпителиалдық үлпаны шекаралық ұлпа деп те атайды. Эпителий деген термин гректің екі сөзінен құралған "Эпи"— үсті  және "телий"— еміздікше   яғни еміздікшелерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бүл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.

Эпителий денешң барлық сыртқы беті мен серозалық кабықшаларды каптайды және организмнің көптеген бездерін құрайды. Эпителиалдық ұлпа клеткалардан — эпите-лиоциттерден тұрады. Эпителийге мына төмендегі белгілер тән:

1. Эпителий — организмді  сыртқы немесе ішкі ортадан  бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.

2.       Эпителийдің клеткалары қабат құрап орналасады.

3.       Эпителиалдық ұлпаның негізгі массасын клеткалар 
кұрайды.

4.       Эпителий үнемі сыртқы ортанын  әсерінде болады, соған байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) кабілеті жоғары.

5.       Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен кызметі жағынан бірдей болмайды. Мысалы ішектің эпителиалдық  клеткаларының  апикалык  бетінде  микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядронын үстіңгі аймағында орналаскан,  ал клеткалардын  базальдық бөліктерінде микробүрлер   мен  торлы  аппараттың   элементтері  болмайды. 
Эпителий клеткаларының полярлы болуы олардың шекарада орналасуына байланысты.

6.       Эпителий базальдык мембрананың үстінде жатады.Базальдык мембрана эпителий клеткалары мен оның астыңдағы   дәнекер   клеткаларьшың   тіршілік   әрекеттерінін әсерінен пайда болады және осы екі үлпаны, бір жағынан, бірін-бірінен   бөліп,   екінші   жағынан,   оларды   біріктіріп, біртүтас  комплекс  құрайды.   Эпителийдің  коректенуі  базальдық     мембрана     арқылы     диффузиялық      жолмен қамтамасыз етіледі.

                                                              

  Эпителийдің түрлері:

а — бір қабатты жалпақ; б — куб төрізді, а — цилиндр тәрізді, г — көп қатарлы кірпікшелі эпите-лий. 1 — базальдық мембрана, 2— дәнекер ұлпа, 3— кірпікшелі клеткалар, 4— бокал тәрізді клет-калар, 5— аралық клеткалар.

7. Эпителийде нерв талшықтары  көп болады, ал кан мен лимфа тамырлары болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер үлпасын қорғау. Сонымен бірге кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.

ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Эпителиалдық ұлпалардың шығутегіне, кұрылысына және атқаратын қызметіне негізделғен олардың түрлі классификациясы бар.

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийдің күрылыс ерекшелігіне неғізделғен. Бүл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп кабатты деп бөледі. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпак, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады (суретте көрсетілген).

ОНТО ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийлер классификациясының бұл түрі, олардың белгілі бір ұрықтық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин ұсынған. Ол эпителийлердің төмеңдегі типтерін ажыраткан:

1.  Эктодермадан пайда болатын эпидермалык эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз куысының эпителийі, сілекей бездері);

2.        Энтодермадан   дамитын   энтородермалық   эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);

3.        Мезодермадан пайда болатын целонефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің эпителий мен мtзотелий);

4.        Нерв түтігінің бастамасьшан дамитын эпендимоглиялық эпителий (эпендима);

5.    Мезенхимадан   түзілетін   эндотелий.   Эпителийдің соңғы   екі   түрін   зерттеушілердің   көпшілігі   эпителийлер қатарына     жатқызбайды.     Жұлын     каналы     мен     ми қарыншаларының астары — эпендиманы — нерв ұлпасьша, ал қан тамырларының астары эндотелийді дәнекер үлпасына жаткызуды орьнды деп санайды.  

 

ФУНКЦИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады.

1.        Жабушы тері эпителийі;

2.        Кілегей кабықшалардың эпителийі;

3.        Дененің екінші қуысын астарлап түратын серозалық қабықшаларының   эпителийі   (плевралық,   перикардиялық және құрсақ куыстарының);

4.        Ішкі органдардың паренхимасының эпителийі (альвеолалық,   бүйрек,   эпителийі,   гонодалар   мен   бездердің эпителийі т. б.).

ЦЕЛОМДЫҚ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардын беттерін астарлап түрады. Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап түратындыгына байланысты. Мезодерманың туындысы болғандыктан, мезотелий деп аталады.

Мезотелий — жалпақ клеткалардың жүқа қабаты. Клеткаларынын жиегі тегіс болмай, ирек-ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдік қатарына жатпайды. Біріншіден, олардын клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі. Бұл қасиет эпителийлерге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі оның клеткаларының көбеюінің нәтижесінде жүреді. Мезотелийдің басқа ұлпалардан пайда болмайтыны және оларға айналмайтыны бұның жоғары дәрежеде мамаддалғанын көрсетеді. Мезотелий клеткала-рының арасында десмосомалык контактілер болады. Мезо-телийдің ерекше қасиеттерінін бірі оның клеткаларының дене қуысына түлеп түсетіндігі. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий дене қуысы мен үлпалар арасында "сероза — ғематолимфалық тосқауыл" түзеуге қатысады. Ішкі мүшелер бірімен-бірі косылып, бітісіп-жабысып қалмауына және олардың орын ауыстырып козғалуына мезотелий қолайлы жағдай туғызады. Мезотелийдің    физиологиялық    регенерация    қабілеті    өте жоғары.

БІР ҚАБАТТЫ КУБ ПІШІНДІ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителийдіи бұл түрі организмде сирек кездеседі. Ол аналық жыныс безін қаптайды, бүйректін жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердін ұсак өзектерін (бауырдың, үйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады. Қалқанша безінде де байқалады. Бүйрек канал-шықтарының эпителийінің бос бетінде микробүрлер бола-ды. Клеткаларының үлкендігі бірдей, ядросы цитоплазмасының ортасьшда орналасады.

Информация о работе Тіндердің пайда болу заңдылықтары және эволюциясы