Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 16:19, реферат
Краткое описание
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары болып табылатындар:
республикалық қызметтері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызметтер базасы құрылатын министрліктердің, ведомостволардың бірінші басшылары; облыстық, аудандық, қалалық қызметтері – заңды күші бар басқару құрылымына негізделе отырып жергілікті атқарушы органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар;
ұйымдардың қызметтері – ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалатын бас мамандар немесе бірінші басшылардың орынбасарлары;
Осы қызметтер база негізінде құрылатын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары қызметтің әрекеттері мен оның ұйымдасуына, қажетті күш саны мен қарулардың дайындалуына, олардың жеке құраммен, техникамен және мүлікпен жабдықталуына дербес жауапты.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері тікелей сәйкесінше Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
Вложенные файлы: 1 файл
Реферат обж.doc
— 135.00 Кб (Скачать файл)
АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.
Азаматтық қорғаныс пен
төтенше жағдайлардың өртке
қарсы қызметі Азаматтық
Қызметтің міндеттері:
Төтенше жағдайлар аймақтарында өрттің алдын алу мен өртті сөндіру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметтерінің жоспарын әзірлеу мен уақытында жоспарға түзету енгізу;
қалалардың, аудандардың, елді мекендер мен ұйымдардың ірі өрттерге қарсы беріктігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың уақытында орындалуын (техникалық, ұйымдастырушылық және өрт-сақтандыру және т.б.) жүзеге асыру, сонымен бірге құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды өртке қарсы қамтамасыз етуге, оларды сөндіруге қажетті шараларды құруды қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлар аймақтарында өртке қарсы қызметтің үнемі дайын болуын құру, дайындау және қолдау;
өртке қарсы қызмет жүйелері мен байланыс, ақпарат тарату құралдарын, басқару пунктерінің дайындықта болуын құру және қолдау;
өртті сөндіру мен ескерту бөлімінде қазіргі заманғы құралдарды қолдануда, төтенше жағдайларда халықтың әрекетін дайындау мен оқытуға қатысу;
төтенше жағдайларды
ескерту мен шығындарды азайту жөніндегі
іс-шараларды әзірлеу мен
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесін нығайту мен қарулық қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде жеке құрамды өртке қарсы жабындар мен жер төлелермен, қорғану құрылыстарын өрт техникасымен қамтамасыз ету, жарықпен бөлу іс-шараларын өткізу;
Өрт техникасын, өрт-техникалық жабдықтарды және өрт сөндіруші құралдардың қорын үнемі дайындықта ұстау;
елді мекендер мен ұйымдардың бөлімшелерінің ведомостволық меншіктілігі мен жеке меншік түріне қарамастан өртке қарсы дайындылығын қамтамасыз ету, және де өртті сөндіруде олардың әрекеттерін басқару;
өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының есебін жүргізу.
АҚ және ТЖ жанар-жағар май материалдары қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жанар-жағар май материалдарының қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда халыққа жанар-жағар май материалдарымен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметін құру, Азаматтық қорғаныс күштерін қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін бейбіт және соғыс уақытына жанар-жағар май материалдарының қорын жоспарлау мен құру;
төтенше жағдайлар аймақтарында
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын
жанар-жағар май
тұрақты және стационарлы құю станцияларының жұмысын есепке алу мен бақылау, жанар-жағар май материалдарына арналған сыйымдылықтың болуы, сонымен бірге Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз етуге арналған республиканың құю станцияларының мүмкіндіктерін бақылау;
құтқару және шұғыл жұмыстардың орнын, эвакуацияланатын халыққа жанар-жағар май материалдарын жеткізу.
АҚ және ТЖ жолдар мен көпірлер қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жолдар мен көпірлер қызметі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Азаматтық қорғаныс іс-шараларын өткізгенде жолдар мен көпірлерді жөндеу мен қалпына келтіру, жол-көпір қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруға арналған.
Қызметтің міндеттері:
Азаматтық қорғаныстың жол және арнайы іс-шараларын бейбіт және соғыс уақытында ұйымдастыру мен орындау;
тағайындалуына қарай қызметтердің әрекеттерге дайындығын құру мен қолдау;
төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізгенде апатты-құтқару қызметінің қалыптасуы мен Азаматтық қорғаныс күштердің әрекеттерін қамтамасыз ету;
республиканың автожол желісін, ондағы ең маңызды нысандарды техникалық жабу;
автомобиль жолдарының жағдайын барлауды ұйымдастыру мен жүргізу;
төтенше жағдайлар туындағанда көлік коммуникацияларының зақымдалуын жою, қазіргі заманғы құралдарды қолдану;
күштер мен қаруларды құтқару және шұғыл жету орындарына жеткізу үшін өту құрылғылары мен бағанды жол жабдықтары, зардап шеккендерді және материалдық құралдарды эвакуациялау.
АҚ және ТЖ жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мақсатымен, ауыл шаруашылық өнімдерін және мал шаруашылығы өнімдерін, су көздерін қорау мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін қорғау жөніндегі іс-шараларды, мал шаруашылығы мен өсімдіктер өнімдерін, су көздері мен сумен қамтамасыз ету жүйелерін радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданулардан қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау;
зақымданған жануарларды ветеринарлық және фитопатологиялық саралау, өңдеу, емдеуді ұйымдастыру;
зақымданған жануарларды еріксіз қорғауды және оларды көмуді ұйымдастыру;
жануарлар мен өсімдіктердің жайылым жерлерін, егінді жерлерін және өнімдерін зарарсыздандыру;
ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығындағы малды қауіпсіз аймаққа көшіру (апару) жұмыстарын ұйымдастыру;
қажетті жем мен қажетті заттар қорын құру;
қызметті құру жөніндегі әрекеттерге дайындықты құру мен қолдау, оларды жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз ету;
зарарсыздандырушы заттармен, медициналық заттар қорымен қорларды құру және уақытында жаңартып отыру;
төтенше жағдайлардағы әрекеттерге елді мекеннің халқын оқытуды ұйымдастыру және өткізу.
АҚ және ТЖ ақпараттық қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар ақпараттық қызметі Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау негізінде халыққа уақытында және дұрыс ақпарат беру мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
Халықты төтенше жағдай қаупі туралы хабардар ету жөніндегі ақпаратпен теле, радио құрылым мекемелермен меншік түріне байланыссыз Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын әзірлеу мен орындау;
Төтенше жағдайлар жағдайларындағы әрекет пен қазіргі зақымдау құралдарын халықтың қолдануын оқыту, территориялар мен халықты қорғау мәселелерін жаппай жариялау құралдары арқылы ұйымдастыру;
Республика территориясында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ресми ақпаратты отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен жинауды, жалпылау мен ұсынуды және оны халыққа жеткізуді ұйымдастыру;
Төтенше жағдайлар туындағанда шұғыл жағдайды жарықтандыру мәселесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет координациясы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану;
Төтенше жағдайларда адамдардың жүріс-тұрыстары ережелері бойынша ескертулер, плакаттар, буклеттер, кішкене кітапшалар мен басқа да әдебиеттерді әзірлеу мен басып шығаруға қатысу;
Азаматтық қорғаныс күштерінің оқу және дайындық орындарынан, апаттық-құтқару қызметтерінің қалыптасуынан, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы органдарының мәжілістерінен, конференцияларынан, симпозиум мен халықты, территорияны, ұйымдарды қорғау мәселелері жөніндегі басқа да іс-шаралардан репортеждерді ұйымдастыру;
Төтенше жағдайлар мен Азматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі оқу кинофильмдерін көрсетуді ұйымдастыруда мәдениет мекемелеріне көмек көрсетіп, бақылау;
Жоғалған адамдар, жоғалған мүлік, құтқару-апаттық жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпараттық материалдар мен тізімдердің жариялануына азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына көмек көрсету;
АҚ және ТЖ байланыс және хабардар ету қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар байланыс және хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты және басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт және әскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету;
Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт және соғыс уақытында хабардар ету;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны және ұйымдарды қорғау, құтқару және шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру;
Байланыс және хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету;
Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару;
Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу;
Байланыс және хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету;
Басқа министрліктер
мен ведомостволардың байланыс
құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс
күштерімен, апаттық-құтқару
Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды әзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша және тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру;
Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету.
АҚ және ТЖ қоғамдық тәртіп күзеті қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қоғамдық тәртіп күзеті қызметі төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында барлық меншік түрлерін, қоғамдық тәртіп күзеті қызметін, материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.
Қызмет міндеттері:
Төтенше жағдайлар қаупі мен туындауында халықты, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс басқару органдарын, басқарушы құрамды хабардар етуге қатысу, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану;
Төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдану ошақтарында, қалалар мен елді мекендерде жол қозғалысын, қоғамдық тәртіпті, көлік магистральдары мен адамдар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті қолдау;
Меншікті, аса маңызды нысандар мен азаматтардың жеке мүлкін күзету;
Төтенше жағдайлар аудандарын, зақымдану ошақтарын жабу;
Қылмыспен күрес;
Халықтың жоғалуын есепке алуды жүргізу;
Эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету;