Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 16:19, реферат

Краткое описание


Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары болып табылатындар:
республикалық қызметтері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызметтер базасы құрылатын министрліктердің, ведомостволардың бірінші басшылары; облыстық, аудандық, қалалық қызметтері – заңды күші бар басқару құрылымына негізделе отырып жергілікті атқарушы органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар;
ұйымдардың қызметтері – ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалатын бас мамандар немесе бірінші басшылардың орынбасарлары;
Осы қызметтер база негізінде құрылатын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары қызметтің әрекеттері мен оның ұйымдасуына, қажетті күш саны мен қарулардың дайындалуына, олардың жеке құраммен, техникамен және мүлікпен жабдықталуына дербес жауапты.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері тікелей сәйкесінше Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат обж.doc

— 135.00 Кб (Скачать файл)

Қарудың, әскери  қарудың, күші  қатты улы  заттардың  рұқсат  етілген  жүйе  нысандарында сақталуын  қамтамасыз ету;

Азаматтарды  уақытша  орналастыру пунктерін, жылыту,  тамақтану  және  заттай  қажеттілік  пунктерін  күзету;

АҚ  және ТЖ радиациялық  қорғаныс қызметі.

Азаматтық  қорғаныс  және төтенше  жағдайлар  радиациялық қорғаныс  қызметі радиациялық  зақымданудан  нысандар мен  территорияны, халықты  тиімді  қорғау, дезактивті  жұмыстарды өткізу, радиактивті зақымдану ошақтарын  жою мақсатымен  құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Радиациялық барлауды  өткізу;

Азаматтық  қорғаныс  және төтенше  жағдайлардың  байланыс  және  хабардар  ету  қызметімен  бірге  радиактивті  зақымдану туралы  халықты хабардар  ету мен  басқару  органдарының  қызметімен  бірге  ұйымдастыру;

Төтенше  жағдайларда,  қазіргі  заманғы  зарарсызданду  құралдарын  қолданғанда  радиактивті сәулеленуді ең  жоғары  дәрежеде  әлсірету мақсатымен  ұйымдастыру  және  іс-шараларды  жоспарлау;

Бақылау  және  зертханалық  бақылап-қадағалау  мекемелерінен  елді  мекеннің,  азық-түліктің, судың,  ғимараттар  мен  құрылыстардың  радиоактивті зақымдануы  туралы ақпараттарды алу  мен  хабардар  ету;

Төтенше  жағдайлар  аймақтары мен  зақымдану  ошақтарында  радиоактивті  зақымданудағы  әрекеттер  мен  ережелер  туралы  халықтың  ортасында  түсіндіру  жұмыстарын  өткізу;

Құтқару  және  басқа  шұғыл  жұмыстарын  жүргізу  барысында қозғалыс  бағыттарында, төтенше  жағдайлар  аймақтары мен зақымдану ошақтарында дозиметриялық  бақылауды  ұйымдастыру;

Азаматтық қорғаныс  күштері  мен  халықты зақымдаушы (улы  және нейтронды қару) қазіргі құралдардың факторларынан қорғау;

Радиоактивті  зақымдау  ошақтарындағы әрекеттерде  құрылымның  жеке  құрамын  қорғау  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету;

Радиоактивті  заттарды  тасымалдағанда  ядролық  нысандардағы  апаттардың  салдарын  жоюды ұйымдастыру;

Радиоактивті  зақымдану  аймақтарында дезактивті жұмыстарды  ұйымдастыру мен  жүргізу;

Радиоактивті  заттарды  тасымалдау мен радиациялық-қауіпті  нысандарда  сақтандыру  жұмыстарын  өткізу;

Радиоактивті заттарды  өндірісінде  қолданатын  кәсіпорындар  мен ұйымдарды есепке  алу  мен  бақылау;

Радиоактивті  қалдықтарды  көмуді  ұйымдастыруға  қатысу;

Радиоактивті  заттармен  жұмыс істеу нормалары мен  ережелерін  бақылауды  ұйымдастыру;

Салынатын  нысандардың  жобасын сараптау, оларды Радиациялық  қауіпсіздік  нормаларына  сәйкес анықтау.

 

11. АҚ  және  ТЖ химиялық  қорғаныс  қызметі.

Азаматтық  қорғаныс  және төтенше  жағдайлар  химиялық  қорғаныс қызметі күші қатты улы  заттармен  зақымдану ошақтарын  жою, жұмыстарды  өткізу, химиялық  зақымданудан  территорияны,  ұйымдарды, халықты тиімді  қамтамасыз  ету мақсатымен  құрылады.

Қызметтің міндеттері:

химиялық  барлау  жүргізу;

Азаматтық  қорғаныс  және төтенше жағдайларда химиялық  зақымдану қаупі туралы  халықты хабардар  ету мен байланыс қызметімен  бірге ұйымдастыру;

СДЯВ өндіретін, сақтайтын  немесе  қайта  өңдейтін  нысандардағы апаттарда  күші  қатты  улы  заттардың әсерінен, сонымен  бірге  оларды соғыс  және  бейбіт  уақытта  тасымалдауда болатын  шығындарды  азайту  жөніндегі  іс-шараларды әзірлеу мен  орындауды  қамтамасыз  ету;

Төтенше  жағдайлар  аймақтарында,  зақымдану ошақтарында  болатын мүмкін  химиялық зақымдану  жағдайын  болжау  мен  жағдайға баға беру;

Республикалық  қадағалау  желісі мен   зертханалық  бақылау  мекемелерімен  күші  қатты  улы  заттардың  зимиялық  зақымдауы  туралы  ақпаратты алу  және  хабардар  ету;

Химиялық  зақымдану  жағдайларында, төтенше  жағдайлар  аймақтарында  және  зақымдану  ошақтарында  құтқару жұмыстары  мен  шұғыл  жұмыстарды өткізуге  қатысатын құрылымның  жеке құрамы  мен  халықты  қорғау  режимдерін  әзірлеу;

Химиялық зақымдануда  ережелер  мен  әрекеттер  туралы  халықтың  ортасында  түсіндіру  жұмыстарын өткізу;

Химиялық зақымдану  аймақтарында құтқару  және  шұғыл  жұмыстарды өткізгенде  құрылымдардың  жеке  құрамын  қорғау мен  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қорғаныс  ғимараттарында ауаны  сүзгілеу мен  регенерациясының техникалық құралдарының  жағдайын  бақылау;

Демалу органдары және  теріні қорғаушы дербес  құралдар қорын,  химиялық  барлау приборларын, тағайындалуына  қарай оларды арнайы өңдеу мен дұрыс ұстау қорларын құру;

Химиялық  зақымданумен  байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жоюды  ұйымдастыру, соның ішінде күші  қатты улы заттарды  тасымалдау  салдарын  жоюды  ұйымдастыру;

Химиялық зақымдану салдарын жою жөніндегі  жұмыстарды  қамтамасыз етуге  қажетті материалдық құралдардың  қорын  жинау;

Қауіпті  өндірістер  мен  халық арасында сақтандыру жұмыстарын өткізуді  ұйымдастыру;

Химиялық  қауіпті  нысандар мен күші  қатты улы  заттардың  бар екендігін  есепке алу.

 

 АҚ  және  ТЖ сауда  және  тамақтану  қызметі.

Азаматтық  қорғаныс  және төтенше  жағдайлар  сауда  және  тамақтану  қызметі  зардап  шеккен  халықты қамтамасыз  ету, Азаматтық қ орғаныс күштерінің  жеке  құрамын  қамтамасыз  ету  және апаттық-құтқару жұмыстары қызмектін тамақпен, сумен,  арнайы  киіммен  олардың  өміріне  қажетті  бірінші  кезектегі  заттармен  қамтамасыз ету мақсатында  құрылған.

Қызметтің міндеттері:

Бейбіт және  соғыс  уақыты  кезінде азық-түлік,  өнеркәсіптік  тауарлар қорымен қамтамасыз ету мен резервтерді  құру  жөніндегі  іс-шараларды әзірлеу  және  іске  асыру;

Төтенше жағдайлар  нәтижесінде  зардап  шеккен халықты тамақпен, киіммен, төсек  жабдықтарымен  қамтамасыз  етуді  жоспарлау;

Төтенше  жағдайлар  аймақтары  мен  зақымдану  ошақтарында құрылымдардың  жеке  құрамын, бас құтқарушы  және шұғыл  жұмыстардың  жеке  құрамын  тамақпен  және ауыз  сумен  қамтамасыз ету, киіммен, төсек  жабдықтарымен жеке  құрамды арнайы  аяқ киіммен, алғашқы дәрігерлік көмекпен, күзет бекіттерін  және  қозғалысты  реттеушілерді қамтамасыз  ету.

 

 АҚ  және  ТЖ  энергетика қызметі.

Азаматтық  қорғаныс  және төтенше  жағдайлар  энергетика  қызметі халықтың  өмірге  қажеттілігін  қамтамасыз ету,  ерекше  маңызды  нысандардың  жұмыс  тұрақтылығын, Азаматтық қорғаныстың  іс-шараларын  энергетикалық  жағынан  қамтамасыз ету  мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

- энергетикалық  жүйелердің  тұрақты  жұмыс істеуін,  желілік  кәсіпорындар  мен  тұтынушыларды,  ұйымдарды және  бейбіт,  соғыс  уақытында  республика  халқын энергиямен  үздіксіз  қамтамасыз ету жөніндегі  энергетикалық  нысандардың жұмысын  арттыруға  бағытталған  іс-шараларды  уақытында  өткізу;

Электрмен  қамтамасыз ету  және  жылумен қамтамасыз  ету,  релелік қорғаныс,  желілік және  өртке қарсы автоматика  жүйелерінің жұмыс сенімділігін  қамтамасыз ету;

Энергия  жүйесінің  шеңберлі  жүйесін  қамтамасыз  ету  мақсатымен  энергия  таратушы  жаңа  желілердің құрылысы;

Энергия  жүйесінің  жұмыс істеп  тұрған  бөлігі  мен  оларды  орталықтан  басқаруына  қарамастан  сұлбаны  бөлу  жөніндегі іс-шараларды  жүзеге  асыру;

Тұтынушылар  мен  электр  таратушы  желілердің,  жеке  энергетикалық  нысандардың  қатардан  шығуын  есепке  ала  отырып,  электр  станциялары мен  электр  жүйелерін  дайындау;

Қосымша  тұтынушыларды  шұғыл  сөндіруге  дайындық  жөніндегі  іс-шараларды  жүзеге  асыру;

Халықтың  өмір сүруін  қамтамасыз  ететін  жүйеге  кіретін  жауапты  тұтынушылар  мен  ерекше  маңызды   нысандарды  электр  энергиясымен  үздіксіз   қамтамасыз  етуді  ұйымдастыру;

Энергия  қамтамасыз  етуші  автономды  көздердің  резервін  құру  мен  оларды  жанар-жағар  май  материалдарының  қорымен  қамтамасыз  ету;

Газбен  қамтамасыз  ету,  мұнай  және  мұнай  өнімдері желісінің үздіксіз   жұмыс істеуін ұйымдастыру;

Ерекше  жұмыс  режиміне   энергетика  нысандары мен  энергетикалық  жүйелерді  ауыстыру  жөніндегі  іс-шараларды   жүзеге  асыруды  басқару;

Энергетикалық  нысандар  мен  желілерде апатты-техникалық  жұмыстарды  орындау  үшін арнайы  құрылымдарды   пайдалану  туралы  ұсыныстарды  дайындау;

Электр  энергиясының  автономды көздерін пайдалануды  есепке  ала  отырып  төтенше  жағдайлар  аймағындағы  және  зақымдану  ошақтарындағы  энергетикалық  желілердің  үздіксіз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету;

Энергетикалық  құрылыстар  мен  желілердегі  апатты  жағдайларды  жою  мен  апатты  жұмыстарды  жүргізу;

Эвакуацияланатын  және белгіленген  халықты,  зардап  шеккен  аудандарды  көшіру,  құтқару  және  де  басқа  шұғыл жұмыстарды  өткізуде  энергетикалық  орындарды (учаскелерді)  қамтамасыз  ету;

Ұйымдарды,  қалалар  мен  басқа  елді  мекендерді  түске  бөлу  жөніндегі  іс-шараларды  әзірлеу  мен  жүзеге  асыруға  қатысу;

Жылжымалы және  дербес  электр  станцияларын ведомствалық  және  меншік  түріне қарамастан ұстау,  жағдайларын  бақылауды,  оларды  пайдалану  жоспарларын  әзірлеуді  жүзеге  асыру;

Қызметті  құру,  ұстау, және  дайындықта  ұстау  іс-шараларын  жүзеге  асыру.

 

 АҚ  және  ТЖ техникалық  қызметі.

Азаматтық қорғаныс және төтенше  жағдайлар техникалық  қызметі Азаматты қорғанысты  жөндеу  материалдарымен  және көліктік, инженерлік  және  басқа  техникалармен  қамтамасыз ету мақсатымен  және  оны  уақытында жөндеу мақсатында құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Азаматтық  қорғаныс  қажеттіліктеріне  тартылатын техниканы, жабдықтарды, агрегаттарды,  айлабұйымдар мен  механизмдерді дұрыс  жағдайда  және  үнемі  дайын  күйінде  ұстау;

Төтенше жағдайлар аймақтары  мен зақымдану ошақтарында  құтқару  жұмыстары мен  шұғыл  басқа  да  жұмыстарды  орындау  барысында  істен  шыққан  техниканы жөндеуді  ұйымдастыру;

Зақымдалған  және  істен  шыққан  техникаларды маршруттар мен  жұмыс  учаскелерінен алып, зақымдалған  машиналар мен  жөндеу  кәсіпорындарға  эвакуациялау;

Жөндеу кәсіпорындарын  орталықтан  жабдықтауды ұйымдастыру  және  есеп  жүргізу,  қызметтер  мен  құрылымдарды қосалқы бөлшектермен  және  жөндеу  материалдарымен  базасы,  қоймалары, тұрақты  және  жылжымалы  жөндеу құрылымдары  бар республиканың  кәсіпорындарын  тарта  отырып жабдықтау  және  ұйымдастыру.

 

 АҚ  және ТЖ  көлік  қызметі.

Азаматтық қорғаныс  және төтенше  жағдайлар көлік  қызметі Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын  көлік  жағынан  қамтамасыз ету мақсатымен  құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес Азаматтық қорғаныс іс-шараларын  көліктік  қамтамасыз етуін  есептеу;

Темір  жол, теңіз, өзен, әуе  және автомобиль көліктері органдарымен  бірлесе отырып  зардап  шеккен  халықты,  әскери бөлімдерді және құрылымдарды әрекеттеріне  қарай, құтқару жұмыстары мен басқа да  шұғыл жұмыстардың орындарына  тасымалдауды жүзеге  асыру;

Түсіру  және қону  пунктерін анықтау,  оларды қажетті  жабдықтармен,  техникамен  жабдықтау;

Жұмыс  нысандарына  жұмыс  ауысымдарын тасымалдау (әкелу, әкету);

Алғашқы  реттік  тәртіппен  Азаматтық қорғаныс  және  апаттық-құтқару  қызметтерінің жеке құрамын  жеткізуді  қамтамасыз ету;

Төтенше  жағдайлардың  салдарын  жою  оны  алдын-алу  үшін қажетті  арнайы  жүкті, зардап  шеккен  халыққа көмек көрсетуді  қамтамасыз ету;

Қызметтің  құрылуына  көліктің пайдалануға дайындығын, олардың  жеке  құраммен  жарақталуын,  техника мен  жабдықтармен  жабдықталуын  қамтамасыз ету;

Қосалқы бөлшектер қорын,  жанар-жағар  май материалдар  қорын  құру

Қызметтің  құрылуына  кірген көлік  құралдарының  жөнделуі мен  техникалық  қызмет  көрсетілуін, құтқару жұмыстары  барысындағы  қозғалыс  бағыттарын  ұйымдастыру;

Көлік  құралдарын  қорғаныс  ғимараттарымен  қамтамасыз ету, оларды  үнемі  дұрыс  жағдайда  ұстау, үнемі  дайындықта, көлік  құралдарын  қазіргі  заманға  сай  жаңарту, эвакуаторлық  көліктерді  қажетті  жабдықтармен  жабдықтауды  ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Алматы,2013


Информация о работе Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері