Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

        Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу үрдісіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдар, Б¥¥-ң қоршағн орта және даму бойынша қабылданған декларациясының қағидалары (1992 жылы Рио-де-жанейро, «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстан - 2030» жолдауы негізінде «Экология және табиғат-2030» ұзақ» мерзімді  стратегиясы әзірленді).  

         Ұзақ мерзімді экологиялық стратегияның негізгі мақсаттары - қоғам мен қоршаған орта арасындағы өзара қатынасының үйлесіне қол жеткізу және тіршіліктің экологиялық қолайлы ортасын қалыптастыру.

         Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2030 жылға дейін 4 басым бағыт таңдап алынған:

-    экологиялық қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыру;

-   табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану;

-   өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлілігін ақтау;  халыққа экологиялық білім беру.

        Қоршаған ортаның қазіргі жағдайын бағалау асамаңызды болып табылатын проблемаларға көп көңіл бөлінеді.

        Сәйкес ұйымдардың жүргізген қоршаған ортаның жағдайын талдау шешімі кезек күттірмейтін басымды экологиялық проблемаларды бөліп көрсетті:

-   су  ресурстарының тапшылығы;

-  жайылым және тың жерлердің деградациясы;

-  урбанизацияланған     территориядағы      атмосфералық     ауаның                             ластануы;

-    ағынды сулы объектілердің  ластануы;

-  қоршаған   ортаның   өндірістік   және   тұрмыстық   қалдықтармен   ластануы;

-    ормандармен ерекше қорғалатын аймақтардың жетіспеуі.

         Осы аталған проблемалар мен қатар, туризм саласындағы проблемаларды шешу үлкен маңызға ие себебі тұрақты дамуға өту кезінде ең алдымен қоршаған ортаны жақсарту, содан кейін туризмде дамыту проблемаларын шешу керек. Экология және табғат ресурстары - 2030 «Ұзақ мерзімді стратегиясындағы» басымдылықтардың экотуризмнің дамуына кіру кездейсоқ емес.[22]

         Осы жұмыс Қазақстанның алдыңғы қатарлы облыстарының бірі - Алматы облысының экологиялық туризмін дамыту мүмкіндіктерін бағалау мәселелеріне арналады.                                                                           

         Қазақстан Республикасының 1992 жылы .«Туризм туралы» Заңына, 07.10.1992 жыл Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту тұжырымдамасының №839, Қазақстан Республикасы Президентінің Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта жаңғырту, түркі тілдес елдердің мәдени мұраларын дамыту және туризм инфрақұрылымын қалыптастыру «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы» туралы жарлығына сәйкес «Алматы облысының туризм индустриясын дамыту» облыстық кешенді бағдарламасының паспорты әзірленді.

          Бағдарламаның мақсаты - қазақстандық және шетел азаматтарының әртүрлі туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін, Алматы облысының тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешенін құру.

                  Бағдарламаның басты міндеттері:

1)  Бәсекені дамыту, туристік кәсіпорындарының жұмысындағы мамандану мен кооперациялануын  теңдету негізінде қазіргі туристік нарықты қалыптастыру;

2)   Ішкі және келу туризмін приоритетті дамыту үшін жағдай жасау;

3)   Туризм, шағын  кәсіпкерлік сферасындағы кәсіпкерліктің  дамуын қолдау;

4)  Туристік объектілердің құрылысы мен қайта құру мақсатында отандық және шетел инвестицияларын тарту жолымен туризмнің материалдық базасын дамытуды ынталанлыру;

5)  Туризмнің  дәстүрлі орталықтарын қайта жаңарту мен дамыту, табиғи және тарихи – мәдени потенциялы жоғары жаңа туристік аудандарды игеру үшін жағдай жасау;

6) Әлемдік туристік нарық жүйесіне бірігу және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтарды дамыту;

7)   Отандық туристік нарыққа туристік қызмет көрсету технологиясын

енгізу;                                                                                           .

8)   Туризм    салаларындағы    ақпаратпен    қамсыздандыру    жүйесін

жетілдіру;

9) Облыстық деңгейде туризм сферасында зерттеулер кешенін жүзеге асыратын салалық туристік ғылымды дамыту;

10) Туризм сферасындағы кадрлардың біліктілігін жоғарлату, қайта дайындау, дайындаудың қазіргі жүйесін жетілдіру;

11) Туризм үшін қолайлы аймақ ретінде Алматы облысының бейнесін қалыптастыруға бағытталған белсенді жарнамалық қызметті жүргізу.[18]

 

         Тұрақты дамуға көшу кезіндегі Алматы облысының экологиялық туризмінің дамыту әлеуметтік - экономикалық проблемалармен түсіндіріледі. Әлеуметтік жоспарда дамыту экотуризм әлеуметтік қатынастарды кңейтіп, халықаралық ынтымақтастықтың дамуына себепші болып, мәдени даму өз үлесін қосады, ең бастысы халықтың экологиялық сауатын жоғарылатады.

          Экономикалық көзқарас тұрғысынан, экологиялық туризм экологиялық маршруттарга орналасқан тұрғылықты жерлердің инфроқұрылымының дамуына себепші болады. Сонымен қатар, тұрғылықты жерлер туристер немесе туристер тобын қауіпсіздікпен, әртүрлі тұтыну және азық - түлік тауарларымен қамтамасыз ете отырып, өз үйлерін туристерге жалға бере отырып экотуризмнен елеулі табыс табады. Экологиялық туризм экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады, себебі ол шетеддік туристердің елге белгілі бір көлемде шетелдік валюта әкелуі есебінен мемлекетке үлкен табыс әкеледі.

        Нәтижесінде, экологиялық туризм қоршаған ортаның табиғи күйінде сақталуын қамтамасыз ету мақсатында адамдардың саналары мен дағдыларын зерттеп, оларды табиғтты аялауға тәрбиелейді. Дегенмен, экотуризм табиғи ортаның сақталуына себепші болуы үшін, жергілікті түрғындар мен жетекшілер экологиялық туризмнің объектісі ретінде территорияның табиғи ресурстарын эксплутациялаудан алатын табысын территорияның табиғатын сақтаумен байланыстыру керек. Бұл табыс табиғатты қорғауды ынталандыру мақсатында дұрыс бөлініп пайдаланылуы керек. Егер табыс дұрыс бөлінбесе, бұл қорғалатын жердің ресурын рационалды пайдалануды халық үшін ынталандыру болып табылмайды.

        Осыншама экологиялық туризм және онымен байланысты қызмет табиғи ортаның жағдайыны тікелей тәуелді болады.[2]

         Бүгінгі күнде Алматы облысындағы экотуризмді дамыту тек экономикалық даму және табиғатты қорғау міндеттерінен ғана емес, сонымен қатар физикалық және рухани қүш - қуаттың төмендеуімен түсіндіріледі. Техникалық прогресс пен урбанизация бір жағынан адамдардың материалдық мақсаттағы жағдайын жақсартса, басқа жағынан, әртүрлі текті дағдарыстар мен стрестер күшейіп, қоғамның жүйке - психологиялық жүктелімі күшейді. Американдық әлеуметтанушылардың мәлімемелері бойынша, адамдардың тұрмыс халі өскен сайын, олардьң экологиялық таза жерлерге деген қажеттілігі тура пропорционалды түрде өсе түседі.

        Сонымен, экологиялық туризмді дамыту бос уақыттты пайдалану, салауатты өмір салтын бірге енгізу үшін жағдай жасау жэне, насихаттау проблемаларына деген жүйелік тәсілден маңызын анықтайды. Бұл еліміздің дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарына толығымен сәйкес келеді..

         Қазіргі қоғамның тенденциялары болашақтағы экологиялық туризмнің дамуына әсер етеді.

         Біріншіден, қоғамдық өндіріс болашақта да дами түседі, бұл өз кезегінде интеллектуалды, жүйке - психологиялық ауыртпалықтарды тудырады.

         Екіншіден, табиғи ресурстарды өндіріске тарту табиғи ортаның одан әрі деградациялануына әкеледі. Бұл жағдайда табиғи экожүйелерді өндірістік және ауылшаруашылық пайдаланудан алу құралы ретінде экологиялық туризмнің маңызын арттыра түседі.

         Үшіншіден, қазіргі адамның өмірі ғылыми - техникалық жетістіктермен күрделенген. Сол себепті өмір салтын «қарапайымдаы (жеңілдетіп), қоғамдық құндылықтарды өзгерту керек.

         Бұл үрдіс қандай да бір деңгейде әлемнің қөптеген елдеріне тән. Дегенмен, олардың Алматы облысындағы экологиялық туризміне деген әсерін азайту үшін, мемелекет пен жергілікті деңгейде экотуристік қызметті жетілдіруге бағытталған шаралар қатарын қабылдау керек.

        Ең алдымен:

- турист саласына деген жаңа тәсілдерді құру, туризмнің жаңа экологиялық қауіпсіз түрлерін енгізу, мәселен экотуризм, Алматы облысындағы экотуризмнің даму бағдарламасын әзірлеу;

-     туристік ұйымдардың персоналының жұмысын жетілдіру, экологиялық туризмге бағыттала отырып, олар көрсететін қызметтердің ассортиментін кеңейту;        

- туристерге қызмет көрсету үшін экологиялық хауатты кадрларды дайындау, шетелдік туристер үшін Алматы облысының табиғи объектілерінің тартымдылығын арттыру мақсатында байланыс, компьютерлік техника, социология және психология салаларындағы мамандарды дайындау.

       Алматы облысы аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуымен түсіндірілетін өзіне ғана тән ерекшеліктерімен сипатталады. Осыдан экотуризмнің тиімділік алудың әртүрлі қарқындылығы мен салдары шығады.

Егер экотуристік объектілер орналасқан аймақта экологиялық зиянды өндіріс орналасса, онда оларды біртіндеп қарастырудың перспективті жоспарын әзірлеу керек. Яғни экотуристік объектілер орналасқан жерде басты назар қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты экологиялық жағдайды қалыптастыруға бөліну керек.

Алматы облысының тұрақты дамуы өту жағдайында экологиялық туризмді дамытудан экономикалық және экологиялық пайда алу үшін табиғи -шаруашылық қызметтің басымдықтарын қайта бағыттап, қайта бағалау керек.[3]

 

2.2.     Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы                                     экологиялық    туризмнің    ролі.

        Туризмді дамыту және табиғи ортаны пайдалану проблемасы туристік мақсаттар үшін үнемі өзекті болады. Бірақ оның өзектілігі XX ғасырдың соңғы он жылдықта арта түсті. Табиғи ортасы тартымды аудандарға бағытталған туристік  ағымдар  өскен  сайын,  оның  деградациялану  үрдісі  күшейе  түседі.

         Сондықтан  құқықытық органдар алдында осы территорияларды туристердің жоюшы әсерінен қорғау мәселесі тұр.

        1997 жылы наурызда Берлинде қоршаған орта мәселесі бойынша министрлердің халықаралық конференциясы өтті, оған Еуропа, Америка, Азия, Африка мемелекеттерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында экотуризмді дамыту және биологиялық түрлерді сақтау саласындағы саясат әзірленетін қағидалар қарастырылды. Конференция барлық елдерде тұрақты туризмнің кеңейуі мен дамуына көңіл бөлетін Декларацияны қабылдаумен аяқталды.

       Соңғы уақытта Қазақстан биологиялық және ландшафттық түрлерді сақтау саласындағы халықаралық конференцияларды мемелекеттік деңгейде бекітті. Бұл құжаттардың мәні: адамның шаруашылық қызметінің кез келген мэселелері эқологиялық талаптарға сэйкес шешілуі керек. Себебі Жердің биологиялық ресурстары адамның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін өмірлік маңызды, биологиялық түрлер қазіргі және болашақ ұрпақ үшін әлемдік байлық болып табылады.

       Республиканың табиғи жағдайының түрлілігі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің байлығы көрсетеді. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері өзінің сиректігіне, құндылығына байланысты қызыл кітапқа енгізілген. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 25%, құстардың 11,4%, бауырымен жорғалаушылардың 20,4%, балықтардың 15,4% енгізілген.

        Экожүйелердің эталонды және қайталанбас учаскілерін, флора мен фаунаның сирек түрлерін сақтау үшін, қорғалатын табиғи территориялар негізінде экологиялық туризмді дамыту жағдайларын қалыптастыру үшін ұйымдар арнайы жобалар әзірлейді. Осындай жобалардың бірі «Экотуризмді дамыту және ерекше қорғаудағы табиғи территориялардың желілерін дамыту».

           Қазақстан Республикасы табиғит ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министірлігінің жұмыс жоспары «Алтын емел» табиғи паркіндегі арнайы жабдықталған: экотуристік маршруттардың экологиялық туризм жүйесін құру, ландшафттардың сапасын жақсарту қарастырылады.

           Қазақстн Республиқасы биотүрлер туралы конференцияның тарабы болған соң, 1994 жылдың қыркүйегінен бастап биологиялық түрлерді сақтауға, әділетті пайда негізінде оның компоненттрін тұрақты пайдалануға бағытталған үрдістерге жол ашты.

           Бірқатар авторлар (ВОО, Kusler ) экологиялық туризмді биологиялық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ететін потенциалды құрал деп есептеуді ұсынады.      

             Экологиялық туризм табиғатты сақтаудан пайда- табудың маңызды көзі болып табылады:

-  табиғатты пайдаланғаны үшін төлем, транспортпен тұрған жері үшін, аң аулау және т:б үшін төлемдер;

-  тамақтану, баспана, транспорт, гид түрлерінде ұсынған қызметтер үшін физикалық тұлғалардың жалақы төлемі;

-   берілген территорияға келген туристерге    өткізілген өнімнен түсетін

пайыз;          

-   тауарлар мен қызметтерге салық салу.

         Шетелдік   табиғи   парктердің   тәжірибесі   көрсеткендей,   парктің

зонасына кіру үшін төленетін төлем өте төмен, яғни парктің есігі адамдардың

барлық категориялары үшін ашық. Мысалы, Галапагосс аралдарының ұлттық

паркі  Эквадор  азаматтарына қарағанда шетелдік туристерден жоғары төлем алса  өзінің жергілікті тұрғындарынан мүлдем алмайды. Біздің елдерде қаржылық  проблемаларға       сәйкес,       отандық      және       шетелдік      туристер      үшін  дифференциалданған кіру төлемін енгізу қарастырылған.

Алматы облысында экологиялық туризмді дамыту үшін реакциялық ресурстар көп Әлемде ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен объектілер туралы: қорықтар, ұлттық парктер, табиғат ерекшеліктері.[5]

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы