Тасымалданатын жүктің мінездемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 20:51, курсовая работа

Краткое описание

Көлік және көліктік процесс туралы жалпы түсініктер. Көлік халық шаруашылығының әртүрлі салаларының өндірістік – экономикалық байланыстарын қамтамасыз етеді. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстарда, мемлекеттің қорғаныс қабілеттігінде маңызды роль атқарады. Көлік әрбір өндіріс процесінің бөлінбейтін элементі бола тұрып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының арасында, өнеркәсіптің жекелеген салалары мен жекелеген кәсіпорындар арасында байланысты қамтамасыз етеді. Көліктік өнеркәсібінің немесе көліктің оны материалдық өндірістің басқа салаларынан маңызды етіп ерекше көрсететін бірқатар ерекшеліктері бар. Жүктер мен жолаушыларды уақыт пен кеңістікте тасымалдау процесі көліктік өнеркәсіптің өндірістік процесі болып табылады. Көліктік өнеркәсіптің ерекшелігі сонда, ол шикізатты өндемейді және ешкандай жаңа өнімдер жасамайды. Бұл өнімнің санын көбейтпей және сапасын өзгертпей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында белгілі бір өнім түрінде жасалған материалдық байлықтарды көлік өндіріс орнынан тұтыну орнына тасымалдайды.