Баяндама Жаңа акпарат технологиялары
Реферат, 07 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын.
Вложенные файлы: 1 файл
Баяндама Жаңа акпарат технологиялары.doc
— 215.50 Кб (Скачать файл)Кіріспе
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттындыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақдараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті — ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің ақпараттық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА
Информатика сабағындағы жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының техникалық базасы
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қaзipгі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелерне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардын классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
- дидактикалық бағыт;
- бағдарламалық ұсыныс;
- техникалық ұсыныс;
- пәндік аумақта қолданылуы.
Дидактикалық бағыт бойынша классификация. Бағдарламалық-ақпараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбіp әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп болу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін бөлiмi - бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.
Білімнің артикулденбейтін бөлімі - интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған бөлімдер. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:
- компьютерлік оқулықтар;
- оқытылатын мәліметтер қоры;
- үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және бімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлық деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:
- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);
- компьютерлік тренажерлер (КТ);
- зертханалық практикумдер;
- ойындардың бағдарламалы;
- үйренушілерге
зерттеу кезінде оқытылатын
ЖАТ негізіндегі оқыту құралдарының жүйесі. Қазіргі кезде оқытудағы ЖАТ-ды қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын бөлуге болады:
- Оқу материалын баяндау кезіндегі көрнекілікті жоғарлату, кез келген объекттер мен процестерді модельдеу, білімді меңгергенін бағалау, оқу материалын жүйелеу үшін оқытудың дидактикалық құралы ретінде ақпараттық технологиялардың аппараты және бағдарламалық құралдарын пайдалану;
- Оқытудың әртүрлі формаларын іске асыру: жеке, коллективті, өзіндік, дистанциялық оқыту
- Қазірігі автоматталдырылған оқыту жүйелерін қолданып, оқытуды автоматтандыру;
- Koмьютepлiк оқыту бағдарламаларын ғылыми тұрғыдан дәлелденген сценарийлерді жасау, педагогикалық бағдарламалық құралдардың сапасын бағалау мен экспертиза жасау;
- Білім басқарудағы ақпараттық технологиялар құралдарын профессионалды қолдануға үйрету. (Басқарудың автоматты жүйелері, жұмыс орындарын автоматтандыру) ;
- Оқытудағы компьютерлік телекоммуникацияларды қолдану;
- Өз пәндік облысында ақпараттық технологияларды қолдану;
- Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып локалды және глобалды ақпараттық ресурстарға қол жеткізу;
- Психологиялық-педагогикалық және ғылымилық зерттеулерде ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану.
Сабақ барысында мультииедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Мемлекеттік білім беру
стандарты қазіргі заман
Ақпараттық технологияларды
қолдану қазіргі уақытта
Қазіргі заманның мультимедия және гипермедия технологияларын информатика сабағында қолдану оқытылып отырған бағдаламалық қамтамсыз етудің мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар видеосабақтар (мультимедиялық презентациялар) білім берудің тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі.
Білім берудегі мультимедиялық технологиялар
Мультиедиялық технологиялар білім беру процессін толықтыра отырып, оқыту ақпаратынын қабылдау процесінде білім алушының, яғни оқушының көптеген сезу компонентерін тару арқылы қабылдаған ақпараттың барлығын зердесінде сақтауды одан да тиімді етеді.
Қазіргі уақытта мультимедия-
Мультимедиалық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программапық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық күжаттарды дайындау тәсілдері.
Гипермедия – бұл мультимедиялық объектілердің арасында қатынауды қамтамасыз ететін сілтемелер арқылы біріккен компьютерлік файлдар.
Әрине мектептерде компьютерлік
сыныптарды ұйымдастыруда Интернет-
Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі уақытта мұғалімдер
оқушылар бойында сабақ барсында
оқуға деген қызығушылық
Білім беру орындарында практикалық жұмыстарына қарқынды түрде ақпаратты экрандық түрде ұсынудың жаңа бастауларының енуі видеоәдісті бір бөлек оқыту әдісі ретінде ерекшелеп алуға мүмкіндік береді. Видеоәдісті білімді ұсыну үшін, бақылауды, тұрақтандыруды, қайталауды, жалпылауды ұйымдастырда қодануға болады, ол барлық дидактикалық функцияларды орындайды. Бұл әдіс ақпаратты көрнекі түрде қабылдау негізіне сүйенеді. Берілген әдістің оқыту және тәрбиелеу функциясы көрнекі сұлбалардың жоғары тиімділіктігіне негізделеді. Қөрнекі түрде ұсынылған ақпарат қабылдауға жеңіл және бала зердесінде жақсы, әрі жылдам сақталады.
Білім беру процесінде видеоәдісті қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:
- Оқушыларға зерттелетін құбылыс және процесс туралы толық, әрі ақиқат ақпарат беру;
- білім беру процесіндегі көрнкекіліктің маңыздылығын арттыру;
- оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру;
- мұғалімнің техникалық жұмысының білімді басқару мен коррекциялаумен байланысты бір бөлігінен босату;
- тиімді кері байланысты орнықтыру;
- толық, әрі жүйелі басқаруды, үлгірімді объективті түрде тіркеуді ұйымдастыру.
Видеоәдістің көмегімен көптеген дидактикалық және тәрбилеу алғышарттары шешіледі. Ол мына жағдайларда әсіресе тиімді:
- жаңа материалды түсіндіруде;
- күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық моледьдердің әрекеттер принципінің динамикасын түсіндіруде;
- ауқымды жұмыстық процестерді бақылауда;
- видеоқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты күшейтуде;
- құрылғының ішкі бөлігінде іске асатын жасырын процестерді бақылауда;
- оқу-жаттығушылық және зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер қорын құруда;
- білім беру процесін рационализациялау, оның өнімділігін арттыру, ғылыми ақпартатты тасымалдау және қабылдаудың оптималды көлемін педагогикалық басқару сапасын арттыру жолымен қамтамасыздандыруда.
Берілген әдістің тиімділігі видеоұсынымның сапасы мен қоланылған техникалық құралға тура тәуелді болады. Видеоәдіс оқыту процесін ұйымдастыруына үлкен талаптар қояды, ол өзінің айқындығымен, ойластырылғандығымен және мақсаттығымен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті қолданушы ұстазадан зерттелетін проблема шеңберіне оқушыларды ендірудің, олардың әдекеттерін бағыттай отырып, жалпылама шешімдер алуының, жеке-дара көмек көрсетудің жоғары іскерлігін талап етіледі.
Заман талабына сай мультимедия-