Жаңа дәуір философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 14:53, реферат

Краткое описание

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді.

Содержание

1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың ачеуметтік-философиячық концепциялары.
4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

Вложенные файлы: 1 файл

философия.docx

— 51.96 Кб (Скачать файл)

Жаңа дәуір философиясы 
1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы. 
2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза. 
3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың ачеуметтік-философиячық концепциялары. 
4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы. 
 
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту 
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді. 
Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды. 
Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан – философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады; 
Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б. 
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім – күщ» (Знание – сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды. 
Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері – құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісітабиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде – Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу – физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын – метафизика. 
Философияның соңғы бөлімі – адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл.»Жаңа Органонда» баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя-дар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар: 
1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді. 
2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе. 
3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады). 
4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. «Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы». 
Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін. 
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар». «Фи-лософияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар». 
-философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика, діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды. 
Ерекшеліктері: 
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды: 
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді. 
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді. 
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. 
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация. 
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады. 
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі – «Этика». 
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай – табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. 
Ең бастысы – Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды. 
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату – құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік – себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана 
68 
нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы. 
Томас Гоббс (1588-1679) – кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы». 
Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия – танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». – дейді 
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі – оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады. 
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі – мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету – Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс. 
’7Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен рито-рикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қыз-меттеріндеде болды, эмиграциядада өмір сүрді. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе», «Ақыл-ойды басқару туралы», «Басқару туралы екі трактат» 
Локк эмпиризмді – білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес. 
Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды. 
Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Тәжірибенің осы екі түрі біздің идеяларымыз- 
70 
қайдан пайда болатынын түсіндіреді. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз. 
-Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, прак-тика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табысты-лығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады. 
Локк Оксфорд университетінде грек тілі мен риторикадан сабақ берді деген болатынбыз. Менің ойымша, грек философиясының адамның, тұтас халықтың еркіндігі мен құқы туралы идеялары оның мемлекет туралы ойларына да ерекше әсер етті. Адамдардың бәрін ол еркін, тең, тәуелсіз, өмірге, еркіндікке, меншікке құқы бардеп қарастырды. Жеке меншік пен еңбекті ол адамның табиғи. ажырамас атрибуттары деп түсінеді, оларды қанағаттандырмаса, өмір де жоқ деп ұғынады. Құдай адамға бүкіл табиғатты берді, бірақ ол жеке меншік болғанда ғана пайда әкелмек, ол еңбек арқылы келеді. Адам еркіндігі, Локктың ойынша, оның азаматтық жағдайында, мемлекетте де сақталуы керек, яғни жогаргы билік шексіз болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Локк Гоббсқа қарсы. Локк конституциялық үкімет халықтың суверенитеті негізінде құрылуы керек және мұндай үкімет қоғам мүшелерінің бәріне тең қүқық пен еркіндікті қамтамасыз етуі қажет деп тұжырымдады. Оның ойынша, мемлекеттің функциясы ең қажетті нәрселермен шектелуі тиіс, келісімнің негізінде пайда болған мемлекет табиғи құқықты қатаң сақтауы керек. Локк үкімет билігін бөлуді ұсынды: жоғарғы билік тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты үш институттан тұрады, заң билігі – парламентте, атқарушы билік – сот пен армия, федеративтік – корөл мен министрліктерде. Конституциялық монархияның бұл концепциясы буржуазия мен дворяңдар арасында компромисс орнатуға ықпал етті, сондықтан Локкты Англияда либерализмді орнатушылардың бірі десе болады. Локктың пікірінше, қоғамға діни шыдамдылық қажет, бірақ атеизмге жол жоқ, себебі дінсіз қоғам болмақ емес 
• Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар – түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін 
71 
көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі – жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік «Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды. 
Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты. 
Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.

Негізгі ерекшеліктері: - ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі - білімнің қарқынды дамуы - ғылмдардың пайда болуы - діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы. Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт    қалыптасады.  Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи. Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.       Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) — Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон». Эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін. Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және  адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл — ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде  тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл — ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды. Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек: 1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен 2. Әркім жеке басына тән «үңгір» елесінен 3. «Нарық» (базар) елесінен 4. «Театр» елесінен. «Білім — күш» қағидасын берік ұстанған. «материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия — материяның ішкі қасиеті» — дейді. Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады: 1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік 2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы 3. Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі 4.Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі. Р.Декарт (1596-1650ж.ж.) — фр. философы, дворяндар отбасында өмірге келген ол  Ла — Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқытады. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы  ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қазықпаған декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, псидология мен космогония және философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: «Әдіс туралы ой — толғау» және «Философияның алғашқы бастаулары». Космология, космогония, физика мен физиологияда – материалист, психология, таным теориясында — идеалист, соған орай Декарт дуализм бағытының өкілі ретінде  сналады. Декарттың рационализмінің негізі — күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді. Біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз, зердеміз арқылы ғана қабылданбақ. Т.Гоббс (1588-1679ж.ж.) — Оксфорд  университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642),  «Левиафан» (1651ж). Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя — мәңгі, алғашқы, ал ой — материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды. Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат» теориясын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды. «Философия-танушы ақыл — ойдың рационалдық іс — әрекетінің жүйесі. Ол бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылыммен тең түсетін философия», — дейді. Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рационалдық анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде қарастыру керек, ал философия тек адам туралы ілім деген көзқарасты ұсынады. Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән өзімшілдіктен кейін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. «Адам — адамға қасқыр», адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды. Осы жағдайлардан кйін адамдар арасында бір-біріне деген сенімсіздік туындайды. Табиғи теңдік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа ұмтылады, мақсатқа  жету барысында бірі басқасын  құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бірімен-бірі үнемі соғыста болады дейді. Барух Cпиноза (1632-1677ж.ж.) — Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда — саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрады. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек қарастырылғанымен, бірті — бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне баса назар аударады. Негізгі еңбегі: «Этика». Өзінің философиясында Спиноза пантеистік бағытты ұстанады.  Табиғаттың өзі — Құдай, табиғат  — мәңгі, шексіз, ал сана оның қасиеті. Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екенін қолдайды. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік қағидаларының табиғи сипатын ерекше атап көрсетеді. Бірақ, оның философиясында Құдай — табиғаттың өзі. Ол — субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ешнәрсе жоқ, адамдардың Құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғаты. Спиноза адамгершілік ережелерінің Құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Табиғат қана шын өмір сүреді деген тұжырым жасайды. Джон Локк (1632-1704ж.ж.) — Оксфорд университетінің түлегі, осы оқу орынында грек тілі мен риторикасынан дәріс береді. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысады, үкіметтің  басқарушы қызметтерінеде араласады. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл — ойы туралы тәжірибе» және  «Ақыл — ойды басқару туралы». Локк эмпиризмді, яғни білім, таным тек тәжірибеден ғана  туындайды деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген,  ақыл — ойда әуелі сезімде болған нәрселерден басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп көрсетеді.ойшылдың пайымдауынша, адамгершілік секілді ұғымдар адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір — біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді. Адамда априорлы  мораль болуы мүмкін емес. Адам баласы өмірге келгенде оның ішкі жан дүниесі таза тақта сияқты, тәрбие мен еңбектің арқасында адам өзіне білім жинақтайды, білім сол тақтаға жазылмақ дейді. Қоғамға діни шыдамдылық қажет, атеизмге жол жоқ, өйткені дінсіз қоғам болмақ емес, діни қағидалар болмаса қоғам азып кетеді деген ойды алға тартады. Джордж Беркли (1685-1753ж.ж.) — ағылшын философы, субъективті идеализмнің негізін салушы ретінде танымал ойшыл. Материяны терістеп, дінді мойындайды. Негізгі еңбегі: «Адамдық біліктің бастамасы жайлы трактат». Оның ойынша, біз дүниені сезім арқылы қабылдаймыз, сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Берклидің пікірінше, қабылдау субьектінің жағдай — күйіне тікелей байланысты. Ол бұл түсінікті абсолютті дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мәңгілік қабылдаушы субьект Құдай деп тұжырымдайды. Давид Юм (1711–1776 ж.ж.) — ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Оның  оынша, субьективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің идеяларын тудырады. Мысалы, адамдар күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бұл сенімнің негізі — осы құбылыстың үздіксіз күнделікті қайталанатындығында. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теолрия емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юмның біржақты эмпиризмі және  оны рационализмнен бөліп қарастыруы дүниені танып — білуге болмайды деген агностикалық тұжырымға алып келді. Адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды  
 


Информация о работе Жаңа дәуір философиясы