Жаңа ақпараттық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 15:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар – ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Қазіргі замандағы өмір ағымы мұғалімдерден жаңаша ойлап, шығармашылықпен жұмыс істей білуді, көп ізденуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
2.Негізгі бөлім..................................................................................................5
2.1 Жаңа ақпараттық технология......................................................................5
2.2 Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі.............................................6
2.3 Жаңа ақпараттық технологияның артықшылықтары
мен кемшіліктері..........................................................................................8
2.4 Химия пәнін оқытуда ақпараттық
технологияның тиімділігі........................................................................11
2.5 Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
білім деңгейін көтеру.................................................................................13
2.6 Эксперименттік бөлім................................................................................15
2.6.1. Жаңа технологиялық әдіспен «Карбон қышқылдары»
тақырыбын түсіндіру............................................................................15
3. Қорытынды...................................................................................................25
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

курс.doc

— 527.00 Кб (Скачать файл)

      

                         Жоспары

  Кіріспе..............................................................................................................3

 

2.Негізгі бөлім..................................................................................................5

 

2.1 Жаңа ақпараттық технология......................................................................5

2.2 Жаңа ақпараттық технологияның  тиімділігі.............................................6

2.3 Жаңа ақпараттық технологияның  артықшылықтары

      мен кемшіліктері..........................................................................................8

2.4 Химия пәнін оқытуда ақпараттық

      технологияның   тиімділігі........................................................................11

2.5 Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы

      білім деңгейін  көтеру.................................................................................13

2.6 Эксперименттік бөлім................................................................................15

 

2.6.1. Жаңа технологиялық әдіспен «Карбон қышқылдары»

           тақырыбын  түсіндіру............................................................................15

 

3. Қорытынды...................................................................................................25

 

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

 

                                                         

                                                  Кіріспе

 

     Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті  жас ұрпақты тәрбиелеу – алға қойған  басты  мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру  әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар – ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Қазіргі замандағы өмір ағымы мұғалімдерден жаңаша ойлап, шығармашылықпен  жұмыс істей білуді, көп ізденуді талап етеді.

  Білім мазмұнын жаңалық енгізудің  тиімді жаңа әдістерін іздестіру осы  мәселенің бір шешімі болып табылады.

   Ұстаз міндеті – оқушыға  кез-келген білім саласын меңгертудің  жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен  жұмыс істей  білуге үйрету. Кезінде педагог-ғалым  А. Сухомлинский  « Сабақ – мұғалімнің педагогикалық  мәдениетінің айнасы» деген болатын.

   Химия пәні  жаратылыстану  ғылымдарының ішіндегі  ең қызықтысы  да қиыны. Соған қарамастан ғылым  мен техниканың дамыған заманында  өмір сүрген жеткіншектер  зор  ынта  мен қызығушылық  танытса, химия өзінің шыңына жетеді.

   Оқушылардың танымдық белсенділігін  арттырып, білімге деген қызығушылығын  тереңдетуде, білімді өз бетімен  меңгеруге  ынтасын  арттыруда  оқытудың жаңа үрдісін кеңінен  пайдаланудың, әсіресе, ақпараттық технологияны  қолданудың маңызы зор.

   Ақпараттық технология –  ғылыми- техникалық прогрестің  басты  құралы. Оны оқу үрдісінде  енгізу  білім деңгейін әлемдік деңгейге  жақындатуға мүмкіндік береді.

  • оқушылардың дербестігі артады, олар өз жұмыстарының мазмұнын компьютерлік  техника арқылы өздігінен түзетуге мүмкіндік алады;
  • оқушылардың теориялық білімі және практикалық дағды-біліктері нақты анықталады;
  • оқушыларда өздігінен іздену, ақпарат көздерін  іріктеу, қажетті материалдарды  тауып, тиімді қолдану дағдылары  қалыптасады;
  • оқушы өзін-өзі басқаратын, тексеретін, өзін-өзі бағалайтын деңгейге көтеріледі;
  • оқушылардың өзіне, өз қабілетіне деген сенімі артады, даралық жеке басын бағалау сапасы қалыптасады.

     Қазіргі кезде бүкіл  әлемде  болып жатқан ғылыми  техникалық  процестер  мен қайта құрулар ақпараттық- коммуникациялардың  қарқынды дамуына байланысты. Сондықтан қазіргі  білім беру саласында өмір ағымына сәйкес  оқытудың  озық технологияларын  оқып-үйреніп  меңгермейінше, жоғары сапалы – сенімді, білікті, білімді, сауатты кәсіби маман болу мүмкін емес. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы жоғары оқу орнының қабырғасында тәрбиеленіп, ауқымды жан-жақты  білім нәрімен сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты. Ұрпақ  үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де студент  үшін қоршаған әлемді танудың  табиғи құралы  болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің  қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін  өзекті мәселелерінің бірі.

    Соңғы жылдары білім  беру аясы жүйесінде компьютерлік  техниканы пайдалану  белсенді түрде  жүзеге асырылуда.  Білім беру жүйесіндегі  жаңа ақпараттық  технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі  есептеуіш техниканың  техникалық құралдары, олардың орны мен рөлі туралы ғылыми  білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін  жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады.  Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының  жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және студенттерге білім беруші құрал.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны оқу барысында  компьютерді пайдалануға , модельдеуге және интерактивті құралдарды қолдануға , интернетте жұмыс істеуге , электронды оқулықтарды пайдалануға , компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.  Сол себепті химия дәрісінде ақпаратттық технологияны  пайдалану әдісі үлкен рөл атқарады.сызбанұсқа

 


 

   Жоғары оқу орныдарында  студенттерге немесе білімін  жетілдірушілірге біліктілігі мен білімін , компьютерлік сауаттылығын  жоғарлату үшін ақпараттық технологиялардың  бір саласы электронды оқулықтардың рөлі ерекше және басты болып табылады.Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге  кейде қысылады, сол себепті  жаңа тақырыпты  дұрыс қабылдай алмауына әкеліп соғады. Ал ақпараттық технологиямен жұмыс істеген әрбір студент өз бетінше үйренуге, тақырыпты бірнеше рет қайталап оқуға мүмкіндігі бар.

                                        

                                        Негізгі бөлім

 

    2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

  • мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);
  • оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);
  • бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);
  • қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);
  • қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);
  • саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);
  • қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).

Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.[1]

 

      2.2 Сабақтың тиімділігін арттыруда ақпараттық технологияның   

                                                       маңызы.

       Қазіргі  қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен  ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді (акт) пайдалану арқылы шешуге болады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мүмкіндіктерді береді:

  • аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;
  • оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан-жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
  • қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтарды көрсетуге болады;
  • оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;
  • жолмен тест алуға болады;
  • оқушыларға өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады;
  • тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады;
  • оқушының жеке жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады;
  • ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасалуына ықпал жасалады.

      Бағдарламалық өнімдерді пайдалану бірнеше оқыту ұстанымдарын (ғылымилылық, белсенділік, өзіндік, көрнекілік) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылық көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт-бағдар берушінің функциясын атқарады. Жаңа электрондық оқулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияларды қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

   Компьютерлік технология  мұғалімге оқыту қызметін түрлендіруге  мүмкіндік туғызады:

  • оқушылардың білімін тексеру;
  • көрнекіліктер таңдау;
  • сұрақтарға жауаптар дайындау;
  • есептердің шешу жолдарын көрсету;
  • практикалық жұмыстар жүргізу.

      Сабақтың бірсарындылығы оқушыны тез шаршатады. Сондықтан қандай да сабақ үстіндегі оқыту мен іс-әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн. 7-10 минут сайын оқу іс-әрекет түрлері өзгертілуі керек.

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Сабақтың мақсаты- оқушыларға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру. Тақырып бойынша бақылау мен диагностикалық формаларымен таныстыру. Осының барлығы қызығушылық ахуалын туғызу, білімнің маңызды екенін түсіну үшін жасалады. Тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.

Тәжірибелік сабақ. Мұндай сабақты өткізуде АКТ-ның рөлі ерекше. Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін  виртуалды лабораторияны пайдалануға болады.

Бекіту кезеңі. Көп жағдайда бекіту сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Берілетін сұрақтарды, танымдық деңгейлік тапсырмаларды слайд түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін-өзі тексеру мақсатында келесі слайдқа дұрыс жауаптары жазылады. Мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.

Қайталау сабағы.Мұндай сабақтарда мұғалімге  ақпараттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша  оқушылардың білімін  жүйелеу, толықтыру, кемшіліктерді жою өзіндік шеберлікті қажет етеді. Осы тұрғыда мультимедиялық презентация, компьютерлік бағдарламамен құрастырылған тест, оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктерді ашады.

Оқушының білімін бақылау сабағы. Бақылау жұмыстарының бірнеше нұсқасы  оқушыларға интерактивті тақтада ұсынылады. Оқушы қалауы бойынша таңдап, өз бетінше орындайды. Нұсқаның көптігі білімді бақылауда «бағаның» обьективті  және шынайы болуына септігін тигізеді.

     Білімді дәстүрлі  бақылау мен бағалаудан компьютермен  бағалаудың артықшылықтары бар:

  • бағалаудың обьективтілігі артады,
  • оқушы өз қателіктерін көреді;
  • баға жұмыстың соңында ғана емес, әр тапсырма немесе сұрақтан кейін де көрсетіледі;
  • бағалауға аз уақыт ке теді.[8]

 

 

 

 

  2.3 Жаңа ақпараттық технологияның артықшылықтары мен

                                               кемшіліктері

   Қазіргі танда білім беру жүйесін ақпараттандыру процесіне 
байланысты «ақпараттық-білім беру ортасы», «ақпаратты-пәндік 
орта», «кәсіби-ақпараттық білім беру ортасы», «оқытудың 
компьютерлік технологиясы», «оқытудың ақпараттық технологиялары», «мультимедиа», «мультимедиалық технологиялар», білім берудегі мультимедиа», «мультимедианың бағдарламалық құралдары», «мультимедиалық өнімдер», «гипермедиа» секілді бірқатар терминдер, оқулықтар мен ғылыми мақалаларда қолданыла бастады. Енді осы түсініктерге талдау жасап көрейік. Алдымен, осы түсініктерде көп қолданылатын «орта» терминіне тоқталайық.

Информация о работе Жаңа ақпараттық технология