Балық аурулары

Реферат, 27 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу,ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді.

Вложенные файлы: 1 файл

баха балық.docx

— 41.76 Кб (Скачать файл)

Б Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу,ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары — вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтаржәне су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas punctata — су бактериясы тарататын Балық аурулары), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады. Сонымен қатар балықтың жұқпалы кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының кокцидиоз энтериті,ихтиофтириоз; паразит құрттар тудыратын дактилогироз (қоздырғышы Dactylogyrus vastator және Dactylogyrus extensus құрттары),сангвиниколез (Sanguіnіcola іnermіs), диплостомоз (Dіplostomum chromatophorum), ботриоцефалез (Bothrіocephalus acheіlognathі), лигулез (Lіgula іntestіnalіs) аурулары жатады. Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады.Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.

алықтардың бактериялық аурулары

Аэромоноз, вибриоз, коринобактериоз, гемофилез, псевдомоноз, туберкулез —бұл балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға үлкен экономикалық зиян келтіретін балықтардың бактериялық ауруларының тізімі.Осы аурулардың «зұлымдығы» су ортасы жағдайларында олармен күрес жүргізудің күрделілігінде.

Тұқы аэромонозы (тұқылардың қызамығы, геморрагиялық септицемия, инфекциялық құрсақ шемені, люблин ауруы) — тері жабынының қабынуымен, қан құйылу ошақтарымен, шеменмен, қабыршығының үрпиюімен, көздің бақыраюымен, бұлшықет ұлпасының және басқа да ішкі органдардың гидратациясымен сипатталатын тұқы балықтардың жұқпалы ауруы. Инфекцияның қоздырғышы — Aeromonashydrophila — қысқа дөңгеленген ұштары бар, кокк тәрізді, қозғалмалы грамтеріс таяқша, спора және капсулалар түзбейді. Инкубациялық кезең 2 — 30 тәулік. Ауру өткір, өткірлеу және созылмалы болады. Ауруға тұқылар, сазандар және олардың өскіндерден бастап өндірушіге дейінгі гибридтері бейім. Инфекция қоздырғышының көзі — ауру балықтар, олардың бөліністері және өлекселері, сондай-ақ балықтар — микробтасығыштар. Эпизоотия барынша кең таралуға көктемгі-жазғы кезеңде жетеді, күзге қарай ол бәсеңдейді және ауру созылмалы ағымды қабылдайды.

Албырт фурункулезі (аэромоноз) — септицемиямен, балық денесінде кейін үзілетін және олардың қызғылт жараларға айналатын сыздауықтардың түзілуімен, сондай-ақ ішкі органдардағы өзгерістермен, патологиялық процестердің жылдам дамуымен және балықтардың жаппай қырылуымен сипатталатын албырт балықтардың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғышы — Bacteriumsalmonicida — спора түзбейтін, қозғалмайтын, суда немесе қайырда өмір сүруге және көбеюге қабілетті қысқа грамтеріс таяқша. Судың органикалық ластануының болуы бактерияның көбеюіне ықпал етеді. Тәжірибеден байқағанымыздай,ағынды былғанышпен ластанған суда, Bacteriumsalmonicida өте тез көбейеді, ал су құбырынан ағатын суда 3 күннен кейін өліп қалады. Фурункулезге көбіне палия, бұлақ және құбылмалы форель және табиғи су айдындарындағы албырт балықтардың барлық түрлері бейім. Ауру сондай-ақ сигтерде, қарабалықтарда, тұқыларда, шортандарда, алабұғаларда және көптеген басқа да балық түрлерінде тіркелді. Фурункулезге әсіресе екі жастан асқан балықтар, реомнт балықтары, уылдырық шашу кезеңіндегі балықтар ұрынады. Майшабақтарсирек ауырады. Фурункулез маусымды орын алады, таралуы қоздырғыштың қарқынды көбеюіне ықпал ететін су температурасы көтерілген кезде көктемде және жазда туындайды.

Жыланбалықтар аэромонозы (тұщы су қызамығы) — өте жұқпалы инфекциялық ауру, табиғи тұщы сулы су айдындарындағы, сондай-ақ арнайы тауарлы жыланбалық су қожалықтарындағы және тәлімбақтардағы жыланбалықтарды қырады. Қоздырғыш —Aeromonaspunctataf.Sacrovinsis бактериясы. Қысқа, кейде ұзындығы 0,8-2 мкм және ені 0,5мкм кокк тәрізді таяқша түрінде болады, жасушаның өзінен 3-4 есеге ұзын бір бұраумен жабдықталған. Капсула және споралар түзбейді, граммотрицательді. Температуралықоптимум 20 градус, ал 37º С болғанда бактерия 4 күннен кейін өліп қалады. Ауру тез дамуы мүмкін, балық өледі, белгілер (симптомдар) айқындалып үлгермейді. Аурудың өткір болуфазасында жыланбалықтарда тері жабынының гемморагиялық қабынуы орын алады, кейін дененің құрсақ жағындағы қатерлі теңбілдікке ұласады. Түзілген дақтарға секундарлық микрофлора және саңырауқұлақтар орнығады. Аэромонозбен барлық жастағы жыланбалықтар ауырады. Инфекция көзі ауру балықтар және олардың бөліністері.

Вибриоз — бұл түрлі балық түрлері арасында теңіздерде және тұзды су айдындарында кеңінен таралған ауру. Қоздырғыш — Vibrioanguillarum — мөлшері 1,5*0,5мкм бір бұраулы қозғалмалы бактерия. Спора мен капсулалар түзбейді.  6-37 градуста дамиды. Ауруға жыланбалық, форель, нәлім, түйетабан, албырт, майшабақ және басқалар бейім. Тұзды суларға кіретін тұщы суды мекендейтін балықтардан — алабұға, торта, шортан. Эпизоотия жылдың жылы мезгілінде 19-20 градус температурада байқалады және бір жастағы және одан жоғары жастағы балықтардың жаппай ығысуына жалғасады. Инфекция көзі ауру балықтар болып табылады. Аурудың таралуына жоғары температура ықпал етеді.Вибриоздың белгілері (симптомдары): жүзбеқанаттардың қан тамырларының бітелуі,дененің беткі қабатындағы нүктелік қан құйылулар, бұлшықет ұлпасындағы қан құйылу мен жаралар.

Албырт коринобактериозы (бактериялық «өкпе» ауруы) — балықтардың денесінде эритроцит пен бактерия бар іріңмен толтырылған томпақтардың немесе кішкентай көпіршіктердің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғыш Corynobakteriumтүріне жатады — бұл грамоң қысқа таяқша, екеуден, ал ескі дақылдарда тізбектермен орналасады. Оның мөлшері -              0,3-0,5*0,1-1,0мкм. Көбіне тынық мұхитының албырты және атлант албырты, құбылмалы және бұлақ форелі ауырады. Әдетте, жас балық зақымдалады, кейде албырттардың уылдырық шашу кезеңінде ауру ересек особьтердің арасында да өршиді. Ол көктемде және жазда пайда болады, ал созылмалы түрі күзге дейін байқалады. Инфекция көзі — ауру балықтар, олардың бөліністері және өлген балықтардың өлекселері.

Албырт гемофилезі (форельдің және голецтің жара ауруы) — жұқпалы ауру, балық денесінің беткі қабатында ақшыл көпіршіктердің түзілуімен сипатталады, кейін көпіршіктер жарылады және ашық жаралар мен тесіктер түзіледі. Қоздырғыш — Haemophiluspisciumбактериясы. Бактерия грамтеріс таяқшалардан тұрады, бір-бірден немесе жұп болып орналасады, ал кейде топтасады немесе жекелеген жіптер түрінде болады, споралар менкапсулалар түзбейді. Оның мөлшері – 0,8-1,0*1,0-3,0мкм. Ауруға барлық жастағы голец және бұлақ форелі бейім, бірақ көбінесе гемофилез балық зауыттарында өсірілетін құртшабақ арасында дамиды. Клиникалық ауру судың температурасы барынша жоғары болғанда анықталады. Инфекция көзі — ауру балықтар, олардың бөліністері және өлген балықтардың өлекселері.

Тұқы псевдомонозы (тұқылардың және дөңмаңдайлардың қызамық тәрізді ауруы) —жалпы шеменнің, қабыршақтың үрпиюінің, көздің бақыраюының және терідегі және жүзбеқанаттардағы ошақты қан құйылудың пайда болуымен жалпы септикалық процестің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғыш — Pseudomonas: P.cyprinisepticumnov. species и P.capsulata, P.cyprinisepticum бактериясы — қозғалмалы, грамтеріс таяқша, 1-2*0,5-0,7мкм, спора түзбейді, қанда капсула түзеді. Псевдомонозбен өскіннен бастап аналық жасындағы тұқылар, тұқының амур сазанымен қосылған гибридтері, күміс мөңке балық, шұбар дөңмаңдай, ақ дөңмаңдай ауырады, бірақ ауру көбіне бір жастағы және екі жастағы балықтарда жиі дамиды. Псевдомонозда маусымдылық айқын байқалады: аурудың таралуықыстаудың екінші жартысында – қаңтардан бастап наурызға дейінгі аралықта байқалады.Көзі ауру және бұрын ауырған тоған балықтары болып табылады.

Туберкулез 
Нәлім, камбала, ставрида, албырт және басқа да балықтар ауырады. Қоздырғыш: Micobacteriumpiscum текті қышқылтұрақты бактериялары, граммоң қозғалмайтын қалың таяқ,ұзындығы – 2-12 мкм. Қоректік орталарда өсуінің оңтайлы температурасы – 25ºС. Теңз балықтары туберкулезінің қарапайым клиникалық нышандарын немесе белгілерін(симптомдарын) суреттеу мүмкін емес, дегенмен ауру сипатталған түрлерінде қадағаланатын гистопатологиялық өзгерістер арасында ұқсастық бар. Сырттай зақымдалған балық арық болып көрінеді және көбіне терісі зақымдалады.  
Табиғатта теңіз балықтарының туберкулез аурулары өте сирек кездесетіндігін айта кеткенжөн. Көбінесе олар аквариумдарда немесе балық тәімбақтарында ұсталатын балықтарда дамиды.

 

Тұқы балықтары аэромонозының алдын-алу және жою  
жөніндегі ветеринариялық ережесі     

 Осы Тұқы  балықтары аэромонозының алдын-алу  және жою жөніндегі ветеринариялық  ережесі (бұдан әрі - Ветеринариялық  ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария  туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.  

1. Жалпы ережелер      

1. Аэромоноз (геморрагиялық  септицемия, шемен, қызамық) - балықтың  терісі мен ішкі мүшелерінің  қанталап қабынуымен, қабыршақтарының  сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтар  жиналып, кейде денесінде ойық  жарақаттар пайда болуымен сипатталатын  ауру.  
      Аурудың қоздырушысы Aeromonas, оның ішінде Vibrionaceае тұқымына жататын бактерия - ол қысқаша, соңы жұмырлау келген спор мен қауашақ түзбейтін, грамтеріс қозғалмалы таяқша.     

2. Тұқы балық, сазан және бір жастан бастап  аталықтарына дейін олардың будандары  ауруға шалдыққыш келеді. Ауру  балықтар, олардан бөлінетін өнімдер  және өлекселер, сондай-ақ микроб  тасушы балықтар індет қоздырғышының  көзі болып табылады. Су айдындарына  індет қоздырғышы сумен, ауру  балықпен, суда жүзетін және балықпен  қоректенетін құстар арқылы, сонымен  қатар балық аулайтын құрал-саймандар, жабдықтар және ыдыстармен беріледі. Балық ауруды зақымданған тері  мен желбезек арқылы, сонымен  қатар алиментарлық (ауыз арқылы) жолмен жұқтырады. Көктем-жаз мезгілдерінде  індет көбірек таралып, күзге  қарай ол басылып және ауру  созылмалы ағын түрін қабылдайды.      

3. Инкубациялық  кезең 2-30 күн, ол жіті, жітілеу және  созылмалы түрде өтеді. Жіті барысының  ең бастысы екі, үш жастағы  тұқыларының барлық тері қабатының  немесе жекелеген аймақтарының  геморрагиялық қабынуымен, ішпердесінің  өсуімен, жалпы сулануымен, көзі  шарасынан шығып және қабағының  түксеюімен сипатталынады. Ауырған  балықтар 2-4 жетінің ішінде өліп  қалады. Ал жітілеу барысында  ауырған балықтарда бір мезгілде  іш шемені, сулану, қабақтың түксеюі, көздің шарасынан шығуы мен  ойық жараның әртүрлі көлемде  және кескінде білінуі байқалады. Жітілеу ауру түрі 1,5-3 айға созылады. Созылмалы барысы балықтың терісі  мен жүзу жарғағында ашық ойық  жара, сонымен қатар жазылған  ойық жараның орнына пайда  болған көкшіл түстес жалғасқан  тыртық пен қатпаршақ болуымен  білінеді. Ауру 1,5-2,5 айға созылып, балықтар  жазылып шығады.     

4. Ауруды эпизоотологиялық, клиникалық және бактериологиялық  зерттеулеріне сүйене отыра анықтайды (өсін қоздырғышының уытты бөлінуін, оның серологиялық иелігін айқындау  үшін сау тұқылар мен ақ  тышқандарға биопроба жасау). 

2. Тұқы балықтарының  аэромонозын алдын-алу  
шаралары     

5. Балықтардың  аэромонозын алдын-алуға қажетті  шаралар:  
      1) шаруашылыққа балықтарды, тек жұқпалы аурулардан таза су айдындарынан тасымалдап әкелу;  
      2) тұқымдық балықтарды (осы жылғы, бір жылдық, екі жылдық) жергілікті балықтардан арнайы жеке бөлінген тоғандарға орналастыру;  
      3) аулау және көшіріп отырғызу кезінде балықтардың жарақат алуына жол бермеу;  
      4) тоғандарда қатты өсімдіктердің көп өсуіне тосқауыл қою;  
      5) балық организмдерінің төзімділігін арттыруға бағытталған кешендік шараларды (толыққұнарлы азықтандыру, бір қалыпты зоогигиеналық жағдай жасау) жүргізу;  
      6) ихтиопатологиялық зерттеуді вегатациялық кезеңінің аулау уақытында, ал ұдайы түрде тоқсан сайын бір рет жүргізіп отыру. 

3. Қолайсыз бекеттердегі  ауруды жою шаралары     

6. Қолайсыз балық  өсіретін шаруашылықтарда және  табиғи балық шаруашылық су  айдындарында тұқы аэромонозы  пайда болған жағдайда карантин  қойылады. Карантиннің шарты бойынша қолайсыз шаруашылықтарда мынандай тиым салынады:  
      1) табиғи балық шаруашылық су айдындарына және шаруашылықтың басқа тоғандарына балықтарды ауыстырып салуға; 
      2) аэромонозға бейімді балықтарды әр түріне және жасына қарай араластырып салуға.     

7. Карантиндегі  су айдындарынан тасуға, сонымен  қатар оларға балықтар мен  гидробионттарды әкелуге, кейбір  жағдайда ветеринариялық органдардың  рұқсатымен карантиндегі шаруашылықтың  қолайсыз тоғандарына байланысы  болмаған шаруашылықтың қолайлы  тоғандарынан балықтарды, егерде  олар кейіннен карантинде міндетті  түрде жыл бойы ұсталса, басқа  шаруашылыққа және су айдындарына  тасуға болады.     

8. Тірі тауарлы  балықтарды тірі балық сақтайтын  арнаулы орынға ұстамай, тек тікелей  сауда орындарына тасуға рұқсат  беріледі. Қолайсыз шаруашылықтардағы  балықтарды тасуға пайдаланылған  суларды хлорлаудан өткізгеннен  кейін барып, соңынан жалпы өзектік  арнаға төгіп тастайды, ал ауылдық  жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық  аралығында төгіп, ыдысты тиісті  өңдеуден өткізеді.     

9. Балық өсіретін  шаруашылықтарда және балық шаруашылықтарының  су айдындарында сауықтыру шарасын  суды ағызып жіберу арқылы  немесе кешендік тәсілдерді қолдану  жолымен іске асырады.     

10. Құйылма тоғаны  бар шағын толық жүйелі балық  шаруашылықтар, балық питомниктер  немесе жекелеген тоғандарды  бір жыл ішінде суларын ағызып  жіберіп, бір мезгілде барлық  ветеринариялық-санитариялық және  балық өсіру-мелиоративтік іс  шаралар жүргізілуге жатқызылады. Сонымен:  
      1) күзде тоғандарды ағызып жібереді, барлық тауарлы балықтар, аталық және жетілген жас балықтар сауда жүйесі арқылы өткізіледі, тұқымдық балықтар (шабақтар) мал азығына жіберіледі;  
      2) келесі жылдың қыс, көктем және жаз айлары іштерінде тоған арнасын, балық жинайтын орларды және су құрылыстарын қайнатылмаған ізбес (25-30 центнер/гектарына) немесе хлорлы (3-5 центнер/гектарына) ізбеспен зарарсыздандырады;  
      3) көктемге қарай зарарсыздандырған тоғандарға су құйып, оларға сау тұқымдық балықтарды жұқпалы аурудан қолайлы шаруашылықтардан әкеліп, балықтандырады.     

Информация о работе Балық аурулары

Похожие темы