Экономикалық талдаудың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 20:05, лекция

Краткое описание

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады.Олардың ішінен алты негізгі әдісі бөліп қарастыруға болады:
1) Көлденең талдау;
2) Тікелей талдау;
3) Трендтік талдау;
4) Салыстырмалы талдау;
5) Факторлық талдау;
6) Қаржылық коэффициенттер әдісі.

Вложенные файлы: 1 файл

Экономикалық талдау мазұны.doc

— 149.00 Кб (Скачать файл)

 

 

    1. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады,оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жатады.Шаруашылық  жүргізуші субьектілер қаржысының болуы,жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты,тауар – ақша қатынастарының өмір сүрумен және экономикалық заңдардың іс – әрекетімен байланысты.

Шаруашылық жүргізуші субьекті қаржысының өзінді ерекшелігі оның бөлгіштік сипатында,өйткені шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық қатынастардың негізгі бөлігі ақшалай табыстар мен  қорланымдарды бөлу нәтижесінде пайда болады. Бөлу функциясы екі жақты негізде жүзеге асырылады:

       Бухгалтерлік,статистикалық  және жедел есептемедегі қаржылық  көрсеткіштер арқылы;

       Қаржылық ықпал ету арқылы.

Сөйтіп,шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы деп өнім ( жұмыс,қызметтер көрсету ) өндіріп,сату кезінде ақшалай табыстарды,қорланымдарды және қорларды жасаумен,бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық ( қаржылық немесе ақша ) қатынастарды айтады.Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынандай негізгі белгілерді атауға болады:

  1. Қаржылық  қатынастардың көпқырлылығы,олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
  2. Өндірістік құралдардың ( капиталдардың ) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен,көбейтумен және қайта бөлумен байланысты  қатынастардың пайда болуы.
  3. Жоғары белсенділік,шаруашылық қызыметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
  4. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өндірістің қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері.

 

    1. Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады.Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету ,басқару және т.б.жұмыстарын іске асырады.Кәсіпорын құрылымы өндірісті  және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
    • Шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
    • Өндірістің ауқымы;
    • Кооперациялау деңгейі;

Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндіріс ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады.

Кәсіпорындардың ұйымдық  құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері ( жұмыс орны, бөлім, қызмет ),олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны.Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық  құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады. Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің  ерекшелігі, мамандандыру деңгейі,бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.

Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ондай дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.

Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары  арасындағы өзара қарым – қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар,материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен , сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:

  • Оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі ;
  • Бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
  • Өндірістік қорлардың құны;
  • Өнім шығару көлемі;
  • Мамандандыру және механикаландыру;
  • Күрделі қаржының құрылымы.

Кәсіпорынның  құрылым көрсеткіштері дұрыс таңдау өндірістің « Осал жерлерін » ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 


Информация о работе Экономикалық талдаудың түрлері