Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 14:31, реферат

Краткое описание

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясындаанықталады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері
2) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
3) Қоныстандыру және көшіру
ІІІ. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 44.25 Кб (Скачать файл)

Көлікпен қамсыздандыру  халықты, мекемелерді және ма-териалдық  қүндылықтарды қауіпсіз аймаққа  апаруды, жұмыс ауысымдарын қауіпсіз аймақтан қалаға апарып-қайтуды ұйымдастыруды  қамтиды.

Материалдық қамсыздандыру  отынды, жағар және өзге де материалдарды, көшірілетін және қоныстандырылатын  халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлікпен және азық-түлікпен қамсыздандыруды  қарастырады қауіпсіз аймақта халықты  қамсыздандыру жергілікті органдар сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктелері арқылы жүргізеді.

 

Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.

Қорғыныс шараларының  сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстық маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Бірінші кезекте соғыс  уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:

— қызметтері соғыс уақытында  да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

— АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұммысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бол-жанған орындарға, сондай-ақ құрылыстары АҚ-ны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға жасыру.

Бұл қалаларда халықты  қазіргі қарудың барлық түрінен  қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. Қарсылас жақтың ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді ме-кендер мен селолы жерлерде халықты негізінен радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.

Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген халықты да қорғау ескеріледі.

Сөйтіп соғыс қимылдары  кезінде халық пен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандай да бір елді мекеннің қазіргі зақымдау құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанған шабуыл сипатына байланысты анықталады.

Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуге тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерде халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуға тиіс екендігін көрсетеді.

Бейбіт уақыттағы ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін анықтаудағы  салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары  үшін тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты.

Осылайша, сейсмоқауіпті  аудандар үшін халықты қорғаудың  негізгі міндеті апатты жер сілкінісі  кезінде халық құрбандығы мен  экономикалық залалды азайту бойынша өткізілетін шаралар болып табылады.

Ықтимал су басу, тасқын аймағында орналасқан өңір үшін бұл міндет, ең алдымен, зілзаланы ескертуте байланысты.

Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал авария қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті аварияны болдырмау және ол пайда болған сәттегі залалды азайтуға байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» С. Арпабеков, Алматы. 2004 ж.
  2. "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.
  3. Калжигитов Х.С. Безопасность жизнедеятельности. Алматы. 1999 ж.
  4. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. (3(7) шығарылым, 2001 ж.)
  5. http://kk.wikipedia.org
  6. Қазақ Энциклопедиясы

Информация о работе Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау