Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 14:31, реферат

Краткое описание

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясындаанықталады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері
2) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
3) Қоныстандыру және көшіру
ІІІ. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 44.25 Кб (Скачать файл)

Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан  басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде  жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашық-тыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуға тиіс. Қақпагы-ның биіктігі 1,2м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.

Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.

РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп- қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.

Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғайтын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.

РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам кеп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру белменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпішпен қосымша қалқа немесе топырақ салынған каптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қөзғалысын ескере отьтрып панахананың қарсы жағына орнатылады.

РҚО-ның сыртқы қабырғасына  қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына  қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.

Панахананы электрмен  жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қоршаған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағ-дайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қөзғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудр-клөзет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің  біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың өртақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

РҚО-да қарапайым желдеткіш  немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жердей кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне Зл есеппен  жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау өртақ су құбырынан жүргізіледі.

Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен  көрсетіледі.

Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.

РҚО құрылысы өте қысқа  мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.

 

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау төсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Бұрында соғыстар кезінде  көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

— көшіру — Төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

— қоныстандыру — бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратыны ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қаласыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты сскере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ — бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық  қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың  негізгі принциптері:

— көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

— көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

— көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

— көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;

— көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

— орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

— көшірілетін және қоныстандырылатын  халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

— өз қызметін жалғастыратын  объектілерді үздіксіз және тұрақты  жұмысын тұрақтандыру.

Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайларда көшіруді Қазақстан  Республикасы үкіметінің шешімі бойынша  жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар  жүргізеді. Шараларды жоспарлауды  төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Барлық категориядағы  халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды  оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын  жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен — халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қоддану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектеп — интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше  қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты  қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін  халық өз облысының аумағында  орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру  ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде  орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, жоне солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты  орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір  облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыста-рға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру — соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда  соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған  ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмыс-шылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейілінше аз жұмсалуын (2—3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.

Тізімдер ұйымдар мен  пәтерлерді иеленушілердің корперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшалар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдері үш данада жасалады біреуі —ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі — көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен са-налатын көшіру пункте (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі — бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледін.

Көшіру шараларын жоспарлау, даярлау және іске асыру кезінде қамсыздандырудың барлық түрі жан-жақты пысықталып қарастырылады.

Төтенше жағдай кезінде халықты  қорғау үшін мыналар қарастырылады: ЖКП-ке, КҚП-ға түсіру станцияларының нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының бойындағы қорғаныс ғимараттарына паналау; халықты және қорғаныс құралдарымен қамсыздандыру радиациялық және химиялық барлау жүргізу халыққа басқару және хабарлау құралдарын өз уақытында жеткізу дөзиметрлік, химиялық және бактериологиялық бақылауды санитарлық тазалау мен залалсыздандыруды ұйымдастыру. Қорғаныс ғимараттары жетпеген кезде халықты орналастыру үшін станциялар мен өзге нүктелерде болуы мүмкін қарапайым бассауғалар салу, сондай-ақ табиғи панажайды пайдалану жоспарланады.

Информация о работе Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау