Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2012 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын

Вложенные файлы: 1 файл

МАКРОДАН КУРСОВОЙ НОВЫЙ.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 

    2.3.Қазақстан  Республикасы Ұлттық  банкінің

    қызметтері  мен операциялары

    Ұлттық  банк «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы»  Заңға сәйкес мынадай қызметтер  мен операцияларды орындайды:

  • Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен  ҚР-да мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы  аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады.
  • Кепіл берушісі Үкімет болып табылатын ҚР-ның ішкі және сыртқы  қарызына қызмет көрсетуге қатысады
  • ҚР аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді
  • ҚР аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға рұқсат және банк операцияларын жүргізуге лицензия берді
  • Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының , оның тіркелуіне  дейін өзі белгілеген  тәртіппен  міндетті сараптауын жүргізеді.
  • Банктерге несие беруге , банктердің қарыз капиталы  нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы.Банктерге соңғы сатыдағы  несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді
  • Банктердің жұмысына және шетелдік  валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді  әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді
  • Қазақстан  Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлщерлемелерінің деңгейін  реттеуді жүргізеді
  • Қазақстан  Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеу әдісімен бәсеңдете алмаған жағдайда  Ұлттық банк  банктердің  операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді
  • Қазақстан  Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің  жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс
  • Қазақстан  Республикасында валюталық реттеу  мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың  барлық түрін жүргізуге құқылы
  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар  жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге  және олардың клиенттеріне арналған орындацға міндетті нормативтік актәілер шығарады және олардың орындалуын  бақылайды
  • Бақылау және қадағалау үшін  банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын мекемелерге  бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудіғ тізімін, формасын және мерзімін бекітеді.
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмктесетін ұйымдарды құруға  және оларды басқаруға  қатысуға құқылы
  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу  және инкассациялу ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыцруды және инкассациялауды қамтамасыз  теуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтерін құрады.
  • Қазақстан  Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды
  • Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады
  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда  қате кеткенде немесе  қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің  және банктердің шоттарына  ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие
  • Қазақстан  Республикасындағы банктер жүйесіне кдрларды дайындауға қатысады

    Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін  сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот  айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық   ақша   нарығында   сатушы   және   сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

    Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

        Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

          Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкісі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

    Ұлттық  Банк мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын  қолданады. Ол құралдар ақша-несие саласына жанама әсер ету әдістерінен құралады. Бірақ кейбір операцияларды жүргізгенде  Ұлттық банк ақша- несие саласына тікелей араласуы да мүмкін.

    Ұлттық  банк тікелей әдісті қолданғанда коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие беруіне шектеу қояды. Нақтырақ айтқанда, белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына пайыздық норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып-пұл салынады. Оның көлемі несие көлеміне өскен сомаға тең болады. Бұл әдістің жағымды жақтары мен қатар кемшіліктері де бар. Ол өте икемсіз, өйткені Ұлттық Банк белгілеген норма экономиканың қысқа мерзім кезіндегі несие ресурстарына сұрнысын қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп ол рыноктық экономика заңдарына қайшы бола тұра бір мәселені шешу нәтижесінде басқа проблемаларды тудырады Тікелей әдіс тек жанама әдістер нәтиже бермегенде немесе ол әдістерді қолдану нәтижелерін ұзақ уақыт күтуге мемлекеттің мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданады.

    Ақша-несие  саясатының жанама әдісінің құралдарына мыналар  жатады:

    • есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау);
    • ашық рыноктағы операциялар;
    • міндетті резерв нормасын өзгерту;
    • еркін келісімдер.

    Есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау). Бұл әдіс ақша-несие саласында жақсы зерттелген әдіс. Мұнда Ұлттық Банк басқа коммерциялық банктерге негізгі несие беруші ретінде қаралады. Ұлттық Банк белгілеген  есептік мөлшерлемені ресіми есептік мөлшерлеме деп атайды. Ұлттық Банк есептік мөлшерлемені кез- келген уақытта өзгерте алады. Ұлттық Банк  есептік мөлшерлемені өзгерту арқылы капитал нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттей алады. Есептік мөлшерлемені өсіру арқылы несие «бағасын» көтереді, сөйтіп коммерциялық банктер тарапынан сұранысты қысқартады және керісінше, есептік мөлшерлемені төмендету арқылы несиеге сұранысты ұлғайтады. Осыған сәйкес экономикадағы инвестиция көлемі де өзгеріп отырады.

    • Ашық рыноктағы операциялар – Ұлттық Банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы, ақша несие қатынастарының дамуына әсер етеді. Мұндай операциялар Ұлттық Банктің ақша-несие саласына белсенді араласуына мүмкіндік тудырады. Есептік мөлшерлеме саясатын жүргізгенде Ұлттық банктің рөлі енжарлы (пассивті), өйткені онда несие алу туралы шешімді коммерциялық банктер қабылдайды, ал Ұлттық Банк олардың шешімдерін күтуге мәжбүр болады Ал ашық рынокта Ұлттық Банк рыноктың басқа да агенттіктері сияқты саудаға қатысады. Сондықтан ашық рыноктағы операциялар әдісі ақш-несие саясатының ең тиімді құралы болып табылады.

            Бұл әдістің артықшылығы – Ұлттық Банктен экономиканың қаржылық емес секторларына қызмет ете алады. Қаржылық емес құрылымдар ҰБ құнды қағаздарын сатып алу арқылы өздерінің коммерциялық банктердегі депозиттерін қысқартады. Сөйтіп Ұлттық Банк коммерциялық банктердің ролін төмендете отырып, қаржылық емес құрылымдардың іс-әрекеттеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Ал аталмыш әдістің кемшілігі - уақыттың шектеулілігі. Оның ұзақтығы шығарылған құнды қағаздың мерзіміне байлансты. Егер құнды қағаздар ұзақ мерзімге шығарылса, бұл құралды қолдану мерзімі де ұзақ болады.

  • Міндетті резерв нормасын өзгерту.  Міндетті резерв - бұл коммерциялық банктердің Ұлттық Банкте арнайы шотта сақтайтын ақша қоры. Ол негізгі екі қызмет атқарады: 1) коммерциялық банктердің өз салымшылары алдында міндеттерін орындау кепілдігін беру; 2) ақша массасын реттеу құралы. Міндетті резерв нормасы туралы  тәртіп ең алғаш рет АҚШ-та 1933-ж. енгізілді. Қазақстанда 1993 жылы 1- қаңтарда енгізіліп «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18 – 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5% - ды құрайды. Міндетті резерв нормасы коммерциялық бактің ҰБ-гі міндетті салымының сол банктің мерзімдік міндеттемесіне қатынасы арқылы анықталады.

                               МRН =  міндетті салым көлемі     

                                            мерзімдік міндеттеме

 

    Мысалы, МRН =20 %, коммерциялық банктің мерзімдік  міндеттемесі 1 млн долл. болса, онда ол 200 мың доллар резерв сақтауы тиіс. Егер келесі айда мерзімдік міндеттемесі 1 млн. долл. көбейсе, онда резерв көлемі 400 мың долларға өсуі тиіс. Ұлттық Банк резервтік норма көлемін көтеру арқылы коммерциялық банктердің қызметін шектейді, керісінше төмендету арқылы ынталандырады. Міндетті резерв нормасының жиі өзгеруі мүмкін емес, өйткені бұл жағдайда банктер мен басқа қаржылық құрылымдар арсындағы тепе-теңдік бұзылады.  Сондықтан оны ҰБ сирек қолданады немесе есептік мөлшерлеме саясатымен бірге қолданады.

  • Еркін келісімдер әдісі жоғарыда берілген құралдар жиынтығын толықтырады. Мұндай келісімдер ҰБ пен коммерциялық банктің арасында жасалады. Еркін келісімдерге сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және мемлекеттк институттар қатыса алады.  Коммерциялық банктердің еркін келісімдер жасау арқылы өз еркімен өз қызметтеріне шектеулер қояды. Мысалы: олар өздерінің несие беру көлемін белгіленген шекте ғана кеңейте алады, ал ҰБ өз тарапынан банктерге кейбір қаржы операциялары (мыс.валюталық операциялар) мен олардың өзгерісі туралы алдын-ала мәліметтер беріп отыруға міндеттеме алады. Сөйтіп еркін келісімдер арқылы ҰБ коммерциялық банктерің қызметіне бақылау орнатады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        2.4.Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде

          «Комерциялық банк»  термині банк ісінің  ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары  мен төлемдеріне қызмет көрсету барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың  дамуымен бенктер экономиканың  өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан  да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

    Ол  банктің «іскер» деген сипатын  білдіреді, оның шаруашылық  агенттердің  барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі  олардың қызметтерінің саласына  байланыссыз болады.Коммерциялық банктер  – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін  несиелік мекемелер тобын білдіреді.

    Бүгінгі күні коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр түрлі қызмет көрсетуге  бар.Мұндай кең көлемді операциялар  коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз  жағдайда пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

    Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір  операциялардан  түсетін пайда  есебінен жабылады.Нарық экономикасы  дамыған барлық елдеодің коммерциялық банктері  несие жүйесінің негізгі  операциялық буыны болып қалуы  кездейсоқтық емес.Олар өзгермелі  ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің  барлығын көрсете алады.

    Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық банктер  қаржы делдалы  ролін атқарады.Банктің бұл  қызметі  екі жаққа да пайда алып келеді.Салымшылар үшін өздерінің депозиттері  айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі.Қарыз аплушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады.Бұл кейде  көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады.Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

    Жалпы қоғаиға көмек, олар банктен алған  қарыздары есебіне өздерінің  өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына  жеткенде ғана пайданы сезеді.Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыздар бойынша  жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.

    Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер Үкіметтің қажеттілігіне беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгілі, уақытында қайтарылмай қалды.

    Коммерциялық  банктер өз клиенттерінің ақшаларын  сақтауға қолайлы әр түрлі  депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

    Коммерциялық  банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдауақшалай төлемдерді  және есеп айырысуды жүзеге асыру, несие беру.

    Коммерциялық  банктердің басқа қаржы институттарынан  айырмашылығы және ерекше бір  қабілеті ол  ақшаны жасауы мен жоюында  болып табылады.Бұл жерде ақша деп, тек қолма –қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.Банк несиелерінің жетіспеушілігі және  және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес.Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Информация о работе Банк жүйесі