Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2012 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын

Вложенные файлы: 1 файл

МАКРОДАН КУРСОВОЙ НОВЫЙ.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)

             КСРО Мембанкінен бөлінген  коммерциялық  банктер негізінен мамандандырылғандар  ретінде қызмет етіп, белгілі  бір салада (өнеркәсіп, құрылыс,  ауыошаруашылық,сыртқы сауда) монополияға ие болды.

           1988жылға дейін КСРО Мембанкі – Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.

           70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде  Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік,өктемдік, ұсақ түйекті регламенттеу, сондай-ақ  шаруашылық органдардың   қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды.

              Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін  1990жылдың желтоқсанында  Қазақстан бірден  нарықтық экономика талаптарына жауап беретін  меншікті банктік жүйесін құруға кірісті.1991жылдың қаңтарында елдегі  банктік реформаның бастамасы болып табылатын, «Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы»  Заң қабылданды.Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды.Республикалық Өнеркәсіп  құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық  Тұран банкіне, Республикалық  Жинақ банкі-ҚР  акционерлік коммерциялық жинақ банкіне ауысты.1993ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Жинақ банкі  Қазақстан Республикасы Халық банк деген атқа ие болды.

            1989ж басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік  жеке банктер  пайда бола бастады. 
 
 
 
 

                   
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    2.2. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері, қызметінің бағыттары мен құрылымы 

    Орталық банктер бүкіл елдің несие  жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

    Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік  және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма  шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің  банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

    Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    Орталық банк мемлекет берген эмиссялық құқығы негізінде экономиканы жалпы  мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

    Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің  негізгі объектісіне экономикадағы  қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы  жатады, оның динамикасына төлеуге  қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі  даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады. Сондықтан, Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

    «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша ҚР-ның Ұлттық банкі ҚР-ның Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

    Ұлттық  банк – ақша резервтерінен, алтын  валюта резервтерінен, басқа да материалдық  құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түсетін табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

    Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

    Нарықтық  экономика жағдайында Орталық банктің  жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі  құқықтық формалары бар:

    • Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражат     есебінен болатын унитарлық банк
    • Акцияларының бөлігі мемлекетке тиісті (немесе мемлекеттің қатысуынсыз ) акционерлік қоғам
    • Бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз)
    • Орталық банктің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі

    АҚШ-та орталық банктердің капиталына қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік  жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна  пұл төлемдерінен тұрады.

    Негізі  Ұлттық банк унитарлық орган болып  табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі басқа қорлар тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.

    Ұлттық  банктің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі  банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

    Пайданың  жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

    ҚР-ның  Ұлттық банкінің негізгі міндеті  – ҚР-ның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

    Сонымен қатар ҚР-ның Ұлттық банкіне мынадай  қосымша міндеттер жүктеледі:

    • Қазақсанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру
    • Ақша несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу
    • Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау

    Ұлттық  банк жүйесінің негізгі бағыттары:

    • Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару
    • Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
    • Халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік, инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру
    • Банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау
    • Банк ісін бақылау және қадағалау
    • Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау
    • Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу
    • Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртітін жасау, біркелкі валюталық саясат жүргізу және т.б.

    Ұлттық  банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

    • Меншікті қаражаттар
    • Басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде          ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
    • ҚР-дан тыс жерлерден тартылған қаражаттар
    • Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан
 

            Ұлттық банк өзінің қызметтерін  орындау үшін  басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық  басқармамен қатар, басқа да  жергілікті құрылымдық бөлімшелері  бар. 

    

    

      

      

    

      

    

      
 
 
 
 
 

    1-сызба.    ҚР Ұлттық банктің басқару  құрылымы

    Ұлттық  Банктің құрылымына мыналар кіреді:     

    12 департаменттен (1 департамент Астана  қаласында), 9 дербес басқармадан  тұратын орталық аппарат       

    Орталық аппарат

    • Зерттеу және статистика департаменті
    • Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
    • Заң департаменті
    • Монетарлық операциялар департаменті
    • Бухгалтерлік есеп департаменті
    • Ақпарат технологиясы департаменті
    • Ішкі аудит департаменті
    • Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті
    • Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті
    • Төлем жүйелері департаменті
    • Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті
    • Қаржы тұрақтылығы басқармасы
    • Операция басқармасы
    • Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
    • Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы
    • Тәуекел-менеджмент басқармасы
    • Автоматтандырылған банктік ақпарат жүйелерін ендіру басқармасы
    • Қауіпсіздік басқармасы
    • Шаруашылық басқармасы
    • Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)
    • Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі басқарма

     

    16 аумақтық филиал және Алматы  қаласындағы екі филиал - Кассалық  операциялар және құндылықтарды  сақтау орталығы және Ұлттық  Банктің қызметін қамтамасыз  ету орталығы

    Ұлттық  Банктің 2 өкілдігі:

    ·        Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі       

      Ұлттық Банктің Ұлы Британия  және Солтүстік Ирландия Біріккен  Корольдігіндегі өкілдігі       

    4 есеп беретін ұйым:

    – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    –  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    –  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    –  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    Ұлттық  Банк:       

      «Қазақстанның депозиттерге кепілдік  беру қоры» 

            Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

    Ұлттық  Банк мынадай акционерлік қоғамдардың:

    "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы;

    «Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлерінің бірі болып  табылады. 

    ҚР  Ұлттық Банкінің Басшылығы

    ҚР  Ұлттық Банкінің Төрағасы     Марченко  Григорий Александрович     
    ҚР  Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары     Ақышев  Данияр Талғатұлы
    ҚР  Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  
    Әлжанов Батырбек Асылбекұлы
    ҚР  Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары     Ғалиева Дина Түлеубекқызы
    ҚР  Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары     Тәжіяқов  Бисенғали Шамғалиұлы

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Банк жүйесі