Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 08:21, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасап, ары қарай дамуы үшін ол табыс тауып, ақшалай қаражыттарын өсіруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне байланысты табысты өсірудің негізгі факторы болып, өндірілетін өнім көлемінің өсуі, оның өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеруі және өнімділігінің өсуі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11

2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30

3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.53 Мб (Скачать файл)

Қаржылық тұрақтылықтың  анализі (капитал құрылымы). Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері компанияға активтағы құралдардың қанша  үлесі тиесілі, яғни тартылған ресурстармен кәсіпорын қызметінің қаржылық көлемінің  қаншалықты екенін көрсетеді. 14 -  кестеде Қоғамның қаржылық тұрақтылығын көрсететін есептемелер келтірілген.

 

14- кесте – 2009 – 2010жж. «Фламинго 19» ЖШС қаржылық тұрақтылығының коэффициенттерін есептеу

 

 

Көрсеткіш атауы

 

2009 жыл

 

2010 жыл

 

Өзгеру

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

0,46

0,26

-0,21

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

0,54

0,74

0,21

Қарыз капиталды шоғырландыру

0,20

0,30

0,09

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті

0,80

0,70

-0,09

Қарызды меншіктік капиталмен жабу

0,87

0,34

-0,52

Қаржылық леверидж

1,15

2,91

1,76

ЕСКЕРТПЕ - «Строительная Инициатива» ЖШС-і мәліметтері негізінде жасалған [16]


 

Қаржылық тәуелсіздік  коэффициенті баланстың жалпы табысының  қанша үлесін меншікті құралдар алатынын көрсетеді. Егер осы көрсеткіштің мәні қаншалықты көп болса кәсіпорынның тұрақтылығы соншалықты жоғары екенін көрсетеді, бірақ берілген мән болмайды, әрбір салада әртүрлі болып келеді, көбінесе егер осы көрсеткіштің мәні жоғары болса инвестор өзін сабырлы ұстайды, басқа жағынан қарағанда бұл көрсеткіштің  мәні төмен болған сайын меншікті құралдар тиімді  жұмыс атқарады. (меншікті капитал рентабельді болады). Біздің жағдайымызда өзгермелі сипатта болады. 2010 жылы бұл көрсеткіштің мәні 0,26 құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 0,21 коэффициентке төмен. Серіктестік талдау кезеңінде өзінің барлық міндеттемелерін жабады деп айтуға болады, сәйкесінше меншікті капиталдың жоғары рентабельдігі көрсінеді. Шет елдерде  мұндай  қаржылық саясат белгілі болып есептеледі, егер тартылған қарыздық қаржылардан қайтарымдылық жоғары болса (яғни пайдалануға кеткен пайыздардан жоғары), онда сәйкесінше осындай қабылданған қаржылық саясат меншікті капиталдың рентабельдігін өсіруге мүмкіндік жасайды.

Қаржылық тәуелділік коэффициенті кәсіпорын активтерінің қанша пайызы қарыздық қаржылар есебінен қаржыландыратынын көрсетеді. Қарыздық құралдардың көптігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігін төмендетеді, оның қаржылық тұрақтылығын түсіреді және сәйкесінше бұл кәсіпорынға контрагенттердің сеніиін кетіреді және несие алу мүмкіндігін төмендетеді. Алайда меншікті капиталдың көптігі де кәсіпорынға тиімсіз, себебі егер кәсіпорын активтерінің рентабельділігі қарыздық құралдар көздерінің құнынан жоғары болса, онда меншікіті құралдар жетіспеушілігінен несие алу тиімді. Сондықтан алдына қойған мақсаттары мен қызмет ету аясына қарамастан коэффициенттің нормативті мәнін белгілеген қажет. Біздің жағдайымызда қаржылық саясаттың  мақсаты міндеттемелерді жабу қабілеттілігіне қарап Серіктестік активтерінде қарыздық құралдардың жоғарғы үлесінің болмауына бағытталған. Бұл коэффициентті 0,8 немесе 80% дейін  төмендету көрсетілген. 2010 жылы бұл коэффициент 0,74-ті құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,21 жоғары.

Ағымдағы берешек коэффициент  Серіктестің балансындағы қысқа  мерзімді міндеттемелерінің үлесні көрсетеді. 2010 жылы баланстағы  қысқа  мерзімді міндеттемелердің үлесі 0,30 құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 0,09 жоғары. Мұндай өсу динамикасы кридиторлық берешектің артқанын, қаржылық міндеттердің өскенін және де жал бойынша  кредиторлық берешектің өскенін көрсетеді. Коэффициент мәндерінің салыстырмалы екенін ұмытпаған жөн, яғни мысалға қысқа мерзімді кредиторлық  берешектердің өсуі баланс валютасының Серіктестіктің бөлінбеген пайдасының өсуіне әкеліп соқтырады.

Ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық коэффициенті (тұрақты қаржыландыру) қысқа мерзімді міндеттемелерден дерексіздендіріледі, және де меншікті капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады. берілген коэффициент активтердің жалпы соммасында ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсетеді. 2010 жылы Серіктестіктің балансының 0,7 үлесін ұзақ мерзімді міндеттемелер құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 0,09 төмен. Ағымдағы берешек коэффициенті мен ұзақ мерзімді тәуелсіздік коэффициенті ажырамас құрамалар болып табылады. Берілген коэффициенттердің есептеулерін оң және теріс деп те түсіндіруге болады, қызметтің түрін ескеру қажет, және де біздің жағдайымызда  қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуі (және де міндеттемелердің уақытылы жабылуын қадағалап отыру) қаржылық менеджменттің Серіктестік қызметін кәсіби басқаруын куәландырады.

Қарызды меншікті капиталмен жабу коэффициенті (төлем қабілеттілік коэффициенті) меншікті капиталмен жабылатын  міндеттемелердің (қысқа және ұзақ мерзімді) үлесін көрсетеді. 2010 жылы бұл  коэффициенттердің мәні 0,4 құрады, алдыңғы  жылмен салыстырғанда 0,52 төмен. Коэффициенттің мұндай өзгерісі 2009 жылы 2010 жылмен салыстырғанда таза табыс аз болады, сәйкесінше бөлінбеген пайда 2010 жылы жоғары болды. Сонмен қатар, 2009 жылы баланс валютасы бар болғаны 5 316 922 мың теңгені құрады, ал 2010 жылы 12 182 410 мың теңге болды, баланс валютасының өсуін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жағдайында қарыздық құралдар өсті және сәйкесінше Серіктестіктің активтерінің өсуі байқалды.

Қаржылық леверидж коэффициенті (қаржылық тәуекел коэффициенті) қарыздық капиталдың меншіктік капиталға қатынасы арқылы  есептелінеді.

2010 жылы бұл коэффициенттің  мәні 2,91 құрады, 2009 жылмен салыстырғанда  1,76 төмен. Коэффициенттің мұндай  өзгермелі сипаты 2009 жылы міндеттемелердің  төмендеуімен және 2010 жылы қайта  өсуімен түсіндіріледі, бірақ алаңдаудың қажеті жоқ, себебі Серіктестік өз міндеттемелерін  уақытылы жауып тұрады және таза табыстың өсу деңгейі компанияның менеджменті дұрыс қаржылық саясат жүргізіп отырғанын куәландырады. Жоғарыда қарастырылған қаржылық тұрақтылық коэффициенттердің өзгеру динамикасы 5 суретте көрсетілген.

 

 

 

5- сурет – 2009 – 2010 жж. Қоғамның  қаржылық тұрақтылығының өзгеру  динамикасы

 

Жоғарыда көрсетілген  қаржылық тұрақтылық коэффициенттеріне  талдау қажетш, әрине Серкітестік  туралы жалпы мәлімет бермейді, бірақ та Серіктестік агрессивті қаржылық саясатты жүзеге асырады, соның ішінде Серіктестіктің іскерлік белсенділігі мен маңызды өтімділігіне талдау жасалынады, тап осы көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты көрсетеді, және талдау кезеңінде  қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Компания өтімділігі – қарыз көлемі мен өтімділік  құралдары, яғни қарызды жабуға болатын  құралдардың (банктегі депозиттер, айналым  капиталының элементтерінің жүзеге асырылуы және т.б.); өтімділік деңгейі  жоғары болған сайын, сол актив бойынша табыстылық көлемі төмен болады және керсінше. Төменде Серіктестіктің 2009 – 2010 жж. өтімділік коэффициенттерінің есептеулері.

2010 жылы ағымдағы өтімділік  коэффициенті 0,55 құрады, 2007 жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш төмен. 2010 жылғы көрсеткіш белгіленген мәнге сәйкес келмейтінін атап өту қажет, қазіргі уақытта көптеген компаниялар тәуекелдік қаржылық саясат  жүргізеді (біздің жағдайымызда да солай) Бұл мағына инвесторлар алдында теріс әсер береді, бірақ мұндай тактика өзін меншікті капитал рентабельдігі жоспарында ақтап шығады.

 

15- кесте – «Фламинго 19» ЖШС өтімділік коэффициенттерінің есептелуі

 

 

Көрсеткіш атауы

 

Белгіленген мәні

 

2009 жыл

 

2010 жыл

 

Өзгеруі

(+,-)

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

1-2

1,83

0,55

-1,28

Жедел өтімділік коэффициенті

0,7-1

0,76

0,38

-0,38

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,2-0,3

0,02

0,01

-0,01

ЕСКЕРТПЕ - «Строительная  Инициатива» ЖШС-і мәліметтері  негізінде жасалған [16]


 

2010 жылы ағымдағы өтімділік  коэффициенті 0,55 құрады, 2007 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмен. 2010 жылғы көрсеткіш белгіленген мәнге сәйкес келмейтінін атап өту қажет, қазіргі уақытта көптеген компаниялар тәуекелділік қаржылық саясат жүргізеді (біздің  жағдайымызда да солай). Бұл мағына инвесторлар алдында теріс әсер береді, бірақ мұндай тактика өзін меншікті капитал рентабельділігі жоспарында ақтап шығады.

Жедел өтімділік коэффициенті өтімділікті тексерудің сенімдісі  болып табылады. Компанияда бар барлық тауарлы материалды  қорларды бір  уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін есем дегенмен көп уақыт сөз таластыруға болады, сәйкесінше есептеуге ақша құралдары, дебиторлық берешектер және инвестициялық қаржылар алынады.

2010 жылы жедел өтімділік  коэффициентінің мәні 0,38-ді құрады, 2009−жылмен салыстырғанда 0,38-ге төмен.

 

6-сурет − «Фламинго 19» ЖШС жедел және ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің 2009-2010 жж өзгеру динамикасы

 

Берілген жедел өтімділік  коэффициентінің өзгермелі сипаты қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуімен  түсіндіріледі, соның ішінде кредиторлық  берешектер мен қаржылық міндеттемелерінің өсуі. Жоғарыда көрсетілген коэффициенттер 6 – суретте көрсетілген.

 

 

7 – сурет - «Фламинго 19» ЖШС 2009-2010 жж. абсолютті өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасы

 

Абсолютті өтімділік  коэффициенті. Тез арада жабылатын міндеттменің үлесі. Бұл көрсеткіш 2009 жылы – 0,02 2010 жылы – 0,01 құрады. Абсолютті өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасы 7 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚР ҚҰРЫЛЫС  КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1. Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжірибесі

 

Құрылыс компанияларының  экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі тетігі ретінде сол компанияларға  тартылған инвестициялардың тиімділігін  айтуға болады. Еліміздің инвестициялық  – құрылыс кешенін қалыптастыруда аймақтық қаржылық – құрылыс топтары жетекші роль атқаруы керек. Экономикалық тәуелсіз құрылымдар өз қаржыларын аймақтағы ірі инвестициялық – құрылыс жобаларын орындауға жұмылдыра отырып, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саясатын іске асыруға әсер етеді. Инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрамына енетін инвестициялық компания үшін ең бастысы тиімді жобаларды іздеу. Егер құрылыс компанияларына инвестиция тартудың шет елдік тәжірибесін қарастыратын болсақ, онда сұранысты кәсіпорындардың қанағаттандыруы арасындағы қатысты баланысты қарастыру керек. кейбір елдерде бұл жағдай экономикалық жағдайға, құрылыс объектісіне салынған қаржыларды және олардың мерзімінде қайтарылуына байланысты орындалып отыр, құрылыстың шетел институттарының дамығаны туралы келесі айғақтар айтады. Елдегі 11%  халықтың біреуіне 17-18 м2 тұрғын –үй дәл келеді, осы цифрлар шетелде 30-358 м2 құрайды. Құрылыс саласына тартылған инвестициялар көрсеткішін келесі кестеден көруге болады. [17]

2010 жылы құрылысқа салынған инвестициялар, млн тг.


 

 

6-сурет – Қазақстан Республикасындағы  2010-жылы құрылыс саласына тартылған  инвестициялар көлемі

 

Құрылысқа инвестиция тартудың шет елдік тәжірибесін қарастиыра отырып, шет елде құрылыстың өз ерекшеліктері  бар екенін байқаймыз. Дамыған елдерде халық тұрғын үйді ипотекалық несиеге қорықпастан алады, себебі құрылысшылар объектіні өз мерзімінде орындайды. Несие берудің осы түрі әлдеқайда тиімділеу және азаматтар үшін тиімдірек және елдің орнықты экономикасымен қамтамасыз етіліп, дамыған заңға сүйенген институттармен қорғалған. Егер елдің құрылыс саласының тиімділігін арттыратын тетіктердің бірі ретінде Қазақстанның ипотекалық несие беру жүйесін жетілдіру керек.

Кәсіпорындардың ұйымшылдықта жұмыс атқаруы үшін, кейбір компаниялар өз қызметтерін бірігіп атқарады, осының салдарында құрылыс объектілеріне бағаның төмендеуң байқалады, себебі олар бір бірлерінің қызметтеріне қызығушылық танытады. Құрылыс саласындағы 80% қымбаттау жобалық шешімдердің дұрыс еместігінен болады, сол себептен шет елдік және отандық мамандар инвестициялық процестің қатысушыларының бір біріне әсері ұйымдастырылған түрде болуы керек деп шешті. Мұндай бірігудің салдарынан жарнамаға, өзара жеңілдіктердің болатын қызметтерге және қойылатын материалдарға шығындардың азайуына алып келеді. Осылайша бірігу картель деп аталады. Шет  елде ғылыми, жобалық, құрылыс және материал өндірісі компанияларының бірігуі негізінде жасалған картельдер жасау тәжірибесі кеңінен таралған [18]

Құрылыстың ұйымдарында  келесі маңыздысы болып тапсырма берушінің рөлі болып табылады. Англия, Финляндия және Швеция тапсырушы  өкілі  жиі сәулетші болып табылады. Ол алдын ала құрылыс құнын  анықтайтын және басқа да мәліметтер жинайтын құрылыс мамандарын таңдап алады. Сәулетші олармен бірге жұмыс жасауының  экономикалық әдістерін қарастырады және құрылыстың ұзақтығының қысқартуы туралы сұрақтарды шешеді, сауалдарға араласуды орындылықты ескертілген контрактке қол қою үшін құжаттарды, жұмыстардың бағдарламасын дайындайды.

АҚШ – та тапсырма беруші құрастырушылар, инженерлер, экономисттар, жетекшілер және прорабтардан құралған топты құрады. Бұдан әрі құрылыс  процесіне қажетті құжаттаманы  және схеманы  дайындайды. Алынған  материалдар негізінде контракт жетекшісі мердігерлік фирмалармен жұмысты бастайды. Ұтымды таңдау үшін сонымен бірге консультация формаларда таратылған [19]№

Жапонияда осы бағыт  ілгері дамыған. Құрылыс компанияларының  жанынан ірі зерттеуші лабораториялар, институттар құрылады. Ол жерлерде ғалымдар жұмыс атқарады. Және де тапсырыс беруші қызметін девелопер атқарады. Оның негізгі міндеті құрылыс орнын таңдау, қаржыландыру көздерін қарастыру және объектіні  сату болып табылады. Девелопер мердігерлерді құрылыс компанияларына таратады.

Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру