Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 08:21, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасап, ары қарай дамуы үшін ол табыс тауып, ақшалай қаражыттарын өсіруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне байланысты табысты өсірудің негізгі факторы болып, өндірілетін өнім көлемінің өсуі, оның өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеруі және өнімділігінің өсуі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11

2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30

3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.53 Мб (Скачать файл)

Осы бөлімде қарастырылған  құрылыс компаниялырының экономикалық тиімділігін арттырудың шет елдік  тәжірибесін  қорытындылайтын болсақ ,қазақстандық нарыққа құрылысқа  инвестиция тартуға бірнеше кедергілердің  бар екенін байқаймыз:

  • Бағалы қағаздар нарығының жеткіліксіз дамытуы;
  • Ипотекалық кепілдеме қағаздар бойынша аз пайдаға дайын инвесторлардың жоқтығы;
  • Кепілдік несиелердің қызмет көрсетуінің мақсаттары үшін сақтандыру ісінің әлсіз дамытуы;
  • Ұзақ мерзімді кепілдік несиелердің беруі үшін қажетті ,сауда құралдардың қымбатшылығы;
  • Инфляцияның жоғары қарқындары ,ұзақ мерзімді салымдар үшін теңгенің тұрақсыздығы [25].

Құрылыс компанияларының  экономикалық тиімділігін арттырудың         басым бағыттары

Еліміздің инвестициялық  –құрылыс кешенін  қалаптастыруда аймақтық қаржылық –құрылыс компаниялары жетекші роль атқаруы керек. Экономикалық  тәуелсіз құрылымдар өз қаржыларын аймақтағы ірі инвестициялық – құрылыс жобаларын орындауға жұмылдыра отырып , мемлекеттік экономикалық ,әлеуметтік саясатын іске асыруға әсер етеді. Ірі қаржылық – құрылыс  топтарымен қоса , шағын кәсіпкерлік секторы да құрылыс саласында нығыз орын тепті. Өндірістік және азаматтық құрылыстың әр түрде маманданған құрылыс ұйымдары аймақтағы инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрылымдық негізін құрауы керек. Инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрамына енетін инвестициялық компания үшін ең бастысы тиімді жобаларды іздеп, оларды қаржыландыру болып табылады. Құрылыс кәсіпорындары өз қызметтерін ұйымдастыруда белгілі принциптерге сүйенеді: жоспарлаудың үздіксіздігі, бағдарламалық – мақсаттық ұстаным принциптері олардың қызметін нақтылай түседі.

Аймақтық нарықтағы  ұсыныс құрылымы да өзгерістерге ұшырады. Нарықта жаңа, кешендік өнімдер пайда  болды. Ұсыныстардың жекелеген қажеттіліктерді қанағаттандыруы – нарық нәтижелілігінің жоғарылағанының маңызды куәлігі. Бұған қоса құрылыс саласына түбегейлі енудің де кедергілері бар екенін  айта кету керек. Оған әсер ететін екі фактор:капитал тапшылығы және өнімнің міндетті сертификатталуы.

Құрылыс кәсіпорындарының техникалық қайта жарақтануының проблемасын шешуінің бір жолы құрылыс техникасы меен құрылғыларын өндіретін және тасымалдайтын отандық және шет елдік жабдықтаушылар ұсыныстарын қарап ,оларға жоғары талаптар қою болып табылады. Қазіргі тәжірибе елімізде қолданылып жүрген құрылғылардың сапасының төмен екендігін,олардың өндіріс үрдісін кешендік механизациялау мен автомациялауды толық жургізбейтіндігін көрсетеді. Сапалы құрылыс материалдарын шығару үшін әрине жоғары технологиялық деңгейден құрылғылар мен жабдықтар керек.

Отандық құрылыс компаниялар  нарығының даму перспективалары  туралы айтқанда еліміздің ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың потенциалын  пайдалана отырып, кешенді технологиялық  желілерден туратын құрылыс машиналарын  жасап шығару қажеттігіне тоқталған дұрыс.

Құрылыс саласының өндірістік базасын дамытуға инвестициялар  салу оның техникалық қуаттылығын арттыра  түсетін анық. Құрылыстың материалдық−техникалық базасы әрекет етуші кәсіпорындардың қуатын толық пайдалану мен оларды техникалық қайта жарақтандыруға байланысты. Жаңадан құрылысс материалдары өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды салумен дамыған технологиялық желілерді іске қосу қазіргі уақытта инвестицияларды тарту арқылы іске асатыны бергілі.

Құрылыс материалдары өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы, өндірістік қуаттылығы, экономикалық тиімділік көрсеткіштері техникалық даму бағыттары салынатын құрылыс нысандарының көлеміне байланысты. Қазіргі уақытта салынып жатқан және салынуға жоспарланған нысандар өте көп екені белгілі. Мемлекеттік деңгейде ірі инвестициялық-құрылыс компаниялары, сонымен қоса шағын және орта бизнес өкілдері жүзеге асырып жатқан құрылыс жобаларын уақытында құрылыс материалдарымен жабдықтауда үздіксіз өндірісті қамтамасыз етуді маңызы зор. Құрылыстағы халықаралық стандарттар құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптарлы күшейтіп, жаңа құрылыс қоспаларының өндірілуіне мүмкіндік берді.

    Қазіргі уақытта  құрылыс саласы қарыштап дамуы  үшін мынадай басым бағыттарды  іске асырған дұрыс:

    • тың жерлерге жаңа қуаттарды  еңгізу;
    • құрылыс саласына қатысты алдынғы қатардағы жаңа техника мен              технологияларды еңгізу;
    • қолда бар шикізатты тиімді пайдаланып, өндіріс қалдықтары қайта өңдеу;
    • тұрғын−үй құрылысының құрлымын өзгерту, жаңа сәулет−құрылыс жүйесіне көшу;
    • төлем қабілеттілігі әртүрлі тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, сапалы құрылыстар салу;
    • құрылыс материалдары кәсіпорындарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы тұрғын үй құрылысы көлемдерін арттыру;
    • салаға тікелей шетел инвестицияларын тарту;
    • инжинер−техникалық, құрылыс−жобалау мамандарын халықаралық стандарттарға  сәйкес даярлау;
    • инвестициялық жобаларды іске асыруды және мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасын орындауда тұрақты нормативтік базамен қамтамасыз ету;
    • құрылыс объектілері бойынша қуаттарды оңтайлы тарату;
    • күрделі салымдарды тиімді тарату;
    • жабдықтаушы−кәсіпорындар өнімдерін оңтайлы орналастыру.

    Құрылыс саласындағы  жобалардың кең қырлылығы, күрделілігі  және кқлемділігі оны ұйымдастыруда жаңа бетбұрыстардың болуын талап етеді. Тұрғын-үй бағдарламасын іске асыру және елімізде салынып жатқан ірі экономикалық және әлеуметтік нысандарды салуға құрылыс материалдары өндірісін нығайту мен тиімді ұйымдастыру ерекше орын алады. Тұрғындардың материалдық игіліктері мен өмір сүру деңгейін көтеруде, барлық салалардағы өндірістерді дамытуда күрделі құрылысқа маңызды роль берілген.

Құрылыс саласының жеке ғылыми –зерттеу шикізаттық және өндірістік базасы, тиімді жұмыс істеп тұрған жүйесі− инвестиция салуға қызығушылыұ тудыратын негізгі факторлар. Дамыған нарықтық экономика шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейіне негізделетіндіктен құрылыс саласына да оларды кеңінен тарту экономикалық өсәмге әсер етеді.

Халықаралық тәжірибеде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда келесідей қағидаларға сүйенеді;

    • инвестициялық жобаның іске асыру барысындағы иаза табыс пен амортизациялық аударымдар есебінен қалыптасатын аұша ағынының көрсеткіші негізінде инвестрленген капиталды қайтаруды бағалау қағидасы;
    • болашақтағы түсімдерді, яғни ақша ағымдарын қазіргі құнға міндетті келтіру қағидасы;
    • әртүрлі инвестициялық жобалар үшін ақша ағымдарын дисконттау үрдісіндегі пайыздық дифференциалданған ставкасын таңдау қағидасы.

Осы қағидаларға сәйкес инвестициялық жобаларды бағалаудың келесідей көрсеткіштері анықталған:

    • мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бюджеттер үшін жобаны іске асырудағы қаржылық қорытындыларды бейнелейтін, бюджеттік тиімділік көрсеткіштер;
    • жалпы ұлттық экономиканың мүддесі үшін жобаның тиімділігін сипаттайтын, жалпы тиімділік көрсеткіштері;
    • тікелей қатысушылары үшін жобаны іске асырудағы қаржылық мүдделерді ескеретін, коммерциялық тиімділік кқрсеткіштері.

 Нақты бір жобаға  инвестиция тарту туралы шешімдер  қабылдағанда әлеуметтік сипаттағы  және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты шығындары бағаланады.

 Шетел инвестицияларын  тарту кезінде келесідей маңызды  әлеуметтік және экономикалық  міндеттер шешімін табады:

    • экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына ықпал ету;
    • өндірісте бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
    • сыртқы нарықтағы ішкі потенциялдың тиімділігін дамыту және арттыру;
    • жаңа техника мен технологияны пайдалану арқылы бәсеке қабілетті өнім шығара отырып, өндірістің ғылыми-техниканы арттыру;
    • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға дайындығы жоғары деңгейлі өнім шығаратын толық технологиялық циклды қалыптастыру;
    • шалғай жатқан және экологиялық жағдай нашар аймақтардың дамуына. 
               Инвестицияларын салалық құрлымы әртүрлі, инвестициялық капитал негізінен мұнай өңдеу өнеркәсібіне, құрылыс саласына, транспорт, түсті металлургия, көмір өнеркәсібіне салынуда.

   Инвестициялар  салу туралы шешімдер қабылдағанда  саланың инвестициялық тартымдылығын  бірнеше факторлар арқылы анықтайды:

    • нарықтық, бәсекелестік, жабдықтаушылар мен қарым-қатынастар кәсіпорын салаға ену және шығу кедергілері және басқада технологиялық және әлеуметтік факторлар.

 Жаңа экономикалық  жүйеде құрылыс индустриясын  ала орны ерекше. Шаруашылықтандыру  шарттарының түпкілікті өзгеруін  ескере отырып, бүгінгі күні сала алдында тұрған міндеттер− тек бұрынғыны қалпына келтіру деген дұрыс емес.Нарыұ жағдайында кәсіпорын жұмысы барлық маңызды факторларды есепке алатын бизнес −жоспар негізінде жүзеге асады.                                                        

 

    • әртүрлі инвестициялық жобалар үшін ақша ағындарын дисконттау үрдісіндегі пайыздық дифференциалдаған ставкасын (дисконттық ставка) таңдау қағидасы.

    Осы қағидаларға  сәйкес инвестициялық жобаларды  бағалаудың келесідей көрсеткіштері  анықталған:

    • мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бюджеттер үшін жобаны іске асырудағы қаржылық қорытындыларды бейнелейтін, бюджеттік тиімділік көрсеткіштері;
    • жалпы ұлттық экономикалық мүддесі үшін жобаның тиімділігін сипаттайтын, жалпы тиімділік көрсеткіштері;
    • тікелей қатысушылары үшін жобаны іске асырудағы қаржылық мүдделерді ескеретін, коммерциялық тиімділік көрсеткіштері.

    Нақты бір  жобаға инвестиция тарту туралы  шешімдер қабылдағанда әлеуметтік  сипаттағы және қоршаған ортаны  қорғаумен байланысты шығындары  бағаланады.

     Шетел инвестицияларын тарту кезінде келесідей маңызды әлеуметтік және экономикалық міндеттер шешімін табады:

    • экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына ықпал ету;
    • өндірісте бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
    • сыртқы нарықтағы ішкі потенциалдың тиімділігін дамыту және арттыру;
    • жаңа техника мен технологияны пайдалану арқылы бәсеке қабілетті өнім шығара отырып, өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін арттыру;
    • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға дайындығы жоғары деңгейлі өнім шығаратын толық технологиялық циклді қалыптастыру;
    • шалғай жатқан және экологиялық жағдай нашар аймақтардың дамуына әсер ету.

   Инвестициялық  салалық құрылымы әртүрлі, инвестициялық  капитал негізінен мұнай өңдеу  өнеркәсібіне, құрылыс саласына, транспорт,  түсті металлургия, көмір өнеркәсібіне салынуда.

   Инвестициялар  салу туралы шешімдер қабылдағанда  саланың инвестициялық тартымдылығын  бірнеше факторлар арқылы анықтайда:

    • нарықтық, бәсекелестік, жабдықтушылармен қарым-қатынастар кәсіпорынның салаға ену және шығу кедергілері және басқа да технологиялық және әлеуметтік факторлар.

   Жаңа экономикалық  жүйеде құрылыс индустриясының  алатын орны ерекше. Шаруашылықтандыру  шарттарының түпкілікті өзгеруін  ескере отырып, бүгінгі күні сала  алдында тұрған міндеттер –  тек бұрынғыны қалпына келтіру деген дұрыс емес. Нарық жағдайында кәсіпорын жұмысы барлық маңызды факторларды есепке алатын бизнес – жоспар негізінде жүзеге асады.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика инфрақұрылымына құрылыс  индустриясы кәсіпорындарының интеграциялануы  қорнарығындағы негізгі ережелерді меңгермейінше мүмкін емес. Құрылыс кәсіпорындары өз қызметінде бағалы қағаздарды пайдалана отырып, табыс алуды да көздеуі керек. Капитал нарығы құрылыстағы инвестициялық жобаларды іске асыруда қаржылардың басты қайнар көзіне айналғаны дұрыс.

Құрылыс саласына инвестицияларды  тарту тиімділігі арттыру туралы сөз болғанда, мемлекеттің инвестициялық  саясатын іске асырудың басым бағыттарына  назар аудару керек. Инвестициялық  қызметтің негізгі субьектілерін  және жобаларды тұтынушыларды дұрыс таңдау маңызды. Инвестициялардың тиімділігін бағалаудың негізгі қағидалары мен инвестициялық тартымдылықты ескере отырып, инвестицияларды қаржылық – экономикалық бағалаудың кешенді жүйесі және инвестициялық тәуекелді бағалау мен төмендетудің жүйесі жасалды.

 Инвестициялардың  тиімділігі мен инвестициялық  тартымдылықты бағалаудан салынған  капиталды қайтарып алу уақыты, кәсіпорын дамуының темпі, түптеп  келгенде бүкіл саланың әлеуметтік-экономикалық  даму проблемалары тәуелді.

 Нарықтық экономика  инфрақұрылымына құрылыс индустриясы кәсіпорындарының интеграциялануының жетістігі, көбінесе, Қазақстанда тұрғын үйлерді несиелендірудің дамуынан тәуелді. Тұрғын үйдің қазақстандық нарығының қалыптасуы мен дамуында құрылыстағы үлестік қатысу, ипотекалық несиелендіру, тұрғын үй құрылыстық жинақтамаларының жүйесі сияқты құрылысты қаржыландырудың жаңа түрлері пайда болды.

  Қазіргі заманғы нарықтық қатынастарда құрылыс материалдары өндірісін дамыту мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарының қызметін тиімді ұйымдастырудың басымдылықтары:

Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру