Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 08:21, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасап, ары қарай дамуы үшін ол табыс тауып, ақшалай қаражыттарын өсіруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне байланысты табысты өсірудің негізгі факторы болып, өндірілетін өнім көлемінің өсуі, оның өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеруі және өнімділігінің өсуі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11

2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30

3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.53 Мб (Скачать файл)

Германияда тапсырыс беруші бас мердігер болып табылады. Ол өз кезегінде мамандандырылған кәсіпорындарға міндеттерін бөліп  береді және құрылыс сапасы аяқталу уақытына жауапты болады [20].

Құрылыс компанияларының  тиімділігін арттырудың шет елдік  тәжірибесін қарастырғанда оған экономикалық, саяси және құқықтық факторлардың әсер ететінін атап өту қажет. Құрылысқа инвестиция үш негізгі принципқа құрылады: шартты жинақтар, ипотекалық несие беру және мемлекеттік қолдау. әрине бұл қағида жұмыс барысында айырмашылықтары болуы мүмкін. мысалы, шартты жинақтардың әр түрлі үлгілері батыстық елдерде қолданылады. АҚШ – та тұрғын – үйдің құрылысына инвестиция салуы ипотекалық үлгісі  басым болады [19].

 

 

 

 

 

 



 

 

 


 


 

 

 

 

7- сурет – Құрылыс саласына  инвестиция тартудың негізгі қағидалары

 

Шартты жинақтардың  классикалық формасы – құрылыс  жинақ кассалары – Германияда жұмыс істейді. Құрылыс жинақ  кассаларындағы құрылысқа қарыз  ақшаларының негізгі көздері  болып тұрғандардың салымдары, құрылыс  қарыздарын пайдаланғаны үшін қарыз алушылардың төлемдері және табылады. Мемлекеттік сыйақылар жинақ салушы бір  жылдың ішінде өз счетына ақша салса, онда құрылыс шартына байланысты тағайындалады. Тұрғын – үй несиесін жинақ кассасының салымшысы шартта якөрсетілген сомманы счетына салып тұрғаннан кейін белгілі бір уақыт өткеннен кейін ала алады. Пайыздық ставкалар шарттың барлық орындалу уақытына бірдей болып келеді. «Неміс жүйесінің» негізгі жақсы  жағы, бұл жүйенің толық мөлдірлігі болып табылады. Германдық заңға сәйкес бұл  ұйымдар өз мүшелерінен қарыздардың беруінен басқа ешқандай да активті операцияларды жүзеге асыра алмайды. Осылайша өз салымдарының қалайша пайдаланып жатқаны туралы ақпарат ала алмайтын коммерциялық банктер салымшыларына қарағанда, құрылыс жинақ кассаларының салымшылары өз ақшаларының қайда кетіп жатқаны туралы біліп отырады [21].

Қазақстандағы  бұл  жүйенің артқышылығы несие алуға  басты кедергі болатын несие  алушының қарызды өтей алатындығы қарастырылмайды. Сол себептен құрылыс инвестициясына тұрғындар жинақтары қосымша қаражат ретінде  тартылады. Өндірістік және азаматтық құрылыстың әр түрде маманданған құрылыс ұйымдары аймақтағы инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрылымдық негізін құрауы керек, Инвестициялық – құрылыс кешендерінің құрамына енетін инвестициялық компания үшін ең бастысы тиімді жобаларды іздеп, оларды қаржыландыру болып табылдаы.

Құрылыс жинақ кассаларының басқа үлгілері Франция және Ұлыбританияда  жұмыс істейді. Мұндай кассалардың  екі түрі Францияда бар: біріншісі 100 мың франкке дейін қаражат салады және бір жылға 3,75 % пайыздық мөлшерде 150 мың франкке жеңілдікті тұрғын – үй қарызын алады, және де негізгі салымға жыл сайын 7,5 мың франк мөлшерінде мемлекеттік сый ақы қосылдаы; екінші түрі PEL (тұрғын – үй жинақтарының жоспары) есебі деп аталады, 400 мың франктерге дейін қаражат салынады, жылдық пайыздық ставкасы 4,8% болып табылатын 600 мың франкке дейін сомаға жеңілдікті тұрғын – үй несиесін ала алады. Несие бойынша жылдық ставкалар нарықтық мөлшерлемеге  қарағанда 4-5% -ке төмен. Ең ірі жер банкі (Франс фонсье Креди де) және оның филиалы (антрепренер Контуар дез)- кәсіпкерлерге тұрғын – үйге және өнеркәсіптік құрылысқа несиелер береді. Ипотекалық  операциялар орта және ұзақ мерзімге ірі құрылыс серіктестіктеріне және жер иелеріне 3-20 жылға берілетін несиемен байланысты болады.

Өткен жүз жылдықтан  бері Ұлыбританияда құрылыс қоғамдарының (buidlding society) жүйесі жұмыс істейді.

Қызметіне байланысты олардың  жұмысы аздап неміс жүйесіне ұқсас  болып келеді, бірақ тұрғын –  үй несиесін алуы үшін міндетті түрде құрылыс  қоғамының салымшы болу қажет емес. Соңғы жылдары құрылыс жинақ кассаларының қызметі коммерциялық банкердің қызметімен бірдей болып келе жатыр. Бұл құрылымдардың бір бірлері арасындағы бәсекелестік несиелік мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар екі ұйымның да қызметі сақтандыру компанияларымен тығыз байланысты. Сақтандыру қызметі ипотекалық несие жүйесіне кірістіріледі [22].

АҚШ – тағы ипотекалық несие беруінің жүйесін алса, онда «Қызыл линии ережесі» сақталады, осы  шектеулерге байланысты қарыздар беріледі, сонымен бірге қарыздарды беру үшін тәуекелдердің аймақтары есептелінді. Егер азамат қызыл сызық ережелерінің шектерінен асып кетсе немесе тәуекелдің қол жетпес аймағына түссе, онда оған несие берілмейді. АҚШ – та  несие қарыз алушы жұмыс атқара алатын мерзімге беріледі, яғни  зейнет уақытына дейін. АҚШ – та несие беруінің келесі ерекшелігі бар. Барлық тұрғын үйлер 3 топтарда бөлінеді: өте арзан, орташа бағада және өте қымбат. Бірінші топқа несиені мемлекет береді, екі келесі топтарға ипотекалық институттар несие береді. Қарыздың мерзімі осы жағдайда 12 жылды құрайды, жәрдемақының өлшемі – тұрғын үй құнының 75% құрайды.

Ф.Рузвельттің заманынан  бастап АҚШ – та тұрғын – үй құрылысының  ипотекалық несие беруі және тұрғын – үйдің алуы тармақты жүйесі қалыптаса бастады. Ипотекалық несенін көптеген түрлері кездеседі. Несиелер қаражат беруші ұйымдарға және сақтандыру компанияларына байланысты классификацияланады. Қазіргі уақытта құрылысты қаржыландыруға байланысты несиелік қаржылық жүйесіне көптеген бірінші және екінші деңгейдегі ипотекалық несие институттары және басқа да ұйымдар тартылған. Олардың ішінде бағалы қағаздар нарығы да бар – бұлар ипотекалық банктер, жинақтаушы және несиелік ассоциациялар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық институттар, жеке несие берушілер, риэлторлық, брокерлік ұйымдар және т.б.[23].

 

16 – кесте – Дамыған елдердегі  құрылыс жинақ кассаларының даму  ерекшеліктері

 

Ел

Реформа атауы

Ерекшеліктері

АҚШ

Рузвельттің жаңа курсі

Несиелер қаражат беруші ұйымдарға және сақтандыру компанияларына байланысты  классификацияланады. Қазіргі уақытта құрылысты қаржыландыруға байланысты несиелік қаржылық жүйесіне көптеген бірінші және екінші деңгейдегі ипотекалық несие институттары және басқа ұйымдар тартылған.

Германия

Эрхардтың соғыстан кейін реформалары

Құрылыс жинақ кассаларындағы құрылысқа  қарыз ақшаларының негізгі көздері  болып тұрғындардың салымдары, құрылыс  қарыздарын пайдаланғаны үшін қарыз  алушылардың төлемдері және табылады. Пайыздық ставкалар шарттың барлық орындау уақытына бірдей болып келеді.

Аргентина

Ковальо жоспары

Үкімет  банк шығарылатын облигациялары (міндеттмелер) үшін Кепілдік қорын  құрады. Бүкіләлемдік банк 500 миллион  АҚШ доллары сомасын (төлеуді 7-жылға  кейінгі қалдыруды қоса) 15-жылға қарыз береді. Қор ипотекалық нарықтың субъект шығарылатын бағалы қағаздар бойынша кепілдікті береді.

Ұлыбритания

Құрылыс қоғамдары

Қызметіне байланысты олардың жұмысы аздап неміс жүйесіне ұқсас болып  келеді, бірақ тұрғын – үй несиесін алуы үшін міндетті түрде құрылыс қоғамының салымшы болу қажет емес. Бұл  құрылымдардың бір бірлері арасындағы бәсекелестік несиелік мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді. Сақтандыру қызметі ипотекалық несие жүйесіне кірістіріледі.

ЕСКЕРТУ: кесте автордың құрастыруымен жаслаған


 

Ипотекалық несие берудің  тиімді схемасы бүкәл әлемдік  банк көмегімен Аргентинада іске асырылған. Схеманың қорытылған түрі төмендегіше  көрінеді. Үкімет банк шығарылатын  облигациялары (міндеттемелері) үшін кепілдік қорын құрады. Бүкіл әлемдік банк 500 миллион АҚШ доллары сомасын (төлеуді 7-жылғы кейінгі қалдыруды қоса) 15-жылға қарыз береді. Қор ипотекалық нарықтың субъект шығарылатын бағалы қағаздар бойынша кепілдік береді.

Құрылыс компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыруға  байланысты ұйымдарға инвестиция тартуының шет елдік тәжірибесін қорытындылай келе, жоғарыда аталған елдердің экономикалық дамуына құрылыс саласының көпп ықпал еткенін байқаймыз. Соңғы 30-жылда АҚШ-тағы ипотекалық несие беру жүйесі жыл сайын құрылыс нарығына 40 миллиардтан астам доллар бағыттап отырды, сонымен қатар рассрочка минимумы 10 жыл болды, негізіне жиірек 20-25 жылға дейін рассрочка алу мүмкін болды.

Құрылыс коммпанияларына  инвестиция тартудың келесі қағидасы- тұрғындарға несие беру. Халыққа  ипотекалық несие беру әрбір елде әртүрлі болып келеді. Финляндияда келесі шаралар жүзеге асырылады: заңды және жеке тұлғаларға салық салу 32% дейін шектелген; жас жанұяларға парламетпен 20-25 жылдарға 3% пайыздық мөлшерлемеде несие алу бекітілген; жас жанұяларға төлем 25-50% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Банктер беретін ипотекалық несиенің жалпы талаптары да оңайлатылған: пайыздық мөлшерлеме жылына 3, 5% құрайды, ал басқа мақсаттарға банктердің пайыздық мөлшерлемесі жылына 9-17% болып келеді[22].

 

17-кесте –Дамыған ипотекалық несиенің ерекшеліктері

 

Ел

Ерекшеліктері

Финляндия

Заңды және тұлғаларға салық салу 32% дейін шектелген; жас жанұяларға парламентпен 20-25 жылдарға 3% пайыздық мөлшерлемеде несие алу бекітілгеня; жас жанұяларға төлем  25-50% дейін  жеңілдіктер қарастырылған. Банктер беретін ипотекалық несиенің жалпы талаптары да оңайлатылған: пайыздық мөршерлеме жылына 3,5% құрайды, ал басқа мақсаттарға банктердің пайыздық мөлшерлемесі жылына 9-17% болып келеді.

Германия

Құрылыс жинақ кассалары жұмыс  жасайтын тұрғындармен құрылысты қаржыландыруға келісім шартқа отырады, осылайша меншік иесі құрылыс жинақ кассасындағы өз есебіне ай сайын құрылыстың қаржыландыруына келісілген  сомманы салып турады. Жұмыс беруші "936 марка туралы заңға" негізінде еңбек ақыға 78 марка қосып отырады (жылына 936 марка) және мемлекетке ай сайын 93,6 марка немесе 936 марканың 10% қосып отырады. Осылайша "Құрылыс капиталы" жинақталады. Осы сома қажет қаражатқа (тұрғын-үйдің 1/3 шақты құны)  дейін жиналғанда, мемлекет тұрғын-үйдің 10% құнын салымшыға береді, ал қалған құнына құрылыс жинақ кассасы төмен пайыздық мөлшерлемемен несие береді.

ЕСКЕРТУ: кесте  автордың құрастыруымен жасалған


 

Германияда азаматтардың қолдау жүйесі төмендегідей болады. Құрылыс  жинақ кассалары жұмыс жасайтын тұрғындармен құрылысты қаржыландыруға келісім шартқа отырады, осылайша меншік иесі құрылыс жинақ кассасындағы өз есебіне ай сайын құрылыстың қаржыландыруына келісілген сомманы салып тұрады. Жұмыс беруші "936 марка туралы заңға"  негізінде еңбек ақыға 78 марка қосып отырады (жылына 936 марка) және мемлекетке ай сайын 93,6 марка немесе 936 марканың 10% қосып отырады. Осылайша "Құрылыс капиталы" жинақталады. Осы сома қажет қаражатқа (тұрғын-үйдің 1/3 шақты құнын) дейін жиналғанда, мемлекет тұрғын-үйдің 10% құнын салымшыға береді, ал қалған құнына  құрылыс жинақ кассасы төмен пайыздық мөлшерлемемен несие береді [21]

Инвестициялық процесстегі  мемлекеті қатысудың жөніндегі  Л.В.Донцованың айтуы бойынша дамыған  нарықтық экономикасы бар елдерге  мемлекеттің қолдауы бірнеше  функцияларға байланысты болады.

Бірінші функция − бұл кәсіпкерліктің капитал салымдарының ортақ көлемін (ынталандыру немесе шектеу) реттеу.

Екінші функция − бұл инвестициялық несие көмегімен нақтылы кәсіпорындарда, сала және жұмыс саласының капитал жұмсауларын ішінара ынталандыру несие және салық жеңілдіктерін беру.

Үшінші функция − бұл инвестициялық процесске төте әкімшілік кіріс

 


 


 


 


8-сурет

 

 

 

 

8−Құрылыс саласына инвестиция тартуды мемлекеттік қолдау функциялары.

 

Мемлекеттік қоолдау  жүйесінде Швецияда баға белгілеу сұрақтарына ерекше зер салады. Бағаларды бақылауды, мемлекеттік басқаруды және бесекелесті азаматтық әкімшіліктің қол астындағы министрлік жүзеге асырады. Әрбір губернияда тауарлар мен қызметтердің бағаларын бақылайтын мамандар болады және олардың реттеуі бойынша ұсыныстар енгізіп отырады. Үкімет түбегейлі баға көтеру, инфляциялар және қатты дисбаланстар кезінде бағаны реттеу туралы заңға сәйкес, бағаны қатырып тастауына құқығы болады. Егер олар біреуі жоғарлыатқысы келсе, мемлекет шекті баға деңгей орната алады, бұл туралы ол алдын ала ескертіліп дәлелдеуі керек. Мысалы,егер тұрғын үйге бағалаларды жоғары көтерілсе,онда мемлекет тұрғын үй жәрдем ақылары және жеңілдіктерді беріп отырады.[24].

АҚШ, Германия, Финляндия, Жапония және Канада секілді басқа дамыған елдерде,құрылыс объеектінің бағасын мемлекет қалай реттейтінін қарастырайық. Құрылыс −  монтаждау жұмыстарының бағасы табыстың орташа нормасынан және өндіріс шыңындарынан асып кетсе мемлекет араласу арқылы баңаны реттей алады. Орташа пайда нормасы өндіріс шығындарынан 10−12% құроайды. Егер пайда нормасы жоғары кқтерілсе, бұл жағдай зерттеледі және мемлекет бұл норманы реттейді. И.А.Рахман айтуынша шет ел тәжірибесін талдауында бағаның құрастыруы жаңа өнімді өңдеуге және алға жылжытуда маңызды стратегиялық бағыт болып табылады.

Барлық жобаны сенімді  құнның анықтауы шетел құрылыс фирмаларының қызметінің негізін қалайтын қағидасы болып табылады. Бұл үшін инвестиция салуларының барлық кезеңдерде құрылыс  бағасын анықтау үшін құрылыс  құнның ірілендірілген көрсеткіштері қолданылады. АҚШ-та «R.S.MEANS» компаниясы жыл сайын үлкен тиражбен американдық көрсеткіштері бар бағалардың жинақтарын шығарды.Англияда "Technikal Indexes Ltd" фирмасы жұмыстарының құнының ірілендірілген көрсеткіштерімен "WESSEX" жинаұтарын жариялайды.

Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру