Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 08:21, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасап, ары қарай дамуы үшін ол табыс тауып, ақшалай қаражыттарын өсіруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне байланысты табысты өсірудің негізгі факторы болып, өндірілетін өнім көлемінің өсуі, оның өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеруі және өнімділігінің өсуі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11

2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30

3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.53 Мб (Скачать файл)

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

                                                             «Экономика» кафедрасының меңгерушісі:

                                                              э.ғ.к., профессор 

 

                                                              ____________________Сейдахметов А.С.

 

                                                              № ___ хаттама, «___» ________2012 жыл

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру»

 

«5В050600 – Экономика» мамандығы

 

 

 

 

 

Орындаған:

күндізгі оқу бөлімінің

3 курс, 305 топ студенті              ________________          

 

 

 

Ғылыми жетекші:

э.ғ.к., доцент                                _________________             

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ

 
   

КІРІСПЕ

3

   

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары

5

 

1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі

11

   

2    «Фламинго 19» жшс-нің өндірістік ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау

22

 

2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау

30

   

3   ҚР құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

 

3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі

38

 

3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру

47

   

ҚОРЫТЫНДЫ

58

   

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

61


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарық тетігінің өміршендігі  мен тиімділігі, экономиканың көп  жылдық тәжірбиесінде дәлелденгендей, экономика тепе−тендігінің қамтамасыз етілуіне, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының тиімді пайдалуына, тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандырып, ғылыми техникалық прогрестің жетістіктеріне жауап бере алатындығына байланысты болып келеді. Нарық жағдайында кәсіпорын дербес тауар өндіретін, экономикалық кеңістігі шектелмеген, бірақ өзгермелі экономикалық орта жағдайына бейімделе отырып, жүмысың қатесіз жасауға байланыстырылған шаруашылық етудің негізгі объектісі болып табылады.

Нарықтық экономика кәсіпорындарды нарықтығы сұраныстарды қанағаттандыруға, нақты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және де кәсіпорынның дамуына табыс әкелетін және сұранысқа ие өнімдерді шығаруға бағдарлайды. Табыс көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін бағалауға маңызды болып табылады. Олар іскерлік беделінін және қаржылық тиімділігінің денгейін сипаттайды. Табысқа байланысты кәсіпорынға салынған активтердің пайдалылығының деңгейі анықталады.

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі мәселесі −экономикалық нәтижесі қолда бар ресурстарды процесте пайдаланғандағы шығындардың әрбір бірлігіне өсіру болып табылады.

Кәсіпорын дұрыс жұмыс  жасап, ары қарай дамуы үшін ол табыс тауып, ақшалай қаражыттарын өсіруі қажет.

Кәсіпорынның қызметіне  байланысты табысты өсірудің негізгі  факторы болып, өндірілетін өнім көлемінің өсуі, оның өзіндік құнының  төмендеуі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеруі және өнімділігінің өсуі болып табылады.

Нарықтық экономика  жүйесінің негізгі белгілерінің бірі экономикалық тұрақтылықтын салыстырмалы төмендігі болып табылады. Экономикалық дамуға циклді тербелістер, яғни өрлеу мен құлдырау кезеңдерінің ауысып келуі тән. Сондықтан әрбір кәсіпорын үшін экономикалық тиімділікті өсіру аса маңызды мәселе. Экономикалық тиімділік өсуінің негізгі себептерінің бірі шығындардың азаюы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауында әрбір кәсіпорын өзінің шығындарын минималдауға, соның ішінде әкімшілік шығындарын нөльге теңестіруге тырысуы қажеттігін атап өтті. [1]

Дипломдық жұмыс мақсаты құрылыс кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау және оны арттыру жолдарын ұсыну.

Аталған мақсатқа сәйкес келесідей дипломдық жұмыстың міндеттері қойылды:

    • Кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің теориялық негіздерін қарастыру;
    • Құрылыс кәсіпорындарына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтау;
    • Қазақстан Республикасының құрылыс сапасының жалпы жағдайын зерттеу және қазіргі жағдайына талдау жасау;
    • «Фламинго-19» ЖШС-нің өндірістік қызметін және экономикалық тиімділігін бағалау;
    • Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі – «Фламинго-19» ЖШС  болып табылады. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып құрылыскәсіпорындарыңың  экономикалық тиімділігін арттыру  жолдарын ұсыну табылады. Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттырудын басты тетігі – инвестиция тарту. Инвестициялық құрылыс кешендерінің құрамына енетін инвестициялық компания үшін ең бастысы тиімді жолдарды іздеу. Жобалардың кең қырлылығы, күрделі және көлемділігі оны ұйымдастыру жаңа бетбұрыстардың болуын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік  маңызы – кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру байланысты жасалған ұсыныстардың зерттелу объектісіне, яғни «Фламинго-19» ЖШС-нің қызметінің тиімді жұмыс атқаруына септігін тигізу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, құрылыс саласына байланысты қабылданған бағдарламалар  және «Фламинго-19» ЖШС-нің жарғылық капиталы және бухгалтерлік балансы  пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары

 

Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялык ұстаным – экономикалық өсуді  экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ыңталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудын нақты жолдары анықталуы қажет. Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процессінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалык мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану аркылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды  қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.

Тиімділік латынша «effectus», мағынасы «орындау», «әрекет» түсінігін береді. Алғашында тиімділік түсінігі техника, технологияға қатысты қолданылды.Тиімділік ретінде істелген жұмыс деңгейі мен оны жүзеге асыруға шығындалған энергияның қатынасы немесе кез келген үрдістің әлеуетті және нақты нәтижелерінің қатынасы түсінілді. Уакыт өте келе тиімділік объективті немесе технологиялык ұғым емес, салыстырмалы, бағалаушы категория болып табылатындығы анықталды.

Кейінірек тиімділік  ұғымы экономикалық кызметке қатысты  қолданыла бастады.Өндірістік үрдістің экономикалық тиімділігі, жалпылай алғанда, өндірілім көлемінің өндіріске  қажет шығындар көлеміне қатынасы ретіндесипатталады. Экономикалық тиімділік өндірілетін өнім түрі, өндіріс әдісі, өткізу нарықтары. тұтыну көлемі сияқты көптеген факторларға тәуелді.

Кәсіпорын экономикасында өндірістік үрдістің экономикалық тиімділігіөндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелілігімен сипатталады, яғни қол жеткізілген нәтижелердің еңбек шығындарына қатынасымен анықталады.

Экономикалы тиімділік – аса маңызды әлеуметтік-экономикалық категория. Оны сапалық және сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Сапалық жағы тиімділіктің логикалык, теориялық мазмұнын анықтайды. Ал сандық жағы үнемдеудін (ресурстарды, уақытты) нәтижеге әсерін сипаттайды. Демек, адамзат қоғамы өз дамуының барлык тарихи кезеңдерінде өз күш-қуатын, ресурстарын үнемдеп жұмсауы кажет, яғни қоғамдық өнім көлемін өсіруді минималды шығындарды жұмсай отырып жүзеге асыруы керек. Қорытындылай келе, экономикалык тиімділіктің объективті критерийі–ресурстар мен шығындардың минималды мөлшерін жұмсай отырып, оптималды нәтижелерге қол жеткізу

Экономикалық тиімділік деңгейі экономикалық өсім қарқыны, тұрғындардың күнкөріс деңгейі, инфляция деңгейі, еңбек ету жағдайы сиякты   әлеуметтік−экономикалық  мәселелердің   шешілуіне  әсер   етеді.

Экономикалық тиімділік  денгейі өндірісүрдісінің, өндірістік күштердің даму денгейін анықтайды, сондықтан ол экономика дамуының маңызды керсеткіші болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде шығындар авансталған негізгі және айналым капиталымен сипатталады, ал соңғы нәтиже табыспен сипатталады. Демек, кәсіпорын шаруашылық кызметінің экономикалық тиімділігі кәсіпорын үшін табыстың құндылығын немесе бағасын көрсетеді.

Экономист ғалымдар тиімділіктің жалпы (абсолютті) және салыстырмалы (қатысты) түрлерін бөліп көрсетеді. Жалпы  немесе абсолютті экономикалық тиімділік  белгілі бip уакыт кезеңіндегі  жалпы экономикалык нәтижелер динамикасын  бағалап, талдау үшін немесе белгілі бip накты саладағы кәсіпорындарды экономикалык нәтижелері бойынша салыстыру үшін қажет.Ал салыстырмалы немесе қатысты экономикалық тиімділік кәсіпорында қабылданатын өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы альтернативті шешімдердің ішінен  оптималдысын тандауға мүмкіндік береді. Оптималды шешімді қабылдау үшін әр нұска бойынша технико−экономикалық көрсеткіштер салыстырылады. Қосымша кұйылатын капитал салымдарының өтелу мерзімі немесе тиімділігінің коэффициенті есептеледі, болжанатын экономикалық тиімділік шамалары салыстырылады.

Экономикалык тиімділіктің келесідей негізгі түрлері ажыратылады:

    • мазмұны бойынша: экономикалык және әлеуметтік;
    • пайда болу сферасы бойынша: халық шаруашылық, шаруашылық-есептік;
    • бағалау объектілерінің қамтылуы бойынша: толық және локальды немесе жергілікті;
    • мақсаттық бағытталуы бойынша: жоспарлы, нақты және нормативтік
    • есептеу әдісі бойынша: абсолютті және салыстырмалы;
    • масштабы    бойынша:   жалпыэкономикалық,    салалык,  кәсіпорын ауқымында,  кәсіпорынның салалық бөлімшесінің және жекелеген жұмыс орнының экономикалық тиімділігі;
    • бағалау oбъектici бойынша: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық кызметі, шаруашылық функциялары, шаруашылық үрдіс элементтері, өндіріс пен басқару сфераларындағы жеке өндірістік-шаруашылық шешімдер.

Қоғам кажеттілігін қанағаттандыратын  өнімді өндіру тәсілін таңдаған кезде  қоғамдық еңбектің ең аз шығынын қажет  ететін жолды, яғни экономикалық тиімділігі салыстырмалы жоғары тәсілді таңдау керектігін адамзат тарихы дәлелдеді.

Өндipic тиімділігihiң деңгейін өндірістік жүйенің жеке элементтерінің тиімділігі аныктайды.Өндіріс тиімділігі нәтиженің осы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмсалған шығындар мен pecypcтapғa қатынасын көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, экономикалық тиімділікті анықтау үшін сандық талдау арқылы экономикалық тиімділік критерийін анықтау қажеттігін көрсетеді.

Экономикалық тиімділік  критерийлерінің бipi – еңбек өнімділігі. Еңбек өнімділігi неғұрлым жоғары болса, өндіріс шығындары төмен болады, демек, енбек шығындарынің экономикалык тиімділігі жоғарылайды.

Еңбек өнімділігін өcipy салалар арасында каражаттарды экономикалық тұрғыдан дұрыс бөліп үйлестірумен байланысты. Сонымен катар, бip саланың  ішінде қаражаттарды пайдаланудың неғұрлым үнемді нұсқасын қолданумен байланысты. Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімдер өндіріснің ең оптималды, яғни шығыны аз және тиімділгі жоғары нұсқасын таңдау нәтижесінде үнемделген қаражаттар мен ресурстар өндірістік үрдісін ары қарай дамытуға мүмкіндік береді. Демек  экономикалық тиімділікті өcipy тікелей кәсіпорын үшін де, сала үшін де аса маңызды мәселе. Экономикалық тиімділікті өcipy жолдарын анықтау үшін экономикалық тиімділікті бағалаудың дұрыс әpi нақты әдістемесін таңдау керек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалык тиімділікті бағалау әдістемесі келесідей кағидаларды сактауы керек: тиімділік критерийлеріне жауап беру, тиімділік көрсеткіштерінің толық жүйесінің болуы, көрсеткіштер жүйесінің өлшемділігі. Экономикалық тиімділікті бағалаудың мақсаты− кәсіпорынның даму резервтерін анықтау, альтернативті нұсқалардың ішінен неғұрлым тиімділігі жоғары нұсқаны таңдау.

Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру